Алаяқтық жасағаны үшін сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Mudarabah Capital" қаржы пирамидасының атышулы ісі бойынша сотталғандар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық шағым түсіргені белгілі болды. 18 қаңтарда сот істі қарай бастаған.

"Апелляциялық процесс жүріп жатыр", — деп мәлімдеді Алматы сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2023 жылдың ақпан айында блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 2022 жылдың 20 сәуірде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі тергеу жұмыстарына байланысты әр ай сайын ұзартылып келген.

  • Жарнама құны 1 миллион теңгеден басталады: Вайнер Мейіржан Төребаевтың әйелінің бизнестері белгілі болды
  • Қамауға алынған танымал блогер Мейіржан Төребаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды

Сол жылдың 12 желтоқсанында қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған болатын. Шерниязов пен Төребаев сотта қаржы пирамидасын құрды және ұйымдастырды деген айыптаумен келіспейтіндерін және өз кінәсін мойындамағанын мәлімдеген болатын. 

2023 жылы 23 маусымда Мейіржан Төребаев бес жылға бас бостандығынан айырылды.

2024 жылдың 8 қаңтарында Бішкекте қаржы пирамидасының астанасы Mudarabah ісі бойынша Қазақстанда іздеу жарияланған Алматы қаласының тумасы ұсталғаны белгілі болды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.