1. ІХ-Х сыныптардағы еңбекке үйрету сабағында, былғары өндеуді ұйымдастыру әдістері



жүктеу 0.8 Mb.
бет3/4
Дата15.11.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4

Торсық : Торсықты жылқының көң терісінен әзірлейді. Ол үшін терінің түгін жібітіп, ұстара иен қырып, жуып, жылысуға немесе малмаға 2-3 тәулік салып, жібітіп алып көлеңке жерге іліп қояды. Сэл тобырсыған соң, арнайы үлгілер бойынша пішіп, екі жағын беттестіріп, түйенің шудасынан езілген жіппен немесе тарамыспен қойып тігеді. Одан соң торсықтың ішіне таза қиыршықт құм толтырып аузына ағаш тығып бекітіп, көлеңке жерге іледі. Екі үш тәуліктен соң сүмсір мен бетіне өрнек салуға болады.Осы арада өте мұқият болған жөн. Тері дымқыл болса, немесе қаудырлап қатты кеуіп кетсе, өрнек түспейді. Сондықтан терінің бабы келгенде, кезінше өрнек керек . Теріге өрнек салу әдісін халық шеберлері «батырма» деп атайжы. Өрнек терең, бедерлі тауы үшін сүмсүійрмен өрнек нобайын сызып алып, өрнектің ізін қуалай сұйық маймен майлап, сүмсүірді батыра бірнеше рет ысу қажет. Тері ыдыстың бетіне батырма әдісімен өрнек салғанда қарсы жағындағы өрнекке нұқсан келмеуі үшін, астына жұмсақ жастық төсейді. Өрнек салынған соңы

ыдысты көлеңке жерге үш сөтке кептіпсе ол қатайып, көңге айналады. Содан соң ішіндегі құмын төгіп тастап бір -екі тәулік кептіріп ұстау керек. Теріден ,ағаштан жасалған ыдыстарды дүркін-дүркін ыстап отырудың гигиеналық маңызы өте үлкен . Баппен ысталған ыдыс әдемі қоңыр қызыл түске енеді, әрі ысталған ыдыста әр түрлі микроарганизмдер болмайды. Ыс сіңген ыдыста сақталған сүт тағамдарының исі мен дәмі де ерекше жұғымды болады. Әрі ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.



2.3. Былғарыдан жасалған бұйымдардың формасы мен ою өрнектердің тәсілі.

Қазақтың ою- өрнегі : Қазақ ою -сызу өрнектеріндегі фон суреттердің түсі компазициялы болып келеді. Дағдыжа ақ түс қара фонға немесе керісінше болып орналасары қазақтарда кейбір түстердің символды мәні бар: көк түс —аспанның символы. Қызыл түс —оттың символы сары түс -ақыл парасаттың , қара түс -жердің символы, жасыл түс -жастықшақтың, көктемнің символы .

Заттың осы түстермен бояп өрнектегенде оған белгілі мән беріледі. Қазақ ою -өрнектерінің сан ғасырлық тарихы бар. Археалогиялық зерттеулер, қазақтың ою-сызу өнерінің ерте заманғы мал бағушы тайпалардың мәдениетімен сабақтас екендігін, Алтай орта Азия халықтарының мәдениетімен өзара байланысып жат —қандығын көрсетеді. Біздің жыл санауымызға дейінгі үлгісін молаларынан шыққан ою -сызу өрнектер 19-ғасырлары ою -өрнегімен ұқсас. Бұл қазақтық ою- өрнек өнерінің ежелгі үлгісін мәдениетінің жалғасы және дамыған түрі екендігін дәлелдейді.

Тұрпаныл безеніліп сағасындағы будда дінінің үңгір / шық үй / ғибадатхан асынның қабырғасына және төбесіне сызылған ою -өрнектерде қазіргі қазақ сырмақтарында салынатын мүйіз оюлардың үлгісі кездеседі . Осы ою -өрнектер қайдан шықты дей келе, біреулер кәдімгі геометриялық

пішімдес құрылыстардан шықты десе, кейбіреулер жан -жануарлардың ішкі - сыртқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті . Тағы біреулер өсімдіктің әр —түрлі көріністеріне / мысалы: сынып жатқан ши, ағаш бүталардың, сүйеулі түрғал сынықтардың бүрыш көріністерінен / шықса керек десті. Ал енді біреулері геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, оларды ойлап, қиялдауынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.

Ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа, бір шебердің ұасталық іскерлік мәнеріне екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күнге кейбір қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесін өзгертіп кеткен . Ертеден келк жатқан халықтық мүраны тазартуды ойласақ алдымен бұрмалаушылықтан арылтып, оны әдемілігіне жеткізеді жаңатүр, жаңа мазмұн дамытуымыз керек.

Ою-өрнек әшәкей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Бірақ бір есте боларлық жай, маман суретшілер көбінесе заттың сырт ормасын дәлдеп, суреттің неғұрлым сол затқа аумай ұқсап тұру жағынан көбірек назар аударады. Ал ою -өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз орнектерінде ойлаған затының не сюжетінің сыр сипатын өзін шеттанып , оның дәлме -дәлдігінен гөрі көркем, әшекейлер болу жағынан баса назар аударды. Ескі замандағы ел әдетін, шаруашылық ғұрпын этнографиясын білген адамға мұндай өрнектердің заттың ұғымын жэне олардың неліктен бұлай аталатындығын пайымдау қиын емес. Қазақтың шиге, алашаға, кілемге салынатын «омыртқа» өрнегі алып құрайық бұл Ғани Иляевтің кілем, түскиіз, терме құрауға арнап жасаған өрнегі. Өрнектің аты «омыртқа» ол кілем « сынық мүйіз» өрнегінің элементтерінен қүралған. Сонымен қатар,өрнекте үлы жүз қазақтарының рулық белгісі болған. Мысалы ретінде көне заманнан айбалталарын алайық. Айбалтадағы 2 жүз тек әдемілік үшін ғана жасалған өрнек. Ал балта жүзінің өзі де жарты айбейнесін мезген түр.

Қазақтың өрнегі әшекейімен істелетін түрлері де, атаулары да өте көп .Солардың ішінде халық арасында көбірек тарағаны ою -өрнек. Ою - өрнек ісі тым ерте заманнан бастап -ақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір бірнәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі заттың ою кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне бедел түсіру деген мағынада жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған, үлгіні үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күдіріп жалатып, бояп, батырып, қалыптап ісчтеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ою -өрнектің біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрынғы халықтарда да соншалық ескі дәуірден бері келе жатқан халықтық өнердің бір түріне саналады.

Ш-ТАРАУ. ТЕХНИКАЛЫҚ -ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

3.1. Теріден жасалынатын қазақ ұлттық бұйымдары.

Мал терілерін илеудің екі түрлі эдісі бар. Оның бір үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Екінші - иді жағып илеу. Ал иді қатықтан, айраннан не езген құрттан не құрттың сары суынан кейде ашытқан көжеден немесе ұнға тұз қосып жасайды.

Теріні малмен илерде оны жібітіп шелдейді де, бір рет суық суға жуып тазалайды. Одан кейін күбідегі иге салып, күн сайын сапсыйды /шайқайды/. Иіге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иіге батпаған жері қара қайыстанып, барысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой, ешкі терілері иде 6-9 күн, ірі қара терілері 15-20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалындап, ет қыртысы көшіп түрады. Иіден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп, сонымен сахармен жуып тазартады. Малмаға терінің жүні ұйысып, білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ щыбықпен сабап сілкейді.

Тері бояу. Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар. Біріншісі , теріге өң беру, ал екіншісі, теріні неғұрлым ау өтпестей етіп шилықтыру. Тері ұқсатушылардың арасында ең көп тарағаны және теріні ұқсатушының тиімді тәсілі —қабыққа салып бояу. бүған талдың, теректің ыдысы қолайлы. Сондай-ақ жер қынасын, томар бояуды шөп түбірін, шеңгелдің, көк тіккеннің бүрлерін де кеңінен пайдаланады. семіз терілердің майын сорғыту үшін оған ащы аралас былжыр салып кептіріп, артынан уқалап түхіріп тастайды. Кейде қызыл кірпіштің ұнтағын салып бүктеп тастаса да жеткілікті.

Теріні бояудың келесі түрі-томар бояу. Ашылауытқа шығатын қурай тектес жапырақтың өсімдік дәнге басы ақ үрпектенеді. Жапырақтары

сарғайып, қурайдың түбі қызғыш тартады. Шамамен алғанда бұл шілденің аяқ кезі. Осындай кезде қурайдың түбірін қазып, алады да, оны әбден жуып, жақсылап кептіреді. Кепкен түбірді ұнтақтап, қайнатып, жоғарыда айтылған тәсілдер бойынша тері бояуға пайдаланады. Бояу сұйық кезінде ашық сары, қоюланғанда күрең сары тартады. Томар бояумен жүнді де жіпті де бояйды. Сондай-ақ теріні қынамен де бояйды. Қына жазықтары, адырларда, шөптің арасында жерге жабыса өсетін өсімдік. Бүл әсіресе өрістерде көп. Ондайды пайдалану үшін күзгі уақыт қолайлы. Қынаны үйге әкелген соң оны шөп таламнан топырақтан арылтып, сумен бір жуып тастап қайнатады. Он -он бес теріні бояу үшін екі шелек қына қайнатса жеткілікті қынаның басқысына түз, ашутас, немесе мүсәтір қосып, аздап май қүяды. Кейде көк тіккенің қызыл мойылдың бастарын өнер кэсіптен шыққан бояумен араластырып, қына бояуын күрең қызыл етіп түсін ашады. Осы әдіспен боялған теріден әсем киім, түтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасайды.

Қой мен ешкі терісінен тон, шалбар, үлкен қолдың терісінен ішік, сесең ішік, лақ терісінен ішік тігіледі. Қойдың, ешкінің, тайлақтың пүшпақтарынан құрап тігілетін ішіктер де бар. Мұндай қүрама киімдерді көбінесе балаларға арнап тігіледі. Олар әрі жылы, әрі жеңіл келеді. Мал терісімен қатар, аң терілерінен де түрлі бас киімдер мен ішіктер тігіледі. Мысалы: қасқыр ішік, түлкі ішік, сусар бөрік, жанат ішік, бүлғын ішік, аң терісінен тігіледі. Кейде мұндай киімдер аң терісінен жонынан, тамағынан немесе пұшпағынан құрап істейді. Бүл киімдер тамақ тішік, тұлпақ бөрік, пұшпақ ішік деп атайды. Аң терілерінен әр түрлі төсеніштер жасайды. Оларды бөстек дейді. Теріден тігілген киімдерді кестелі немесе кестесіз маталармен тыстап, әдіптейді, / күндіз бөрік, қамқа тон т.б./

Теріні бояудың түрлері: Қазақстан жерінде халық арасында негізіне тараған тері бояу- ағаш түбірінен алынған бояу . Томар түбірінен бояуды мынадай жолдармен дайындап жасаған . Томар түбірінің сыртқы қабығы сыдырылып алынып байланып, түбір ұсақ бөлшек бөлінеді.Осы түбірлер 2-2,5 сағат қайнатылады оны қайнатып жатқан сұйық зат бірыңғай түске

бөлініп қомалжыңдалса, онда қайнатуды тоқтатуға болады. Бояудың түрі ұсталы ерітілген түбірдің көлемі тікелей байланысты,неғүрлым суы аз болып томардың түбірі нас болса, солғұрлым басу, қою болады. Ал суы көп болған жағдайда бояу сұйықтау болып әлсіз көрінеді жасалған бояуымыз суығанан кейін ғана оған терілерді толтырамыз. Ыдыс көлеміне қарай терінің бойы өзгеріп отырады. Шамамен бояуды тері 8-10 сағат жатады, сол уақыт аралығында ал сүрғылт -қызғылт түске боялып сүығады. Тері кептіріліп, бетіне қойдың майы жағылып уқаланып, тасқымен созылады. Ескіден келе жатқан, көптен белгілі бояулардың тағы бірі қына. Ол таулы алқаптарда, жайылмдарда шөпті далаларда өседі. Жаз, күз кездерінде қына әбден жетіліп иіскен мерзімде, шамамен тамыз бен шілде айларында тжиналып алынады. Қына жуылып басқа шөптерден тазартып, бірыңғай түске келгенше қайнатылады.

Тері мен былғарыдан басқа қынамен жүнді, ағашты, тағы басқа заттарды бояуға болады. Теріні, былғарыны жасыл түстерге бояу үшін қайын нәрін сәуір, мамыр айларында ағызып асыл, мыс салып, біраз көгілдендіріп сонымен бояған.

Иді дайындау жолдары . Іркіт -майы айырылып, тетіліп, алынған, ашытылған сүттен жасалған сұйық зат . Теріні илеу үшін 80 -100 ал ағаштан жасалған ыдысқа іркіткі қүйып оған түз салып ,араластырып дайындайды. Айран - қайнатылған бетінің қаймағын сүзіп алғанан кейін үйытқы, ашытқы қосып ашытылған сүт, айран мен іркіткі түсі ақ, айран іркіткіге қарағанда қою, Іркітсіз майда майлылау болып келеді. Тері илеу үшін бұған да тұз қосылады. Қүрт іркіткі- эбден қайнатып, қапқа құйып, сары суынан айырып, сөреге келтірідатырып алынғанан кеиін пайда болатын, бірте -бірте қатты күйге айналатын зат.

Дайындау қажеттілігін байланысты кейде қосып та жасайды. Қысқы уақыттарда ыстық суға салып езіп, сорлауы қосып не өзін суытып, сусын ретінде ішеді. Теріні илеу үшін қоймалжың қалып жасап, тұз қосып, сырт

жағына жағады. Сары су -іркіті қайнатқаннан кейін қалуа құйып айыратын ашытқан сұйық қышқыл зат. Бұған да тұз, ұн қосып жиі пайдаланады.

Терімен былғары құрақтарының шетін өру: Былғарының шетін біріктіруде ішінен жасалға заттардың шетін өңдеуге өрнектерге қолдануға арналған өрім түрлері көп. Құрақтарды, ал заттардың шетін қорытуға арналған өрімдер қыйындылары біріктіріп, қосумен қатар, оларды әдемілік, әшекей береді. Өрімдердің түрлері, бір - бірінен қыйық заттың шетінде тесіліп ойылған тесіп формаларына, өрімнің өріс, негізіне байланысты өзгеріп отырады. Өрімдер жиі жіңішкелеп, тігіп алынған таспал арқылы іске асырады. Төменде бір таспалы өрім деп заттың шетін әр түсті формалы тесіктермен тесік, ұзындығы өрілетін заттың қырынан екі елі ұзын қылып алынған таспамен өруді айтады. Өру негізінен өрілетін заттың бетін жоғары қаратып сол қолымызға ұқстаймыз да, таспаны бірінші тесіктен өткізіп 1,5 см қалғанша тартыңыз, ал қалған таспаның ұзын екі арасына салып желімдейміз. Екі таспалы қарапайым өрім өргенді, таспаны ұзындығын 6-1 есе артық болады бүл өрімнің бір таспалы өрімнен айырмашылығы - таспа бір тесілген иіні қайталанып өткізілгентаспа бірінші тесіктен өткенен кеиін қалған үшын желіндеп, ары қарай кіріп жүре береміз. Өрім сол бірінші жолғыдай солдан оңға қарай ақырына деййн өріледі. Өру кезінде таспаны алуына деиін қаттырақ татып отырыңдар , сонда өрім бір келкі сұлу болып шығады. Таспаның екі тесігінен дәл келуін ұмытпаңдар, таспаларың жұқа болсын.

3.2. Бұйымды даярлау технологиясының сипаты.

Айқал өрім: Айқал жұргізілген таспаларға, өрімді таспа бірінші тесікті баспай аттап екінші тесіктен өтеді. Жұп сандар ретімен жүреді. Өрім солдан оңға қарай жүргізіледі. Екінші жолда оңынан солға қарай жүріп тек бос қаған тесіктерден өткізіледі. Таспаның ұзындығы қыры өріліп жатқан

заттың шеті қырынан 5-6 рет ұзын болуы керек. Әбден біткенде қосу, тэрізді өрілімдер пайда болады.



Шалып алып өру : Шалып алып өруде бірінші тесілген екі рет өтіп мықты белгіленеді, екінші тесіктен өткенен кеиін екі тесіктің ортасынан жалғастырылған таспа өткізіліп келесі тесікте өткізіледі. Осы әдеппен өрімнің ақырына дйиін жеткенше тартып отырып өріледі. Таспаны өрер алдында мұқият жинастырып екі жағына бірдеи тазалап, өрімнің дайындау қажет. Таспа ретінде түсті былғары пайдаларына болады. Таспа өрудің бұл әдістері анықтап көрсететіндігі.

Былғарының шетін тесу: Тесу - былғарының шетін қырларының өңдеуде өте маңызды орын адады .Тесуді әр түрлі формалы төрт бүрышты, үшбұрышты , сопақ, дөңгелек эр түрлі болаттан жасалған тескіштермен жүргізіледі. Былғарының шеттерін тесудің тағыда бір мақсаты — ол, жеке — жеке бөлшектерден қүралған заттарды біріктіріп қосу. Тесу сонымен қатар былғарыда жасалған заттардың беттерін бедерлі әшекейлеуге, тесіктер арқылы ою -өрнектер жасап мэнерленуі қажет. Тесу алқылы көптеген заттар әшекейлеген, олардың арасында белдік, тоқым және басқа да бұйымдар бар. Халық шаруашылығында былғары жасалған көптеген заттар осы әдіспен әшекейленеді. Тесуді жақсы жүргізу үшін шеберханада әр сан қилы тескіштер жасап алу керек. Олардың ұлтары / жүздері / өткір болуы керек. Былғарыны бірнеше рет тескішпен шетін ұштары жұқалап, өтпей қалуы ықтимал. Тескіш жасауда У- 1-8 болаттардың пайдаланылады, ұштарын маймен не су мен суарып қатайтуын ұмытпау қажет.

Теріден жасалатын бұйымдар : Қазақ халық теріден үй тұрмыс тіршілігіне, шаруашылық қажетіне жарайтын ерлердің сыртқы киім-кешкгі, ер-тұрман, құрал -сайман, айыл әбзелдерін азық -түлік салатын қаптарды, сұйық сусын сақтайтын ыдыстарды жасаған. Әсіресе, көнек, торсықтар өзіне лайық үлгілермен безендірілген. Теріге басылатын күрделі оюлар өсімдік тектес алуан түрлі де, не ыдыстың түріне қарай түйықталған шағында болады. Көнен көнек жасау, жабдық жасау, даярлауда үлкен табысқа жетіп, көркем -өнерге бірсыпырма үлес қосқан шеберлерді айрықша атауға болады.



Бұлқынақ : Жылқы терісінен жасалған ыдыс. Бұлқыншақ жасау үшін жылқы сойғанда артқы санын шашасына дейін мес қылып бітеу сылып алады. Содан соң терінің көк бетімен шелін тазартып, сан жағын арасынан шүберек салып тігеді. Оны «үшын» деп атайды. Тарамыспен немесе жылқыны құйрық қылымен тігіледі. Тігісін бұлкъшшақтың түп жағына келеді. Терінің сыйрақ тұсына келетін тар жағына лайық ағаштан тығын жасалады да, ішіне күл толтырып тығындап көлеңкеге кептіреді. Бүл ыдыс малшы қауымның ыстық күндерде айран, шалап, қойыртпақ құймына мейлінше қолайлы.

Қамшы: Қамшыгерлер өлшемі мұнымен шектелмейді. Терінің иленуі, таспаның ерекше қасиеттері деп аталады. Қалай өрілуі, өрімен саптың өзара ұзын - қысқалық салыстырмасы, қамшының алақаны, алақанның ұзындығы -қысқалығы, қатқыл не жұмсақтылығы шарт болып айтылады. Қамшыгерлер өз дағдысы, өз есебі бойынша қалағанын өздері жасап алады немесе өрімшілерге арнайы тапсырма беріп өргізеді. Қамшыгерлер мамандығы ұмытылып, жоғалып барады. Әлі де халық арасында бар жұрнағын қайта тірілту, қалпына келтіру қажет. Бүл қамшыдан көз жаза бастаған бүгінгі жастардың сезімінімен сенімін орнықтыруға тиіс.

Қамшы —ат көлік, мал айдауға арналғант жабдық. Қамшы қоғануға, қарсыласын үрып жығуға жайпатып салатын мамандық .Қамшы әр бір малшының қолында жүретін еңбек құрал және елеусіз сұйық қару. Бірақ қолында қамшы жүргенімен, оны қару ретінде пайдалану көрінгеннің қолында жүре бермейді. Ал қамшыгерлер өздерін елеусіз қаруға иемін деп санайды. Халықтың салт - заңында қамшыгерлердің қарапайым адамды қамшымен ұруына тиім салынған. Қамшыны үйге алып кіруге болмайды, Оны, сыртта, қалдыру керек. Қамшы арқылы жауынан қорғана алатын не жайратып салатын адамдар қамшыгер аталады. Жастайынан қамшыгерлікке құмарту не жастайынан қамшыгерлікке баулыну, тәрбие алу, қамшыгер

мамандардан үйрену, қамшыны ұстай білу, қамшымен ұра білу, бәрін білу шарт. Қамшы көп сәттерде ат үсті шалқастың қаруы. Жабдық және қару ретінде қару ретінде ұсталған қамшының ұрылуы мен тиілуіне қарай -қамшы үйіру, қамшы білеу қамшымен жасқау, сипай қамшылау, батыра қамшылау тағы басқалар сияқты атаулар арқылы ұруға қамшыны қалай ұруға байланысты тиген зардабын білдіреді. Қамшыгерлікте ертегі спорт түрінде сайысқа, бэс – бәйгеге, егес намысқа түсетін мамандықтың бірі болған. Қазақстанда қамшыгерлік спорты ұмыт қалған. Қазақ халқы ерте кезде қамшыкерлік өнерін ел -жүртқа үйрету жэне дәріптеу мақсатында арнайы жарыс өткізіп отырған . Қамшының түрлері: ат қамшы, дырау, дайыр, күдері, жартуыл, білеу, ұзын, шолақ киелі, қасиетті қамшы тағы сол сияқты атаулармен аталады. Қамшы төрт таспа, бес таспа, алты, сегіз , он- екі таспа, он-алты таспа деп аталады. Таспаны тіліп, қырнап, сыдырып, өңдеу арқылы жуан жіңішке болып өріледі. Көп таспалар мен ішіне өзек салып өргендері әрі жуандатылады. Өрілгеннен кейінгі үлгісі жұмыр, төрт қылы, бес, алты қырлы борлып шығады. Сапталмай тұрып түрлі-түрлі ысқыдан өткізіледі. Қамшының сабынан өрімі қысқа түрлі,өрімнен сабы тең түрі, сабынан ұзындау түрлері де бар. Ерлерге арналған, әйелдерге арналған түрлері моландау кезігеді . Жастармен жігіттер, жігіт ағалары ұстайтын қамшылардың өлшемі, алты түман ат қамшы, жеті тұман жар қамшы деп аталады. Өткірлік жағынан өлшемі алты тұман, өрімі жеті тұман дұрысырақ саналады.

Жұмыс жасау үшін қажетті құрал - жабдықтар мен көрнекі құрал-саймандар да шеберханада өз орнын таба білу керек. Шеберханада жұмыс жасау үшін ең бірінші қауіпсіздік ережесімен таныс болу шартты. Осы мэселені ескере отырып шеберхананы жабдықтау да қабырғаның бүрышынан қауіпсіздік ережесі орын алғаны дүрыс.

Кабинетте тақта жанында «бүгін сабақта» атты қабырға сынентінің жартысы магнитті болғаны дүрыс. Екінші « кабинеттің жүмысы» атты

қабырға стенді де, сабақ, үйірме, факультатаив үзіліс кеселері жэне эр сынып бойынша ассистент, консультанттар тізімі жазылады.

Тақтаның жоғарғы жағына «өнерлі қол пішуге жақсы, өткір қайшы кесуге жақсы» , «Шеберлік шегі жоқ байлық», «Өнерлі өрге жүзеді», т.б. Сөздерді жазуға болады.

Кабинеттің қосымша бөлмесінде сабаққа қажетті құрал- жабдықтарды сақтау үшін арнайы текшелі шкаф болуы қажет.

Кабинетте ауыспалы бір стенді балалар жұүмысының көрмесіне арналады. Көрме ұйымдары тоқсан сайын немесе күрделі бір тақырып біткен сайын өзгертіп отырады.



  • Кабинеттің ауданы 10 адам сабақ өтетіндей кең болуы керек.

  • Кабинеттің ішінде аспаптар сақтайтын, оқушылардың бітпеген
    жұмыстарын және көрнекі құралдарын сақтайтын шкафтар дұрыс
    орналасуы керек.

  • Әкелінген материалдарды кабинетке кіргізуге оңай болу үшін,
    кабинет бірінші қабатта орналасқаны дұрыс.

  • Кабинеттің қабырғасы ашық түспен сыланғаны дұрыс.Бұл көзге
    жақсы әсер етеді және кабинетті жарықтандыра түседі.

  • Кабинетке сызбалардың түрлерін, көрнекі құралдары және т. б.
    Көрсету үшін тақта қажет.

  • Кабинет қабырғаларына қазақтың ұлттық ою- өрнектері салынған
    плакаттарды ілу тиіс

3.3. Құрал- жабдық дайындаудың технологиялық

ерекшеліктері.

Оқушыларды еңбекке баулуда мектеп ісіне жақсы талапқа сай түзілген бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар жэне жақсы маман кадрлар болғанымен оқу-материалдық база болмаса, онда еңбекке дайындау жеткілікті дәрежеде жүргізілді деп айту қиын. Сондықтан еңбекке баулуда, қолөнерге үйрету оқу бөлмелерінің жабдықталуы мен оларға қойылатын талаптар бірдей болуы қажет.

Оқу бөлмелері жабдықтарына қойылатын талаптар. Еңбекке баулудың, тәрбиелеудің жэне оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижелілігі, көбіне дұрыс ұйымдастырылған оқу материалдық базалары, бөлмелері мен шеберханаларға, олардың оқу көрнекі-құралдармен және оқу жабдықтарымен, материалдармен, техникалық оку құралдарымен жабдықтау дәрежесіне байланысты болып келеді.

Мектептегі еңбекке баулудағы оқу материалдың базаларын нығайту бойынша жұмыстар нәтижесінде қазіргі уақытта 450-ден астам оқу жабдықтары бар: олар құрал-саймандар, станоктар, бейімделіу құралдар модельдері, кестелер, оқу дипозитивтері, диафильмдер, кинофильмдер жэне т.б.

Бүл материалдық кұралдар тиімді пайдалану оқытушыға оқыту әдістерін нәтижелі қолдану мүмкіндігін береді жэне сонымен бірге /оқу құралдары мен оқу жабдықтарын тиімді орналастыру, сондай-ақ оларды пайдалану/ еңбекке баулу сабағы бойынша оқу-тәрбие процесінің нәтижелілігін арттырады.

Дегенмен кабинеттердің және шеберханалардың бар болу фактілері еңбекке баулуды жақсы жүргізу үшін жеткіліксіз. Мұнда оқу жабдықтарын, оқу құралдарын орналастыру мен оларды пайдалану өте қажет.

Мектеп практикасына талдау жасау төмендегілерді анықтауға мүмкіндік береді: жабдықтарды тиімсіз орналастыру, оқытушының барлык

оқу қүралдары қорын (білмеуі) жекелеген құралдар түрлерінің дидактикалық

қасиеттерін білмеуі, толық пайдалануды білмеуі.

Оқу шеберханалар, бөлмелері бәрінен бүрын педагогикалық талаптарға

жауап беруі қажет:

а/ Мектеп оқушыларын еңбекке баулу мен тәрбиелеуде оқу бағдарламаларын

орындау үшін қажетті жағдай жасау.

э/ Оқытудың политехникалық жэне кәсіби бағдар бағыттылығын барлық

оңай түсінетін көрнекілік құралдармен мүмкіндік туғызу.

б/ Оқыту мен оқушылардың қоғамға пайдалы, өнімді еңбегімен ұштастыру

үшін материалдық жағдаймен қамтамасыз ету.

в/ Оқытушы мен окушы еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру, оқу тәрбие

процессін сапасын және тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу.

г/ Мектеп оқушыларының жасаған бұйымның жоғары сапалы болуын

қамтамасыз ету.

д/ Оқу құралы көмегімен берілетін информация қазіргі ғылым мен техника

жағдайын көрсете алатын ғылыми ақикатты болуы қажет.

Объектілер мен техникаларды оқушыларға тусіндіруді жеңілдету

педагогикалык анықталған болу кажет.

е/ Информация мазмұны, оны жеткізу оқу бағдарламаларына, оқушылардың

танымдық мүмкіндігіне, олардың дайындық деңгейіне сәйкес болуы қажет

мектеп оқушыларының жас ерекшелігін ескеру және пәнаралық байланысты

жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет.

Эргономикалық тұрғыдан қарастырғанда оқу-материалдық база мемлекеттік

құралдарды үнемдеу мақсатын қарастыруы қажет. Жоғарыда атап өткен

педагогикалық талаптарда оқу-тәрбие процестері үшін сапалы зиянсыз

орындауға мүмкіндік беретін, оқу жабдықтарын интенсивті пайдаланғанына

ынталандыру керек.

Оқу жабдықтары мен оқу-көрнекі кұралдар қымбат жэне аз кездесетін материалдардан тұрмауы қажет. Бүл талаптардың орындалмауы материалдық құралдар шығынын экономикалық ақтамауына әкеп соқтырады, немесе

практикада едәуір көп болатыны, мектептерде бүл құралдардың толығымен жоқ болуы.

Эргономикалық түрғыдан оқу-жабдықтар төмендегідей болуы қажет:

а) Оқушылар үшін ыңғайлы, олар да еңбек тэсілдерін дұрыс қалыптастыру


мүмкіндігін қалыптастыру.

э) Мектеп оқушысының антронометриялық сипатына және жастарының мүмкіндігіне сәйкес болуы: әр түрлі өлшемді қарастыру, әр түрлі жастағы оқушылар үшін жұмысшы орынды өлшемді көшіру және т.б.

б) Мектеп оқушысының дене бітімінің дамуына, оларда қозғалыс
координациясының калыптасуына, тірек аппараттарының және бүлшық ет
жүйелерінің дамуына мүмкіндік туғызу жэне т.б.

Оқу қүралдары техникалық тұрғыда төмендегідей болуы қажет:

а) Конструкциясы бойынша қарапайым, кұрастыру бөлшектерінің
үйлестірілуінің мүмкіндігінің болуы.

э) Критикалық жағдайда жұмыс жасайтын, сенімді және берік болуы.

б) Өндіріс үшін технологиялығы.

в) Жөндеуге болатындығы.

Оқу бөлмелерін әрлеу, оқу жабдықтарының түстері, формалары
техникалық эстетика талаптарына сәйкес болуы қажет жэне олар атқаратын
жұмыс түріне байланысты болуы керек. Бұл оқушыларды эстетикалық
талғамды тәрбиелеу үшін қажет.

Еңбекке баулудағы оқу-материалдық базаны тұрғызуда еңбек қауіпсіздігі, санитарлық жэне гигиеналық талаптарды жалпы білім беретін мектебі үшін анықталған ережелерінің талаптары қамтамасыз етуі қажет. Жарық, жылу және желдету санитарлық-гигиеналык нормалар мектеп оқушылары үшін оқу шеберханаларының өндірістік санитария және техника қауіпсіздігі бойынша анықталған ережемен бекітіледі.

Оқу жабдықтарын шеберханада, кабинеттерде орналастыруда функциональды зоналарды бөледі. Олар: оқытушының жұмыс орны,

оқушының жеке жұмыс орны, оқушының коллективті пайдалану орны, оқу құралдарын сақтау аймағы, т.б. мамандандырылған шеберханаларда слесарлық-механикалық (электр кү_растыру) жэне ағаш өңдеу бөлмелері бөлек орындарда орналасады.

Шеберханаларда люминесценттік лампаларда 300 лк, лампада 150 лк болады. Жарық жарақатты 25-50 пайызға кемітеді. Шеберханадағы түстің 70-75 пайызы ашық түспен боялуы керек.

Ауа ауысымы 20 м /сағ болуы керек, станокта 250 м /сағ, желімдеу кезде желім еріткіште 350 м3 сағатқа жетуі керек. Тері өңдеу кезде шеберханадағы температура 20-24° С аралығында болуы қажет.

Шеберханадағы шу еңбек қабілетіне, көруге, демалуға, жүрек қызметіне әсер етеді. Шу жиілігі әр түрлі болады: төменгі жиіліктегі шу -300 Гц -дейін, орта 300-800 Гц, жоғары 800 Гц-тен жоғары, жоғары жиіліктегі шу зиянды.

Шеберханада «Жалпы білім беретін мектептің оқу шеберханалары туралы ереже бойынша» жабдықталады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет