1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар,қадірлі ұстаздар, қадірменді қонақтар! 2-жүргізуші



жүктеу 100.41 Kb.
Дата28.03.2019
өлшемі100.41 Kb.

Жамбыл мектеп-балабақшасы

Тақырыбы:

«Қоңыраудың соңғы үні құлағымда сыңғырлап...»

Күні:25.05.2016 ж.
Өткізген: Абдирахманов Қ.Т.

2015-2016 оқу жылы
1-жүргізуші:

-Армысыздар, құрметті ата-аналар,қадірлі ұстаздар, қадірменді қонақтар!

2-жүргізуші:

- Бүгінгі бойжетіп, қанаттары қатайып, үлкен өмір табалдырығына аяқ баспақшы ,жаңа белестердің, жаңа биіктердің жол торабында келіп тұрған 2015 жас түлектердің «Қоңыраудың соңғы үні құлағымда сыңғырлап...» атты сүйікті мектептерімен қоштасу салтанатты кешіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл,шіркін,тасып,толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,

Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.

2-жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

1-жүргізуші:

Шарықтасын шат көңілдің алабы,

Шат жүрекке ақ тілектер қонады.

Дархандай кең, біз қонақжай халықпыз

Әрқашанда төрде отырар қонағы,- дей отыра қонақтарды төрге шақырамыз.

2-жүргізуші:

-Мектебіміздің көп еңбек сіңірген зейнеткер мұғалімі,сонымен қатар бүгінгі түлектердің алғашқы ұстазы Мүтлапова Жәния Қалдығожақызы.

1-жүргізуші:

-Жамбыл мектеп-балабақшасы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары-Сәдуов Болатжан Көшкінбайұлы.

2-жүргізуші:

-Жамбыл мектеп-балабақшасының директоры Жұмабаев Амангелді Ыбырашұлы.

1-жүргізуші:

Пейілі қазақтың кең даласындай,

Екі ару ортамызда бар осындай.

Мектептің мақтанышы әркез болған,

Көзінің ағы менен қарасындай,-дей отыра сахнаға жас түлектерді шақырайық.

2-жүргізуші:

Жарқырап, айналасын жандандырып,

Өнерімен баршаны таң қалдырып,

Талантты қыздарыңыз Нұрбибі де,

Барады артқа ізгі жол қалдырып.

1-жүргізуші:

Сөз бәйгеде кім жетер Эльвираға

Сезімтал сөзге жүйрік өзі дара.

2015 жас түлегімізді

Қошеметтеп шақырайық сахнаға.

2-жүргізуші:

Таусылмасын жүректе асқақ әнім,

Тек биікте самғатам жыр қыранын.

Азатпыз,Тәуелсізбіз,Еркінбіз деп,

Шырқайық ұлы Отанның әнұранын! Барлықтарыңыздан орындарыңыздан тұруларыңызды өтінемін! ҚР мемлекеттік әнұраны орындалсын!

1-жүргізуші:

Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,

Даналықтан қазына жүрсіз жиып.

Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа

Тұғырында өмірдің тұрсыз биік,- дей келе алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Жұмабаев Амангелді Ыбырашұлына береміз.

2-жүргізуші:

Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр,

Қалаулы деп халқыңыз танып жатыр.

Тарқамасын қызықтың шағы қызған,

Арта берсін бақ артып бағыңыздан.

Құрметпенен ұсындық сізге сөзді

Ақтарылып көріңіз ағыңыздан.

1-жүргізуші:

-Осы оқу жылындағы мектебіміздің жеткен жетістіктерін атап өтіп, мадақтама алған оқушыларды марапаттап, сонымен қатар бүгінгі ұшқалы тұрған түлектерге ізгі тілек арнау үшін оқу ісінің меңгерушісі Сәдуов Болатжан Көшкінбайұлына сөз берейік.

2-жүргізуші:

-Түлектердің мектепке деген өлеңмен арналған алғыстары мен жүрекжарды тілектеріне кезек берейік.

Эльвира:

Өткеннің еске келіп сағымдары,

Балалығым өзіңде жалындады.

Мектебім, қоштасамыз өзіңменен,

Жетелеп бізді өмір ағымдары.

Мектеп берген білімі – қазынамыз,

Тағдырдың әр ісіне бағынамыз.

Бүгін міне алысттап кетсек-дағы

Ұстаздар , сіздерді біз сағынамыз.

Нұрбибі:

Мектеп деген – киелі жер ежелден,

Оқушыға білімнің нәрін берген.

Кішкене мектебімнің болашақта

Көркейіп кетеріне кәміл сенем.

Ізденімпаз , бітпейтін сан сұрағы

Талапты шәкірттердің бол тұрағы.

Тамаша ұстаздарға толы болып

Сөнбесінші білімнің шамшырағы.

1-жүргізуші : Келесі кезекте түлектердің алғашқы ұстаздарына арнауы.

Нұрбибі:

Шаттық күні күн шығып көгімізге

Ұстазымды шығардық төрімізге

Жүректен шыққан тәтті тілегімді

Жырыммен арнаймын мен өзіңізге

Эльвира:

Бар өмірін мектепке осы арнаған

Жаңыл апай өзіңіздей бар ма жан ?!

Күндіз – түні аянбай еңбек еткен

Қажымас қайратыңызға таң қаламын.

Нұрбибі:

Тер төктіңіз білімді етпек үшін,

Жылытып жылы сөзбен мектеп ішін.

Орын алып шыңдардың биігінен,

Тер төктіңіз мұратқа жетпек үшін.

2 – жүргізуші :

-Түлектеріміздің алғашқы ұстазы Мүтлапова Жәния Қалдығожақызына сөз кезегін береміз.

1-жүргізуші:

Алғашқы ұстаз ,аяулы ардағым,

Келді кезек өзіңе ән арнағым.

Мәртебесі өскен сайын мектептің

Көркейгендей боп келеді жан – жағым,- дей келе әніміз алғашқы ұстазға арналады .

«Алғашқы ұстаз » әні

  1. жүргізуші:

Бүлдіршіндер , сендерге артар көп міндет,

Көтеріңдер мектеп атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен ,

Жетелейді армандарға бұл мектеп,-дей отыра ортаға мектебіміздің болашағы 1–класс оқушыларын шақырамыз.

1-жүргізуші: Жаумбет Руслан Мейірханұлы.

2-жүргізуші: Ермек Көркемай Есболқызы

1-жүргізуші :файзулла Дәулет Бөкенбайұлы

2-жүргізуші: Мұқамбетова Айша Қуатқызы

1–жүргізуші: Қуандық Сабыр Айболатұлы

2 –жүргізуші:

Абзал жандар , биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп ,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

Руслан:

Армысыздар , жиналған ата – ана , ұстаз,

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.

Арамыздан талпынп қақты қанат,

Он бір жылда оң солын таныған жас.

Көркемай:

Келешек қой осылар, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр.

Жүректері лүпілдеп , тебіреніп,

Қолдарына аттестат алғалы тұр.

Дәулет:

Бел – белестер мойытпасын өзінді,

Арман қуған жастық шақтың кезінде.

Сабырлы бол , адамтықты аттамай,

Жеңе біл , азамат бол төзімді.

Айша:

Ақ жұлдыздай жарық шашқан түндегі,

Нұр сәулесін төгер ұстаз жүрегі.

Болашаққа сол жүоектен от алып ,

Самғай берсін шәкірттердің тізбегі.

Сабыр:

Көгершіндей самғандар түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың,

Дірілдейді – ау , ерекше жүректерім.

1-жүргізуші:

Келіп отыр бұрынғы ұшқан түлектер,

Сезіп отыр жылылықты жүректер.

Ұлар құстай ұмытпаған ұясын,

Біз күтеміз сіздерден ақ тілектер,-дей келе мектебімізді осыдан 10 жыл бұрын бітірген түлектеріне сөз берейік.

2-жүргізуші:

Өнерпаздар жарысып сан-салалы,

Жиын десе, той десе ән салады.

Аяулы мектебінің құрметіне

Әуеленген әсем ән жолданады,-демекші келесі әсем ән мектепке арналады.

«Мектебім» әні.

1-жүргізуші:

Ендігі өлең жолдары аса ардақты, осы мектептің әрбір адамына шеше де, ақылшы да бола білген, аяулы жан, марқұм – Ұрқия апайымызға арналады.

Нұрбибі:

Сөзіне ұйытатын барлық жанды,

Әр сөзі мағыналы әрі мәнді.

Ақылшы қамқор еді жан-жағына,

Жүректерде сақталар мәңгі,мәңгі.

Көзіңізден мейірімді көрген ек,

Өзіңізді қадір тұтып жүрген ек.

Елеулі еңбегіңіз ұмытылмас,

Ұрқия апай жан едіңіз елге ерек.

Эльвира:

Көктен қарап,күлімдеп тұр ма екенсіз?!

Періште боп жанымызда жүр ме екенсіз?!

Көре біліп талантымды өзіңіз

Болашаққа жол ашып сіз бергенсіз.

Қоштаспадық бұл сапарға кетерде,

Пенделер тағдырға амал етер ме?!

Уәде берем көпшіліктің алдында

Еңбегіңіз кетпейді деп бекерге.

2-жүргізуші:

-Ендігі назарларыңызды мына тақтаға аударуларыңызды өтінемін. Ұстаздар ұжымына арналған слайд.

«Еске аламыз сағына..» слайды.

1-жүргізуші:

Көрейік тек жанарлардың жарқылын,

Атап өтіп ұстаздардың бар қырын.

Айтылатын алғысы бар сіздерге

Жақсы лебіз – жарым ырыс жарқыным.

Осы уақытқа дейін мұғалімдер оқушыларды марапаттап келді. Енді бүгін түлектеріміз мұғалімдерге ерен еңбектері үшін алғыстарын білдіріп, марапаттамақшы. Сөз кезегін түлектердің өздеріне берейік.

2-жүргізуші:

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Әке десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым

Әке десем әділдікті ұғынам,-дей отыра келесі кезекті түлектердің ата-аналарына деген алғыстарынан туындаған әдемі өлеңдеріне берейік.

Нұрбибі:

Ата-анам – өмірімнің шуағы

Ата-анам – көңілімнің жыр-әні.

Қуат беріп, шуақ шашып тұратын

Сіздер үшін араналады бұл әнім.

Эльвира:

Анам,анам, сенің орның бөлек қой

Ана сөзі әрқашанда керек қой.

Үйдің ішін нұрландырған шуақсың,

Анам, анам біздер үшін қымбатсың.

Әкешім, ардақтысың айтар әнім,

Жаныңнан жаман мінез байқамадым.

Тірнектеп маған жиып бергеніңді

Шелектеп мен өзіңе қайтарамын.

1-жүргізуші:

-Құрметті түлектеріміздің ата-аналары ендігі сөз кезегі өздеріңізде.

2-жүргізуші:

-Түлектердің орындауында «Әкешім-Анашым» әні. Қошемет көрсетіп отырайық!

1-жүргізуші:

-«Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының түлектерге арналған тілектеріне кезек берейік.

2-жүргізуші:

-Құрметті көрермендер,білім кілтін тапсыру рәсімін тамашалаңыздар!

Білім кілтін тапсырушы – Нұрсайынова Нұрбибі, қабылдап алушы – Жиенғали Айман.

1-жүргізуші:

Жақсы сөзбен жанға ыстық нәр берейік,

Тәтті сөздің толқынында тербелейік.

Түлектерге арналған тілегімен

Құрметпен жетекшіге сөз берейік,-дей келе ендігі сөз кезегі 11-сынып жетекшісі Альмуханова Гулшара Жұмабайқызына беріледі.

2-жүргізуші:

Сіздерден бастау алар бізге ілім,

Ізденіспен өтеді әрбір күнің.

Келесі ән өзіңізге арналады

Басшылары білім ордасының,-дей отыра ұстаздарға арналған әсем әнге кезек берейік.

«Ұстазым» әні

1-жүргізуші:

-Тақтадағы «Еске келіп өткеннің сағымдары» атты түлектеріміздің балалық шағынан осы кезге дейінгі қызықты суреттері жинақталған слайдқа назар аударыңыздар!

2-жүргізуші:

Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,

Қымыздың мықтылығы сабасынан.

Бишінің биші болып атануы

Үйреткен,тәлім берген ұстазынан,- дей келе «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы бишілерінің орындауындағы әдемі биге кезек берейік.

1-жүргізуші:

-Ендігі рәсім - 2016 жас түлектердің аяулы мектептеріне хат тапсыру рәсімі.

2-жүргізуші:

Биле жастық, жатырқама, жасқанба!

Биле тағы әуен үнін қосқанда.

«Биле» деген сөзді естіген сәтіңде,

Байқап тұрғын, несібеңнен бос қалма,- дей келе кезекті соңғы мектеп вальсіне береміз.

1-жүргізуші:

Ой салып толқу әр жасқа,

Сезімді қиял тербетіп.

Дәл бүгін тура 10 жасқа

Кеткендей олар ер жетіп.

2-жүргізуші:

Ауласы шулы, ән-думан,

Өзіңде күліп шаттанды.

Бала боп келіп балдырған

Азамат болып аттанды,-дей келе ендігі сөз кезегі жас түлектер өздеріңде.

1-жүргізуші:

Қызықты бір күн бір күннен,

Мектебі-балғын ғұмыры.

Япыр-ау, бүгін кім білген

Қоштасудың бұндай қиынын,-дей отыра келесі кезекті «Қоштасу» әніне береміз.

2-жүргізуші:

Құтты болсын бүгінгі мейрамдарың,

Орындалсын өмірде армандарың.

Жарқырасын жалындап шырақтарың,

Жайқалыңдар, жайнаңдар, құрақтарым,- дей келе бүгін соңғы түлектерін ұшырғалы тұрған,мектебіміздің зейнеткер ұстазы Мүтлапова Жәния апайымыздан бата сұраймыз.

1-жүргізуші:

Соғылсын қоңырау,соғылсын,

Сыңғырла,мәңгілік сыңғырла!

Толқыған жүректер тоғысын,

Толтырып бір арна, бір жырға.

2-жүргізуші:

Шаттықтың үніндей мәңгілік,

Жүректер ақ нұрға шомылсын.

Қуаныш әніндей жаңғырып,

Соғылсын қоңырау, соғылсын!- дей отыра салтанатты кешіміздің соңында түлектердің жас бүлдіршіндерге соңғы қоңырау соққызу рәсімін тамашалайық.

1-жүргізуші:

Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Осымен «Қоңыраудың соңғы үні құлағымда сыңғырлап...» айдарымен өткен соңғы қоңырау салтанатты жиынын жабуға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

Сіздерге «дарынды» деген атқа лайық, биіктен көрінетін шәкірттер таусылмай, мектепті тек жаңа жетістіктерімен қуанта берсін деген тілек білдіргіміз келеді.Сау болыңыздар, жолдарың болсын,жас түлектер!
Каталог: uploads -> doc -> 10a1
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
10a1 -> ''Развитие стран Западной Европы в конце XIX начале XX века''


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет