1. ІХ-Х сыныптардағы еңбекке үйрету сабағында, былғары өндеуді ұйымдастыру әдістері



жүктеу 0.8 Mb.
бет4/4
Дата15.11.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4

Жалпы қолөнері, тері өңдеу шеберханасының жабдықталу ерекшеліктері. ¥лттық қолданбалы өнерге үйрету барысында ұйымдастырылған шеберхана оқушылардың эстетикалық талғамының қалыптасуына еңбекке сүйіспеншілігінің артуына және өз еңбегінен ләззат алып, еңбекке ынтасының артуына ықпал етеді. Осыған орай жұмыс жоспарын жасап, оның негізінде эстетикалык талғамға сай эскиздер сызып шеберхананы жабдықтауды колға алады. Әр түрлі түстер адамға әр қалай әсер ететіні белгілі. Сондықтан шеберхананы безендіру ісін алдымен эскиз бойынша қабырғаны бояудан бастағаны жөн. Мысалы, жасыл түс адамға тыныштық әкеліп, сары түс адамның көңіл-күйін қуанышқа бөлейтіндігі, ал қызыл түс адамның жұмыс қабілетін арттыратыны дәлелденген. Осыған сәйкес шеберхананың қабырғасын қызыл сары түспен бояп, оның жұмсақ болуына көңіл бөлгені дүрыс. Шеберханадағы терезенің қай бағытта орналасқанына қарай, жылы түстерді көбірек пайдаланып, еденді де қызыл қоңыр түспен

сырлап, төбені ақ күйінде калдырсақ, мүның өзі шеберханадағы планшеттердің түстері мен стеллажды шкафтар бояуларының үйлесім табуына эсер етеді. Бүлар оқушылардың эстетикалық талғамының артуына ықпал жасайды.

Табиғат сүлулығын паш ететін, туған жер табиғатына сүйіспеншілікті арттыратын қолөнердің барлық түріне ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болған, қолөнерінің ішінде көп тараған ою-өрнек мүйісін жасау және де оған қоса түрлі-түсті боялған. Тері бұйымдарымен танысу бұрышын жасаған абзал. Шеберханада әрбір затты дұрыс орналастыра білген жөн. Ол оқушылардың практикалық сабақтарда еркін жүмыс жасауына колайлы.


3.4. Үлттық қолданбалы өнер бұйымдарын үйрету шеберханасы және олардың жабдықталуы.

Еңбек сабағында оқушылар әр түрлі еңбек құралдарының көмегімен сабақ өтіледі. Оқушыларға қол өнерді практикалық сабаққа әр түрлі қүралдармен жұмыс істейді. Мысалы: қайшы , пышақ біз.

Мұғалім сабақ бастамас бұрын осы құралдардың қауіпсіздік ережесін оқушыларға ескерту қажет. Алғашқы сабақта мұғалім оқушыларға керекті құрал -жабдықтарымен, олардың пайдалануымен , жұмыс уақыты біткен соң, қалай жинастыру керектігіне таныстырады.

Кабинет қабырғасындағы балаларға үнемі көрініп түратын бөлігіне қауіпсіздік ережелері жазылған төмендегі нұсқаға ілінуі керек.

Қол инемен жүмыс.


  1. Біз арнайы қобдишада сақтау керек.

  2. Бізді қолайсыз жерге тастауға болмайды.

  3. Тігіс кезінде біздің ұшын жоғары ұстама.

  4. Бізбен жүмыс кезінде оймақ киген дұрыс.

  5. Бізді тістеп отыруға болмайды.
    Қайшымен жұмыс.

  1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.

  2. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

  3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

  4. Жолдасың қайшымен жұмыс істегенде, көңілін бөлуге болмайды.

  5. Қайшыны ұшын жоғары қарай көтерме.



  6. Пышақпен жұмыс




  1. Пышақтың ұшын алдын ала тексеру . ♦

  2. Пышақты ұшын дүрыс ұстау

  3. Пышақты тек тұтқасынан ұстаған дұрыс.

  4. Пышақты арнайы тіреуішке қою керек.

  5. Пышақты тек мұғалімнің рұқсатымен пайдалануға болады.

  6. Ылғал қолмен токқа қосылған станокты ұстауға болмайды.
    Жұмыс барысында арнаулы киім киуі керек .

Құрал -жабдықтарды жұмыс біткен соң өз орнында тұрғанын қадағалау

керек.


Сабақ біткен соң кабинеттің тазалығына қарау керек

Оқушыларды еңбекке баулуда мектеп ісіне жақсы талапқа сай түзілген бағдарламалар, оқулықтар әдістемелік құралдар жэне жақсы маман кадрлар болғанмен оқу - материалдық база болмаса, онда еңбекке баулуда, қолөнерін үйрету оқу бөлмелерінің жабдықталуы мен оларға қойылатын талаптар бірдей болу қажет.

Оқу бөлмелері жабдықтарына қойылатын талаптар. Еңбекке баулуды тәрбиелеудің және оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижелілігі, көбіне дұрыс ұйымдастырылған оқу материалдық базалары, бөлмелері мен шеберханаларға, олардың оқу көрнекі- құралдарымен және оқу жабдықтарымен, материалдарымен, техникалық оқу құралдарымен жабдықтау дәрежесіне байланысты болып келеді.

Мектептегі еңбекке баулудағы оқу материалдарын базаларын нығайту бойынша жұмысқа нәтижесіне қазіргі уақытта 450- ден астан оқу

жабдықтары бар. Олар құрал - саймандар, станоктар, бейімделу құралдар моделдері, кестелер оқу дипозивтері, дия фильмдер, кино фильмдер және

Бұл материалдық құралдар тиімді пайдалану оқытушыға оқыту құралдары мен оқу жабдықтарын тиімді орналастырады. Сондай -ақ оларды пайдалану еңбекке баулу сабағы бойынша оқу тәрбие процесінң нәтижелігін арттырады .Дегенмен кабинеттердің және шеберханалардың бар болу фактілері еңбекке баулуды жақсы жүргізу үшін жеткіліксіз. Мұнда оқу жабдықтарын, оқу құралдарын орналастыру мен оларды пайдалану өте қажет.

Мектеп практикасында талдау жасау төмендегілерді анықтауға мүмкіндік береді жабдықтарды тиімсіз орналастыру, оқытушының барлық оқу құралдары қорын жекелеген құралдар түрлерінің дидактикалық қасиеттерін білмеуі толық пайдалануды білмеуі.

Оқу шеберханалары, бөлмелері бәрінен бұрын педагогикалық талаптарға жауап беру қажет.

а / Мектеп оқушыларын еңбекке баулу мен тәрбиелеуде оқу

бағдарламаларын орындау үшін қажетті жағдай жасау .

ә / Оқытудың политехникалдық жэне кәсіби бағдар бағыттылығын барлық оңай түсінетін көрнекілік құралдармен мүмкіндік туғызады.

б / Оқыту мен оқушылардың қоғамға пайдалы, өнімді еңбегімен ұштастыру үшін материалдық жағдаймен қамтамасыз ету.

в / Оқытушы мен оқушы еңбегін ғылыми тұрғыдай ұйымдастыру, оқу тәрбие процесін сапасын жэне тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу.

г / Мектеп оқушыларының жасаған бұйымын жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету.

д / Оқу құралы көмегімен берілетін информация қазіргі ғылымен техника жағдайын көрсете алатын ғылыми ақиқатты болу қажет.Объектілер мен техникаларды оқушыларға түсіндіруді жеңілдету педагогикалық анықталған болу қажет.

е / Информация мазмұны, оны жеткізу оқу бағдарламаларына , оқушылардың танымдық мүмкіндігіне, олардың дайындық деңгейіне сәикес болуы қажет. Мектеп оқушыларының жас ерекшелігі ескеру пән аралық байланысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет .

Эргономикалық тұрғыдан қарастырылғанда оқу -маткриалдық база мемлекеттік құралдарды үнемдеу мақсатын қарастыру қажет Жоғарыда атап өткен педагогикалық талаптарға оқу -тәрбие процесі үшін сапалы зиянсыз орындауға мүмкіндік беретін, оқу жабдықтарын интенсивті пайдаланылғанына ынталандыру керек.

Оқу жабдықтарымен оқу -көрнекі құралдары қымбат жэне аз кездесетін материалдардан тұрмауы қажет. Бүл талаптардың орындалмауы материалдық құралдар шығынын эканомикалық ақтамауына әкеп соқтырады, немесе практикада едәуір көп болатыны, мектептерде бүл құралдардың толығымен жоқ болуы.

Эргономикалық түрғыдан оқу -жабдықтар төмендегідей болуы қажет.

а) Оқушылар үшін ыңғайлы, олар да еңбек тәсілдерін қалыптастыру


мүмкіндігін қалыптастыру.

б) Мектеп оқушысының антроменетриялдық сипатына және


жастарының мүмкіндігіне сәйкес болуы әр түрлі өлшемді құралдары
қарастыру, әр түрлі жастағы оқушылар жұмысшы орынды өлшемді
көшіру және т.б.

в) Мектеп оқушысының дене бітімінің дамуына, оларды қозғалыс


координациясының қалыптасуына аппараттарының және
бұлшық ет жүйелерінің дамуына мүмкіндік туғызу және т.б

Оқу құралдары техникалық тұрғыда төмендегідей болуы қажет:

а. Конструкциясы бойынша қарапайым, құрастыру бөлшектерінің

үйлестіруінің мүмкіндігінің болуы.

Ь. Критикалық жағдайда жұмыс жасайтын, сенімді және берік болуы. с. Өндіріс үшін техналогиялығы,

ё. Жөндеуге болатындығы.

Оқу бөлмелерін әрлеу, оқу жабдықтарының түстері, формалары техникалық эстетика талаптарына сәйкес болуы қажет жэне олар атқаратын жұмыс түріне байланысты болуы керек. Бұл оқушыларды эстетикалық талғамды тәрбиелеу үшін қажет.

Еңбекке баулудағы оқу-материалдық базаны тұрғызуда еңбек қауіпсіздігі, санитарлық жэне гигиеналық талаптарда жалпы білім беретін мектебі үшін анықталған ережелердің талаптары қамтамасыз етуі қажет.

Жарық, жылу және желдету санитарлық -гигиеналық нормалар мектеп оқушылары үшін оқу шеберханаларының өндірістік санитария жэне техника қауіпсіздігі бойынша анықталған ережемен бекітіледі.

Оқу жабдықтарын шеберханада, кабинеттерде орналасуда функционвльды зоналарды бөледі. Олар оқытушының жұқмыс орны, оқушының жеке жұмыс орны, оқушының колективті пайдалану орны, оқу Құралдарын сақтау аймағы, т.б мамандандырылған шеберханада Слесарлық -механикалық жэне ағаш өңдеу бөлмелері бөлек орындарда орналасады.

Шеберханаларда люминесценттік лампаларда 300 лк, лампада 150 лк болады. Жарық жарақатты 25-50 пайызға кемітеді. Шеберханадағы түстің 70-75 пайызы ашық түспен боялу керек.

Ауа ауысымы 20 м/сағ болуы керек. Мата өңдеу кезде шеберханадағы температура 20-24 с ралығында болуы қажет.

Шеберханадағы шу еңбек қабілетіне, көруге, демалуға,жүрек қызметіне эсер етеді. Шу жиілігі эр түрлі болады. Төменгі жиіліктегі шу -300 гц -дейін орта 300-800гц жоғары 80гц жоғары, жиілікте шу зиян.

Шеберханада «Жалпы білім беретін мектептің оқу шеберханалары туралы ереже бойынша» жабдықталады.

Жалпы қолөнері тері өңдеу шеберханасының жабдықталу ерекшелігі. ¥лттық қолданбалы өнерге үйрету барысында ұйымдастырылған шеберхана оқушылардың эстетикалық талғамның қалыптасуына еңбекке сүйіспеншілігінің артуына және өз еңбегінен ләззат алып, еңбек ынтасының

артуына ықпал етеді. Осыған орай жұмыс жоспарын жасап, оның негізінде эстетикалық талғамға сай эскиздер сызып шеберхананы жабдықтауды қолға алады.Әр түрлі түстер адамға әр қалай әсер ететіні белгілі.Сондықтан шеберхананы безендіру ісін алдымен эскиз бойынша қабырғаны бояудан бастағаны жөн . Мысалы, жасыл түс адамға тыныштық экеліп, сары түс адамның көңіл күйін қуанышқа бөлейтіндігі, ал қызылтүс адамның жұмыс қабілетін арттыратыны дәлелденген. Осыған сэйкес шеберхананың қабырғасы қызыл сары түспен бояп, оның жұмсақ болуына көңіл бөлгені дүрыс. Шеберханадағы терезенің қай бағытта орналасқанына қарай, жылы түстерді көбірек пайдаланып, еденді де қызыл қоңыр түспен сырлап, төбені ақ күйінде қалдырса, мүның өзі шеберханадағы планшеттердің түстері мен стелажды шкафтар бояуларының үйлесім табуына эсер етеді.Бұлар оқушылардың эстетикалық талғамның артуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, шеберханадағы артқы қабырғаны жастардың жарқын болашағын елестететін, мамандықтар әлемін бастайтын «Жарқын болашақ» атты өрнекпен безендіріп, оң жақ қабырғаны оқушыларға түр мекн түс, бояулар үндестіре /тоқыма, кесте, тігін өнерлері жөніне мағлүматтар беретін стенділер, өмірдегі үйлесімділік пен өнердің сарқылмас көркемділігін бейнелейтін планшеттерге сондай-ақ оқушылардың практикалық жүмыстарының үздік еңбектерінің көрмесіне арнасақ жарасым табар еді.

Табиғат сұлулығын паш ететін, туған жер табиғатына сүйіспеншілікті арттыратын қолөнерді барлық түріне ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болған, қолөнерінің ішінде көп тараған ою -өрнек мүйісін жасау және де оған абзал. Шеберханада әрбір затты дұрыс орналастыра білген жөн. Тігін машиналарын екі қатар етіп қатарластыра орналастыру керек. Ол оқушылардың практикалық сабақтарда еркін жүмыс жасауына қолайлы.

Халық бүрын ғылым мен білімге қолы жетпеседе, сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талғай да білген. Өз түрмысы мен мәдениетінде қол өнерін мұрат тұтып жетілдіре білген. Шеберліктің небір сан саласын асқан

ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дэуірімізге ұштастырған.

Қол өнердің Қазақстан териториясында ертеден кең дамығаны мол деректерге сүйене сөз болады. Оның өркен жаюы, біріншіден қазақ халқының күнделікті тұрмысына пайдалану қажеттілігінен туса, екіншіден халықтың өнерді құрмет тұтып жоғары бағалауынан туған. Халқымыздың ұлттық ою -өрнегі кең даланы мекендеген көшпелі талай тайпалар әсерімен замандар бойы қалыптасқан.

Қазақстанның сәндік қолөнері -біздің түрлі ұлттық, мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер -жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас үрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және игілікті іс болмақ.

Республикамыздың көптеген ғылыми зерттеулердің қолөнерінің тәрбиелік мәнін дәледеуге байланысты, қолөнерін қайта жаңғырту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Олар тұжырымдамалар оқулықтар оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар . Бүлардың барлығының мақсаты өскелең ұрпақты бала кезеңнен және мектептің өміріне оқушыларды өз халқының өнеріне үйрету арқылы еліне , туған жеріне , өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады

Біздің жұмысты жазудағы негізгі мақсатымыз қолөнерін , оның ішінде теріден бұйымдар жасауды үйрету . Қолөнерінің негізінде ата-бабаларымыз өз ұрпақтарының еңбек етуге , өмір сүруге тәрбиелеген.

Қолөнеріне оның ішінде сәндік қолтаңбалы өнерге үйретуге оқушыларды еңбекке, эстетикалық дене ақыл-ой тәрбиесін беруді жүзеге асыру мүмкіндігін зерттеулер анықтауда. Олай болатын болса теріден бүйымдарды дайындауды үйрету барысында біз тек материалдық құндылық ғана емес, оқушының бойында сапалық қасиеттерді қалыптасуына ықпал етеді.

Қорытынды

Республикамыздың көптеген ғылыми зерттеулердің тәрбиелік мәнін дәлелдеуге байланысты, қолөнерін қайта жаңғырту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Олар: тұжырымдамалар, оқулықтар оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар. Бүлардың барлығының мақсаты өскелең ұрпақты бала кезеңінен және мектептің өміріне оқушыларды өз халқының өнеріне үйрету арқылы еліне, туған жеріне, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады.

Қолөнеріне оның ішінде сәндік қолданбалы өнерге үйретуде оқушыларды еңбекке, эстетикалық дене ақыл-ой тәрбиесін беруді жүзеге асыру мүмкіндігін зерттеулер анықтауда.

Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талғай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қол-өнерін мұрат тұтып жетілдіре берген. Шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған.

Қолөнердің Қазақстан териториясында ертеден кең дамығаны мол деректерге сүйене сөз болады. Оның өркен жаюы, біріншіден қазақ халқының күнделікті түрмысына пайдалану қажеттілігінен туса, екіншіден халықтың өнерді құрмет тұтып жоғары бағалауынан туған. Халқымыздың ұлттық ою - өрнегі кең даланы мекендеген көшпелі талай тайпалар әсерімен замандар бойы қалыптасқан.

Қазақстанның сәндік қолөнері - біздің түрлі ұлттык, мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер - жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса қүрметті және игілікті іс болмақ.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер
    білім мазмүнының тұжырымдамасы. Алматы, Қазақстан 1993 9 сэуір.

  2. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін
    мектептері оқушыларының еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы.
    Алматы, Қазақстан 1993 21 қаңтар.

  3. Атутов П.Р., Бабкин Н.И., Васильев Ю.Н. Связь тудового обучения с
    основами наук. М. Просвещение 1983.

  4. Арғынбаев X. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987.

5. Айғабылов Н. «Еңбек тәрбиесінің психологиялық аспектісі» //
Қазақстан мектебі журналы. 1986 №6 29 бет.

  1. Әбдуалиева Ш. «Қолөнер сабағын өткізу тәжірибемен» // Қазақстан
    мектебі журналы. 1975 №6.

  2. Әбілова 3. Оқытушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы: Мектеп,
    1972.

  3. Әбітова Б. «Салт дэстүріміз - сабақта» // Қазақстан мектебі, 1993. №2
    22 бет.

  4. Әбдуалиева Ш. «Халық қолөнері» Алматы 1992, 120 бет.




  1. Батышев С.Я. Трудовая подготовка школьников. Вопросы теории и
    методики. М. Педагогика 1981.

  2. Жүмабаев М. Педагогика. Алматы. Ана тілі. 1992.

  3. Жарықбаев К. Жалпы психология. Алматы. Мектеп. 1980.

  4. Ильина В.А. Педагогика. Алматы. Мектеп. 1977.

  5. Казакевич В.М., Поляков В.А., Ставровский А.Е. Основы методики и
    трудового обучения. / Под. ред. В.А. Полякова.-М.: Просвещение 1987.

15. Кальней В.А. и др. Основы методики трудового и
профессионального обучения. -М.: Просвещение 1987.

  1. Касымов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы. Қазақстан 1995.

  2. Методика трудового обучения с практикумам. / Под. ред.
    Д.А. Тхоржевского. -М.: Просвещение 1987.

18. Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы. /Ред.
Басқалары. А.В. Петровский. -Алматы. Мектеп. 1987.

19. Зборник документов по трудовой и профессиональной


подготовки школьников. Сост. О.П. Аваричев, С.М. Куликов - М.:
Просвещение 1987.

  1. Тәжімүратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы. Қазақстан 1977.

  2. Төленбаев С. Ою. Алматы: Өнер, 1989.

  3. Шаңырақ /қазақша үй-түрмыс энциклопедиясы //Бас редактор
    Р.Н. Нүрғалиев Алматы: Каз.сов.энцикл. Бас редакциясы 1990.

  4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тэлім-тәрбиесі. Алматы. Қазақстан,
    1995.

  5. Жолдасбекова С.А., Жолдасбеков А.А. «Үлттық сэндік-
    қолданбалы өнерге үйрету» 1-4 сыныптар. /эдістемелік қүрал/. 1993.

  6. Жүннен жасалатын бұйымдар /Қүрастырушы Қ. Мұқанов. -Алматы.
    Қайнар, 1989.

  7. Муканов С.М. Казахская домашняя художественное ремесло. Алма-
    Ата, 1979.

  8. Елемесова Ү. Эстетикалық тэрбие // Қазақстан мектебі. 1984, №8 29-
    30 бет.

  9. Ержанова С. Қолөнерге баулу // Қазақстан мектебі, 1992 №2 58 бет.

  10. Есжанова П. Ою-өрнекті үйрету // Қазақстан мектебі, 1989 №3.




  1. Қалмақов Ә. Сәндік-қолданбалы өнерді пайдалану. // Қазақстан
    мектебі, 1989. №558 бет.

  2. Қоянбаев Ж. Жас ерекшеліктерге сүйене отырып // Қазақстан
    мектебі, 1993№857бет.

  3. Қүдайбергенова Ә. Халық қолөнері эсемдік қазынасы. //
    Қазақстан мектебі, 1991 №6.

33. Қүдайқүлова А. Үлттық үй жиьазы бүйымдарын жасауды
оқушыларға үйрету тәжірибемнен, 1979, №5, 72-75 бет.

  1. Мизанбаева Р. Оқушылардың эстетикалық сезімдерін дамыту //
    Қазақстан мектебі, 1991, №5, 58-60 бет.

  2. Сапожников В.В. Оқу шеберханасындағы өнімді еңбек жэне
    оның тәрбиелік мүмкіндіктері / Қазақстан мектебі, 1981, №2, 65-70 бет

Зб.Тұрмыста қызмет көрсету / Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары / Алматы. 1992.

37.Технология пэні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама / 5-9 сыныптар/.-Алматы: Рауан, 1999.



З8 .Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасы. 1986. -М.:
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет