1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Қазақтың отбасылық, бақташылық ғұрып фольклоры



бет16/111
Дата24.11.2022
өлшемі266.62 Kb.
#179371
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³
?äåáèåòòàíó?à ê³ð³ñïå
20.Қазақтың отбасылық, бақташылық ғұрып фольклоры.
Қазақ үшін аса құнды зерттеуде отбасылық ғұрып арнайы нысанаға айналып, кең көлемде әрі тереңдей, қазақтың өзге дәстүрлерімен байланыста зерделенген. Атап айтқанда, отбасылық ғұрыптардың тарихы, терминологиялық жүйесі, поэти­калық құрылымы этнографиялық байла­ныс­­тар типологиясы деңгейінде қарасты­рыл­ған. «Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі нұсқалардан бастау алатын қазақ отбасы фольклорының тарихы тамырын тым тереңнен тартады.
Олардың ішіндегі отбасылық әдет-ғұ­рып­тар, салт-дәстүрлер 
жөніндегі этног­рафиялық деректер өз алдына бір төбе. Өйт­кені көне деректердің тереңіне бойла­ған сайын этнографиялық деректер мен фольклорлық үлгілердің арасына шек қою қиындап, бір-бірінен ажырамастай тұтас құбылысқа айнала береді. Бұл, әсіресе, от­ба­сы фольклоры тәрізді кіндігі халық­тың тұрмыс-салтына байланған жанрлық түрлерге тән өзекті ерекшелік». Осыдан 160 жыл бұрын (1860) қазақ ауыз әдебиетінің екі том­дығына жазған алғысөзінде орыс ғалымы В.Радлов былай толғайды: «…Мен жариялап отырған бұл томдағы әдебиет үл­гілері осы халық дүниетанымының жан-жақты көрінісі бола алады. Қазақтар – әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт… Қараған, басқа да бұталары аралас келіп отыратын бұйра қыраттар арқылы керіліп жатқан ұлан-ғайыр кең дала алып келбетін қалай өзгеріссіз сақ­таса, оның тұрғындары да тіл мен салт-сана жағынан біртектес. Тіпті, шет жайлап, ен-шалғай шығып кеткен тайпаластар да өздерінің ерекше халықтық сипатын берік ұстанады…» ( В.Радлов). Әр халықтың өзіндік той-томалаққа қатысты сал­ты және өлім өткізу дәстүрлері бар. Солар­дың ішінде «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп Абай хакім айтқандай, қазақтың бүкіл өмірін өлеңге бөлеп өткізуін елден ерек деп айтуға болады. Той-тома­лақ пен мәйіт жерлеу салтының ұлт­тық бояуының қанықтығын, түрінің мол, мазмұнының бай екенін, жол-жорал­ғы­сының көптігін түсіндіріп жату қажет бола қоймас. Оны өзгелер де байқап, ба­қы­лап жүр. Біз бұл жетістіктен жаһандану­дың қолтығында кетіп, айырылып қал­мауы­­мыз керек. Өйткені ондай күн туса, «Дәстүрінен айы­рыл­ған ел – қамалы құлаған ел», «Салт-дәстүрін білмегеннің жарық күні түнмен тең», «Рухани тірегінен айырылған халық – ел емес, құл», «Дәстүр тозса – ұрпақ азады» дегеннің кері келері сөзсіз. Ал салт-дәстүрге жүйрік адам – бес қаруы бойында тұрған жауынгер іспеттес.
Салт-дәстүр ұлт мінезі мен болмысын тануға көмектеседі. Халықтың өзін-өзі қорғай алатын жауынгерлік мінезі мен ұлттық қалыбын орнықтырады.
Салт-дәстүрді тану – кешегі ұмыт бол­ғаны­мызды тірілтіп, бүгінімізге қанат бі­тірер, болашағымызға сенім ұялатар көнеден келе жатқан тарихи тағылымдарды тану. Ең маңыздысы – балғын ұрпақты ұлт құн­ды­лықтарын бекем ұстауға баулу. Рухани жаңғыру деген, міне, осы. Өзін-өзі тани жүріп, «Мәңгілік Ел» болу жолын қа­таң ұстану. Яғни, ұлттық құндылық­тарымыздың қалыбын бұзбай, уақыт ша­ңы­нан ұмыт болғандарын түгендеп, ұлт­тық сана мен ұлттық ойлау жүйесін же­тілдіру – бүгінгі Сіз бен Біздің ортақ мі­ндетіміз, ұрпаққа жүктелген Тарих аманаты.
Аталған шығарма авторы бұл үдеден шы­ға білген. «Отан» деген ұлы ұғым отбасынан басталады десек, отбасылық ауыз әдебиетінің маңызы дәстүр-салтымызбен қабыстырыла әрі танымдық негізде қарастылырылған бесік жырлары, сәбилік салт жырлары (шілдехана), бата беру, алас­тау жырлары, тұсаукесу жырлары, мә­пе­леу жырлары, қуырмаш, құда түсу, тойбастар, жар-жар, сыңсу, ау­шадияр, беташар, арыздасу, естірту, көңіл айту, жоқтау жырлары әралуан жанрларға бөлініп, ғылыми анықтамасы беріліп, орындалу мәнері, тарихы терең айғақталған. Қазақтың кім екенін таныт­қан көлемді ғылыми еңбекте көтерілген мәселелер монографиядан талап етілетін барлық канондар бойынша жүйелі түйінін тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет