1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қадірлі өнер сүйер қауым! Бүгін мектебімізде халқымыздың перзенті, қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны



Дата17.02.2022
өлшемі21.75 Kb.
#170901
Байланысты:
Абай оқулары сценарий


1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті  ұстаздар мен оқушылар! Қадірлі өнер сүйер қауым!

Бүгін мектебімізде халқымыздың перзенті, қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны, данышпаны Абай Құнанбайұлына арналған қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-11 - сынып оқушылары арасында «Абай оқулары-2022» байқауына қош келіпсіздер!



2-жүргізуші:

Мақсаты: талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде» деген толымды пікірін ескере отырып, игі мақсаттардың жалғасы ретіндегі біздің бүгінгі мектепішілік «Абай оқулары» байқауы соның бір көрінісі деп бағалаймыз.

Сөз кезегін мектеп директоры: Кабенова Айман Әпешқызына береміз.



1-жүргізуші:

Абай –дара, Абай – дана қазақта

Төзе білген заманында азапқа

Көтерем деп қайтсем қара халқымды

Заманынан оза білді талпынды

Еш кетпеді ұлы жанның арманы

Ұрпақтары ақындығын жалғады

Өзі өлсе де сөзі өлмейді ақынның

Қарашықтай қазынасын қорғады

2-жүргізуші: 

Көп адам дүниеге бой алдырған,


Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, –  деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Келесі сөз кезегін Оқу ісінің меңгерушісі: Бекенова Индира Қонысбекқызына береміз.



1-жүргізуші:    

Асыл сөзді іздесең,


Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, ұлы тұлғамыз - Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған байқауымызды бастаймыз.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” атты өз шығармашылығынан ақынға арнау. Сейітқұл Ардақ


2-жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік әділ қазыларды таныстырып.

1. Мектеп директоры Кабенова Айман апай

2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира апай

3.

Жолдас Аяжанның орындауында А.Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін қабыл алыңыздар!


1-жүргізуші:

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.

Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар

Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- дей отырып, бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз.

1 сынып оқушысы Әпеш Жанель

2 сынып оқушысы Мұханбетжан Дінмұхаммед, Сламжан Еркежан

3 сынып оқушысы Асылбек Қырмызы, Мырзағазы Нұрайым

5 сынып оқушысы Қойшан Аяжан

6 сынып оқушысы Әпеш Жандәулет

7 сынып оқушысы Қойшан Аружан

8 сынып оқушысы Қапен Жарқын, Жолдыбай Гүлназ

10 сынып оқушысы Қалдыбай Диас
2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,



Әнді сүйсең, менше сүй, - деп Абай атамыз жырлап өткендей, Әділқазы алқалары өз шешімдерін шығарғанша келесі кезекті Асылбек Жаннаның орындауында Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әнін қабыл алыңыздар.

Әділқазылар алқасы өз шешімдерін шығарып болған болса, байқауымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің директорының міндетін атқарушы Бекенова Индира апайға береміз.

Оқушыларды марапаттау.

2- жүргізуші: Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып, түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті. Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз.

1-жүргізуші: Біз үшін Абай шығармалары – үлкен тәрбие мектебі. Себебі, оның өлеңдерінің жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына міне, біз бүгін тағы да көз жеткізіп отырмыз. Сайысты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «... Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс» деген сөзімен аяқтағымыз келіп отыр. "Асыл сөзді іздесең Абайды оқы, ерінбе...» демекпіз.

БІРГЕ: Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет