1 Экономика және бизнес. Экономика туралы жалпы түсінік



бет1/13
Дата23.03.2022
өлшемі100.92 Kb.
#172045
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1 Экономика ж не бизнес. Экономика туралы жалпы т сінік
10-тақырып. Шарғабай Данияр

1)Экономика және бизнес.

Экономика туралы жалпы түсінік

«Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз.

Өндіріс-қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті материалдық игілікті жасайтын процесс. Жұмысшы күші-өндірістің адамдық факторы, ал өндіріс құралы-заттық фактор. Бұл факторлар өзінен-өзі ештеңе де өндірмейді. Тек оларды біріктіру ғана игілікті шығаруға жағдай жасайды, яғни өндірісті іске асырады. Жұмысшы күші, еңбек құралы мен еңбек тәсілінің арасында күрделі қатынас жүйесі пайда болады. Бұл қатынас пен адамның еңбек құралына әсер етуінің тәсілін технология дейміз.

Аталған факторлардың күрделі бөлікте өмір сүруі, адамдардың еңбекке қатынасуы өндірісті ұымдстырумен қамтамасыз етеді.

Өндіргіш күш-қоамдық өндірістің жетекші саласы. Бұл қоғамның табиғатқа қатынасын көрсетеді.

Өндіріс процесінде адамдар сонымен қатар өзара қатынаста болады, яғни өндіріс қатынасына енеді. Бұл да күрделі жүйе. Оған меншік қатынасы да, өндіріс шығаратын өнімді бөлу, алмастыру және тұтыну да жатады. Тұтыну өндіріске байланысты.

Материалдық игілікті шығару адам қоғамының материалдық негізін құрайды. Ол үдіксіз жүріп жатуы тиіс.

Экономикалық қатынас жүйесіндегі адам

Әрбір адам көпқырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста болады. Ол өнім шығарады, жалақы алады, меншік иесі болады, сатушы немесе сатып алушы рөлін атқарады. Ақша қоғам жасаған материалдық және рухани байлықтан адамның өзіне тиістісін сатып алуға мүмкіндік береді.

Адамның пайда табуға, оны иеленуге құқығы бар. Ол қандай кедей болса да бір нәрсені иеленеді, оны құрметтейді, қорғайды. Адамның меншігі – оның дене болмысы, білімі, ақыл-ойы мен қабілеті. Адамның интеллектуалды меншігі – оның ашқан жаңалығы, өзі жасаған өнер туындылары, шығармалары мен ғылыми еңбектері.

Адамның жеке меншігі – оның үй-мүлкі, киім-кешегі, машинасы, саяжайы, т.б.

Біздің елімізде адам еңбек шаруашылығының (ұсақ кешендердің), шаруа және қосалқы шаруашылықтың меншік иесі. Бұлар оның еңбегі мен одан түскен пайдасы арқылы жасалады.

Бұл аталған меншіктің бәрінің де иесі – адам. Ол өз меншігін еркімен пайдаланады, тұтынады, басқа біреуге бере алады, өзінің ұрпақтарына мұра етіп қалдырады. Оларды қорғайды, дамытады, байытады,тиімді түрде тұтынады.

Демократиялық қоғамда жұмысшылар ұжымдық кешен құрады, өз акциялары арқылы өндірісті басқаруға немесе өнім шығаруға, бөлуге қатысады.

Адамды еңбектен шеттеуді жоюдың негізгі бағыты – мемлекеттік кешендерді басқаруды демократияландыру, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуде еңбек ұжымының құқығын арттыру.

Екінші бағыты – еңбек жағдайын ізгіліктендіру, еңбектің мазмұнын өзгерту, оны ақыл-ой еңбегі арқылы байыту. Бұл өзгерістер жаңа техника мен технологияның жетістіктеріне тікелей байланысты.

Өндірістегі адамның орны қандай болмақ? Ғылыми-техникалық прогресс адамның өндірістегі орнын өзгертеді, оның еңбегі мен қызметінің мазмұнына әсер етеді. Ғылыми-техникалық революция ой еңбегінің, адамның жағдайды бағалау және дербес шешім қабылдау қабілетін, шығармашылық, бастамашылдық рөлін арттырады.

Жаңа техника мен технология адам қабілетінің артуына жағдай жасайды, оны ынталандырады, сонымен қатар еңбекке қатаң талап та қояды.

Еңбек өнімділігінің артуының негізгі бұлағы-адам. Мәселе оның кәсібінің жоғарылығында, қабілетінде, еңбекке қатынасында.

Адамның еңбекке қатынасы адам мен қоғамның әндіріс процесіндегі байланысын көрсетеді. Демократиялық қоғамда көпшілік адамдар саналы еңбек етеді. Олар өздерінің ұйымшылдығын, ұқыптылығын көрсете біледі, жалқаулықпен, тәртіпсіздікпен күреседі. Бұған қоғам да, адам да мүлделі болады, адам өзінің жоғары сипатты кәсіби, оның сапасын мақтаныш тұтады, одан моральдық қанағат алады.

Тұтыну қатынасындағы адам. Адам-тұтынушы. Ол тұтыну мәселесін шешу үшін басқалармен қатынасқа түседі.

Адамның тұтыну қажеттілігі қоғамның дамуына маңызды рөл атқарады. Бұл ретте адам өз шаруашылығында, кәсібінде қандай өнім шығару, нені сатып алу, еңбегін қаблетін қалай қолдану керектігін білуі қажет.

Адамның тұтыну қажеттілігі өндірісті реттеушілік те рөл атқарады. Мәселен, бұрын теледидар болмады, адамдар бұл саладағы қажеттіліктерін театрға, киноға барумен қанағаттандырды. Теледидар пайда болған соң оның сапасына назар аударылды, түрлі-түсті теледидар қажет болды. Ал бұл қажеттілік теледидардың осы түрін шығару мақсатын қойды.

Адамның тұтыну қатынасында оның ұқыптылығы үлкен рөл атқарады. Алған жалақысы немесе қосымша табысы отбасының, әрбір ұйымның өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Демек, адам отбасылық өнімнен бастап, қоғамдық өндіріске дейін экономикалық қатынасқа тікелей араласады. Оның жоғары сапалы кәсібі, ұқыптылығы, икемділігі шешуші рөл атқарады. Адам — өнімді шығарушы ғана емес, оны бөлуші және тұтынушы. Ол – экономикалық өмірдің шешуші тұлғасы.

Бизнес немесе кәсіпкерлік дегеніміз- адамның өзінің ойын іске асыру арқылы пайда табуға бағытталған іс-әрекетті мен амалы.

Бірақта кезкелген іс-әрекетті бизнес немесе кәсіпкерлік ретінде қарастыруға болмайды. Мысалы, заңға қайшы және қоғам (басқа адамдарға) мен қоршаған ортаға зиян мен залал келтіретін іс әрекеттер (ұрлық, алаяқтық, алдау және тағы басқа).

Сонымен қатар, біреуге жолданып жұмыс істеу немесе біреудің тапсырмасымен іс-әрекет қылуды да бизнес реттінде қарастыруға болмайды.

Сондықтанда бизнестің (кәсіпкерліктің) тек өзіне ғана сай белгілері бар. Олар:

Біріншіден — кезкелген бизнестің мақсаты, ол пайда табу;

Екіншіден — кезкелген бизнес тәуекелге (риск) бару болып табылады;

Үшінщіден — бизнес әрқашанда ақша салумен байланысты;

Төртіншіден — бизнес жаңашылдықпен байланысты (яғни жаңа тауар сату немесе нарықты жаңа қызмет түрін ұсыну);

Бесіншіден, бизнес ол әрқашанда жауапкершілік (яғни, қарыз алсаңыз қарыз берушінің алдындағы жауапкешілік, тауар сатсаңыз тауардың сапасына байланысты жауапкершілігіңіз және тағы басқа);

Алтыншыдан, экономикалық тәуелсіздік (яғни бизнесті жүргізушінің тауар мен қызметі сату мен алуда біруге тәуелді емес).

2) Бизнес философиясы - бұл сіз өз бизнесіңізді құратын нәрсеңіз, сіз ең алдымен айналысатын нәрсе. Басқаша айтқанда, бұл сіздің бизнесіңізді дамыту стратегиясының белгілі бір түрі немесе бизнесіңізді дамытуда сіз оған назар аударатын бір бизнес-процесті таңдау.

Бизнес философиясы дегеніміз не

Міне, бірнеше айқын мысалдар:

Тұтынушыға назар аудару. Бұл тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне назар аударатындығыңызды білдіреді және сіз көп күш-жігеріңізді соған жұмсайсыз. Мақсаты үшін айталық, ауыздан-ауызға жұмыс жасау.Өнімнің өзі. Сіздің бизнесіңізді дамыту философиясы үнемі жетілдірілетін супер сапалы өнім жасауға бағытталған Баға және баға саясаты. Егер сіз өзіңіздің бизнес философияңызды өнім құнының айналасында құрғыңыз келсе, сіздің міндетіңіз шығындарды азайту жолын табу болып табылады. Менің ойымша, бұл әрқашан ең жақсы таңдау емес, бірақ соған қарамастан, оны бизнес философиясы ретінде қарастыруға болады.Инфрақұрылым. Сіз инфрақұрылымға назар аудара аласыз: ол персонал, аппараттық құрал, платформа және бағдарламалық қамтамасыз ету болуы мүмкін. Сіз наубайханалар желісін ашқалы жатырсыз делік, ал сіздің философияңыз бұл желіні дәл адамдар көп жүретін жерлерде, метро маңында немесе қаланың айналасындағы үлкен қиылыстарда ашу.Маркетинг және әлеуетті тұтынушыларды тарту. Сіздің бизнес философияңыз - өніміңізді өте кең аудиторияға жылжыту және әлеуетті тұтынушылардың үлкен санын тарту.

Бизнес философияңызды таңдаған кезде позицияңызды, құндылық ұсынысыңызды және бәсекелес пен аудиторияны талдауды негіздеген дұрыс. Егер сіз өзіңіздің ерекше қасиеттеріңіз бен күшті жақтарыңыздың негізінде өзіңізді қандай да бір жолмен орналастырған болсаңыз, онда бұл сіздің бизнес философияңызды дамыту платформасы ретінде пайдаланылуы керек. Егер сізде ең төмен бағалар болса, неге басқа нәрсеге сенесіз? Немесе керісінше, егер сізде қандай да бір жолмен клиенттермен «ойлау» және оларға өте мұқият және тиянақты қызмет көрсету және олардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет болатындай қызмет болса, онда тұтынушыларға назар аудару сіздің бизнес философияңыз болуы керек екендігі алдын ала анықталған.

Бір философияны таңдай отырып, қалғандарының бәрін елемеу керек емес. Сапалы өнімді таңдағаныңыз сіздің әлеуетті тұтынушыларыңыз туралы алаңдатуыңыз керек дегенді білдірмейді. Егер сіз суперөнім жасасаңыз, бұл оны алға жылжытпау керек, өндірушілермен жақсы араласпау керек, сатылымнан кейінгі қолдау көрсетпеу керек, кепілдік бермеу керек дегенді білдірмейді. Міндетті түрде! Бірақ сіздің бизнес философияңыздағы басты назар тамаша өнімді жасау болып табылады.

3 сурак

Маркетингтің дамуына қарай, ғалымдар мен мамандардың көзқарастары өзгеріп отырады. Ф. Котлер алғашында маркетингке «Фирмаға ұзақ мерзімді ең үлкен шамадағы пайданы қамтамасыз ететін, тұтынушыға бейімделген өндірістік-өткізу әрекеті» деп сипаттама берсе, соңғы еңбектерінде оны «тауарды өндіру, оны түтынушыға ұсыну жэне айырбас арқылы жеке жэне топталған тұтынушылардың мүктаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік жэне басқару процесі» деп көрсетті.

Бұл үғымға сан алуан ыңғаймен келу маркетинга қазіргі кезеңде эр түрлі аспектіде қарауға әкелді, ол - «қазіргі заманғы бизнес философиясы»

70-жылдардың екінші жартысында маркетинг эволюциялық дамудың үшінші кезеңіне аяқ басып, бизнес философиясына айналды. Нарық құрылымындағы орасан зор өзгерістердің болуы, оның қызмет түрлері мен тауарларға толуы, бәсекелестіктің өршуі, ғылыми-техникалық прогрестің өсуі маркетинг мэнінің түрленуіне экелді - оны сыртқы ортаны зерттеу мен оған бейімделудің жолын іздейтін жэне фирманың барлық қызметін біріктіретін корпоративтік стратегияның элементі ретінде қарастыра бастады. Бұл кезеңге маркетингтің дэстүрлі жэне қоғамдық тұжырымдамаларының дамуы мен стратегиялық ролінің артуы тэн болды.

Маркетинг - қазіргі бизнес философиясы, ойлау стилі жэне тұтынушылардың мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға бағытталған мақсат. Мұндай көзқарасты ұстанатын авторлар маркетингті әлеуметтік-экономикалық жагынан қарастырады, бірақ мұнда оның мақсаттары тым мінсіздендірілген (идеализированы). Бұл көзқарас нарықтык экономикасы дамыған елдердегі фирмалардың маркетингтік қызметіне сәйкес келеді.

Маркетинг - бұл нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік қабілеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытгалган тұжырымдама және біріккен кызмет. Бүл анықтама маркетингтің екі маңызды аспектісін бөліп көрсетеді. Олар - тұжырымдамалық жэне іс-әрекеттік аспектілері. Тұжырымдамалық аспектіде маркетинг адамдардың қажеттілігін ұқсастыру жэне қанағаттандыру арқылы пайданы көруге бейімделген бизнестің идеясы мен философиясы ретінде сипатталады.

Тұжырымдама ретінде маркетинг қатаң бәсекелестік күрестің, үсыныстың сұраныстан жоғары болуына жэне тауарлар ассортиментінің жылдам жаңаруына байланысты туындаған. Өндірушілер қатаң бэсекелестік жағдайында өз тауарларына бос тауаша (ниша) іздеу, оларды соған жайғастыру жэне оны кеңейтумен айналысады. Бәсекелестік жағдайда маркетинг фирма стратегиясы мен тактикасын анықтайтын қазіргі бизнестің философиясы болып табылады. Сондықтан тұжырымдамалық аспектіде маркетинга үйым бизнес философиясы, идеясы жэне ойлау бейнесі деп атап көрсетуге болады. Бұл мэні бойынша маркетингтің идеологиялық жэне саяси жағдайы.

4 сурак


Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.

Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол — өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны.

Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызметі шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын  өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.

Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:

—         өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;

—         алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс

іс-әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды           әлеуметтік дамытуға жұмсалады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет