Қосшыда салық қызметкері интернет алаяқтықпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: dzen.ru

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, салық қызметкері декларация тапсырсын деген желеумен қарапайым азаматтарды кездесуге шақырған. Сол сәтте олардың жеке деректері мен биометриялық деректерін телефон камерасына (тұлғаны сәйкестендіру) түсіріп, олардың атынан онлайн шағын несие рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған.

  • Салық төлемей жүрген "Яндекс.Такси" жүргізушілері жазалана ма – Қаржы министрлігі жауап берді
  • Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салық қайта қаралмақ

Прокуратура салық органының қызметкері жасаған бес интернет алаяқтық фактісін ашты. Алаяққа қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпаратты мұқият тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржы операциясын жүзеге асыру туралы ұсыныстарына сыни көзқараспен қарауға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін салық қызметкерлері азаматтарды тексеруге не себеп болуы мүмкін екенін айтқаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.