1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


-Рулық қоғамдағы фолькор үлгілері миф,ертегі



бет7/111
Дата24.11.2022
өлшемі266.62 Kb.
#179371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³
?äåáèåòòàíó?à ê³ð³ñïå
12-Рулық қоғамдағы фолькор үлгілері миф,ертегі
Қазақ фольклорының қалыптасуы өте ұзақ та күрделі процесс. Рулық қоғамдағы фольклор үлігілеріне миф, еретегі, аңыз, әпсана, бақсы сарыны, арбау, байлау өлеңдері т.б. жанрларды жатқызамыз. Бұл дәуірде қалыптасқан халық қазынасы халықтық дүниетанмның ең ерте дәуірлерінегі зороастризм, шаманизм, анимизм, тотемизмге байланысты туып қалыптасқан. Қазақ эпостарының осы күнгі бастамалары ерте замандардағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде қалыптасқан. Эпос жанрының ішінде көне эпос дәл осы дәуірдің көркем мұрасы. Орта ғасырлардағы фольклор үлгілеріне батырлық эпос, ғашықтық эпос, ертегі, аңыз, әпсана жанрлары жатады. Түркі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға ықпалы зор болды. Фольклордың ең өзекті тақырыбы- елдік пен ерлікті жырлау. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күресі фолшьклорда кеңінен сөз болды. Қазақстанның Ресейдің боданы болуына байланысты фольклорда жаңа тақырыптар пайда болды. 1916ж. ұлт-азаттық көретіліс, 1941-45ж.ж. ІІ Дүниежүзілік соғысы арнау, жоқтау, сәлем хат, қоштасу тәрізді лирикалық жыр жанралрының қайта жаңғырған кезеңі еді. ІІ Дүнижүзілік соғыс кезіндегі халық поэзиясы. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы және фольклористика ғылымының тарихы.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу шын мәнінде бірнеше ғасырлық тарихы бар келелі іс. Қазақ фольклоры туралы ғылым ХУІІІ ғ. қалыптаса бастады. ХІХ ғ. І жартысында қазақ фольклорының этнографиялық бағытта зерттелді. ХХғ. бас кезіндегі қазақ фольклоры жаййында мәселелр көтеріліп, газет-журналдарда халық мұрасын жинау, зерттеу, бағалау хақында пікірлер айтылды. (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М:Әуезов, С.Мұқанов т.б.) 30ж.ж. кеңестік дәуірдергі халық творчествосын зерттеу одақтық көлемде қолға алына бастады. М.Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры»(1939), С.Мұқановтың «Батырлар жыры» (1939), Қ.Жұмалиевтің «Халық поэмалары» (1939), Ә.Марғұланның «Қазақ эпосын тудырған мотивтер» (1939) т.б. еңбектері жарияланды. 40-50ж.ж. қазақ фольклорының жанрларын монографиялық көлемде зерттеу қолға алынды. 70-80ж.ж. қазақ фолклортану ғылымының үлкен белесті кезеңі болды. Ғылымға Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Б,Абылқасымов, Ш.Ыбыраев, Б.Адамбаев, Ә.Қоңыратбаев сынды ғалымдар келді. Қазақ фольклорының поэтикасы, тарихилығы, эстеткиасы т.б. өзекті мәселелер зерттеу нысанасына алынды.
өшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналарМиф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмірөлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.
Көшпелілердің көне мифтік көзқарастары жыр-аңыздарда көрініс тапқан. Түркі көшпелілерінің ең көне аңыздарына Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жатады. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелердің негізгі сюжеті — өмір мен өлім, адамның ажал алдындағы дәрменсіздігі.
Ежелгі ғұндардың, көне үйсіндер мен қаңлылардың аңыз-әңгімелеріне, жырларына "Ер Төстік""Еділ — Жайық" эпостық жырлары жатады. Ә.Марғұланның айтуынша, бұл ғажайып мифтер Қазақстанның көп жерінде сақталып келген, әсіресе Еділ мен Жайық өзендері аралығында көп таралған. "Еділ" аңызындағы батыр жалғыз көзді дәумен кездесіп, оның көзін қыздырған темірмен ағызып түсіріп жеңеді.
Ғұн дәуірінен сақталған аңыздың бірі — "Дың-сұлу". Аңыз бойынша, ерте дәуірдегі ұлы ханның қызына Әлеупа батыр ғашық болады. Хан биік мұнара — "дың" тұрғызып, қызын сол мұнарадағы жайға орналастырып, дыңның сыртынан қырық күзетші қойған екен дейді. Жігіт мұнараға тылсым арқылы шығады. Қыз оған ғашық болады. Содан әкесінен рұқсат сұрап жігітке қосылады. Бұл аңыздың таза ғұн дәуіріндегі нұсқасы бойынша, хан өзінің өзгеше сұлу туған екі қызын елсіз жапан түзге салынған "дың" — мұнара ішінде сақтайды. Оның қыздарына бәрі (қасқыр) ғашық болып, қыздарға күн болып дарып, олардан көп ұрпақ тарайды. Қозы Көрпеш—Баян сұлудың кешенін ғалымдар ғұндарда да болған сондай "дыңның" бір түрі деп есептейді.
Ғұндардың керемет әпсаналарының біріне олардың басын біріктіріп үлкен мемлекет құрған Мөде тәңірқұты туралы аңыз-әңгіме жатады. Ғұндар бірнеше ғасырлар бойы Қытайды бағындырып келген. Бірақ әр кез Қытайдан жеңіліс тауып отырған. Ғұн елі бір әлсіреген кезде Қытай үкіметі Мөдеге елші жіберіп, оның бір керемет жүйрік атын беруді талап етеді. Мөде уәзірлерін шақырып кеңеседі, уәзірлер бермеуге кеңес береді. Бірақ Мөде күш жинап алғанша елдің амандығын тілеп, атты бергізеді. Соғысқа сылтау іздеген Қытай басшысы ендігі жерде Мөденің бір сұлу жас тоқалын өзіне әйелдікке беруді сұрайды. Мөде бұл қалауын да бергізеді. Үшінші жолы әбден даңдайсыған қытайлар ғұндардың оңтүстігіндегі бос жерді сұрайды. Сонда Мөде тағы да уәзірлерін жинап алып ақылдасады. Сонда уәзірлері: "Ақыры бос жатқан жер ғой, берейік", — дейді. Мөде сонда "Біздің ең құнды, қасиетті дүниеміз — жер, біз бір тұтам да жер бермейміз", — дейді де, Қытайға соғыс ашады және жеңіске жетеді. Ғұндардың бұл әпсанасынан көшпелілер үшін "жер", "атамекенұғымы сонау ерте бастан-ақ ең қасиетті, ең қадірлі құндылық саналғанын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет