1-жоба Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының



жүктеу 30.28 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі30.28 Kb.

1-жоба
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

нормативтік қаулысы

2014 жылғы «___» сәуір № ___ Астана қаласы

«Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы №2 нормативтік қаулысына



(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі №1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Құқық қолдану практикасында туындаған проблемаларға байланысты және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206 және 220-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы



қаулы етті:


  1. Қазақстан Републикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1)  - 13-тармақта үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Екі рет айыптауға жол бермеу қағидатын негізге алып, жалған ақшаларды, бағалы қағаздарды сату бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында алдаудың сараланған нысаны болып табылатынын ескеріп, көрінеу жалған ақшалармен және бағалы қағаздармен жасалған операциялардың нәтижесінде бөтеннің мүлкін иеленуге бағытталған кінәлінің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі-ҚК) 206-бабының құрамымен қамтылады және ұрлық туралы баптар бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

Сонымен қатар, егер жалған ақша шын ақшаға мүлдем ұқсамайтын айырмашылықта болса, яғни оны ақша айналымында пайдалану мүмкін болмаса (кәдесыйлар, открыткалар, ақша белгілері немесе бағалы қағаздар түрінде орындалған полиграфиялық және басқа да бұйымдар), сол сияқты белгілі бір адамдар тобын дөрекі алдауға бағытталған кінәлінің ниеті туралы куәландыратын мән-жайлар болса, онда мұндай іс-әрекеттер ҚК-нің 177-бабы бойынша сараланады.»;
2) -    14-тармақта:

бірінші абзацта «бабына жасалған ескертпеде» сөздерінің алдындағы 189 цифры 190 цифрына ауыстырылсын;

3)  - мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

«ҚК-нің 220-бабына қатысты банктің ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланған кезде банк қызметкерлерінің ниеті осы ақшаларды өзінің меншігіне немесе басқа адамдардың меншігіне өтеусіз айналдыруға бағытталмайтынын соттардың ескергендері жөн. Осы бап бойынша жауапқа тартуға ұрлау белгілері болмаған кезде ғана жол беріледі, ал осындай ниет болған кезде банк қызметкерлерінің іс-әрекеті ҚК-нің 220-бабы бойынша қосымша сараланбай, қызмет бабын пайдалана отырып жасалған алаяқтық ретінде саралануға жатады.».

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми
Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының судьясы,

жалпы отырыс хатшысы Қ.Шаухаров
Каталог: sites -> default -> files -> page docs
page docs -> Салтанат ЖҰбаниязова
page docs -> zha_adan_ta_ayyndal_an_sot_t_ra_alary.doc [Айдарбек би]
page docs -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
page docs -> Пленарное заседание
page docs -> Жумабеков О
page docs -> Об отправлении правосудия судами Республики
page docs -> 2001 жылєы бірінші жартыжылдыќтыѕ ќорытындысы бойынша
page docs -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
page docs -> Халықаралық құқық


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет