1. Директордың оқу ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары А. К


КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ



жүктеу 0.54 Mb.
бет4/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4

КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

Оқырманның (студенттің) кітапханаға тіркелуі студенттің білім ұйымына қатысты екенін дәлелдейтін құжаттары арқылы жүзеге асады.
Кітапхана жыл сайын оқырмандарын қайта тіркеуден өткізеді. Оқырман кітаптарды алған уақытта баспаны мұқият тексеруді және баспадан қандайда бір ақауды байқаған жағдайдакітапханашыға хабарлауды жадында сақтау керек. Қарсы жағдайда кітаптың бүлінгендігі жөнінде жауапкершілікті студент көтереді. Кітапты жоғалтқан немесе бүлдірген оқырман оларды сол баспадан шыққан немесе оның көшірмесімен немесе құны бүлінген кітаппен бірдей тұрады деп кітапхана басшылығымен танылған баспамен немесе нарықтық құнымен өтеледі.Оқу залына кітаптар студенттік билет бойынша беріледі. Кітаптарды оқу залынан алып кетуге тыйым салынған. 
ЖАТАҚХАНАДА ОРНАЛАСҚАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

Жатақхана - жас адамдар тұлғасын қалыптастыруды жалғастыратын орын. Жатақхана оқу оқитын жылдары  тұрақты үй болып табылады, онда тұратын студенттер - ұжымдық отбасы. Жатақхана шығармашылықпен айналысатын демалыс орны және жан - жақты білім алу үшін өздігінен жұмыс жүргізетін орын болып табылады. Жатақханада адамгершілікке, жеке адамға көңіл аударуға, құрметпен қарауға мол мүмкіншіліктер ашылады.



2. Жатақхана тұрғындарының құқықтары мен міндеттері

1.  Жатақханада тұратын әр тұрғын ішкі тәртіпті сақтауға, Студенттік кеңес және басқа әкімшілік қызметтердің шешімдерін орындауға, жатақхана бойынша кезекшіліктің  барлық түрінде өз міндеттерін ұқыпты атқаруға тиіс.

2. Жатақханада тұратын студенттердің жемісті еңбек етуі және мәдениетті дем алуы үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс Өздігінен жұмыс істеу сағатында бөлмелес көршілерге қатты сөйлеуге, музыка  ойнатуға, шулауға тыйым салынады.

3. Бөлмеде тұратын студенттер түрлі мәмлелерді байыпты, сыпайы түрде шешіп, бірін – бірі сыйлауға тиіс, тәртіпсіздік, қатты сөйлеу, айғайлау, жүгіру т.с.с. жақсы қылық ережелеріне жатпайды.

4. Жатақхана бойынша көршілермен сыпайы қарым – қатынас болып, сөзімен, ісімен көмектесу қажет.

5. Студенттер жатақхана әкімшілігінің, техперсоналдардыңеңбектерін сыйлауы қажет. Қоғам пайдалы еңбекті адамзат мәдениеті ретінде әрқашан сыйлаған. Әр студенттің парызы – жатақханада тұруға қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететіндердің еңбегіне құрметпен  қарау.

6. Жатақханада тұратын студентер бөлмелерін және жалпы қоғамдық орындарды таза және санитарлық гигиеналық нормаларға сай ұстауы қажет.

7. Бөлмеге бөтен адамдарды кіргізуге тыйым салынады. Бөлмеге жеке басын куәлендіретін құжаттары (куәлік, паспорт, әскери билет, жүргізуші куәлігі) бар ата – аналар кіреді.

8.Бөлмеге бөтен адамдардың, тіпті ата – аналардың қонуына тыйым салынады.

9. Студенттер барлық бөлмелердің эстетикалық рәсімделуіне және көркейтуіне, жиһаздар мен тұрмыс құралдарын сақтауға тұрақты қамқорлық жасауы қажет;

10.  Әр студент туыстарына кетер алдында журналға қайда баратындары туралы, мекенжайы, телефон номері туралы мәлімет қалдыруы керек.

11. Студенттер оқу жылының соңына жазғы демалысқа кетер алдында бөлмелерін белгіленген тәртіппен тапсырулары керек.



3. Жатақхананың қамтамасыз етілуі

 3.1. Қауіпсіздік жүйесі

- орталықтандырылған өртке қарсы сигнализация

- видеобайқау

- «Күзет» дабыл нүктесі

3.2. Санитарлық – гигиеналық байланысы:

- қабаттардағы дәретхана бөлмелері

- асхана


- душ қабылдау бөлмелері

- үтіктеу тақталары

- медициналық пункт

- санитарлық – гигиеналық бөлмелер

3.3. Материалдық – техникалық база:

- бөлмелердегі қажетті жиһаздар

- теледидар

- тоңазытқыш



3. Басқару және өзін – өзі басқару органдары

 3.1. Басқару және бақылауды жүзеге асырады:

- директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

- жатақхана менгерушісі

- топ жетекшілер

- вахтерлар

3.2. Өзін-өзі басқару органдары:

- Студенттік кеңес

 - қабат старосталары

- қабат кезекшілері



"КАСПИЙ ӨҢІРІ "БОЛАШАҚ"КОЛЛЕДЖІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің   тәрбие жұмысы  білім алушылардың жан-жақты дамуына бағытталып өз дәрежесінде жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22-сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген тәрбие тұжырымдамасы бойынша жоспар жасақталған.



Тәрбие – тұлғаның қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірге белсенді араласуына дайындау мақсатында оның тұлғалық қасиеттерін мақсатты, жүйелі түрде қалыптастыру.
Колледждің тәрбие жұмысының мақсаты: терең кәсіптік білімі бар, мәдениеті, зиялылығы, әлеуметтік белсенділігі жоғары, патриот-азамат, рухани құндылықтар мен дәстүрлерге, моральдық қағидаттар мен қоғамның адами бағдарларына құрметпен қарайтын, болашақта бәсекеге қабілетті маман тұлғасын жан-жақты дамыту.
Міндеттері:

1. Қазақстанның болашағына жауапты жеке, өз бетінше шешім қабылдай білетін, бойында рухани - адамгершілік қасиеті бар патриот тұлғаны қалыптастыру.

2. Салауатты өмір салтының құндылықтарына, өзінің рухани байлығына, интеллектуалдық өміріне жауапты маман тәрбиелеу.

3. Отбасылық құндылықтарды  насихаттау.
Тәрбие саласында қолданылатын нормативтік - құқықтық құжаттар


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. «Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексы

  3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңы

  4. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы

  5. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы.

  6. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.

  7. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».

  8. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол».

  9. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  10. Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.

  11. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген.


Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы, топ жетекшісінің шығармашылық зертханасы. Колледждің тәрбие жұмысының жоспары төмендегі бағыттарға сай жасақталады:

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

  2. Рухани – адамгершілік тәрбие

  3. Ұлттық тәрбие

  4. Отбасы тәрбиесі

  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  6. Көп мәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие

  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты


Топ жетекшісінің тәрбие жұмысы - бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол студенттің жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Колледждің жастар ісі комитеті - Қазақстан Республикасының заңдарына және оқу орнының ішкі Ережесіне сәйкес өзін-өзі басқару ұйымы.

 Колледждің Жастар ісі комитеті өз жұмысын заң шеңберінде, келісімде, өзін -өзі басқару және  өз еркімен атқарады.

Оқу орнының  Жастар ісі комитеті алдарына қойған мақсаттары мен міндеттеріне жету жолында колледжішілік қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда, студенттермен еркін пікір алмасуда және басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып өз қызметін атқарады.

Жастар ісі комитетінің жұмысын Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қадағалайды және бірлесіп ұйымдастырады.

 

Жастар ісі комитетінің мақсаты - Қазақстан Республикасының Жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру бағытында колледж жастарының басын біріктіріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араластыру.
Жастар ісі комитетінің міндеттері:

 

●  Колледждің оқу-тәрбие процесін бөлімдерде, топтарда ұйымдастыру және іске асыруына қатысу;



 ●  Ұжымда студенттің шығармашылық, адамгершілік қасиеттерін нығайту;

● Студенттің еңбекке қабілеттілігін және қазіргі өмір сүру талаптарына  сай азаматтық позициясын қалыптастыру;

● Студенттердің мәдениет, шығармашылық және ұйымдастырушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау;

● Жастарды  патриоттық  тәрбиеге  баулу.

 

Шығармашылық үйірмелер




Атауы

Жетекшілер

Бағыттары

1.

«Орыс тілі» - факультативтік сабақ



Джантасова Р.У.

Амирова Г.

Нурмуханова А.Б.

Сарсенова Р.К.



Үш тілді меңгеру – заман талабы

2.

«Ағылшын тілі» - факультативтік сабақ

Едигаева Г.А.


Үш тілді меңгеру – заман талабы

3.

«Валеология» - факультативтік сабақ

Оспанова А.Ұ.

Денсаулық пен салауатты өмір салты туралы түсінік

4.

«Кәсіпкерлік негізі» - факультативтік сабақ

Капаева Г.Б.

Алимбетова Н.О.



Экономикалық

5.

«Мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі» - факультативтік сабақ

Бегниязова Г.С.

Педагогикалық

6.

«Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы» - факультативтік сабақ

Рисбаева Р.

Техникалық шығармашылық

7.

«Заңгердің кәсіби шеберлігі» - факультативтік сабақ

Алдабергенов А.У.

Құқықтық

8.

«Мұғалімнің әдебі мен кәсіптік шеберлігі» - факультативтік сабақ

Келімбердиева С.М.

Педагогикалық

9.

«Жас эколог» - факультативтік сабақ

Баймукашева Ш.

Экологиялық

10.

«Жас өнертапқыш» - факультативтік сабақ

Бектілеуова С.

Техникалық шығармашылық

11.

«Жас талант» - шығармашылық үйірмесі

Джакаева Г.Б.

Оспанова А.Ұ.



Көркемдік шығармашылық

12.

«Волейбол» секциясы

Ержанұлы Н.

спорттық

13.

«Баскетбол» секциясы

Джанаев А.

спорттық

14.

«Футбол» секциясы

Едигеев Т.

спорттық

15.

«Шахмат» секциясы

Лесханқызы С.

спорттық

16.

«Үстел теннисі» секциясы

Артықбаева Ж.

спорттық

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде студенттердің бойындағы өнерлерін дамыту, шығармашылық қабылеттерін жетілдіру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында төмендегі үйірмелер жұмыс жасайды:



Колледж студенттерін шығармашылық үйірмелерге және спорттық секцияларға қатысуға шақырамыз. Үйірме жетекшілеріне немесе 215 тәрбие кабинетіне хабарласыңыздар.


БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ КЕҢЕС!

 

Қуан!

Сенің алдында бірнеше қайталанбас жыл. Бірде-бір мүмкіндікті жоғалтпауға тырыс.

Қызығушылық таныт!

Сені қоршаған орта - бұл болашақ байланыстар, іс-әрекет бағыты және кәсіби жетістіктердің өзегі. Қай жерден бірегей ақпаратты кездестіретінін белгісіз. Адамның қызықты нәрсесін іздеген кезі, өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында калады.



Таны!

Адам ата-анадан туған кезде есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сонда ғана білгені, көргені көп адам білімді болады.



Жаз!

Макала, хат, өлең жазуға ерінбе. Алдағы өміріңде өз септігін тигізеріне күмәнің болмасын.



Дәстүрді сыйла!

Кез келген ұжымда өзінің ережелері мен заңдары болады. Оларға түсіністікпен қарап, олардың туындауына қандай себеп болғанын түсініп көр.



Ұқыпты бол!

Сабаққа кешікпе. Ұстазға құрмет, құрбыларыңа әдептілігінді таныт. Есіңде болсын «тәні сұлу - сұлу емес, жаны сұлу - сұлу». Өзгеге көмек көрсет!

Көмегіңді міндет санама, достыққа жақын бол. Бір адам - самал, екі адам - амал, үш адам - жамал, төрт адам - қамал.

Еңбектен!

Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге.

Білім алуға құштар бол, ізден. Әркімнің щыққан тауы биік. Демалыс құр!

Оқудан тыс уақытта өзіңе демалыс құр. Жан тәніңе рухани байлық сыйлай біл.

Өмірге жарқын көз қараспен қара!

Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел; алдыңғы толқын - ағалар, кейінгі толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.



Өмірде бар жаман да көп те, бірақ қызык та, ермек те көп...

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет