1. Директордың оқу ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары А. К



жүктеу 0.54 Mb.
бет2/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4


ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕР
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заңдарына сәйкес студент біліктілігін тәжірибемен ұштастыруда серіктестікті әрі қарай дамыту жұмыстары жалғасып, әр жаңа оқу жылында жаңа мекемелермен келісім шарт жасалынады. Атап айтсақ, төмендегі кестеде әр мамандыққа жасақталған әріптестер тізімі көрсетілген:


р/н

Мамандық атауы

Мекеме атауы


1

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

«№19 «Толағай» балабақшасы МКҚК

«№28 «Балдаурен» бөбекжайы МКҚК

«№35 «Балдырған» бөбекжайы МКҚК

«№56 «Жұлдыз» бөбекжайы МКҚК

«№37 «Мәншүк» балабақшасы МКҚК

«№39 «Хиуаз» балабақшасы МКҚК

«№10 «Толқын» бөбекжайы МКҚК

«№54 «Айналайын» балабақшасы МКҚК

ЖШС «Ынтымақ Ақтау» балалар комбинаты «Еркетай» балабақшасы

Жалпы дамытатын үлгідегі №11 балабақша, Ақтау қаласы

Жалпы дамытатын үлгідегі №17 балабақша, Ақтау қаласы

2

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»

МҚК «№11 Мамандандырылған физика-математикалық мектебі»

МҚК «№15 Жалпы білім беру орта мектебі»

МҚК «№3 Жалпы білім беру орта мектебі»

МҚК «№12 Жалпы білім беру орта мектебі»

МҚК «№24 Жалпы білім беру орта мектебі»

МҚК «№23 Жалпы білім беру орта мектебі»

Мұнайлы аудандық білім бөлімінің МҚК «№7 Жалпы білім беру орта мектебі»

МҚК «№28 Жалпы білім беру орта мектебі»

ММ «Онды орта мектебі»

Мұнайлы аудандық білім бөлімінің МҚК «№9 Жалпы білім беру орта мектебі»

№7 орта мектеп, Жаңаөзен қаласы

3

0105000 «Бастауыш білім беру»

ЖШС «Халықаралық мектеп EtonHouseKazakhstan»

МҚК «№11 Мамандандырылған физика-математикалық мектебі»

МҚК «№15 Жалпы білім беру орта мектебі»

МҚК «№3 Жалпы білім беру орта мектебі»

МҚК «№12 Жалпы білім беру орта мектебі»

МҚК «№24 Жалпы білім беру орта мектебі»

МҚК «№23 Жалпы білім беру орта мектебі»

Мұнайлы аудандық білім бөлімінің МҚК «№7 Жалпы білім беру орта мектебі»

МҚК «№28 Жалпы білім беру орта мектебі»

ММ «Онды орта мектебі»

Мұнайлы аудандық білім бөлімінің МҚК «№9 Жалпы білім беру орта мектебі»

№6 жалпы білім беру мектебі, Мұнайлы ауданы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп, Жыңғылды селосы

Бекі бастауыш мектебі

МҚК «№14 Жалпы білім беру орта мектебі»

№7 орта мектеп, Жаңаөзен қаласы

4

0201000 «Құқықтану»

Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісі» Республикалық мемлекеттік мекемесі

ЖШС «Argymak Trans Service»

«Маңғыстау облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі

ЖШС «Сперанза Плюс»

Маңғыстау облысы «Әділет басқармасы» мемлекеттік мекеме

Жылжымайтын мүлік агенттігі «Ақтау Сити»

ЖШС «TES and COMPANY»

ЖШС «Северо Каспийская Консалтинговая компания»

Сақтандыру компаниясы «Цесна Гарант»

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «ГМ-172/10» мекемесі

Батыр селолық округі әкімінің аппараты

5

0416000 «Сәулет»

ЖШС «ТСТ Актау»

6

0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»

ЖШС «Argymak Trans Service»

ЖШС «Moonstone»

7

0518000 «Есеп және аудит»

ЖШС «Argymak Trans Service»

ЖШС «Нұр-Ойл»

«Құрама үлгідегі №44 балабақша» МКҚК

АҚ «Қазпошта»

ЖК «Даулетьяров А.А.»

АҚ «Сбербанк» Ақтау қалалық филиалы

ЖК «Бекбаулиев Д.М.»

ЖШС «МЕРОС»

ЖК «Мендикулова Г.Д.»







МКҚК «Жетыбай кәсіптік колледжі»

8

05190000 «Экономика»

«Салық басқармасы», Жаңаөзен қаласы

АҚ «БТА Банкі», Ақтау қалалық филиалы

АҚ «Қазақстан Халық Банкі», АФ

АҚ «Астана Финанс», АФ

ЖШС «ЕРБОЗ»

ЖК «Сабазов Н.А.»

Дәулет селолық округінің әкімінің аппараты

9

0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану»

ЖШС «МұнайФилдСервис»

ҰҚ «Катконефть» Ақтау қалалық филиалы

ЖШС «Хазармұнай»

ЖШС «Meerbush»

ЖШС «Кен-Сары»

ЖШС «Нұр-Сай -2003»

10

1103000 «Кеме жасау машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету»

АҚ «Орал «Зенит» зауыты», Орал қаласы

ЖШС «OMS Shipping», Форт-Шевченко қаласы

ЖШС «СПЕРАНЗА ПЛЮС», Ақтау қаласы

ЖШС «Судоремонтный завод», Орал қаласы

ЖШС «Marine Bolashak», Ақтау қаласы

Республикалық мемлекеттік мекемесі «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты»

ЖШС «Сага Аташ», Форт-Шевченко қаласы

ЖШС «Caspian Service Group», Форт-Шевченко қаласы

ОАО «ССЗ «Красные Баррикады», Астрахань қаласы

11

1104000 «Теңіз техникасының электрорадиомонтажшысы»

ЖШС «Marine Bolashak», Ақтау қаласы

ЖШС «OMS Shipping», Ақтау қаласы

ЖШС «Caspian Service Group», Форт-Шевченко қаласы

ЖШС «Сага Аташ», Форт-Шевченко қаласы

ЖШС «АктауМортрансКомпани», Ақтау қаласы

АҚ «Орал «Зенит» зауыты», Орал қаласы

12

1107000 «Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету»

ЖШС «Argymak Trans Service»

ЖШС «БозащыТрансҚұрылыс»

ЖК «Бохаев К.С.»

Шаруа қожалығы «Өрезек»

ЖШС «АГЭ»

ЖШС «Ақберен»

ЖШС «Жігер»

ЖШС «Сенек»

«Өзенинвест» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекеме

ЖШС «Sinooil»

ЖШС «УзеньСтройСервис»

ЖШС «Таушық ауыл шаруашылығы»

Мемлекеттік мекеме «АқшұқырГазСервис»

Мемлекеттік мекеме «Маңғыстаужолзертхана»

13

1204000 «Су көлікті пайдалану»

Республикалық мемлекеттік мекемесі «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты»

ЖШС «Каспийский технический флот»

ЖШС «Балхашбалық»

ЖШС «Caspian Service Group», Форт-Шевченко қаласы

14

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

ЖШС «Асау –Сарман»

ЖШС «Идеал»

ЖШС «Медиана Сервисез Лимитед»

15

1401000 «Ғимараттарды салу және пайдалану»

Мемлекеттік мекеме «Мұнайлы аудандық жер қатынастар бөлімі»

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті

ЖШС «СтройДеталь»

ЖШС «Көкбөрі-82»

ЖК «Ордабаева М.»

АҚ «КаспийМұнайҚұрылыс»

Мемлекеттік мекеме «Қала жолдары»

ЖШС «СМИ-4»

ЖШС «Маңғыстау бағалау компаниясы»

Жетыбай құрылыс құрастыру басқармасы

ЖШС «АГЭ»

16

1514000 «Экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы табиғи ресурстарды тиімді қолдану»

РМК «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы»

ЖШС «Базис Актау»

ЖШС «Проект Строительный Центр»







«Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі


СТУДЕНТТІҢ АР – НАМЫС КОДЕКСІ

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенті:

  • Қазақстан Республикасының патриоты, ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары – гимнді, туды, елтаңбаны құрметтейді;

  • Қазақстан Республикасының лайықты азаматы, таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға және осы оқу орнының өкілі екенін әрқашан есте ұстауға, оның ар - намысы мен имиджін қадірлейді, абыройына кір келтірмейді;

  • оқытушыларды және үлкендерді сыйлайды, қоғамдық орындарда және топтың алдында дөрекі мінез көрсетпейді;

  • парасаттылықтың, мәдениеттіліктің үлгісі, ол адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге төзбейді, адамдарды жынысына, ұлтына немесе діни ерекшеліге қарай кемсітуге жол бермейді;

  • салауатты өмір салтын ұстанады және барлық зиянды әдеттерден бас тартады;

  • оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкін күтіп ұстайды, студенттер жатақханасында тазалық пен тәртіпті сақтайды және академиялық теріс әдеттердің барлық түрлерімен күресуді өзінің міндеті деп санайды;

  • білім алудан жалықпайды және үнемі өз білімінің деңгейін арттырады, шығармашылық (ғылыми, білім, спорт, көркемөнер және т.б.) белсенділікті дамытуға, колледж беделін көтеруге бағытталған барлық қызметтің қажетті және пайдалы екенін мойындайды;

  • «Мәңгілік Ел» құндылықтары ретінде көпұлттық татулықтың достығын сақтауға, құрметтеуге, үш тұғырлы тілді меңгеруге өзін міндетті санайды;

  • студент «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің негізгі этикалық құжаты – Ар-намыс кодексін қалтқысыз орындайды. 


КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІНІҢ

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Ішкі тәртіп ережелері еңбек және оқу тәртібін нығайтуда, жұмыс және оқу уақытын ұтымды пайдалануда, оқу үрдісін сапалы жақсартуда мақсат етеді.

1.2. Ішкі тәртіп ережелерін қолдануға байланысты барлық сұрақтарды директор және колледж әкімшілігі шешеді.

1.3. Колледждің барлық жұмысшылары мен білім алушылары Ережелерді орындауға міндетті. 

1.4. Колледж Қазақстан Республикасындағы және Маңғыстау облысындағы арнайы мекемелер мен жұмыс орындары үшін оқу жоспарында көрсетілген мерзім ішінде әр мамандық жоғары мамандандырылған кадрлар дайындауды қамтамасыз етеді.

1.5. Колледжге кірерде рұқсат қағазы тексеріледі. Қызметкерлер, оқытушылар оқу ғимаратына кірерде рұқсат қағазы тексеріледі, студенттер: бейджик арқылы кіргізіледі, жатақханаға кірерде де рұқсат қағазы тексеріледі.

1.6. Оқу жылы 1-інші қыркүйектен басталады.

1.7. Оқу сабақтары 1-інші және 2-інші кезеңде жүргізіледі. 1-інші кезеңдегі сабақ – сағ.8.30-да, 2-інші кезеңдегі сабақ сағ.13.35-де басталады. Сабақ басталар алдында екі рет қоңырау соғылады. 1-іншісі сабақ басталуына екі минут қалғанда, 2-іншісі – сабақтың басталуын білдіреді.

1.8. Бір сабақтың ұзақтығы білім бөлімдерінде қолданылатын оқыту технологиялары және білім бөлімдері мен органдары бекіткен нормаларға сәйкес келеді.

1.9. Оқытушылар мен студенттер топ жұмысын ұйымдастыру мақсатында және аудиторияны дайындау үшін сабақтың басталуына 10 минут қалғанда келуі керек.

1.10. Оқыту процесі бекітілген оқыту графигіне сәйкес жүзеге асырылады.

1.11. Оқу ғимаратындағы тыныштыққа вахтер немесе кезекші жауап береді. Колледжде қабырғасында әр қызметкер, оқытушы және оқушы өздерін мәдениетті ұстауы тиіс.1.12.Колледжге алкогольді ішімдіктер ішіп келсе, қызметкерлер жұмыстан босатылады, студенттер оқудан шығарылады.

1.13.Студенттік билет немесе сынақ кітапшасын жоғалтып алған жағдайда студент оқу бөлімінің талабына сәйкес жоғалған құжаттарын өз қаржысына қайта қалпына келтіреді.

1.14.Ғимарат ішінде, оқу корпустарының, жатақхананың ауласында шылым шегуге, ұрсысуға, сондай-ақ, заңға қарсы басқа да әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынады. Айтылған фактілерді бұзу әрекеті байқалған жағдайда тәртіп бұзушыға айыппұл салынады немесе қызметкерлер жұмыстан босатылады, студенттер оқудан шығарылады. Қазақстан Республикасының заң-ережелеріне қарсы келетін әрекеттерге барған, қандай да бір тұлғаға немесе колледжге зиян келтіретін сипаттағы мінез-құлық танытқан қызметкерлер жұмыстан шығарылады, ал студенттер оқудан шығарылады, құжаттары қайта қалпына келтірілмейді.

1.15. Колледж мүлкін бүлдірген жағдайда айыпты адам оны қайта қалпына келтіреді немесе нарықтағы құнын төлейді. Егер айыпты адам анықталмаған жағдайда жауапкершілік топ мүшелеріне жүктеледі.

1.16. Оқу корпустарында және колледж аумағында немесе жатақханада ұрлық жасалса, құқық бұзушы әрекеттерге барса, төбелес орын алған жағдайда студент оқудан шығарылады.

1.17. Барлық студенттер мен колледж қызметкерлері, кезекші оқытушылар және колледждің қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің талаптарын орындауға міндетті.

1.18.Колледж қызметкерлері мен оқытушыларына аудиториялар мен қызмет көрсету кабинеттерінің кілттері вахтер арнайы журналға қол қойғызғаннан кейін беріледі. Жұмыс уақыты аяқталған соң, қызметкерлер мен оқытушылар кілтті вахтерға уақытында тапсырады. Кілттерді студенттерге беруге тыйым салынады. Аудитория кілтін өткізу соңғы сабақ жүргізген оқытушыға жүктеледі. Соңғы сабақтар болмаған кезде, аудиторияларда жарық сөндірілмеген және аудитория есігі жабылмаған жағдайда кезекші оқытушы айтылған істерді атқаруы тиіс.

1.19. Оқытушыларға, колледж қызметкерлері мен студенттерге колледждің оқу ғимараты мен оның аумағында, жатақхана төңірегінде бағдарламадағы және басқа да талаптарды, саяси партиялардың қағидаларын бұзуға, өзгертуге тыйым салынады.



2. Қызметкерлерді қабылдау
3. Студенттерді қабылдау және оқудан шығару ережелері
3.1. Колледжге түсуге негізгі орта, толық немесе толық емес орта білім, техникалық және кәсіби білімі бар азаматтар құқылы.

3.2. Оқуға түсу үшін азаматтар колледждің қабылдау комиссиясына төменде берілген құжаттар қатарын көрсетуі тиіс:



  • жеке төлқұжат (паспорт);

  • білімі жөнінде құжат (құжаттың өзі);

  • № 086 –У формасындағы медициналық анықтама;

  • 3x4 формасында - 6 дана сурет;

  • әскерге жарамдылық туралы куәлік;

  • тұрғылықты жері туралы құжат;

- жетімдер (дәлелдейтін құжат), сондай-ақ, бекітілген қабылдау Ережесіне сәйкес құжаттар қатары.

3.3. Алғашқы емтиханнан өткен немесе ҰБТ тапсырған азаматтар, оқыту және оқу ақысы жөніндегі келісім-шартқа отырғаннан кейін келісім мерзіміне сәйкес күндізгі (сырттай) оқу бөлімінің сәйкес курсына жіберіледі.

3.4. Колледжге қабылдау колледж директорының бұйрығымен жүзеге асырылады. Оқу ақысы жөніндегі келісім талаптарын орындағаннан кейін студентке студент билеті және арнайы үлгідегі сынақ кітапшасы беріледі.

3.5. Студентті оқудан шығарып жіберу төмендегі негіздерге сүйене отырып жүргізіледі:

- бір семестр ішінде 54 сағаттан да көп уақытын себепсіз жіберіп алған жағдайда;

- академиялық тұрғыда оқу үлгерімі төмен болған жағдайда;

- оқу ақысын төлеу жөніндегі келісім талаптарын орындамаған жағдайда;

- ішкі тәртіп ережесін өрескел бұзған жағдайда немесе бірнеше рет қайталанса;

- медициналық анықтама негізіндегі денсаулық жағдайына байланысты;

- өз қалауынша;

- ұрлық жасап, құқық бұзушылық әрекеттерге барса, оқу корпустары мен жатақханада төбелес ұйымдастырса.
4. Қызметкерлердің негізгі міндеттері
5. Студенттің негізгі міндеттері
5.1. Колледж студенті міндетті:

- мамандығы бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды терең меңгеруге;

- оқу жоспары мен бағдарламаларында көрсетілген барлық тапсырмаларды өз уақытында орындау;

- сабаққа кешікпеу, сабақтан қалмау;

- колледжге арнайы формамен: күнделікті сабаққа ақ түсті жейде, қара шалбар, ақ блузка, қара белдемше кию және дене тәрбиесі сабағында спорттық киіммен, АӘД сабағында әскери жейдемен отыру;

- колледжге басқа үлгідегі киімдерді (спорттық, түрлі діни ағымдағы киім үлгілері) киіп келуге тыйым салынады. Спорттық киім үлгісі дене тәрбиесі сабағы мен спорттық іс-шараларды өткізу барысында рұқсат етіледі;

- колледждің ішкі тәртіп ережелері мен Жарлықтарын сақтау;

- Әкімшіліктің құрылымдық бөлімдеріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің, Басқару жүйесінің талаптарына, колледж әкімшілігінің бұйрықтарына бағыну;

- келісім шартта көрсетілгендей оқу ақысын өз уақытында төлеу;

- қосымша оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді колледж студенттері өз бетінше сатып ала алады;

- колледж студенттерінің колледж ұйымдастырмаған, мемлекеттік емес ұйымдардың шараларына (шеру, жиын және т.б) қатысуға құқығы жоқ.

5.2. Жіберіп алған сабақтар (военкоматқа шақыртулар есептелмейді) сабаққа келген күннен бастап он күн ішінде міндетті түрде өтеледі. Сабақтан кешігу сабақтан қалғанмен бірдей, міндетті түрде өтелуі тиіс. Жіберіп алған сабақтар өтелмеген жағдайда студентке сол пәннен төмен баға қойылады.

5.3. Студент үш мәрте аттестация немесе емтихандардан төмен баға алып, тапсыра алмаған жағдайда оқудан шығарылады. Егер бір немесе екі рет төмен баға алған жағдайда, педагогикалық кеңестің шешімімен қайта тапсыру уақыты белгіленіп, қайта тапсыруға рұқсат беріледі.

5.4. Студент денсаулық жағдайына байланысты немесе басқа да түсінуге болатын себептерге байланысты сабақтан қалса үш күн ішінде оқу-ғылыми ісі жөніндегі директордың орынбасарын, бөлім бастығын немесе топ жетекшісін хабардар етуі тиіс. Ауырып қалған жағдайда студент амбулаторлық бас дәрігердің немесе емдеу бөлімінің анықтамасын оқу бөліміне тапсырады.

5.5. Сабақтан себепсіз қалған студенттерге:


  • 24 сағат сабақтан қалса – ескерту;

  • 36 сағат сабақтан қалса – сөгіс;

  • 48 сағат сабақтан қалса – қатаң сөгіс;

  • 54 сағат сабақтан қалған студент колледжден шығарылады.

5.6. Студенттер оқытушыны аудиторияда тұрып қарсы алуы керек.

5.7. Студенттер колледж және жатақхана мүлкін бүлдірмеуге, сындырмауға, сақтауға және қорғауға міндетті. Колледж мүлігіне зиян келтірген студент сол мүліктің нарықтық құнын төлеуге немесе жөндеуге міндетті.

5.8. Студенттер колледж ішінде жеңіл жанғыш және тұтанатын заттарды, газбаллондарды, қару – жарақты пайдаланбауға, ұстамауға, оқу орнына әкелмеуге, оқу дәрісханаларында сағыз шайнамауға, темекі шекпеуге, түкірмеуге, қағаздар мен басқа да керексіз заттарды жөнсіз тастамауға, сабақ барысында мобильді телефондарды, планшеттерді жөнсіз жеке бағытта қолданбауға және колледж аймағында көршілес орналасқан үйлер тұрғындарын мазаламауға, қоғамдық орындарда сыпайы да тәртіпті болуға міндетті.

5.9. Студенттер колледж ғимараты ішінде тазалық сақтауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті.

5.10. Көрсетілген тараулар бойынша тәртіпсіздік жасаған студенттердің мәселелері колледждің тәртіптік кеңесінде қаралады. Кеңес төрағасының қызметін колледж директоры басқарады, ал оның тұрақты мүшелері бұйрықпен бекітіледі, оқытушылары тәртіптік кеңеске қатысушылар болып табылады. Колледждің тәртіптік кеңесі өзінің отырысын әр айдың соңғы аптасында өткізеді. Кеңестің қабылдаған шешімдері оқу бөлімі мен тәрбие бөліміне, кураторлардың бақылауына беріледі. Колледждің тәртіптік кеңесі өз отырысын бекітілген жоспары және ай бойы түскен мәлімдемелер мен тіркелген құқық бұзушылықтар туралы ақпараттары бойынша жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет