1 ДӘріс тақырыбы: Қолайсыз табиғат құбылыстары және олардың сипаттамалары



бет1/7
Дата15.05.2022
өлшемі78.75 Kb.
#173899
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЛРЛ-2019 каз.
Агромелиорация 08 (2), лекция 1, REFERENDUM LEAF 006 220515 145049, REFERENDUM LEAF 006 220515 145049, Агромелиорация 08, Карменов К ЛРЛ 19 к-2, Лрл-19К Қайбулда А.Ж презентация . , кесте, 1 Практикалық жұмыс, Дс-4 Селекциялық-генетикалық негізде орман тұқымы базасын ұйымдастыру, Кітап ағай, Емтихан билеттері, Орман мелиорациясы, Рпо-WPS Office

1 ДӘРІС

Тақырыбы: Қолайсыз табиғат құбылыстары және олардың сипаттамалары
Қазақстан аймақтарындағы климат маңызды екі ерекшеліктермен сипатталады: атмосфералық жауын-шашынның аз мөлшері және ауылшаруашылық өсімдіктерінің вегетациясы кезінде жылу мен жарықтың көптігі. Жылу мен ылғалдылықтың мөлшелері арасындағы сәйкессіздік республикамыздың солтүстігінен оңтүстігіне қарай ұлғаяды.

Қазақстанның жазықтағы оңтүстік аудандарының төменгі ендікте орналасуы оның климатына әсер етіп, онда шел ландшафтары дамыған. солтүстікке қарай климат жұмсарып, шөл ландшафтары шөлейтке, одан кейін далалы және солтүстігіне - орманды-далалы аймаққа ауысады.

Республика аумақтарында климаттың континентальдығымен қатар, ауыл шаруашылығына теріс әсер ететін құрғақшылық, құрғақ желдер, шаңды құйындар, суық және күшті желдердің жиілгі мен күшеюі де артады. Климаттың осы ерекшеліктері ауыл шаруашылығы үшін үлкен қиыншылықтар әкеліп, олардың табиғатын білу керектігін және зиянды әсерлерден қорғау шараларын жобалау қажеттігін тудырады.

Құрғақшылық дегеніміз, өсімдіктер организміндегі су баланстарының бұзылуы әсерінен, өнімдердің бірден төмендеуіне немесе мүлдем жойылуына әкеп соқтыратын қолайсыз гидрометеорологиялык, жағдайлардың жиынтығы. Ол - топырақтық, атмосфералық және жалпы құрғақшылық болып 3-ға бөлінеді.

Топырақ құрғақшылықта топырақта су қорлары сарқылады. Оның басты себептеріне күзгі жауын-шашынның болмауы, қарды жерден ұшырып әкету, еріген қар мен жауын-шашын суларының жер бетімен қатты ағуы, көктем-жаз кезінде жауын-шашынның аздығы, ауылшаруашылық дақылдарлы өсірудің агротехникасын бұзу, топырақтарын физикалық құрғақтылығына соқтыратын тұздардың көптігі жатады.

Атмосфералық құрғақшылық атмосферада ылғалдың аздығынан болады. Көбінесе ол ауаның жоғары температурасы мен төменгі салыстырмалы ылғалдылықта байқалады. Атмосфералық құрғақшылыққа ауаның температурасы 25° -тан жоғары және салыстырмалы ылғалдылық 20%-дан төменгі кезең жатады. Бұл кезде өсімдіктерді транспирацияға кететін ылғал шұғыл артады, ылғалды пайдалану өнімділігі төмендейді, ал тамыр жүйелері топырақтан су беруді қамтамасыз етіп үлгермейді.

Атмосфералық құрғақшылық континентальды климаттың негізгі белгісі болып табылады. Олар әр түрлі жолмен пайда болады. Біріншіден, арктика ауаларының суық массалары (абсолюттік ылғалдылығы көп емес, орташа 5 мм шамасында) оңтүстік облыстарға келіп, жылынады әрі олардың салыстырмалы ылғалдылығы шұғыл төмендейді. Екіншіден, ауа массалары өздерінің жолдарында тау жоталарына кездесіп, олардан жоғары көтеріледі, суыйды және мол жауын-шашын береді. Содан кейін, олар таулардан өтіп, төмендейді, жылынады және олардың салыстырмалы ылғалдылығы тез төмендейді.

Топырақтық және атмосфералық құрғақшылық жалпы құрғақшылықты береді. Аңызақ жел дегеніміз, жоғары булануды тудыратын метеорологиялық жағдайлардың жиынтығы. ол әлсіз және күшті аңызақ болып бөлінеді. Әлсіз аңызақтар жел жылдамдығы 5 м/сек, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 20%-дан төмен, ал ауа температурасы 30 ° С-тан жоғары жағдайда соғады. Жел жылдамдығы 8 м/с, салыстырмалы ылғалдылық 20%-дан төмен және ауа температурасы 30°С-тан жоғары болған жағдайда күшті аңызақтар болады. Аңызақтар қатарынан бірнеше күн соғуы мүмкін.

Аңызақтардың пайда болуын бұрынырақта шөл және Шөлейттен құрғақ ауа массаларының келуі нәтижесінде пайымдаса, қазіргі уақытта оларды ортасында ыстық ауа болатын тұрақты антициклондарда қозғалыстарының нәтижесінде пайда болады деп түсіндіреді.

Аңызақтар өсімдіктерге әр түрлі әсер етеді. Біріншіден, өсімдіктердің транспирациялық процестерінің шұғыл көбеюі әсерінен су жүретін түтікшелерде су айналымы үзіліспен беріледі. Екіншіден, жоғары температураның әсерінен катты қызу, фотосинтездің өлсіреуі, демалу процестерінің күшеюі, белоктар мен көміртектерінің бөлінуі өсімдіктердің зақымдануына әкеліп соқтырады. Үшіншіден, құрғақ жел жапырақтардың лептесіктерінің жабылуына кедергі жасайды. тәртіншіден, құрғақ желдер топырақтардың жоғары қабаттарының кебуіне әкеп соқтырады.

Шаңды және қара дауылдар дегеніміз, қатты соққан желдер әсерінен топырақтардың жоғары қабаттары бұзылып оларды ұшырып әкету процесі болып табылады. Олар жеңіл құмдауыт топырақтарда желдің жымдалдылығы 10-12 м— сек, ал басқа түрлерде - 12-15 м—сек жылдамдықта пайда болады. Құрамында өлшемі 1 мм-ден аз агрегаттар 50%-дан көп болатын топырақ эрозиялық жағынан қауіпті деп есептеледі.

Қара дауылдар мамыр-маусым айларында егістіктер топырағы өсімдіктермен аз жабылған уақытта жиі байқалады. Олар күндізгі кезде басталып, 1-3 сағатқа дейін созылады. Солтүстік Қазақстанда шаңды дауылдар жылына 60 күнге тең немесе одан жоғары болуы мүмкін. Далалы аймақтың үлкен бөлігін қамтитын аса қауіпті қара дауылдар, әрбір 50-10 жыл сайын қайталанады.

Ауыл шаруашылығы қара дауылдардан көп зардап шегеді. Олар топырақтардың жоғары қабатын ұшырып, құнарлылығын төмендетеді, тіпті кейде топырақтардың өңделетін қабатын толық жойып жібереді.

Бұрқасындар және суық желдер де теріс табиғи құбылыстар болып табылады. Бұрқасындар төбешіктерден, беткейлерден, кейде жазық жердегі егістіктерден қарды аңғарлар мен жыраларға ұшырып әкетеді. Егістіктерден қармен бірге топырақ бөліктерінің ұшуы да жиі байқалады. Егістіктерден қарды үрлеп әкеткенде күздік дақылдардың қатып қалу қаупі өсіп, топыраққа ылғалдың баруы азаяды, топырақ құрғақшылығының пайда болуына қолайлы жағдай жасалады. Қар тоқтаған жер бедерінің төменгі ойыстарында, көктемде топырақ шектен тыс ылғалданып, ауылшаруашылық дақылдарының шіруі мүмкін.

Суық желдер қыста ауылшаруашылық дақылдарының, сондай-ақ ағаштар мен бұталарды да үсітеді. Олар көктемде өсімдіктерді зақымдап, вегетациясын баяулатады, жергілікті үсіктерді тудырады.

Жоғарыда аталған қолайсыз табиғат құбылыстарының теріс әсерлерін төмендету үшін, ең қолайлысы және экономикалық жағынан тиімдісі орман жолақтарын өсіру болып табылады.

2-3 ДӘРІС

Тақырыбы: Орман жолақтарының құрылымы. Орман жолақтарының жел ағындарына әсері. Әр түрлі құрылымды орман жолақтарының жел ағынының аэродинамикасына, қар тоқтатуға, ауаның жерге жақын бөлігінің ылғалдылығы мен температурасына, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет