1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі



бет1/111
Дата24.11.2022
өлшемі266.62 Kb.
#179371
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³
?äåáèåòòàíó?à ê³ð³ñïå

1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі.
Фольклор – кез келген халық әдебиетінің қайнар көзі болумен қатар, сол халықтың өткен тарихының, жүріп өткен жолының бағдары, куәсі. Тіпті сол халықтың жан дүниесінің айнасы. Әлемдегі қай халықтың болмасын, фольклор туындыларының сипат-ерекшелігі жағынан сол жұртқа тән өзге жанрлармен ұқсастығы да, өзіне ғана тән болып келетін біршама ерекшеліктері бар екені белгілі. Шығармалардың ауызша айтылып, ел есінде ауызша сақталатыны, айтушының ой-қиялына орай түрлі өзгеріске ұшырап, көп вариантты болатыны, тұрақты, дәстүрлі тіркестердің жиі кездесетіні – ауыз әдебиетінің барлық жанрына тән, бірегей ортақ нышандар. Сонымен бірге фольклор туындыларының тарихи шындық негізінде қорытылып, суреттелуі де әр жанрларға байланысты әр түрлі деңгейде болатындығын білеміз. Қазақ фольклорына да осы қағидаттар тән.Ауыз халықтық өнер – ғасырлар бойы қалыптасқан орыс мәдениетінің кең қабаты. Фольклордың жанрлары халықтың өмір сүруіне байланысты бөліне береді.Олар қазақ халқында: Миф, аңыздар,
Мал түліктеріне байланысты,
Батырлық жырла,
Лиро эпостық жырлар,
Тарихи жырлар мен тарихи өлеңдер,
тұрмыс салтқа байланысты жырлар деп бөліне береді.
2. Фольклор жанрларының теориясы және халық прозасын саралау мәселелері.
Қазақ фольклортану ғылымы XIX ғасырдың соңында жеке ғылым ретінде қалыптасқан десек болады. «Фольклор – ағылшын сөзі, «халық даналығы» деген ұғымды береді. Фольклортанудың басты теориясын анықтау үшін.Мыналаларды басшылыққа алып қарау керек ;
1. Фольклордың қасиеттері мен белгілері, қызметтері .
2. Фольклор жанрларының туу, пайда болу себептері .
3. Фольклорлық шығармалардың мақсат- міндеттері .
1 сұраққа жауап. Фольклордың қасиеттері: жан-жақтылық, мол болуында.
2 сұраққа жауап. Фольклор – сөз өнері. Фольклор сөз өнері болғандықтан да, ол өнердің шарттарына жауап бере алуы керек. Сондықтан да, өнер ретінде оның орындаушысы мен тыңдаушысы бар. Бұл тұрғыда фольклор әдебиет қана емес, теарт, жасаушылар: жыршы мен ақындар. Орындаушысы мен тыңдаушысы болғандықтан да көркемдік әдіс пен бейнелеу тәсілдері, көркемдегіш құралдары да соған лайық жасалып, қалыптасты. Соған қарай ертегі, жыр, дастан сияқты көркем жанрлары туды. Аталған жанрлар эстетикалық, сейілдік, содан кейін тәрбиелік мақсаттарды орындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет