1 Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары



жүктеу 1.14 Mb.
бет6/7
Дата22.09.2017
өлшемі1.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Республика бойынша жұмыссыздықтың өсу қарқыны қысқарды (199,1%-дан 97,6%-ға дейін). Алайда өсім сақталуда аймақтар бойынша алдағы орында Орталық Қазақстан 154,0%, 1999 жылдан 1997 жылға, содан соң Батыс Қазақстан 114,4% , үшінші орында Солтүстік Қазақстан 100,0%. Осы кезеңде Шығыс және Оңтүстік Қазақстан аймақтың «бестігін» жабады (32,5% және 66,4%).

Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамытудың осы кезеңінде адамдардың осы салада жұмыс бастылығын есептеу өте қиын. Мұны туризм индустриясы категориясының анықталмағандығы деп түсіндіруге болады. Зерттеу барысында туристік секторда жұмыс істейтіндерді екі бағытта анықтауға тырыстық:


  1. Туристік фирмалардың жұмысшылары (ұйымдар)

  2. Қонақ үйлер, ресторан жұмысшылар

Бірінші бағытта жалпы жұмысшылардың саны 5 адамнан аз кіші туристік мекемелерде 2000 жылы 1715 адам құрды (490 фирма х 3,5), ал 6-дан 50-ге дейін адам істейтін мекемелерде 3427 адам құрды (149 фирма х 23 адам). Орташа мекемелерде (43 турмекеме х 108,7) 51-ден 25-ке дейін 4675 адам анықталды. 2000 жылы Қазақстанда туристік бизнесте 8 үлкен мекемелер болды. Бұл компанияларда жұмысшылар саны 251-ден 1000 адамға дейін. Егер орташа есептегенде әр туристік компанияда 4555 адам жұмыс істесе, туристік фирмалар санына (8) көбейткенде 3640 адам жұмыс істейді. Сонымен барлық мекемелердің жұмысшылар саны – 13457 адам болды. Бұл болжам көрсеткіш болып табылмайды, бірақ туристік бизнесте жұмыс істейтіндерді енсептегенде негіз бола алады.

Екінші бағытта мемлекеттегі қонақ үй персоналының саны 6469 адам құрды. Ресторанда және басқа тамақтану орындарының жұмысшылары шамамен есептелінген, ресторандар саны 1290, кафе-барлар 2238, асханалар 3288. Егер орташа саны 10 адам әр көпшілік тамақтану мекемелерінде істесе бұл санды мекеме санына көбейтсек 68160 адам болады. Яғни бірінші және екінші бағыттағы сандарды қосқанда Қазақстандағы қалыптасып келе жатқан туризм индустриясында тікелей және жанама түрде жұмыс істейтіндердің саны шығады. Осылай жоғары аталған сандарды қосқанда 88086 адам болды. Бұны экономиканың секторында жұмыс істейтіндердің нақты статистикалық мәліметтерінде келтіру өте қиын. Ал көрсетілген көрсеткіштер туризм индустриясы қалыптасу кезеңінде екенін дәлелдейді.


Халықаралық маңызы бар «белсенді» жобаларды іске асыру
Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс-қимылын жақсарту және іс-қимылдың республикалық шебер-жоспар түрінде ұсынылған басым жоспарын жүзеге асыру процесін жылдамдатуға көмектеседі. Қазақстанда туристік кластерлер құру мен оларды дамыту шеңберінде қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында белсенді де қатаң маркетингтік саясат жүргізу жоспарлануда.

Түрлі еуропалық және азиялық нарықтадағы ахуалды зерделеу нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады:

Тұтастай алғанда Орталық Азияның және дәлірек айтқанда Қазақстанның әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз болып қалып отыр;

“Қазақстан” сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік имиджі жоқ;

Еуропалық та, азиялық та туристік нарықта салыстырмалы түрде Қазақстанға келуге деген үлкен қызығушылық байқалады, мұның өзі нақты болашақта шетелдік туристер ағынының ұлғаю мүмкіндігін көрсетті.

Халықаралық нарық үшін Қазақстанның негізгі туристік өнімдері “Шексіз даладан қар басқан тау шыңдарына дейін” бағдары бойынша саяхатқа шығуды көздейтін құрама турлар мен джипті пайдалана отырып, киіз үйде немесе трейлерде тұратын далалық аңшылық екені айқындалды.

Қазақстанның халықаралық туристік нарықта табысты айқындалуы үшін аталған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2007-2011 жылдары үш басымдықты туристік нарық айқындалды:


  1. Ресей, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай.

2. Франция, Жапония.

3. АҚШ, Азия-Тынық мұхит өңірінің елдері.

Сөйтіп, Қазақстанды Орталық Азия мен Еуразиядағы жаңа әрі тартымды туристік объект ретінде алға ілгерілету стратегиясын әзірлеу қажет.

Экономиканың өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру мен туризмді дамытуды мемлекеттік кең ауқымды қолдау жөніндегі міндеттер шеңберінде маңызды мән мынадай «белсенді» жобаларды іске асыруға беріледі:

1. Алматы қаласын және Алматы облысын дамыту:

дамудың бас жоспарлары мен туристік кластер құру мен дамытудың шебер-жоспарлары шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысында туризм мен спорт инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау;

Қапшағай қаласында Диснейленд-парк және Лас-Вегас үлгісі бойынша туризм және ойын-сауық индустриясының құрылысын қамтамасыз ету үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) мен жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу;

ілеспелі қызмет көрсетулер саласын қалыптастыру мақсатында “Қорғас“ Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы” АҚ жанындағы инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау.


2. Астана қаласын және Ақмола облысын дамыту:

Шучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ойын-сауық индустриясын қоса алғанда, ілеспелі қызмет көрсетулер саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;

“Бурабай” ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризм инфрақұрылымын дамыту;

Ақмола облысы Аршалы ауданының Мартыновка ауылында (Астана қаласынан 30 км қашықтықта) Перғауындар ауылы (Мысыр), “От-бос” кешені (Квебек, Канада) тақылеттес сақтардың көшпелі тұрмысын, олардың өзіндік мәдениеті мен дәстүрлерін әйгілеуге бағытталған “Шеберлер сарайы” деп аталатын көрме орталығы бар “Шебер ауылы” этнографиялық кешенін салу.


3. Жібек жолы бойында туризмді дамыту:

Тек қана мәдени құндылықтары басымдық танытатын Өзбекстанмен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелік артықшылығы Жібек жолының қазақстандық бөлігінің бірегей табиғат ландшафтарымен, эндемикалық флора және фаунамен және көшпелілердің тарихи-мәдени мұрасымен әрі көне қалалар халықтарының мәдениетімен үйлесім тапқан құрама турлар болып келуінде.

Аталған жобаны іске асыру үшін мыналар жоспарланып отыр:

“Жібек жолы меруерті” халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы бағдары бойынша 2007-2008 жылдары жүзеге асыру;

“Жібек жолы меруерті” халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның екінші кезеңін Алматы-Тегеран бағдары бойынша жүзеге асыру жөнінде мемлекетаралық келіссөздер жүргізу және бағдарды Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы 2008 жылдың аяғына қарай Пекин қаласына дейін ұзартуды қамтитын үшінші кезеңін іске асыруға дайындау;

“Қорғас” және “Достық” шекара пункттерінен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласына дейін жол бойы инфрақұрылымының объектілерін көрсете отырып жол картасын жасау;

Түркістан қаласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) өңірлік бағдарламасының “Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық және даму мақсатында әлеуетті нығайту” халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде қонақ үйлер мен керуен-сарайлар желісін салу және оларды дамыту;

Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушы мемлекеттер үшін туристік визаларды өзара тану және одан әрі бірыңғай туристік виза енгізу мәселелерін шешу жөніндегі мемлекетаралық келіссөздер процесін, оның ішінде аталған ұйымдар қызметінің шеңберінде жандандыру.

4. Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту:

Жобаны іске асыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:

Каспий теңізі бойынша Ақтау - Астархань (Ресей) - Махачкала (Дағыстан)-Баку (Әзірбайжан) - Энзели (Иран) - Түркменбаши (Түрікменстан) - Ақтау халықаралық круизін дайындау және оны ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;

жағажай туризмін дамыту және Ақтау қаласында туризм және ойын-сауық индустриясын құру жөніндегі мәселені пысықтау мақсатында Кендірлі демалыс аймағын жайластыру.

5. “Қазақстан – ғаламшардың бірінші ғарыш айлағы” жобасының шеңберінде Байқоңыр қаласында ғарыш туризмін дамыту үшін жағдайлар жасау.

Жобаны іске асыру 2008 жылдың соңына дейін жаңа технологияларды (планетарийлер, мұражайлар, ұшуларды басқарудың шағын орталықтары, кәдесыйлар сататын сауда орталығы және т.б. құру) пайдалана отырып Байқоңыр қаласының маңында ойын-сауық индустриясы бар туристік кешен құрылысын салу жөніндегі мәселелерді пысықтауды көздейді.


2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар
Қазақстандағы туризімдік аймақтар туралы сөз қозғағанда ойымызға келері тоғыз жолдың торабы – әлемге әйгілі Тау Түрген шатқалы. Алматыдан Шығысқа қарай тау бөктерлеп 90 километр жол жүрсеңіз, жан-жағыңызды ылғи да бау-бақша мен терек, қайың, қарағаш, емен, шетеннің жасыл жапырағы орап отырады да шыңдары көкке қол созған асқақ таулардың қойнауына кіріп кетесіз.Шатқалға кіргеннен сізді жақпар-жақпар жартастар қоршап алады. Қожыр-қожыр қойтастар арасынан бой көтерген шыршаның түбіне назар салсаңыз, «тамыры тасты жарып шыққан ба» деп таң қаласыз.44 шақырымға созылған бұл шатқалдан көкорай шалғын майданды, мөлтілдеген көлдер мен көлшіктерді, тасты тесе, құмды қопара тесіп шыққан тау бұлақтарын көресіз. Ол-ол ма, сіз бұл шатқалда бұрын соңды көрмеген тау сарқырамаларын тамашалау бақытына ие боласыз.Сол сарқырамалардың ішінде биіктігі 30 метрден асатын тік жартастар мен құлама құздарды, шыршалар мен қарағайларды аралап өтіп төмен құлаған Аюлы сарқырамасы сіздің есіңізде мәңгі қалуы сөзсіз. Тасты тіліп, тауды үңгіп жатқан Бозкөл сарқырамасы да сіздің қиялыңызға қанат бітіреді.Толқындары тастан тасқа секіріп барып омақаса құлап, қайта көкке шапши аққан Асы өзенін бойлай өрлесеңіз ежелгі қорғандарды, тақтатастардағы таңбаларды көресіз. Бәрінен де Асының ақбалығын аулап, дәмін татып қайпасаңыз, «Түрген шатқалында болдым» дегеніңіз бекер./?,29/

Алматыға қайтар жолда Есік қорғанына тоқтайтыныңыз сөзсіз.Өйткені мұнда дүниежүзін аралап шыққан «Алтын адам» табылған қорған бар. «Алтын адам» ол-алтын әшекейлермен тігілген сауытымен жерленген сақ көсемінің мәйіті. «Есік» қорғаны біздің дәуірімізге дейінгі 5-4 ғасырлардағы сақтар заманына жатады.

Колорадо штатындағы Гранд Каньонмен салыстыруға әбден лайық Шарын каньонын көру бір ғанибет болса, Шарын өзені құятын Іле жағалауын тамашалау да сондай бір тамаша құбылыс...

Шарынға жетпей онға бұрылсаңыз тақтақ жол сізді әйгілі Көлсайға бірақ апарады. Ал Шарыннан өтіп, Қулық тауын ары ассаңыз, алдыңыздан менмұндалап атақты Қарқара жайлауы қол бұлғайды.Бұл жайлаудан шығысқа қарай жүрсеңіз шалғаннан кілем төсеп Шәлкөде шақырады. Одан әрі Хан-Тәңірін бір көрмей қайтпайсыз./?,30/

Сонымен қатар Еліміздің әйгілі мақтаныштарының бірі – солтүстіктегі, астана мен көкшетау қалаларының арсында Бурабай алабы бар. Міне осы Бурабай аймағы әрқашанда өзекті және туризмнің қалыптасуына қазіргі кездегі тың мәселелердің бірі болып табылады. Көкшетау Бурабай аймағы – Солтүстік Қазақстан аймағының ең әдемі жері, демалыс орындарының, шипа жайлардың спорт-сауықтыру лагерлердің өлкесі. Өзінің әсемділігімен, бірегейлігімен Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің түкпір-түкпір жерлерінен он мыңдаған адамдарды баурап алуда. Бурабай қымыз, балшық емдеулер және арасан су тоғандарымен әйгілі. Дауалы жердің бір ерекшелігі оның таза ауасымен татырауындардың және қылқанды ормандардың қанық жұпар исінде.

Бурабай – халық аралық мәннің дауалы жері. Бір тұтас дәрігерлер мен демалушылардың айтуы бойынша Бурабайдың басты емшісі – табиғат. Оның негізгі «бес кабинеті» бар: орман, су, тау, ауа және күн.

Өсімдік және жануарлар әлемінің киелі орны, әсемдік пен көл молдығы Көкшетау-Бурабай аймағының тағы бір әсем аты – ол «Қазақстанның інжу-маржаны» /?,23/

Еліміздің келесі «інжу-маржаны» болып табылатын Оңтүстік Қазақстан өңірінің табиғи ерекшелігі мен тарихи ескерткіштері атап өтпеуге болмайды. Еліміздегі саусақпен санарлық туризм саласының мамандарының сөзіне құлақ түрсек, оңтүстік өңір туризімді қолға алу үшін таптырмайтын орын санатында. Тек, әттегенайы әлемге әйгілі орталықтардың қатарында қарастыруға болатын мұраны елеп-екшейтін жанның жоқтығы ғана. Айталық, Түлкібас ауданы мен Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігі арқылы жайылып жатқан шекарасын Өгем жотасының солтүстігіне дейін жалғайтын Ақсу Жабағылы қорығы кез-келген туристі тамсандыратын деңгейде екені анық. Аталмыш қорық өтен ғасырдың бастапқы ширегінде, атап айтсақ, 1926 жылдардың еншісінде құрылған Батыс Тянь-Шань табиғи қойнауын қалайда сақтап қалу мақсатында қорық ретінде бекітілген бұл өңір еліміздегі тұңғыш қорық болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би, Түлкібас аудандарының жерінде жатқан теңіз деңгейінен 1500-5000 метр биіктікте жатқан қорықтың көріктілігін бір сыры Жетісудың жеті өзені аталатын бастауын Тянь-Шаньнан алатын Ақсу Жабағылы, Майдантал өзендерінің кесіп өтерінде жатыр.

Аталмыш қорықты туристер келетін орын деп айырықша атауымыздың себебі, бұл қорық ЮНЕСКО-ның әлемдік таңдаулы қорықтар қатарына кірген. Жерінің аумағы сексен мың гектар көлеміндегі жер жанатында таулы өңірінде сирек кездесетін шөптер болса, беткейінің қалың шырша мен арша екені көзге шалынады. Шыңдары шағылысып көз қаритын мұз басқан қорықты қақ жарып Ақсу өзені ағып өтеді. Тағы бір айта кетекерлік жайт дәрі жасау өндірісі мен алға шыққан елдерді мұндағы өсімдіктер әлемі де қызықтырады екен. Қорықтың жануарлар әлемі де таңдай қақтырарлық, мұнда жоғалып кеткен динозаврлар мен ыстық өңірге ғана тән піл болмаса да қызыл қітапқа енген көптеген жануарларды кездіктіруге болады. Сүтқоректілердің 42 түрі: арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, құстардың 238 түрі: гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қарақ құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі секілді; бауырмен жорғалаушылардың тоғыз түрі: алай жалаң көзі, сары бауыр кесіртке, қалқан тұмсықты қара шұбар жылын, т.б; қос мекенділердің екі түрі: жасыл құрбақа және көл бақа; сонымен қатар өзендерінде балықтың екі түрі тіршілік етеді.

Осы тәрізді жер санаты саналатын Оңтүстіктегі тағы бірі – Қазығұрт. Кәдімгі сіз бен біз білетін «Қазығұрттың маңында кеме қалған» деп басталатын Қазығұрт осы. Талас Алатауының оңтүстік батысындағы мекен талайларды тамсандырғаны мен өзіміз үшін әншейін «дем алатын орын» санатында ғана. Шымекенттің маңындағы көлемі 55 шақырымға созылатын өңір діни әпсаналардың бірінде су басқан ғаламға азғындарды қалдырып, жақсыларды алып шығатын Нұқтың кемесі осы Қазықұртта тоқталған делінеді. Кей деректерде кеме Арабияның Жудда тауында, кей мәліметтерде Арарат тауында қалған делінгенімен, түркілік танымда жер бетіндегі топан судан соңғытіршілік осы таудың баурайынан қайта басталған деген сенім бар. Таудан құлап ағатын Қаражансау өзені тау баурайының көркіне көрік қосуда.

Қазақ атаулының туристі тарта алуынынң бір көзі – бал қымыз екен. Осы Төле би ауданының Диханкөл ауылында туристер үшін қымыз тартылатын арнайы орын жасақталып, оған мемлекет тарапынан 1милион қаржы бөлінген. Себебі, шет елден келген ғалымдардың көбі осы өңірдің қымызының денсаулыққа тигізген пайдасы барлығын зерттегені мен жариялағаны туристердің қызығушылығын оятқан.

Сонымен қатар, қазақ жерінде тек табиғи орталықтар ғана емес, тарихи жаухарларымыз да бар. Өңірдегі алқалы ғймараттардың бірі Яссауидың кесенесі. 16 ғасырдың еншісіне жататын ғимараттардың тарихының өзі тыңдаған жанның таңдайын бір қақтырады.

Кеңес одағы кезінде бұл кесенеге еш назар аударылмағанымен де, 1978 жылдан бастап Республикалық деңгейде мұражай санатына енді. Ал, 1989 жылы Қазақстан Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық мұражайы» деп аталынды (Жергілікті халық Яссауиды Әзірет Сұлтан деп атаған. Мұнан соң аз уақыт өткен соң ЮНЕСКО-ның қызыл кітабына еніп, 1997-2000 жылдар аралығында Түркия елінің қолдауымен толық қалпына келтірілді. Келіп кететін зиялы қауымның барлығы кесенені туризм аймағына айналдыру идеясын айтқанымен, оны тыңдайтын құлақ болмау салдарынан үнемі сөз жерде қалып келеді.

Келесі ретте ұялмай айтатын ауылымыздың аты – Ақ сүмбе. Бұл көне қаланың орны. Қаратаудың қойнына кіріп жатқан Ақ сүмбе ауылы Ақ сүмбе өзенінің жағасында орналасқан. Көлденеңі 75, ені 60 метірге созылатын қала орны ықылым замандардан сыр шертеді. Қыш ыдыстарының сынығы 10-15-ші ғасырдағы қала екеніні дәлелдесе, кей ғалымдардың пікірі бұл Дешті Қыпшақтардың мұнарасы дегенге жуықтайды. Мұның қатарында Баба Түкті Шашты Әзіздің мазараты орын тепкен. Мұның барылығы туристер үшін аса ғажап құндылықтар санатында. Дегенімен де құм басқан өңірдегі көне мекендерге қарай бастайтын тастақ жол да жоқ. Оның басында қонатын жері мен су болмаса алыстағы шағыл құмның ортасына жанын қинап қай турист барсын?! Жалпы мұндағы жәдігерлерге қарап, туризм саласын дамытуда үлкен мүмкіндік бар екені дәлелденген нәрсе.

Ресми деректерге жүгінсек, Кеңес заманы тұсында тұсында Қазақстанның Алакөл аймағы мен айыр қалпақты ағайының Ыстықкөлі туристерді тарту мақсатында бірдей қолға алынған. Тап қазір Ыстықкөл барша қырғыздың мақтанышы. Алакөліміз болса баяғы жартас бір жартас күйінде қалып отыр. Алакөлмен жалғасын табатын Жоңғар Алатауы қойнауындағы «Көл асу», Жоңғар қапасы, Тазжау, Ойжайлау секілді орындарының күтіп жатқаны қаншама уақыт.

Сасықкөл, Ұялы және Жалаңашкөл өзендерінің қосылып Алалкөл болып жалғасын табатын өзен Алматы облысының шекарасында./?,16/

Осылайша отанымыздың екі-үш облысының ең көрікті де, көрнекті өңірлеріне ғана қысқа шолу жасау мақсатымыз – таныстыру ғана емес, осыншама көркем жерлеріміз қазіргі заманымызға сай отандық экономикамызбен мәдениетімізге пайдасын тигізе алама деген сұрақтарға жауап іздеу. Біз бұл жерде жер асты қазба байлықтары туралы айтқалы отырған жоқпыз, біз бұл жерде жер бетіндегі табиғи сұлулықты қайткенде ел назарына салуға болатыны туралы аз кем ойымызды ортаға салмақпыз.

Қорытынды


Қазақстан Республикасында ішкі туризм әлі де болса бір тұтас индустрия ретінде қалыптаспаған. Бірақ туризм саласына мемлекет белсене қатысатын болса, Қазақстан экономикасындағы үлкен табысты шаруашылыққа айналдыруға болады. Әрине 5 жыл өтсін, 10 жыл өтсін деген ой-пікір болмайды, бірақ осы салада оң өзгерістер қалыптасып келеді, әлемнің туризм саласы дамыған елдерден үйрену керек, өзіміздің мамандарды дайындау қажет және де өзіміздің үйімізге махаббатпен, сүйіспеншілікпен қарауымыз керек. Толығымен айтсақ мынандай қорытынды шығаруға болады:

1. Қазақстанда ішкі туризмді дамыту бағытында аса ірі потенциалды мүмкіншіліктер бар, бірақ ішкі туризмнен түскен табыс ұлттық табыстың 0,1%-ын ғана құрайды. Республикамыз көп ғасырлық салт дәстүріне, ғажап архитектуралық құрылыстарына, қызықты мәдени ескерткіштерге, мұражай жүйелеріне, мәдени мекемелеріне және фальклорлық этнографиялық халықтар ассамблеяларына, өсімдіктер дүниесімен жануарлар дүниесіне, климаттық және туристік зоналарына, табиғи ландшафтыларға ие. Соңғы жылдары халықаралық туристік индустрияда көзқарастың оң өзгеру тенденциясы байқалып, яғни халқы тығыз емес және өзіндік мәдени ерекшеліктері бар елдерге ұызығушылық байқалып отыр.

2. Қазақстанның туристік дамыту бағыты маусымдық қана, сондықтан біздің туристік фирмалар көрсетіп отырған туристік қызметті диверсификациялау және туристік өнімді модернизациялау керек.

3. Туристік өнімнің жылдам қозғалуына жарнама үлкен әсерін тигізеді. Қазақстандық туристік фирмалар бұқаралық ақұпараттар құралдарындағы рекламаны жақсы қолдануда және де интернетте тиімді пайдалану қажет.

4. Туризмнің әлеуметтік мәдениетке әсері зор. Туризм индустиясын дамыту жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, шетелдік валютаның мемлекетке түсуінің өсуіне, ірі және кіші мекемелердің дамуына, жергілікті транспорттық инфраструктураның жаңаруына, оның ішінде байланыс және сервистің дамуына алып келеді. Осы дамуымен жергілікті, аймақтық және халықаралық экономикалық, саяси байланыстарды жақсартады.

5. Туризм қоршаған ортаның едәуір жақсаруына эсерін тигізеді, себебі туризм қоршаған ортамен тығыз байланыста.

6. Фирмалардың көп бөлігі шығу туризміне жұмыс істесе, кейінгі кезде келу туризміне жұмыс істеуші фирмалар санының көбею тенденциясы байқалуда (90%және 10%).

7. Жұмыстың дұрыс жүруіне және болашақ дамуына 1999 жылы мамыр айында «Қазақстан туристік одағы» құрылды. Негізгі мақсаты турфирмаларды қалыптастыру, оларды қорғау, республикада бәсекелестікке шыдамды туристік индустрия құру, бюджетке салықтың түсімнің өсуі, жаңа жұмыс орындарын құру, тарихи және мәдени мұраны сақтауға оң ықпалын тигізеді.

Қазақстанда туристік индустрияның дамуына мына жолдарды ұсынуға болады:

1. Туризмді негізгі экономикалық құрылымдық бағыттарға қосу.

2. «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы бағыттардың бөлімдерін орындау, оның ішінде туризмге қатысын және “Жібек жолындағы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау” Мемлекеттік бағдарламасын орындау.

3. Туризм дамуының нормативті - құқықтық базасын құру.

4. Келу және ішкі туризмдегі экономикалық механизмін құру. Осы салаға инвестиция тарту, саяхатқа және кедендік жеңілдіктер арқылы ішкі туристік рынокты қорғау. Айта кететін жаңалық 2003 жылы қарашада әлемнің 27 мемлекетіне шақыру визасысыз келуге жеңілдік берілді.

5. Туристік шаруашылықтағы сертификациялаумен лицензиялау саясатын қатаң жүргізуді жалғастыру.

6. Туристік шаруашылықтағы корпорацияларға, банктік құрылымдарға, көліктік, қонақ үйлік және сақтандыру компанияларының жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай жасау.
Бұлар жай ғана ұсыныс, ал - шынына келсек мұнда шешілмеген өзекті мәселелер өте көп және осы бағытты дамыту бүгінгі күн талабы.

Туризмді дамытудың маңызды элементтерінің бірі Қазақстанның оң туристік имиджін қалыптастыру және жаһандық экономикаға бірігу арқылы ұлттық турөнімді туристік қызмет көрсетулердің әлемдік нарығына шығару болып табылады.

Қазақстан Республикасының әлемдік туристік нарықтағы оң туристік имиджін қалыптастыруға әсер ететін басты фактор Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет Басшысы жүргізіп келе жатқан саясаттың нәтижесі болып табылатын, бәрінен бұрын, экономикалық өсім, елдегі саяси тұрақтылық пен қауіпсіздік болып табылады.

2006 жылғы жедел деректер бойынша алдыңғы кезеңмен салыстырғанда туристік индустрия дамуының оң үрдісі байқалады, бұған келесі көрсеткіштер дәлел бола алады:



  • сырттан келушілер туризмі 19 %-ке өсіп, 5 млн. 200 мың адамды құрады;

  • шығу туризмі 30 %-ке артып, 3 млн. 900 мың адамды құрады;

  • ішкі туризм 8 %-ке өсіп, 3 млн. 550 мың адамды құрады.

Жалпы алғанда, республика бойынша ішкі туриз түскен кіріс 14, 6 %-ке артып, 35 млрд. теңгені құрады, сондай-ақ бюджетке 7 млрд. теңге аударылды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 8 %-ке артық.

Жұмыс істеп жатқан туристік фирмалардың саны 2006 жылы 903-ті құрады да, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,7 %-ке артты. Қонақ үйлердің және басқа да орналастыру орындарының саны 17,6 %-ке, яғни 385-тен 453-ке артты (оның ішінде мемлекеттік меншікте - 30, басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігінде - 31, жеке меншікте - 351, шетелдік қатысумен бірлескен кәсіпорындардың меншігі - 41). Ішкі туризм саласында инвестициялық жобалар пакетін қалыптастыру мақсатында жобалардың өңірлер тұрғысында ақпараттық базасы жасалды.


Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының туристік саласын одан әрі дамыту үшін Министрлік бірқатар мәселелерді шешу қажет деп санайды.
Бұл:

  • туристік қызмет көрсетулердің және туристік кадрлар даярлау деңгейінің сапасын арттыру (көптеген қонақ үйлердің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, кәсіби гидтер, экскурсияшылар, турменеджерлер санының жеткіліксіздігі);

  • туристік ұйымдар мен туристік нарық субъектілерінің:
    авиакомпаниялар, автопарктер, “Қазақстан темір жолы”, ІІМ, СІМ, әкімдіктер және ұлттық парктер арасындағы өзара іс-қимыл, баға мен тариф саясатының икемсіз жүйесі;

  • статистикалық есепті халықаралық стандарттарға сәйкестендіру.

  • визалық және тіркеу тәртібі процедурасы оңайлатылған елдер тізбесін арттыру, Қазақстанға келетін туристік ағын үшін донор елдерді анықтау (Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея);

  • өңірлерде туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды

қаржыландыру көлемін арттыру Туризм индустриясын дамыту және туристік саланың жоғарыда көрсетілген проблемаларын шешу үшін өткен жылы Министрлік Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірледі.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер және оның көрсеткіштері

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында туристер ағынының тұрақты өсімін былайша қамтамасыз ету көзделеді:



  • ішкі туризм бойынша 2007 жылғы 3,4 млн. туристен 2009 жылы 4,0 млн. туристке дейін;

  • сырттан келушілер туризмі бойынша 2007 жылғы 4,5 млн. туристен 2009 жылы 6,0 млн. туристке дейін.

Шартты түрде орта есеппен бір шетелдік турист өзінің болуы уақытында бюджетке 63500-ге жуық теңге әкелсе, 2007 жылдан 2011 жылды қоса алғандағы дейінгі кезеңде сырттан келушілер туризмінен бюджетке түсетін түсім 603250 млн. теңгені құрайды.

Сырттан келушілер туризмі есебінен сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2011 жылы 550,0 мың адамға дейін қамтамасыз етіледі.



Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген шаралар кешенін іске асыру туристер ағынын ел азаматтарының да, шетелден келушілердің де есебінен одан әрі көбейтуге жәрдем ететін болады. Ақырғы қорытындысында бұл ұлттық турөнімнің тартымдылығын елеулі арттыруға әкеледі және Қазақстанның қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы шеңберінде халықаралық кәсіпкерлік пен іскери ынтымақтастықтың маңызды саласы ретінде әлемдік туристік нарыққа кіруіне жәрдем ететін болады. Мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның орталықазиялық өңірдің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. В.Н.Вуколов. История и теория международного туризма. Алматы, 2002

  2. Г.М. Дуйсен Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2002г.

  3. Проблемы становления индустрии туризма Казахстана. Материалы международной конференции специалистов туризма. Под редакцией С.Р.Ердавлетова.- Алматы: «Казақ университеті», 2001

  4. А.А.Жолдасбеков, А.Н.Пыхарев, М.Д.Мамадияров. Организационно-правовые основы туристской деятельности в РК. Учеб. метод. пособие – Алматы: Ғылым,1998ж

  5. Қазақстан Республикасындаға 2002 жылғы туризм. Статистикалық жинақ. Алматы, 2003ж.

  6. Қазақстан Республикасындағы 2004 жылдың 1 жартыжылдығының статистикасы. Интернет.

  7. Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы заңы. Алматы, 2001, 13 маусым.

  8. Қазақстан Республикасының туризмінің даму концепциясы.

  9. Р.Курбанова. Современное состояние туризма в Казахстане: Проблемы и перспективы развития. Транзитная экономика №6 2000г. –104-108 стр.

  10. О развитии туризма как доходной отрасли Республики Казахстан. Официальные материалы. Алматы. Раритет. 2001г.

  11. Роль туризма в устойчивом развитии Республики Казахстан. Алматы. Қазақ университеті 2001г.

  12. Реальные возможности туристского рынка Казахстана. Деловой мир. Астана. 2000г. №5

  13. Основы менеджмента туризма / под ред. Квартального В.А. М.: Финансыи статистика, 2001. - 125 с.

  14. Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма: учебное пособие. -- Минск: БГЭУ, 1999.-144 с. 13.






1-ҚОСЫМША







Туристік қызметтің

НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ (2005 жыл)






 




 

Кәсіпорындар, бірліктер саны

Көрсетілген қызмет жұмысының көлемі, мың теңге




барлығы

Оның ішінде

барлығы

Оның ішінде




туристік фирмалар

туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер

орналастыру нысандары

келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер

туристік фирмалар

туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер

орналастыру нысандары

келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер




Қазақстан Республикасы

1424

846

30

385

163

24516807,1

3208760,1

146330,2

20767394,1

394322,7




Ақмола

44

16

5

15

8

213882,9

9281,2

5504,4

192064,3

7033,0




Ақтөбе

52

20




23

9

698463,3

31296,7




659172,4

7994,2




Алматы

71

30

3

20

18

425202,2

69062,7

9591,0

238230,0

108318,5




Атырау

63

22




38

3

2502050,0

187782,0




2309704,0

4564,0




Шығыс Қазақстан

124

34

2

55

33

684646,8

19356,0

304,0

596028,1

68958,7




Жамбыл

33

11




10

12

155354,4

7494,0




139371,4

8489,0




Батыс Қазақстан

19

6

5

8




624549,6

73683,8

58463,8

492402,0







Қарағанды

122

46

5

45

26

1161009,1

47226,9

52209,9

967875,8

93696,5




Қостанай

27

10




10

7

137316,8

8681,0




123577,4

5058,4




Қызылорда

28

3

1

12

12

176425,8

6821,2

550,3

147641,5

21412,8




Маңғыстау

28

15




12

1

1442290,0

75772,0




1366413,0

105,0




Павлодар

55

23




31

1

360478,1

15322,7




344993,9

161,5




Солтүстік Қазақстан

30

15




10

5

196155,6

40227,0




151286,3

4642,3




Оңтүстік Қазақстан

44

16

1

18

9

236310,2

14808,2

2065,8

215644,0

3792,2




Астана

79

28

4

36

11

4468011,3

1278246,7

15653,0

3129741,1

44370,5




Алматы

605

551

4

42

8

11034661,0

1323698,0

1988,0

9693248,9

15726,1

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет