1. жер теліміне қ¥ҚЫҒын берудің жалпы тәртібі мемлекеттік меншіктегі жерден жер теліміне құқық беру мынадай ретпен жүргізіледі



жүктеу 119.77 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі119.77 Kb.


1. ЖЕР ТЕЛІМІНЕ Қ¥ҚЫҒЫН БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІ

Мемлекеттік меншіктегі жерден жер теліміне құқық беру

мынадай ретпен жүргізіледі:


  • жер теліміне тиісті құқық беру туралы өтініш беру;

  • берілген өтінішті орындау мүмкіндігін анықтау (жер телімін ала алдын таңдап алу);

  • жерге орналастыру жобасын әзірлеу жэне бекіту;

  • жер теліміне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органньң шешім қабылдауы (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), ауданның (облыстық маңызы бар қалалық), аудандық маңызы бар қалалардың, поселкелердың, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтер әкімдері, ал арнайы экономикалық аумақа жергілікті атқарушы органдармен әкімшілік-территориялық бірліктің немесе арнайы экономикалық аумақта олардың құзіреті шектерінде;

  • жергілікті жердегі жер телімінің шекарасын белгілеу;

  • жер теліміне құқықты куәландыратын қүжаттарды дайындау және тапсыру;

  • жер теліміне кұқықты мемлекеттік тіркеу.

Жер телімін беру туралы өтініш берген күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралады, ал кіші кәсіпкерлік субъетілері үшін үш аптаның ішінде. Көрсетілген уақытқа Жер Кодексінің 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындау жерге орналастыру жобасын құрастыру кірмейді.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетгі органдары беретін мынадай құжаттар:

жер теліміне жеке меншік кезіңде - жер теліміне жеке меншік құқығы актісі;

тұрақты жер пайдалану кезінде - тұрақты жер пайдалану құқығы актісі;

уақытша өтеулі жер пайдалану кезінде - уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) қүқығы актісі;

уақытша өтеусіз жер пайдалану кезінде - уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісі жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болып табылады.



Жер теліміне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендіру құжаты сатып алушыға немесе өзге құқық иеленушіге беріледі. Жер телімінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістері болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестеңдіру құжатын бермейді, кұқық иеленуші туралы жазба енгізеді.

Жер телімін беру жөніндегі өтініші







Жер телімі орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға беріледі, арнайы экономикалық аймағының әкімшілігіне.





Жер телімін таңдап алу актісі





Қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімімен (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірге) аймақтық органдармен сәйкес жасалады








Жер комиссиясы





Жер телімін беру туралы шешім немесе жер телімін беруден бас тарту жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияньң қорытындысы негізінде қабылданады. Қорытынды өтініш түскеннен бастап бір айға дейін дайындалады, ал кіші кәсіпкерлік субъектілеріне екі аптаға дейін.








Жерге орналастыру жобасы





Жерге орналастыру жұмыстарын орындауға белгіленген тәртіпте лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар комиссия қорытындысы негізінде орындайды.








Жерге орналастыру

жобасын бекіту туралы

бұйрық




Келісілген жерге орналастыру жобасы белгіленген тәртіпте облыстың, қаланың, ауданның өкілетті органдарымен бекітіледі.








Жергілікті атқарушы органның шешімі





Бекітілген жерге орналастыру жобасы мен жер комиссиясының қорытындысы негізінде облыстың (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), ауданның (облыстық маңызы бар қалалық) жергілікгі атқарушы органымен, аудандық маңызы бар қалалардың, поселкелердың, ауылдардың, (селолардың), ауылдық (селолық) округтер әкімдерімен, арнайы экономикалық аумақтың әкімшілігімен құқық табыстау туралы шешім қабылданады.








Орналасқан жерінде

шекарасын белгілеу

актісі




Жерге орналастыру жобасына жасауға қатысушылармен жасалады және өкілетті шектес органмен келісіледі.








Құқықты куәландыратын

құжат




Кадастрды жүргізетін республикалық мемлекеттік мамандырылған кәсіпорнымен жасалады







    1. Жеке тұлғалардың меншігіне (жер телімдерін рәсімдеу) мемлекеттік меншіктегі жер телімдерін беру тәртібі

Егер де сіз Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз және жер телімін алуға мүдделі болсаңыз, онда сізге жергілікті атқарушы органға жер телімін беру туралы өтініш жіберу қажет.

Өтініште:

жер телімін пайдалану мақсаты (осы жер телімі қандай мақсаттарға керектігін көрсету: жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылығы, бағбандық және саяжай қүрылысы несмесе шаруа қожалығын жүргізу үшін);

• оның болжамды мөлшері;

• орналасқан жері (сұралып отырған жер телімінің мөлшерлі орналасқан жері);

• сұралып отырған пайдалану құқығы (жер теліміне жеке меншік құқығы, уақытша өтеулі (ұзақ, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы);

• (жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылығы, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін) басқа жер теліміні болуы (болмауы) көрсетілуге тиіс.

Өтініште жер телімін пайдалану мақсатына қарай төмендегідей құжаттар және олардың көшірмелері қоса беріледі:

• жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылығы, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін

• жеке куәлігі;

• жеке тұлғалар үшін салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТН);

• жоғарыда айтылған мақсаттарға құқығы табысталған, жер телімдерінің болуы (болмауы) туралы анықтама (жер қатынастары бойынша уәкілетті органмен жеті күн ішінде беріледі);

• Азаматта жылжымайты мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама (жылжымайтын мүлікті тіркейтін органмен жеті күн ішінде беріледі).

• Жер телімін жеке тұрғын үй құрылысы үшін сұрағанда азаматтар өтініштері (өтінімдері) арнайы есепке алынады және ауданды бөліп беру үшін дайындау не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтардың болуы (болмауы) шамасында қанағаттандырылады. Жер телімдері жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін берілгенде азаматгарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекетпен жер теліміне табысталған құқығының болуы (болмауы) есептеледі. Азаматта жеке турғын үй құрылысы үшін жер телімдерінің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер жергілікті атқарушы органның жер телімін беру туралы шешімдер қабылдау және қорытынды дайындау үшін жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияға республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (аудандық маңызы бар қаланың) уәкілетті органымен беріледі.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың (село), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері жеке тұрғын үй құрылысы үшін оларды арнайы ақпараттық стендтерге орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде бір тоқсаннан кешіктірмей жариялау арқылы жер телімдерін алуға кезектілік тізімі туралы және ауданын бөліп беру үшін дайындау туралы ақпаратқа қол жеткізуге қамтамасыз етуге міндетті.

Жер телімін беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жер комиссиясы жер телімін беру туралы өтініштің жалпы тізімдегі кезекті нөмірін көрсете отырып, арнайы есепке алынғандығы жөнінде қорытынды береді. Өтінуші осы хабарламаны комиссия қорытындысы шыққан күннен бастап жеті күн ішінде алу керек.

Жер телімін беруден бас тарту дәлелді болуы тиіс, ал оның көшірмесі қабылданған күннен кейін жеті күн ішінде тапсырылуы керек.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2007 жылдың 25 қазанына жеке түрғын үй құрылысына 5184 жер телімі, оның 520 жер телімін жас жанұяларға; 156 жер телімін мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, 129 жер телімдерін мемлекетгік кәсіпорындардың, әлеуметтік саланың қызметкерлеріне берілген шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:

Жер телімдері Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа немесе фермер қожалығын жұргізу үшін - жеке меншік құқығымен немесе 49 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін (маусымдық жайылымдар) осы Заңға және Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі.

Жеке еңбегімен қатысу негізінде шаруашылық жүргізетін, арнаулы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар шаруа немесе фермар қожалығын жүргізу үшін жер телімін алуға басым қүқықты пайдаланады.

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:

• шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелерімен қол қойылған, шаруа немесе фермер қожалығының тізімі;

• басқа жер телімінің болуы (болмауы) туралы анықтама;

• ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің бағдарламасы;

• шаруашылық басшысының ауыл шаруашылығы өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын құжаттар қажет.




    1. Жер телімдерін беру нормалары (Қазақстан Республикасының

жер кодексінің 50-бабы)
Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері қызметтің осы түрлеріне жер бөліп берудің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілген нормалар бойынша не сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.

Жер телімдері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

• ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін - суарылмайтын жерде 0,25 гекгар және суармалы жерде 0,15 гекгар;

• жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0,10 гектар;

• бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін - 0,12 гектар.

Жер телімдерінің аталған мақсатгар үшін қайталап тегін беруге жол берілмейді.

Ауылдық елді мекендердің аумағында бос жер болған жағдайда жеке турғьш үй құрылысы үшін жэне өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер тері осы аталған мақсаттар үшін көзделген жер учаскелерінің нормалары шегінде біртұтас алап болып беріледі.

Азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдік заңды тұлғалар үшін жоғарыда айтылған мақсатгар үшін жер телімдері заңнамада көрсетілген, шектеулер есебімен өтулі негізде жеке жеке меншікке беріледі.




    1. Жер теліміне құқық рәсімдеу үшін табысталатын, құжаттарды

қабылдаудан бас тарту
Жер теліміне құкық рәсімдеу үшін табысталатын, қүжатгарды қабылдаудан бас тарту, төмендегі негізде жасалады:

• өтініш нысаны дұрыс толтырылмағанда (құжатта қосып жазу, сызылған, тұзетілген, сондай-ақ қарындашпен жазылған сөздер болмауы керек);

• өтінушімен толық емес құжаттар пакеті табысталғанда;

• заңнама талабына сай жасалмаған құжаттарды табыстағанда;

• кұжатта қажетті қол қойылмаған және мөр басылмағанда;

• құжатты толтыруға қойылатын талаптардың бұзылған кезде.

Өтінішті қабылдаған кезде заңнамада көрсетілмеген, басқа құжаттарды және мәліметтерді талап етуге тыйым салынған.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Сізге себебін көрсететін жазбаша түрде жауап қайтарылады.




    1. Жер теліміне құқық рәсімдеуді тоқтата тұру егіздері

Жер теліміне құқық рәсімдеуді тоқгата тұру төмендегідей негізде жасалады:

• осы жер телімі бойынша соттық шешімдер не соған қатысты жүргізіліп жатқан соттық тексеру туралы хабарламаның бар болуы;

• заңнаманың бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне;

• бір жер теліміне құқық рәсімдеуге бірнеше өтініштің бар болған немесе басқа пайдаланушьшар осы телімге кұқық рәсімдеу кезінде анықталған жағдайда, ауданның, жер телімінің шекарасының және басқа жағдайлардың өзгеруі кезінде.

Соттық актілер және прокурорлық қадағалау актілері бойынша жер теліміне құқық рәсімдеуді тоқтата тұру, соғаи негіз болған деректерді жойғанға дейін, ал бірнеше өтініш келіп түскенде -тараптардың арасында келісім орнатқанға дейін не заңды күшіне енген сот шешімін табыстағанға дейін тоқтатылады.

Өтінушіге тоқтата тұру себебі мен мерзімін көрсететін, қажет болған жағдайда рәсімдеуді тоқтата тұру себептерін жою үшін жасалып жатқан істерді және соған кететін уақытты көрсететін жазбаша түрде хабарлама жіберіледі.
1.5. Заңды тұлғалардың меншігіне (жер телімдерін рәсімдеу) мемлекеттік

меншіктегі жер телімдерін беру тәртібі
Жер теліміне жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын алуға мүдделі, заңды тұлғалар жер телімі орналасқан жері бойынша ауылдардың (село), ауылдық (селолық) округтердің, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері, облыс, ауданның жергілікті атқарушы органдарына өтініш береді.

Өтініште:

• жер телімін пайдалану мақсаты;

• оның болжамды мөлшері;

• орналасқан жері;

• сұралып отырған пайдалану құқығы көрсетілуге тиіс.

Жер теліміне құқықты табыстау туралы өтінішке міндетті түрде төмендегі құжатгар және олардың көшірмелері беріледі:

• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

• статистикалық карточка;

• салық төлеуші куәлігі;

• жер қойнауын пайдалануға сұралатын лицензия немесе келісім-шарт жасасу ісін немесе қызметін жүзеге асырудағы лицензия немесе келісім-шарт.

Қазіргі уақытта «бір терезе» принципі бойынша Өскемен жэне Семей қалаларында жер телімдеріне кұқық табыстау ережелерінің жобасы әзірленуде.


1.6 Оралмандарға жер телімдерін беру тәртібі
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 46 бабына сәйкес оралмандарға өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін жер телімдерін беру ауылдық елді мекендердің жерінен, ауыл шаруашьшығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерінен және босалқы жерден уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады, ал оралмандарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорының, иммиграциялық жер қорының жерінен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Жер телімі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға оралманмен жер телімін беру туралы өтінішті тапсырылған кезде:

• жер телімін пайдалану мақсаты;

• оның болжамды мөлшері;

• орналасқан жері;

• Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейін оралмандарға уақытша өтеусіз жер падалану құқығындағы сұралып отырған пайдалану құқығы;

• өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық және саяжай кұрылысы үшін - басқа жер телімінің болуы (болмауы) көрсетілуге тиіс.

Берілген жер телімдері Қазақстан Республикасының азаматтығьгн алғаннан кейін ҚР Жер кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда олардың жеке меншігіне өтеді.



Оралмандар мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқықтық сауда-саттық (конкурс, аукциондар) арқылы ала алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет