1. Кедендiк транспорт



жүктеу 0.6 Mb.
бет3/3
Дата22.09.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3

Бірдейлендіру құралдарын қолдану және дайындау тәртібін, сондай-ақ
олардың стандарттарын кеден ісі мәселелерін уәкілетті орган белгілейді. Кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру құралдары ретінде пломбылар,
мөрлер немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерінің кеден органдары қойған өзге де бірдейлендіру құралдары танылуы мүмкін.

Тауарлар мен көлік құралдары жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының


немесе елеулі түрде бүлінуінің нақты қаупі болу жағдайларын қоспағанда,
бірдейлендіру құралдарын тек кеден органдары өзгертуі, алып тастауы немесе жоюы мүмкін немесе бұл олардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Кеден органына бірдейлендіру құралдарының өзгерістері, алынып тасталуы немесе жойылуы туралы тез арада хабарланады және аталған қатердің бар екендігіне дәлелдеме беріледі.

Тұлғалар кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі туралы талаптарды сақтауға міндетті. Тұлғаға өзінің осындай талаптарды сақтамауының салдарынан келтірілген зиян өтелуге жатпайды.

Кедендік бақылау жүргізу кезінде тасымалдаушыға, декларантқа, олардың өкілдеріне, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, бос қоймалардың иелеріне, бажсыз сауда дүкендерінің иелеріне және кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) және шешімдері мүдделеріне әсер ететін өзге де тұлғаларға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына заңсыз зиян келтіруге жол берілмейді.


    1. Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi

Кедендiк бақылау жүргiзу экономикалық мүдделердi қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiлетiндiктен, осы саладағы бақылау жұмысы азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрмеуi тиiс. Осы мақсатта Кеден кодексiнде кедендiк бақылау жүрзудiң құқықтық нысандары мен тәртiбi көзделген.

Кеден кодексiндк көзделген кедендiк бақылау нысандары:


        1. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

        2. Ауызша пікір сұрау;

        3. Түсіндірмелер алу;

        4. Кедендік қадағалау;

        5. Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;

        6. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау;

        7. Жеке тексеру;

        8. Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға
          бірдейлендіру белгілерін соғу;

        9. Тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру;

        10. Тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу;

        11. Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру.

Жоғарыда аталған кедендiк бақылау нысандарының iшiнде тәжiрибелiк мәнi бар нысан кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру болып анықталады. Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, құжаттарды және мәліметтерді тексереді. Тексеру Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жүргiзiлуi мiндеттi.

Кеден органдарына кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің


дұрыстығын тексеру тәсiлдерi:

  • оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен са-
    лыстыру;

  • арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау;

  • ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға құқылы. Іріктеп тексеру негізінде де кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол беріледі.

Ауызша пiкiр сұрау нысанын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді жүргізу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Кедендiк бақылау жүргiзудiң келесi нысаны түсiндiрмелер алу. Түсіндірмелер алу — кеден органдары лауазымды адамдарының декла-ранттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласын-дағы қажетті ақпаратты алуы.

Түсіндірме жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.

Кедендiк бақылау жүргiзудiң айрықша нысанына кедендiк қадағалау жатады. Кедендік қадағалау — кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.

Тауарлар мен көлiк құралдарын жiберу – кеден органдарның тұлғаларға белгiлi бiр кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалануға және оларға билiк етуге рұқсат беру жөнiндегi iс-әрекетi. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлік құралда-


рын бақылауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін бөліктерінде кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған бірдейлендіру құралдарының бар екендігі туралы мәлімеггерді растау үшін жүзеге асырылады. Сонымен қатар халықаралық почта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын қарауы жүзеге асады.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру - егер мұндай тексеру көлік құралы мен оның жүк тиелетін бөліктерін ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары үшін тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендік пломбалардың, мөрлердің және өзге де тауарларды бірдейлендіру құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру.

Кедендік бақылау аймағында тауарлар мен көлік құралдарын тексеру
декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері тексеру кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.

Тауарлар мөн көлік құралдарын тексеру нәтижелері бойынша кеден органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудің нәтижелері кедендік мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгіленген нысан бойынша акт жасайды. Кеден органының лауазымды адамдары тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамның талабы бойынша акт жасауға міндетті. Кедендік қарау жүргізілгендігі туралы актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға тапсырылады.

Тексеру – бақылау үшiн маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында жүргiзiледi. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау кедендiк бақылаудың келесi нысаны. Кедендік тексеріп қарау — кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін бөліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс - әрекет. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу туралы ақпарат болған кезде іріктеп тексерудің кедендік бақылау жүргізуi жасалады. Кедендік тексеріп қарау тауарларды кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру, мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығын анықтау не мұндай ақпаратты тексеру.

Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттігі бар декларант немесе өзге тұлғалар және олардың өкілдері кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын тексеріп қарау кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған жағдайда, көлік құралын басқаратын жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады. Декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері өздерінің бастамасы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға құқылы.

Егер декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар болмаған жағдайда кеден органдары қызметкерлерiнiң кедендiк тексерiп қару жүргiзуi мүмкiндiгi бар:


  • аталған адамдар тауарлар мен көлік құралдары тапсырылғаннан кейін он күн өткен соң келмеген жағдайда;

  • ұлттық қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени игілігін сақтауға қауіп болған жағдайда және кейінге қалдыруға болмайтын өзге де жағдайларда;

  • тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберген кезде;

  • тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағында кедендік режимді бұза отырып қалдырған жағдайда тауарлар мен келік құралдарына кедендік тексеріп қарау жүргізуге құқылы.

Аталған жағдайларда тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі және кеден ісі мәселелері женіндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кедендік тексеріп қарау актісі толтырылады.

Кедендік тексеріп қараудың нәтижелері бойынша екі дана етіп акт жасалады. Кедендік тексеріп қарау жүргізілгендігі туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетiледi:



  • кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары мен оны жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер;

  • декларанттың, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты екілеттіктері бар өзге де адамның қатысуынсыз кедендік тексеріп қарау жүргізудің себептері;

  • кедендік тексеріп қараудың нәтижелері.

Актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға, не оның өкіліне тапсырылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясында жеке адамның абыройы мен кадiр-қасиетiн құрметтеу мәселесiнде кепiлдiк бар. Кедендiк бақылаудың ерекше нысаны ретiнде жеке тексерiп қарау осы кепiлдiктiң бұзылмауын қам тамасыз етуi мiндеттi. Жеке тексеріп қарау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жазбаша шешімі бойынша жүргізіледі.

Жеке тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды
адамы жеке тұлғаға кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы
адамның жеке тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімін көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркімен беру туралы ұсыныс жасауға міндетті.

Кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу кезіндегі іс-әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге тиіс.

Осы жерде өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлiп отырған жеке тұлғаның құқықтарын атап өтуге болады:


  • жеке тексеріп қарау жүргізу тәртібімен және жеке тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысуға;

  • Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын өзінде жасырған тауарларын өз еркімен беруге;

  • жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу туралы хаттамаға міндетті түрде енгізе тырып, мәлімдеме жасауға;

  • жеке тексеріп қарау жүргізудің нәтижелерімен және іс жүргізу құжаттарымен танысуға;

  • жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне шағым жасауға;

  • адвокаттың қызметтерін пайдалануға.

Жеке тексерiп қарау аяқталғаннан кейiн жеке тұлғаға хаттаманың көшiрмесi, тауарлардың алынып қойғаны туралы актi берiледi.

Жеке тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы


кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуыімен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Тексеріп қаралатын адамның дене органдарын тексеріп зерттеуді маман-дәрігер, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып жүргізiледi.

Жеке тексеріп қараудың жүргізілгендігі туралы хаттамаға жеке тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды адамы, өзіне қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға, куәгерлер, ал тексеріп зерттеу жүргізілген кезде — дәрігер қолдарын қояды.

Кедендiк бақылау жүргiзудiң тағы бiр нысаны тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау, оларға бiрдейлендiру белгiлерiн қою.

Кеден органдары кедендік бақылауды тауарларда (олардың орамаларында) арнаулы таңбалардың, бірдейлендіру белгілерінің немесе оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелудің заңдылығын растау үшін пайдаланылатын тауарларды белгілеудің өзге де тәсілдерінің болуын тексеру жолымен жүзеге асырады. Тауарларда арнаулы таңбалардың, бірдейлендіру белгілерінің немесе тауарларды белгілеудің өзге де тәсілдерінің болмауы, егер өзінен мұндай тауарлар табылған адам, декларант не өзге де мүдделі адам басқаша дәлелдей


алмаса, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды кедендік ресімдеу мен шығару жүргізілмей жүзеге асырылған тауарлар әкелу ретінде қаралады.

Тауарлардың және көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру кедендiк бақылау жүргiзудiң өзiндiк ерекшелiгi бар нысаны. Кедендiк бақылау нысаны ретiнде есептiлiк жүйесiн тексеру жағдайлары:

- тұлға кедендік ресімдеудің оңайлатылған рәсімдерін қолдану туралы мәлімдеген кезде;


  • Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен есепке алынуға тиіс тауарларды шартты түрде шығарған кезде;

  • кеден брокерлері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдер шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты;

  • кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тексеру кезінде қолданылады.

Тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу шартты турде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын, тарифтік және
тарифтік емес реттеу шаралары белгіленген тауарларды бақылауды қамтасыз ету мақсатында кеден органдары Кеден Кодексiне сәйкес кедендік ресімдеу
мен кедендік бақылау кезінде түлғалар беретін мәліметтер негізінде жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аумағында шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдаланатын тұлғалар және өзге де тұлғалар олардың есебін жүргізуге және кеден органдарына кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептілiк тапсыруға міндетті.

Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары iшiнде үй-жайлар мен аумақтарды тексеру өте күрделiсi болып табылады. Кеден органдары кеден бақылауын жүргізу мақсатында кеден органының лауазымды адамдары қызметтік куәлігін және кеден органының басшысы қол қойған нұсқаманы көрсеткен кезде, кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдары, кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар болатын, не болуы мүмкін, не кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты қызмет жүзеге асырылатын аумақ пен үй-жайларға кіруге құқығы бар. Бiрақ осы жерде тексеріп қарау мен тінту жүргізу құқығы болмайды. Егер аумаққа және үй-жайға кіргізуден бас тартқан жағдайда кеден органдарының лауазымды адамдары, аумаққа және үй-жайға екі куәгердің қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кіруге құқылы. Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кірудің барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды хабардар етеді. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақ пен үй-жайларға кіруіне қарсылық көрсеткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайларда прокурордың рұқсаты талап етілетін әрекеттер рұқсатсыз да, бірақ кейіннен прокурорды жиырма төрт сағаттың ішінде жазбаша хабардар ете отырып жүргізілуі мүмкін. Прокурор аталған хабарламаны алғаннан кейін жүргізілген әрекеттердің заңдылығын тексереді және олар заңсыз болған жағдайда күшін жояды немесе тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды өз қаулысымен тоқтатады.

Кедендік бақылаудағы, оның ішінде шартты түрде шығарылған тауарлардың бар екендігін растау мақсатында жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды тексеру уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында, бос қоймаларда, арнаулы экономикалық аймақтарда, бажсыз сауда дүкенінің үй-жайларында, сондай-ақ кедендік рәсімдердің немесе кедендік режимдердің шарттарына сәйкес тауарлар болуы тиіс тұлғаларға жүргізіледі. Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру тауарлардың жоғалғаны, оларды иеліктен айырғандығы не оларға өзге де тәсілмен билік етілуі туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеру үшін, сондай-ақ іріктеп тексеру негізінде жүргізіледі. Жоғарыда көрсетiлмеген тұлғалардың үй-жайлары мен аумақтарын тексеруді кеден органдары осындай үй-жайларда немесе аумақтарда Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тәртіпті бұза отырып әкелінген тауарлардың бар екендігі туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеріп шығу үшін жүргізеді. Тексеру нәтижелері жөнінде кеден ісі мәселелері акт жасалады, оның екінші данасы тексеру жүргізілген түлғаға беріледі.

Үй-жайлар мен аумақтардың заңдылығын бағалау талаптары мен шарттарына сәйкестігін анықтау үшін тексеруді де кеден органдары жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша қорытынды жасалады.

3. Кедендiк бақылаудың ерекше мәселелерi.
3.1 Экспорттық бақылау саласындағы кедендiк бақылау

Кеден бакылауының қүрамдас белігі ретінде валюта бақылауы ұлттық банктің бірқатар ведомстволық актілері қабылданғаннан кейін оған кеден органдарының қатысуына қосымша мүмкіндіктер туғызады.

1997 жылы 23 мамырда Ұлттық Банктің қаулысымен экспорттық-импорттық валюта бақылауын үйымдастыру жөніндегі ереже кабылданды.

Экспорттық-импорттық валюта бақылауын енгізу кеден органдарына өткізілетін экспорттык-импорттық валюта операцияларының әрекет етуші құқықка сәйкестігін тексеру, төлемдердің негізділігін, экспорттық-импорттық операциялар бойынша есептің толықтығы мен объективтілігін тексеру бойынша қосымша қызметтер жүктейді.

Кеден органдары өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы валюталық заңдарының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

Кеден органдарының валюталық бақылау саласындағы өкілеттіктері:



  • сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тауарлардың және көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлап отырады;

  • кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және екінші деңгейдегі банктерді хабардар етеді.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы реттеуді жүзеге асырады. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді шығару жолымен кеден органдарының функиялары мен өкілеттіктерін айқындайды.

Кеден органдарының экспорттық бақылау саласындағы құзыреті:



  • Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Қазақстан
    Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде оларға кедендік
    бақылауды жүзеге асырады;

  • Кеден органдары экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық
    базаны қалыптастыруға қатысады, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы реттеуді жүзеге асырады.Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы нормативті құқықтық актілерді шығару жолымен кеден органдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды.Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде оларға кедендік бақылауды жүзеге асырады.Кеден органдары экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысады, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі.

Кеден органдары экспорттық бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан және өзге де тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан өздері алған ақпараттың жасырындығын, сақтауға міндетті.

Экспортер тауар экспортын өткізген күннен бастап белгіленген мерзімде, 180 күнтізбелік күнде кешіктірілмей жеке тауар экспортын 365 күнтізбелік күнді кешіктірмей қамтамасыз ету қажет. Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

Егер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензияда мерзімі көрсетілмеген жағдайда, онда экспорттық түсім.

Қазақстан Республикасының уәкілетті банктегі өзінің есеп шотына есепке алады, ал егер экспорттық түсімді алу мүмкін болмаған жағдайда-бұрын экспортталған тауар қайтарылуға жатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес мемлекеттік заң жүзінде тіркелсе, экспортерлер экспорттық түсімді шетел банктерінде немесе басқа да қаржы институттарындағы есеп шоттарына есепке алады.

Валюталық заңмен белгіленген мерзімде экспорттық түсім түспеген жағдайда, экспортер Қазақстан Республикасының заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен лицензия алу жөнінде, сондай-ақ экспорт түсімін алу немесе бұрынғы тауар экспортын қайтару жөнінде шара қолдану қажет.

Экспортқа дейінгі 180 күнтізбелік күнді кешіктірмейтін экспорт үшін алдын ала төлем ақыны жүзеге асыру үшін, экспортер Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен тіркелу куәлігін алуға міндетті.Импортер мен тауарға төленген қайтарылуға жатпайтын ақша көлемін Қазақстан Республикасына тауардың қайтарылуы жөнінде шара қолдану қажет.

Егер тауар жеткізілмеген жағдайда-бекітілген келісім-шарт бойынша бұрын өзінің банк есеп шотына аударылған ақшаны 180 күнтізбелік күнді кешіктірмей қайтару жөнінде шаралар қабылданады. Егер бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензиясында көрсетілмеген жағдайда.

Валюталық заңмен белгіленген мерзімде тауар жеткізілмеген жағдайда, онда импортер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен лицензия алу туралы алдынала төлемді қайтару туралы шаралар қолдануға міндетті.Тауардың жеткізілу мерзімі тауарды кедендік ресімдеу мерзімімен қойылады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 180 күнтізбелік күнді кешіктірмейтін тауар импорты үшін резидент пен төленген төлемді аударған жағдайда импортер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен тіркелген куәлігін алуға міндетті.

Резидент пен немесе резидент емес арасындағы төлем және шетел валютасы, теңге операцияларын тек қана өздерінің банктегі есеп шоттары арқылы ресімделіп жүзеге асырылады.Резидент пен және резидент емес арасындағы шетел валютасы мен және теңге мен төлемдік операциялары мәмле куәлігімен ресімделіп ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Экспортер- Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, жеке кәсіпкер), Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына тауарларды жеткізу туралы келісім-шартқа отырса;

Импортер- Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, жеке кәсіпкер), Қазақстан Республикасының территориясына кедендік шекарасы арқылы тауарларды әкелуге және қолдану туралы келісім-шартқа отырса.

Мәміле куәлігі қосымша ресімдеуді немесе мәмле куәлігін жабуды қажет ететін келісім шартты қосымша өзгерту мәмлн куәлігін ресімделген күннен кешіктірілмей күшіне енеді.Егер экспортердың немесе импортердың мәмле куәлігі кеден ісі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен анықталатын белгіленген тәртіппен масималды категория қаупіне сәйкестендірілсе кедендік ресімдеу тауар экспортының төлемін немесе тауар импортының алдын ала төлемін бақылайды.Кеден органында мәмле куәлігін ресімдеу бес күндік мерзімде тоқтатылады.Белгіленген мерзімде кеден органы экспортердан немесе импортердан және басқ да қажетті құжаттарды және экспортер импортер жөнінде ақпараттар алуға, сондай-ақ кеден органымен және валюталық заңмен белгіленген басқа да құқық қорғау органдарына жіберуге құқығы бар.

Экспортер мен импортерді максималды категория қауіпіне қатыстылығы олардың экспорттық және импорттық мәмлелердегі шектеулер мен құқықтарды жүзеге асыруға негіз бола алмайды.

Егер экспорттық және импорттық мәмле ресімделген жағдайда белгіленген 180күнтізбелік күнді кешіктірмейтін мерзімде экспортер мен импортер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мәмле куәлігін ресімдеуге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен сәйкестендіру лицензиясын немесе тіркелу куәлігін алуға міндетті.Сондай-ақ оның көшірмелері мәмле куәлігіне қосымша табыс етіледі.

Егер мәмілені жүзеге асыру барысында экспортер және импортер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен сәйкестендіру лицензиясын немесе тіркелу куәлігін алған жағдайда, сол кезде ол кеден органына, уәкілетті банкке лицензияның және тіркелу куәлігінің негізін және көшірмесін мәміле куәлігіне қосымша ресімделген бетпен бірге ұсынуға міндетті. Лицензияның және тіркелу куәлігінің көшірмесі кеден органында және уәкілетті банкте сақталады.

Егер іс жүзіндегі нұсқауға сәйкес мәмле куәлігіне қосымша бетті ресімдеу талап етілмесе, онда кеден органы немесе уәкілетті банк бөлімге кеден органының негізгі банк белгілерін мәмле куәлігінің көшірмесіне

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен сәйкестендіру лицензиясын немесе тіркелу куәлігінің реквизитін және қолма-қол белгілерін кіргізеді. Валюталық бақылау құжатын қалыптастыруда уәкілетті банк және кеден органы мәмле куәлігінің әр-қайсысына іс жүргізуге міндетті. Валюталық бақылау құжатынан басқа экспорттық және импорттық іс мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәліктің резиденттің есепке тіркеу көшірмесін, экспортердың және импортердың заңды тұлға немесе оның филиалының жағдайы жөніндегі Жарлығының көшірмесі, экспортер мен импортердың жеке куәлігінің көшірмесі, жеке тұлға, мәмле куәлігімен ресімделетін сенімхатты құрайды. Белгіленген құжаттарға өзгерістер енгізілмеген жағдайларды қоспағанда, басқа жағдайларда мәмле куәлігін ресімдеу үшін құжаттарды қайта кеден органына ұсынуды қажет етпейді.

Ресімделетін мәмле куәлігі бойынша жеке тауарлар экспортының тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Жеке тауарлар экспортының мәмле куәлігінің негізі болып экспортталатын тауарлардың тізімі болып табылады.Ол жеке тауарлар экспорты бойынша ресімделіп экспортердің қолы қойылады. Жеке тауарлар экспорты бойынша келісім-шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жеке тауарлар экспортының тізімін қарастыру керек.

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жеке тауарлар экспортының тізімін басқа да жағдайларда белгіленген тәртіппен қарастырылуға міндетті:


  1. Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген тәртіпте сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодына сәйкес таурлардың толық белгілерін сәйкестендіруге мүмкіндік береді;

  2. Жеке экспорттық тауарлар бойынша мәмле куәлігі ресімделгеннен кейін келісім-шарт күшіне енеді.

Жеке тауарларды экспорттау келісім-шарты белгілеген талаптарға сәйкес жүзеге асырылмаса, онда кеден органдары немесе банк жеке тауарларды экспорттау келісім-шартына қол қоюдан бас тартуға негіз бола алады.

Егер келісім-шарт белгіленген талаптардың 3 және 9 бөлімдеріне сәйке с жүзеге асырылса немесе 28-2 бөліміндегі талаптарды орындамаған жағдайда экспортер табысты қайтару режимін жалпы негізде 180 күнтізбелік күндік мерзімде кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензияны қолдана отырып мәмле куәлігін ресімдеуге құқығы бар.

Жеке тауарлар экспортының мәмле куәлігін ресімдеу де келісім-шарттың көшірмесі, мәмле куәлігін ресімдеген күні, айы немесе келісім-шарттың нотариалдық тіркеудегі көшірмесі міндетті түрде ұсынылу қажет. Экспортер негізді немесе келісім-шарттың нотариалдық тіркеудің көшірмесі кеден органының лауазымды тұлғасы және банк дәл көшірмесіне тексеріс жүргізіп жеке тауарларды экспорттаудағы мәмле куәлігіне «көшірменің расталғаны» деген мөрмен бекітіледі.

Негіз мәтіні және оның дәл көшірмесі белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда кеден органдары және банк іс-жүзіндегі ақпарат бойынша құқық қорғау органдарына жібереді. Кеден органының лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мәмле куәлігін ресімдеудегі іс-жүргізу талаптарына сәйкес тауар экспортының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодына сәйкес келуін қадағалайды.Егер ресімделетін экспорттық мәмле 365 күнтізбелік күннен асатын мерзімдік түсімді көздейтін болса, онда экспортер мәмле куәлігін ресімдеуге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен сәйкестендіру лицензиясын алуға міндетті, оның көшірмесі міндетті түрде мәмле куәлігіне қосымша тіркеледі.Мұндай жағдайда кеден органдары бес күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен келісім-шартқа сәйкес лицензия алу үшін түсініктеме беріледі.

3.2 Кедендiк бақылау жүзеге асыру

Кеден саясаты іс жүзіне арнайы мемлкеттік құрылым болып табылатын кеден органдарымен жүзеге асырылады. Нақ осы мемлекет атынан және билікттік құзіреттерге ие органдар тікелей кеден ісін жүзеге асырады.

Кеден ісін мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүргізуге жатады, ал кеден органдарының жүйесі жергілікті билік және басқару органдарына бағынышты, Қазақстан Республикасынның бүкіл территориясында орталық, бірыңғай болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Кеден Кодексiнiң» 17-бабында көрсетілгендей, кеден органдар бірыңғай жүйесіне:



  1. кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;

  2. кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – кеден ісі мәселелер жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері );

  3. кедендер;

  4. кеден бекеттері;

  5. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;

  6. Мамандырылған кеден мекемелері кіреді.

Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес кеден органдарының негізгі мақсаты:

  1. Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

  2. өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  3. орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

  4. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

  5. Сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қоғау;

  6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

  7. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;

  8. өз құзіреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  9. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамсыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзіретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

10) бiрiңғай бюджет саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк басзасын дамытуға қатысу;

11) өз құзіреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

12) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында радиациялық бақылау жүпгiзу;

13) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi орындау болып табылады.1

Кеден органдарының құқықтық статусы 2 маңызды жайытпен белгiлендi. Бiр жағынан, мемлекеттiк басқарудың пәнi болып табылады, сондықтан да, кеден органы - бұл берiлген салада атқарушылық қызметтi орындайтын не атқаратын мемлекеттiк аппараттың бөлiгi. Мұнда кеден мекемелерi басқарылатын объектiлерге ықпал ететiн заңда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде басқарушы субъектiлер ролiнде көрiнедi.

Басқа жағынан, кеден органдары құқықтың субъектiсi бола отырып, құқық қабiлеттiлiгiне иеленедi және нормативтiк кеден заңдарымен реттелiнген нақты құқықтық қатынаста болады. Сонымен кеден органдары белгiлi құқықтар мен мiндеттерге кеден мекемелерiнiң қатынасында ие болады.

Кеден органдарының қызметi кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудi iске асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын бұзбауы тиiс. Бұл үшiн кеден мекемелерiнiң қабiлетiнiң, олардың тәртiбiнiң қызмет етуiн нақты заңды реттелiнуi қажет, бiрiншi бөлiмде көрсетiлгендей, кедендiк қатынастар кеден органдарының тiкелей емес қатысуынсыз туындауы мүмкiн. Соңғылардың қызметi кеден құқығы пәнiнiң тек бөлiгi болып табылады. Соңдықтан заң нормалары кедендiк қатынастардың басқа қатысушыларына кеден органдары жiберiлетiн ықпал етудiң шектерiн бекiтуi тиiс, және осыдан шыға отырып, олардың құзыреттерiн анықтауы керек.

Әр елдегі кедендік қьізметтің үйымдастырушы қүрылымы - елдің экономикалътқ даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.

Мысалы, АҚШ-та кедендік қызметті ұйымдаструдың құрамына 7 аймақтық бөлімшесі бар Қаржы министрлігі жанынан қүрылған АҚШ-тың кедендік қызмі Басқармасы кіреді: Нью-Йорк, Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік-ПІығыс, Оңтүстік-Орталық, Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Орталық, Тынық мұхиты аймағы қызметтері.

Аймақтық бөлімшелер құрамына 45 кедендік аудан кіреді, өз кезегінде олардың 300 кедені және кедендiк бекеттері бар.

Қазақстан Республисындағы кедендік саясатты жүзеге асырушы орган - қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасы Президетінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру жөніндегі" Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртүтас жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет, сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді.

Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастырылады? Осыған байланысты 2 факторды атап өтейік:



  • функциционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен міндеттерінің біртұтастығы;

  • кедендік органдардың ұйымдық бірлігі органдар жүйесінің ұйымдық қүрылымымен қамтамасыз етіледі. Ол қатаң иерархиямен және буындардың қатаң бағынуымен ерекшеленеді.

Орталық кеден органы кедендік қызметтің барлық мәселелерiмен айналысады айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институционалдық құрылымньщ негізін құраушы элемент болып Кеден есептеледі.

Кеден дегеніміз — кедендік шаралардың журуі үшін арнайы белгіленген және тиісінше жабдықталган орын. Кеден елдің кедендік шекарасында орналасуы міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де орналасуы мүмкін. Кеден қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей тәуелді болады.

Кедендік органдардың төменгі буынының жоғарғы буынға орталықтануы және бағынуы, кедендердің жергiлiкті әкімшілікке тәуелсіздігі кедендiк органдар жүйесiн құрудың айрықша белгісі болып табылады.

Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшіж тәуелділіктің жоқ болуы - жалпы кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас бөлігіне де тән белгі. Осыған байланысты кедендік органдар жүйесінің буындары жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой туындамауы тиіс. Олардың өзара байланыстары жеткілікті дәрежеде әр алуан болып келеді.

Жалпы түрде кедендік органдар жүйесінің біртұтас мақсаттары мен міндеттері бар, сонымен біри иерархиялық құрылымдағы, яғни төменгі органдарды жоғарғы органдарға бағыныштылығымен сипатталатын кедендік органдар жиынтығы ретінде анықтауға болады

Кедендік органдардың негізгі қызметтері:

- біріншіден, олар Қазақстан Республикасынъгң кедендік саясатын жасау мен оны жүзеге асыруға қатысады;


  • екіншіден, өз құзыры шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және біздің мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғайды;

  • үшіншіден, кедендік төлемдер мен салықтарды алып отырады, Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың қозғалысы кезінде ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын жолдауға қатысады және т. б.

Негізгі функциялардың бұл тізімі Қазақстан Респуликасындағы кедендік органдар қызметінің әр алуан сипатын көрсетеді.

Кедендiк органдар жүйесін Қазақстан Республикасының Кеден агенттiгi басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және елдегі кедендік кызметке тікелей жетекшілiк етеді.

ҚР Кеден агенттiгi экономиканың әр түрлі секторларында Қазақстан Республикасының кедендік саясаты жүзеге асырады. Сонымен бірге ол біртұтас кедендiк саясатты жүзеге асырдың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық механизмдерін жасайды, олардың тәжірибеде қолданылуын қамтамасыз етеді.

Кедендік басқармалар - орталық орган мен жергілікті кедендік мекемелер арасындағы кедендік органдар жүйесінде аралық буын больш табылады. Оның міндеттері мен қызметтері мемлекеттік кеден комитетін міндеттері мен қызметтеріне ұқсас, бірақ ол сәйкес кедендік аймақ территориясындағы кедендік іске ғана жетекшілік етеді.

Қазақстан Республикасының кедендерікедендік органдар жүйесінің ұйымдастырушылық негізн құрайды.

Кедендік қызмет саласындағы міндеттердің негізгi бөлігін тікелей кедендер орындайды. Қазақстанда болып жатқан терең саяси және әлеуметтік-саяси өзгерістер кедендік істің кеңеюі мен күрделенуіне жағдай жасады, нәтижесінде кедендік бақылау құзырына өзгерістер енгiуді талап етті. Бұрын-сонды кедендік бақылау (тексеру) кедендік шекарда орналасқан нүктелерде ғана жүргiзiлдi. Сыртқы сауданың мемлекеттiк монополисынан бас тартуға және өндірушілердің сыртқы нарыққа өз бетінше шығуына байланысты кедендік тексеру шарасын өзгерту қажеттілігі туындады, яғни кедендік құжаттарды дайындау мен тексеру және жүктерді тексеру бойынща негізгі жұмыстар кедендік шекарадан мемлекет ішіңе ауыстырылды.

Осының нәтижесінде «ішкі кедендер» құрылды және қазіргі танда олар кедендік операцияларды орындау бойынша негізгі жұмысты өз мойындарына алған. Мұндай қайта құру әлемдік төжірибеге сәйкес келеді, тауар өндірушілерді кедендік органдармен байланыстарды, шекара маңындағы кедендерді көптеген шаралардан босатады, жүк айналымының күшеюіне ықпал етеді, кедендік тексеруді өте тиімді етеді. Бұл кедендерді «ішкі және сыртқы» деп шартты түрде екіге бөлуге мүмкінді береді, (мысалы, “Атакент” - ішкі кеден, ал “Хоргос” сыртқы кеден). Жалпы алғанда, Кеден барлық импортталатын және экспортталатын жүк пен тауарлардың сонымен бірге, пошталық жіберулер мен басқа жүктердің, ел территориясына кіруі мен шығуына тексеру жасайды.

Кедендік бекет кедендік органдар жүйесінің алғашқы буыны, ол белгілі бір нүктеде немесе белгiлi бір территорияда (мысалы, ірі өнеркәсіптік кәсіпорын кедендік қүжаттарды толтыру және кедендік тексерулер жүргізуге арналған өкілетті орган.

Кедендік бекет - төмендегідей негізгі міндеттердi жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының кеденді шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен транспорттық құралдарды кедендік тексеруден өткізеді және кедендiк құжаттарды толтырады.

Қазақстан Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдарды өтуіне рүқсат етілген ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді және кедендік салықтар жинайды. Жалпы алғанда, кеденмен салыстырғанда, кедендік бекеттердің міндеттері мен қызметтерінің жалпы шеңбері едәуір аз болып келді.

Кедендік қызмет сонымен бірге әскери-шекаралық міндетті орындайды.

Қытаймен шекарадан басқа барлық территория кеденнің үлесінде, яғни 4 мың адамның қарамағында. Сондықтан да кедендік пункттер арасындағы шекаралардың ара қашықтығы - 150-200 м, ал кейбір жерлерде - 500-600 м-ге жетеді. Ал барлық өркениетті елдерде көрші орналасқан пункттер бір-бірімен рация арқылы хабарласа алады, яғни олардың арасындағы қашықтық 50-60 м. Бірақ барлық бекеттерді жабу 17 теміржолдың, 22 аэропорттың (оның ішінде 2-әскери аэропорт) шекарасында тұру үшін 12 мың адам қажет. Қазіргі кезде кедендік шекараның 11,5 мың километрін ғана тәуліктік кедендік тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі, ал республика шекарасын 13 мың километрге созылып жатыр.

Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кедендік басқармаларды мысалға келтіре отырып, кедендік органдардың ұйымдастырушылық құрылымы мен олардың қызметтерін қарастырғанда, оның құрамына төмендегі бөлімдер кіреді:

1. Кедендік тексеруді ұйымдастыру бөлімі;

2. Кедендік төлемдер бөлімі:

- төлемдер бөлімі;

- валюталық тексеру қызметі;

3. Контрабандамен және кеден ережесін бүзушылықпен күрес жүргізу бөлімі:

- кедендік тергеу қызметі;

- оперативтік-іздестіру қызметі;



  • есірткі заттар контрабандасымен күресу қызметі және кинология (осы заттарды табуға көмектесетін арнайы иттер өсіру) қызметі;

4. Кедендік қорғау мен режим бөлімі:

- кедендік қорғау мен режим бөлімі;

- қарулану мен әскери дайындық қызметі;

5. Тауарлардың жеткізілуі транзиттік бақылау (тексеру) қызметі;

6. Қалыптасқан мен кедендік санақ (статистика) бөлімі;


  1. Өзіндік қауіпсіздік қызметі;

  2. Кадрлар бөлімі;

  3. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі;

  4. Қамтамасыз ету бөлімі;

  5. Құжаттық қамтамасыз ету бөлімі;

  6. Ақпараттарды қорғау қызметі;

  7. Пресс-қызмет;

  8. Сыртқы экономикалық байланыс;

  9. Аксиздiк кедендiк бекет.

Кедендік тексеруді уйымдастыру бөлімі Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлардың кедендік құжаттары төмендегі кедендік режимдер бойынша дайындалады:

  • еркін айналым үшін тауарларды шығару;

  • тауарлардың реимпорты;

  • тауарлар импорты;

  • тауарлар реэкспорты;

  • тауарлар экспорты;

  • тауарларды жою;

  • мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту;

  • салықсыз сауда дүкені;

  • кедендік қойма;

  • еркін кедендік аймақ және еркін қойма;

  • тауарларды уақытша енгізу және уақытша шығару;

  • Қазақстан Республикасының кеден территориясында тауарларды өңдеу;

  • кедендік тексеру арқылы тауарларды өндеу;

  • уақытша сақтау қоймасы;

  • жүктердің кедендік құжаттарын дайындау.

Кедендік төлемдер бөлімі — кедендік төлемдерді (баж салығы, алымдар) және салықтарды (акциздер, құнға үстеме салық) белгілейді және жинайды; кедендік режимге сәйкес төлемдердің дер кезінде келіп түсуін бақылап отырады; саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдер мен алымдарды белгілейді және жинайды; саудалық және саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдерге санақ пен талдау жүргізеді; тауарлардың кедендік құнын анықтайды; тауарлардың кедендік құнына талдау жасайды және әр түрлі факторлар әсерінен оның динамикасының өзгеруін анықтайды; валюталық табыстардың түсуі мен қолданылуын тексереді; валюталық табыстардың келіп түсуін кедендік-банктік тексеру нәтижелеріне талдау жасайды; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауар айналымының көлемі, динамикасы жөне құрылымы жөніндегі ақпараттарды бір жүйеге келтіру және зерттеу жұмыстарын жүргізеді; экспорттық-импорттық операцияларды аудиторлық тексеруден өткізеді.

Контрабандамен және кедендік ереже бұзушылықпен күрес жургізу бөлімі – контрабанда және кедендік ережелерді бұзу фактілерін анықтау мен оған жол бермеу шараларын жүргізеді; контрабанда немесе кедендік ереже бұзу бойынша тергеу жүргізеді; оперативтік тергеу қызметін жүзеге асырады; тексерудің техникалық қүралдары мен арнайы дайындалған із кесуші иттерді қолдану арқылы есірткі заттар мен жарылғыш құралдар контрабандасы фактілерін анықтау шараларын жүргізеді; қүқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жедел шараларды жүргізеді.

Кедендік қорғау мен режим бөлімі - кедендік шекараны, кедендік орган объектілерін қорғау, ұсталған және тұтқындалған жүктерді, акциздік топтағытауарларды қорғау жұмыстарын жүргізеді; оперативтiк - кезекшілік қызмет жұмысын ұйымдастырады; қару - жарақ пен құралдарды сақтау мен беру бойынша қызметкерлердің қарудың материалдық бөліктерімен танысуы және оны қолдану ережелерін білуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Тауарларды жеткізу мен транзиттiк бақылау қызметi - «транзит» атты кедендік жатқызылған тауарлардың кедендік тіркелуін қамтамасыз етеді; ішкі кедендік транзит (IКТ) шарасы бойынша қажетті кедендерге импорттық жүктердің келiп түсуіне тексеру жасайды; «Тауарлар экспорты» және «Тауарлар реэкспорты» деген кедендік режимге енгізілген тауарлардың іс жүзінде шетке ығарылуына бақылау жасайды.

Қалыптасқан кедендік санақ бөлімі - кедендік қызмет мәліметтерін автоматты түрде жасаудың біртұтас жүйесі шеңберінде ақпараттық және техникалық құралдарды пайдалану бойынша жүмыстарды жүргізеді; сыртқы сауда санағын, кеден ішіндегі және арнайы санақты жүргізу мен ақпаратты жинау, енгізу, тексеру және талдауды жүзеге асырады.

Өзіндік қауіпсіздік қызметі - кеден қызметіндегі жемқорлық, парақорлық және қиянат жасау фактілерін анықтайды, оған ескерту жасайды; кедендік қызмет қатарына қылмыстық элементтердің кіруіне, қызметтік ақпараттардың шетке шығуына тыйым салады.

Кадрлар бөлімі - кадрларды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады; жеке құрамдарында тәрбие жұмысын жүргізеді, қызметкерлердің кәсіпқойлық деңгейін көтерумен айналысады.

Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі - кеден органдарының қаржылық-шаруашылық қызметiн есепке алады және бақылайды, ақшалай құралдардың


үнемді және тиімді шығынадалуына бақылау жасайды.

Қамтамасыз ету бөлімі - әкімшілік жүйеге қызмет көрсетеді, қажетті жиһазбен және кеңсе тауарларымен, қызмет орынымен, қоймамен қамтамасыз етеді; транспорттық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, телефон байланыстарымен


қамтамасыз етеді.

Кұжаттық қамтамасыз ету бөлімі - құжаттау және іс қағаздарын толтыру жүмыстарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.

Ақпараттарды қоргау қызметі – кедендік мекемедегі режимді қамтамасыз етеді; азаматтық қорғаныс бойынша толық әскери-дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.

Заң қызметі - кедендік мекеме қызметіндегі заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, кедендік басқармалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Қазақстан Республикасындағы заң актілері бойынша


үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді және түсіндіреді.

Пресс қызметі - халықаралық жіберулерді ұсақ пакеттер, бандероль, сектограмма, баспа өнімдерi бар «М» атты қапшықтардың кедендік құжаттары дайындайды.

Сыртқы экономикалық байланыс қызметі кедендік қызмет мәселелері бойынша елшіліктер және өкілдермен кездесулер немесе келіссөздер жүргізу ұйымдастырады.

Акциздік кедендік бекет - тауарға белгі жасалуы тиіс шетелдік жекелеген акциздік тауарлардың кендік құжаттарын дайындайды; акциздік жиындар маркасын сатумен айналысады, маркаланатын акциздік шетел


тауарларының жеткізілуін ұйымдастырады; акциздердiң толық түрде және дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Қорытынды


Соңғы он бес жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа экономикалық басқару жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік басқару органдары, соның ішінде кеден органдары, өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты даму жолынан өтіп, әкімшілік биліктің, басқарудың өзіндік іс тәжірибесін жинақтады. Бұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарының жүзеге аса бастағанын, Қазақстанда құқықтық мемлекет құрудың идеялары мен принциптеріне сәйкес, Қазақстан қоғамы мен мемлекетін құқықтық реттеудің мақсаты жүргізіліп келе жатқанын көрсетеді. Кеден органдары атқарушы билік органдарының қатарына еніп, өз қызметін мемлекеттің атқарушылық-биліктік іс-әрекеті шеңберінде жүргізгенімен, атқарушы биліктің өзге органдарынан өзінің құрылымы, құзіреті, іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері мен түрлері, қолданатын құқықтық құралдары, т.б. параметрлері арқылы ерекшеленіп тұрады.

Қазіргі әлемдік мемлекет басқару практикасында кеден ісін жүргізіп отыру, жүзеге асыру тікелей мемлекеттің монополиясына жатады.

Бұл бітіру жұмыста кеден органдарының құқықтық мәртебесі, оның бүкіл жұмыстарының мәні ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп, Қазақстан мемлекетінің негізгі мақсаттары мен функцияларынан туындайтынын, сондай-ақ кеден органдарының мемлекеттік органдар шеңберіндегі, мемлекеттік басқару механизміндегі рөлі, оның мемлекет егемендігі мен тәуелсіздігін жүзеге асырудағы қажеттілігінен туындайтынын көрсетуге қадам жасалды. Кеден органдары функцияларының дәл қазіргі кезеңде қайсысына басым мән беріліп отырғанына атқарушы билік тарапынын кеден органдарын басқаруды ұйымдастыру жүргізілетіні көрсетілді. Мен, тақырыбым бойынша бақылау қызметiнiң механизміндегі бүкіл іс-әрекет ету, әдіс-тәсілдерін, түрлерін анықтау арқылы, оның құзыреттілігін, жауапгершілігін, функциясының шеңберін нақтылау, талдау арқылы тек қана кеден органдары емес мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзге де мемлекеттік органдардың негізгі әрекет ету тәсілдерін, жауапкершілік аумағын анықтаудың құқықтық құралдарын жасауға тырыстым.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Ұсыныс.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.05.1995 жыл.

  3. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі, 05.04.2003 жыл.

  4. Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 12.06.2001 жыл

  5. Назарбаев Н.А. Қазақстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостаяния всех казахстанцев. Послание Президента РК народу Казахстана. Алматы, 1997 г.

  6. Алибеков С.Т. Тамоденное право. Алматы, 1997.

  7. Алибеков С.Т. Таможенное дело в Республике Казахстан. Алматы, 1997.

  8. Алибеков с.Т. Казахстанское таможенное право (общая и особенная части). Алматы, 1999.

  9. С.Т. Әлiбеков. Қазақстанның кеден құқығы. Алматы, 2002.

  10. Бахрах Д.Н., Кивалов С.В. Таможенное право России. Екатеринбург, 1995.

  11. Борисов К.Г. Международное таможенное право. М., 1997.

  12. Ведомости верховного совета Республики Казахстан (1992-1995 годы)

  13. Гребенщикова Л.В. Кубасова И.А. Сарсембаев М.А. Тамоденное законодательство Казахстана и международные таможенные конвенции. Алматы, 1996.

  14. Козырин А.Н. Налоговое право зарубежных стран: вопросы теории и практики. М., 1993.

  15. Мадиарова Д.М., Текенов У.А., Акбаева Б.М. Международные транспортные перевозки и управление таможенным делом: учебное пособие. Алматы, 2000.

  16. Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е., Текенов Ұ.А., Есiмбаева С.О. кеден iсiн ұйымдастыру және басқару. /оқу құралы/. Алматы, 2000.

  17. Мауленов К.С. Основы таможенного законодательство //Основы государства Рсепублики Казахстан/под ред. Г.С. Сапаргалиева. Алматы, 1997.

  18. Моисеев Е.Г. Правовой статус Содружества Независимых Государств. М, 1995.

  19. Международные договоры, ретифицированные Республикой Казахстан, в сфере таможенного законодательства: сборник международных актов /сост. Э.Б. Мухамеджанов, И.В. Межибовская. Алматы, 1998.

  20. Нурахметов Б. Казахстан Республикасының кеден ісі: сұрақтар мен жауаптар. Алматы, 2000.

  21. Сарсембаев М.А. Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности Алматы, 1995.

  22. Сарсембаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии. Алматы, 1995.

  23. Содружество. Информационной вестник Совета глав государств и совета глав правительств (1994-1996 годы).

  24. Таранов А.А. и др. Административное прао Республики Казахстан. Часть общая. Алматы, 1996; часть особенная, Алматы, 1997.

  25. Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Алматы, 2001.

  26. Угаров Б.М. Международная борьба с контрабандой. М., 1981.

  27. Габричидзе Б.Н. Суслов Н.А. «Таможенные органы РФ» М.,1997.



1





Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет