Допингпен ұсталған Қазақстан құрамасының боксшысы Саматәлі Төлтаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Kfb.kz

Былтыр ағзасынан тыйым салынған оралтуринабол препараты табылған Ұлттық құраманың боксшысы Саматәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысты. Ол кәсіпқойдағы дебюттік жекпе-жегін Түркиядағы бокс кешінде жергілікті былғары қолғап шебері Рефик Тарханға (3-4, 1 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 2022 жылғы Азия чемпионы төрт раунда бойы қарсыласын қыспаққа алып, айқын басымдықпен ұтты.

Айта кетейік, 3 жылға бокстан шеттетілген Саматәлі Төлтаев 2026 жылдың 31 наурызына дейін әуесқойлар арасында өнер көрсете алмайды. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.