1. Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/2
Дата25.03.2019
өлшемі0.52 Mb.
  1   2

Жоспар

Кіріспе....................................................................................................3

1.Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері.................................6

1.1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні...............................................6

1.2. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері.........................................................................................8

1.3. Шағын бизнес құрудың өзекті формалары......................................13

1.4. Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары............................15

2.Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы..........................19

2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің деңгейін талдау........19

2.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері....25

2.3. Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері..................................................................................................27

3.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары......28.

Қорытынды...........................................................................................40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................44



КІРІСПЕ

Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.

Соңғы жылдары Қазақстанда өз алдына жекелік, белсенділіктікті білдіре отырып өз мүлкімен жауапкершілікті артатын пайда алуға көзделген шағын кәсіпкерліктің даму қарқыны күшеюде.

Кеңес үкіметі кезінде “кәсіпкерлік не бизнес” түсінігі экономикалық лексикадан мүлдем алынып тасталынып, жағымсыз пікір тудырды. Нарықтық экономиканың дамуы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен тәрбиесіне нұсқау береді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформа, шағын кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар көрсетуде. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мағынасы, оның нарықтық экономикаға икемділік және тұрғындардың қаржылық пен өндірістік ресурстарын тартымдылыққа ықпал етеді; монополияға қарсы потенциалды өз мойнына меңгереді; ғылыми-техникалық прогресстің бірқатар бағыттарының дамуына қозғау болады; жұмыс бастылық және нарықтық шаруашылықтың басқа да проблемаларының шешімін табады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік жан-жақты бағытта өріс алуда. Шағын кәсіпкерліктің динамикасы мен экономикалық нәтижесі көп жағдайда сәйкесінше сілтемелермен анықталады: құқықтық базамен, институционалды кәсіпкерлік ортаның қалыптасуымен, кәсіпкерлік құрылымдарды мемлекеттік қолдаумен айқындалуда.

Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтық тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, шағын кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Шағын бизнес кәсіпкерлік өзінің мәнісі жөнінен нарықты экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымының негізін құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді.

Қарқынды даму үстіндегі ел экономикасы Батыс пен Шығыстың озық тәжірибесінен үлгі алғандықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кез-келген дамушы мемлекеттің тұрақты өркендеуінің негізі болып табылатын шағын және орта бизнеске баса назар аударды. Оның ішінде «Шағын бизнес мемлекеттің нарықтық экономикасының маңызды және бөлінбес бөлігі болып табылады»,- деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін «Шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту» қажеттігін айтқан болатын.

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты- нарықтық экономикадағы шағын кәсіпкерліктің маңызын, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасында шағын бизнестің ролін анықтау.

Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:


  • шағын кәсіпкерлік түсінігі мен оның ерекшеліктерін зерттеу;

  • шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларын қарастыру;

  • Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бақылау;

  • Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің проблемаларын ашып, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері.

1.1.Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні.

Кәсіпкерлік феномені ерте кезден бері әлеуметтік – экономикалық ғылымның назарын аударуда. Негізінен, кәсіпкерлік қызмет пен экономикалық қызметті айыра білу керек. Біріншісі, адам әлеуметтік – экономикалық тұрпат ретінде сипатталады, ал өсімдік теру, аң аулау, мал шаруашылығы т.б. экономикалық қызмет түріне тиесілі.

Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен бекуіне себеп болған шешуші шарттар мен факторлардың бірнеше түрін қарастыруға болады:

- Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;

- Жеке тұлғалық идеялардың қалыптасуы;

- Ерікті түрде экономикалық таңдау мен бостандықпен байланысты меншіктік қызметпен шұғылдануға құқықтың қалыптасуы;

- Меншіктің мемлекеттік биліктен сәйкесінше экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;

- Өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси аспектілерінің бір-бірінен бөлінуі;

- Нарықтық экономиканың қалыптасуы және т.б.

Кәсіпкерлік пен бизнестің қалыптасуының ел экономикасына әсері төмендегі сызбадағыдай ықпал береді.



Кәсіпкерлік әр түрлі елдерде әр түрлі адамдармен 800 жылдың көлемінде әрқалай түсіндірілді. Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік терминінің бірдей түсінігінің болмауынан экономистер, социологтар, философтар мен құқықтанушылар оған түрлі анықтама беруде.

Сол анықтамалардың бірі: Кәсіпкерлік - азаматтардың, жеке табыс пен пайда игеру мақсатында өз мүлкін қоя отырып, өз атынан немесе заңдық жауапкершіліктегі заңдық тұлға ретінде іске асыратын белсенді қызметі. Кәсіпкер – заңмен тиым салынбаған кез келген шаруашылық қызметпен айналысады: саудалы-сатып алушылық, кеңестік, коммерциялық делдалдықты енгізе отырып, құнды қағаздармен операциялар және т.б. Кәсіпкер өз қызметінде пайда алу мақсатында қоғамдық игі істерді атқара отырып, жеке даралық табыстылықты қамтамасыз ету комбинациясын іске асырады. Кәсіпорын – ол өзіндік өндіріске қабілеті бар және де шаруашылықтық-өндірістік міндеттерді шешу үшін бағдарланған мүліктік оқшауланған шаруашылықтық бірлік.

1.2.Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері.

Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі. Шағын бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:



  • жаңа жұмыс орындарын құрады;

  • жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;

  • ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;

  • арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді.

Жаңа жұмыс орындарын құру – шағын бизнес өзімен алып жүретін маңызды факторы. Тұрғындардың негізгі бөлігінің тіршілігін қамтамасыз ететін фактор болып қана қоймай, сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болатын маңызды фактор. АҚШ –нда 7 млн. шағын фирмалар 100 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіру – шағын бизнес бұл саладағы лайықты қызметі қауіпсіз бритваны, электрондық қол сағатын, вертолеттарды, тот баспайтын құрыштарды, көшіретін аппараттарды және тағы басқалар болып табылады. Мысалға АҚШ-да шағын бизнес барлық қызметтердің 60% өндірген, барлық өнімдердің жартысын, барлық идея мен жаңа енгізілімдердің жартысына жуығын ұсынады.

Шағын кәсіпорындар тек қана жаңа жұмыс орындары мен тауарларды даярлап ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, клиенттердің айрықша қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мысалы, ескі сағаттар мен антиквариаттық тауарларды жөндеуге шағын бизнес икемдірек болады.

Кіші бизнес дамыған ірі компаниялармен бәсекеге түсіп, үлкен жетістіктерге жете алады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, фирманың іскерлік стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 6 жыл және одан да көп уақыт қажет. Шағын фирмалар үшін бұл мерзім жарты жылдан бір жылға дейін барады. Екіншіден, дәстүрлі саналатындай, технологиялық инновациялар- ірі бизнестің саласы. Бірақ статистика бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін технологиялық инновацияның радикалды 95%-ы кіші бизнес саласынан шықты. Қазіргі кезде шағын фирмаларда инновация мен ашылулар ірі фирмаларға қарағанда 24 есе көп.

Сондықтан, Европалық Қауымдастықтың экономика жеке секторының 15,7 миллион кәсіпорны- кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Шағын бизнес кәсіпорындары қоғамның дамуына үлкен үлес қоса отырып, жұмыс орнының 70%-ын қамтамасыз етті (62млн). Статистика бойынша 16 миллион адам өзіне жұмыс істей бастады, 46 миллион адам жалдамалы жұмысқа тұрды.



Көптеген мемлекеттердің ғалымдары ұзақ уақыт бойы шағын бизнеске анықтама беруге тырысқан. АҚШ Комитет Конгрессі кіші бизнеске 700-дей анықтама берген. Шағын бизнесті сипаттау үшін көптеген критерийлер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, депозиттер көлемі, пайда көлемі. Олардың кең тарағаны жұмысшылардың саны болып табылады. Германияда шағын бизнеске 1-ден 500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорынды жатқызады. Олар төрт категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін; 50-ден 99-ға дейін; 100-ден 199-ға дейін; 200-ден 499-ға дейін. Германияда жылдық айналымы 3,5-нан 11,5 миллионға дейін болатын кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға жатады. Жұмыс орындарының үштен екі бөлігін шағын кәсіпкерлік қамтамасыз етеді. Кесте-1. Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы



Критерилер

Ірі бизнес

Шағын бизнес

1

Өндіріс және қызмет көрсету саласы

Өнеркәсіп, отын-энергетикалық кешен, энергетика

Өндіріс, сауда, қызмет көрсету саласын қамтамасыз етуші

2

Шығарылатын өнім сипаты бойынша

Жалпылай өндіріс

Ұсақ немесе жекелеген өндіріс

3

Жаңа енгізілімдерге ыңғайлылығы

Инновациялық ашылуларға өте ыңғайлы емес

Іріге қарағанда 24 есеге жаңа енгізілімдер көп

4

Стратегияның өзгеруі

6-10 жыл

0,5-1 жыл

5

Қызмет ету аясы

Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кешендер

Ірі, сонымен қатар шағын қалаларда

6

Бәсекелік ортаны құруы

Нарықтың ауқымды үлесін қамту есебіне бәсекенің шектелуі

Бәсекелік ортаның күшейтеді

7

К/о тіркеу және қалыптастыру

Әжептәуір қаржылық шығындар және тіркеу процедурасының ұзақтылығы

Минималды алғашқы шығындар мен тіркеушілік талаптар

8

Жаңа жұмыс орындарын құру

Жұмыс орындарын құру қарқыны елеулі түрде төмен

Жұмыс орындар өте тез қарқында құрылады

9

Жұмыс күшін оңтайландыру мүмкіншілігі

Жұмысшылардың тар мамандануы есебінен болмайды

Жұмысшылардың бірін-бірі ауыстыра алушылығы нәтижесінде іске асады

10

Басқару құрылымы

Аумақты, айбынды басқару

Басқару аппаратындағы минималды жұмыскерлер саны, икемділігі

11

Басқару жүйесіндегі мүдделерді ұйқастыра білу

Құрылтайшылар мен менеджерлер мүдделерінің сәйкес келмеуінен іске аспайды

Басқару жүйесінде қарама-қайшылық кездеспейді

Жапонияда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының критерийлері заңмен анықталған: өнеркәсіпте, көлік саласында және құрылыста- 300 адамға дейін, көтерме саудада- 100, қызмет көрсету саласында- 50. Заң бойынша жарғылық капитал да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыс және көлік саласында- 770 мың доллардан аспау керек, көтерме саудада- 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында- 77 мың доллар.

Ресей заңнамасы бойынша кіші кәсіпкерлікке жататындардың жұмыскерлер саны келесідей болу керек:



  • өнеркәсіпте- 200 адамға дейін;

  • құрылыста- 100 адамға дейін;

  • көтерме саудада- 50 адамға дейін;

  • ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;

  • ғылым мен өндірістік емес салада- 25 адамға дейін;

  • бөлшек саудада- 15 адамға дейін.

Қазақстан Республикасының заңы бойынша шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың жұмысшылар саны келесідей болу керек:

    • өнеркәсіпте, құрылыс саласында және ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;

    • саудада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында- 30 адамға дейін;

    • көлік және байланыс саласында- 25 адамға дейін;

    • ғылым мен инновациялық салада- 20 адамға дейін.

Қазіргі заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады: бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар- тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарым-қатынастардың нақты формальды түрде болмауы.

Шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның шағын бизнесіне келесідей анықтама беруге болады. Бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, шектелген географиялық аймақта жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне иеленетін, негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайтын, басқару ісін осы кәсіпорынның негізін қалаушылар жүргізетін кәсіпорындар шағын бизнеске жатады. Шағын бизнес мемлекет экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарды қамтамасыз етеді. Американ Экспресс мәліметі бойынша, барлық жаңа жұмыс орындар ірі компаниялармен қамтамасыз етілмейді, олар жаңа ғана құрылған шағын фирмалармен бірге пайда болады. Мысалы, 1987 жылы жаңа жұмыс орындарының өсу темпі АҚШ-тың 7 миллион шағын фирмаларда 500 ірі компаниялардың жұмыс орындарының өсуінен 3 есе көп болған.

Кіші бизнес ірі фирмалардың және компаниялардың жақсы жұмыс істеуі үшін жағымды шарттар қалыптастырады. Мысалы, Жапонияда 50- жылдардан бастап контракт арқылы ірі фирмалардан мамандандырылған шағын фирмаларға берілген жұмыстың көлемі өте тез өскен. 1966 жылмен 1981 жылдары арасында ірі компаниялармен контракт арқылы жұмыс істейтін шағын фирмалардың үлесі 53,5 %-дан 65,5 %-ға дейін көбейген. Ал, электронды өнеркәсіпте бұл үлес 1981жылы 85,7%- ға дейін жетті. Кесте-2. Шағын бизнесті құру жолдары


Шағын бизнестің қалыптасуы





Жаңа к/о бастамасы

Қызмет етуші бизнесті сатып алу



Франчайзингтік қарым-қатынас жүйесі

Жанұялық бизнес

Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі- коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы. Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес- жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды іс-шаралар қабылдап, оған максималды түрде қолдау көрсетеді. 1.3.Шағын бизнес құрудың өзекті формалары.



Қазіргі кезде шағын бизнесті құрудың өзекті формалары: франчайзинг және отбасылық бизнес. Ең алғаш франчайзингтік келісім XIX ғасырда тігін машиналарды өндіретін компаниямен оның дилерлері арасында жасалған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін франчайзинг мейманхана комплексі, бөлшек сауда, фармацевтика салаларында франчайзинг принциптері кең қолданылған. 60-70 жылдарда тамақты тез дайындау технологиясы кең таралғанда («Макдональдс» фирмасы) франчайзингтік қатынастардың кезекті серпілісі байқалған. 90-жылдары франчайзингтік келісімдер түрлі мемлекет өкілдерінің арасында жасалғанда, франчайзинг глобальды сипатқа ие бола бастады. Франчайзингтік компаниялар өздерінің франчайзи-мүшелеріне фирманың атын, сауда маркасын, өнімді, жабдықты және тағы басқаны пайдалану құқығын береді. Бастап келе жатқан кәсіпкер үшін франчайзинг жаңа кәсіпорын ашуда тәуекелділікті маңызды төмендетеді. Франчайзингтік келісім жаңа бизнеске үлкен кәсіпорынның жинақталған тәжірибесін пайдалану құқығын береді. Сондықтан, шетелде әрбір 12- кәсіпорынның франчайзингтік болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Франчайзингтік қатынастардың үш типі бар:

  1. Франчайзер- өнім өндіретін немесе қызмет көрсететін фирма, өзінің франчайзине өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын береді.

  2. Франчайзер- өнімнің негізгі өндірушісі, өзінің франчайзине көтерме сауданы жүргізу құқығын береді.

  3. Франчайзер- көтерме саудагер, франчайзи- фирмасына бөлшек сауданы жүргізу құқығын береді.

Франчайзингтің артықшылықтарының біріне- франчайзерден дайындық пен білім алу мүмкіндігі жатады. Франчайзер оқыту процесін ұйымдастырғанда, ол тек өндіріске қатысты сұрақтармен шектелмейді, ол сонымен қатар франчайзді бухгалтерлік есепке, тауар- материалды құндылықтарды бақылауға, еңбек ресурстарын басқаруға үйретеді. Оқу процесі бір-екі күннен бірнеше жұмаға дейін жалғасуы мүмкін. Осы мақсатта арнайы оқыту орталықтары қалыптасады. Мысалы, әлемге әйгілі «Макдональдс» фирмасының қарамағында Университет бар, 1961 жылдан бұл жоғарғы оқу орнын 40000 бизнесмен, менеджерлер бітіріп шыққан. Университетте жақсы жабдықталған 30 дәрісхана бар және бұл жоғарғы оқу орнында отыздан астам профессор жұмыс істейді. Франчайзингтік қатынастардың келесі маңызды артықшылықтардың бірі- франчайзердің қаржылық көмек көрсетуі. Маркетингтік көмек франчайзер сауда маркасын және атын пайдалану құқығына негізделген. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде соңғы 5 жылдың ішінде қалыптасқан франчайзингтік фирмалардың 97%-ы әлі күнге дейін жақсы дамып отыр. Франчайзингтің негізгі кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады: франчайзинг құны, фирма өсуінің шектелуі, франчайзерге тәуелді болуы. Кемшіліктеріне қарамастан, 1970 жылдан 1990 жылға дейін франчайзингтік фирмалар арқылы жүргізілген сауданың көлемі 10%- дан 15%- ға дейін өсті. Франчайзинг жүйесі арқылы АҚШ-та сауда көлемі 758 миллиард долларға дейін жетті, франчайзерлердің көлемі- 2177, ал франчайзи саны- 542000. АҚШ-та 374 франчайзерлердің қарамағында шетелде 35000 франчайзи бар, оның 75%-ы Канадада, Жапонияда, Шығыс Еуропада және Австралияда.

Шағын бизнес құрудың келесі формасы- жанұялық бизнес.Кез-келген жанұялық бизнес- отбасы мен бизнестің симбиозы болып келеді. Жанұялық бизнестің басты артықшылығы-бизнес жүргізуге көмектесетін туысқандық қатынастардың жақсы болуы. Жанұялық бизнесте ірі корпорацияларға қарағанда қызметкер үшін жасалынатын жұмыс жағдайы жақсырақ болып келеді. Сондықтан, АҚШ-та кәсіпорындардың 80-90% жанұялық бизнес болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Қазақстандағы кәсіпорындарға келетін болсақ, жанұялық бизнес қазіргі кезде жақсы даму үстінде. Бизнестің бұл түрін көбінесе шаруа қожалықтары құрайды.



1.4.Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары.

Жалпы «Инновация» ұғымы ағылшынның «innovation» сөзінен аударғанда жаңа енгізілімдер, жаңалықты ғылыми- техникалық игеру мағынасын береді.Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық үрдіс 4 қолданбалы кезеңдерден құралады.



1-ші кезеңде іргелі ізденістік ғылыми- зерттеулік жұмыстар жүргізілді.

2-ші кезеңде қолданбалы ғылыми-зерттеулік жұмыстың соңғы іске асуына мүдделі, инвесторлардың тапсырыстары мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми- зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады.

3-ші кезеңде инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико- экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өнделетін тәжірибелі- конcтрукторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады.

4- кезеңде ғылыми сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық- сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезең.

Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларына келетін болсақ, оның келесідей негізгі үш түрі бар.



Бірінші формасы ескі қызмет етуші компаниялар негізінде мүлдем жаңа шағын кәсіпкерлік субъектісінің қалыптасуымен сипатталады.

Бұрыннан қызмет етуші компаниялар шегінде қалыптасатын шағын кәсіпкерлік субъектілері жас компаниялардың құрылуының прогрессивті әдісі болып саналады. Жаңа компаниялар ірі, алдыңғы қатарлы компаниялармен бұрын ғылыми- зерттеулік және оқу- білімдік мекемелерде жұмыс істеген инженерлер мен ғалымдарды өздерінің инновациялық бағдарламалары мен жаңа өнімдерін әзірлеп, іске асыру үшін олардың күш-жігер, ойларын шоғырландыру және қолдану мақсатында жәрдемдік көмек көрсетіледі. Екінші форма тәуекелділік-венчурлік фирмалардың қалыптасуы мен қызмет ету үрдісімен байланысты. Тәуекелділік- венчурлік фирмалар елеулі түрдегі тәуекелділіктегі инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін құрылатын субъектілерді сипаттайды. Жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер саласында жаңа керемет ойларды игерген бірнеше адамдардан құралатын жобалық топ, сол өздерінің жаңа жобаларын іске асыру үшін қажетті қаржылық және басқа да құралдарды иемденбегендіктен венчурлік технологияларға маманданған венчурлік қорлар немесе инвесторлармен ынтымақтастық құрады.

Венчурлік фирма-ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе,күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчулік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады. Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол- шетел фирмаларының Ресейдегі зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады.



Үшінші формада- технологиялық бизнес-инкубаторлардың қалыптасуы мен қызмет етуіне байланысты. Технологиялық бизнес-инкубаторлар билік немесе ірі жеке меншік компаниялармен немесе ғылыми мекемелермен кәсіпкерліктің жаңа субъектісін жетілдіру мақсатында құрылатын ұйымдар. Инкубатор ұйымдар жаңа құрылған кәсіпорынға жеңіл төлем негізінде жалға беру, экономикалық, техникалық, білімдік, құқықтық және басқарушылық сияқты кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру бойынша кеңестер беруге арналып құрылады. Бизнес-инкубаторлар көбінесе коммерциялық емес ұйымдар болып келеді, олардың құрылудың негізгі мақсаты шағын бизнесті дамыту. «Бизнес-инкубатор» сөзінің мағынасы жаңа кәсіпорын құруда икемді тәсілдердің жүйесін білдіреді. Бизнес-инкубаторлардың тараған жері АҚШ, сонымен қатар бұл жүйе Францияда, Германияда, Швецияда, Англияда, Жапонияда, Қытайда кең қанат жайған болатын. Инкубаторлардың көлемі АҚШ-та 1980 жылы 10 болса, 1994 жылы оның саны 500-ге дейін жетті. Бизнес-инкубаторлардың Ұлттық Ассоциациясының мәліметі бойынша, қазіргі кезде бизнес-инкубаторлар 82000 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бизнес-инкубатордың болуы- шағын кәсіпорындардың банкротқа ұшырау мүмкіндігін төмендетеді. Бизнес-инкубаторлар келесідей қызмет көрсетеді: қаржылық көмек көрсету бойынша консультация, ғимаратпен және жабдықпен жеңілдетілген бағамен қамтамсыз ету. Инкубаторлардың негізгі миссиясы- шағын кәсіпорынның дамуы. Шын мәнінде, бизнес-никубаторлардың негізгі идеясы- жаңа кәсіпорын құруда көмек көрсету және оның жақсы дамуына жағдай жасау. Тәжірибе жинақтаған және потенциалы бар кәсіпорын уақыт өте келе өз күшімен дамиды, яғни, аймақтың экономикасының дамуына әсер етеді, жаңа ашылуларды енгізеді, жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Бизнес-инкубаторлар бизнестің өзге түрі болғандықтан, оны құру үшін ең алдымен маркетингтік зерттеу жүргізіп, қаржы көздерін анықтап, бірнеше фирмалардың дамуын қамтамасыз ететін түрлі бағдарламалар жасау. Университеттің және ғылыми-зерттеу орталықтарының негізінде құрылған бизнес-инкубаторлардың орны ерекше. Олардың негізгі мақсаты- жаңа технологияларды дамыту жолымен ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау мүмкіндіктерін іздестіру. Осындай бизнес-инкубатордың алғашқысы Филадельфияда құрылған. Оның орналасатын жерінің ауданы 400 мың шаршы метр. Орталықта 6000-ға жуық адам жұмыс істейді.

Жоғары келтірілген мысалдарды негізге ала отырып, шағын бизнесті дамыту және оны құруда тәуекелділікті азайту үшін бизнес-инкубаторлардың болуы- маңызды үрдіс. 2-тарау. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы. 2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бағалау. Бұл бөлімде бизнеспен айналысатын шағын кәсіпорындардың және шаруа қожалықтарының қызметтері туралы жедел мағлұматтар берілген. Әлемнің дамыған елдерінде шағын және орта бизнес қоғамның орта сыныбын құрайтын экономика желісі болып табылатыны мәлім. Шетелде шағын және орта бизнес кәсіпорындары экономиканың барлық субъектілерінің 99% дерлік құрайды. Ал Қазақстанда (2006 ж. қорытындылары бойынша) шағын бизнес субъектілері бүкіл экономиканың 92% ғана құрайды. Әлемнің дамыған елдеріндегі елдің ЖІӨ-індегі ШОК үлесі  45-55% шегінде ауытқиды, Қазақстанда шағын бизнес үлесі елдің ЖІӨ-нің барлығы 15,7% құрайды. Мұнда ШОК-тің жұмыспен қамтылуы экономикалық белсенді халықтың 50-70% құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 21%-дан аспайды. ЭЫДҰ елдерінде 1000 адамға ШОК саны 50-80 кәсіпорынды, ал Қазақстанда ол 41 кәсіпорынды құрайды.
Статистика мәліметтері бойынша 2001-2006 жж. елдің ЖІӨ-де шағын бизнестің үлесі елдің ЖІӨ-нің 15,7% құрап, 3 еседен артық (0,4-тен 1,5 трлн. теңгеге дейін) өсті.
ҚР-ның Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2001 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде елде тіркелген ШОК санының 221-ден 846 мың бірлікке дейін төрт еседей дерлік өсуі байқалып отыр. Бірақ бұл кезеңдегі әрекет етуші ШОК санының үлесі іс жүзінде өзгеріссіз - 76-77% деңгейінде қалды. Жұмыс істеуші ШОК саны 4 есе дерлік ұлғайып, 639 мың бірлікке жетіп, елдегі барлық шаруашылық субъектілерінің жалпы санының 91%-дан астамын құрайды. Елдегі шағын кәсіпкерліктің қарастырылып отырған кезеңдегі салалық құрылымы іс жүзінде өзгерген жоқ: 40% дейін ол автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды сатумен және жөндеумен көрсетілген;26,3% ауыл шаруашылығында;20% дерлік өндіріс пен қызмет көрсетуде;және тек 3-4%-дан құрылыс пенөнеркәсіпте.
Кесте-3. Қ.Р.-ның статистика агентігінің 2006 жылғы мәліметтері бойынша тіркелген кәсіпорындар саны:




2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Республика бойынша барлығы

76743

87995

102182

116924

130779

145087

157568

Ауыл шаруашылығы, аңшылық, орман шарушылығы

6743

7403

7842

8439

8772

10005

10147

Балық аулау және балық өсіру

188

236

286

305

312

324

342

Өнеркәсіп

9787

11724

12818

14061

15174

16325

17107

Кен өндіру өнеркәсібі

489

641

689

757

861

969

1112

Өңдеу өнеркәсібі

8599

10266

11206

12370

13382

14377

15037

Электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу

699

817

923

934

931

979

958

Құрылыс

7214

8786

10581

12715

15174

18234

21670

Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу

31399

41143

48826

56200

62519

68029

72177

Қонақ үйлер мен мейрамханалар

1438

1704

1901

2073

2265

2343

2429

Көлік және байланыс

3660

4490

5175

5903

6607

7460

8092

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету

11946

7997

9834

11806

14078

16091

18982

Білім беру

714

806

908

1033

1123

1221

1301

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету

1229

1385

1603

1765

1938

2083

2215

Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету

2425

2321

2408

2624

2817

2972

3106

Статистикалық тіркелім деректерінде Республика бойынша 2005жылы қаңтар айының 1 жұлдызына дейін шағын бизнеспен айналысатын 145,1 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш 2004 жылғы қаңтар айының 1 жұлдызындағы деңгейден 10,9 пайызға жоғары. Тіркелген кәсіпорындардың 71,2 пайызға жақыны жұмыс істейтін кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 51 мыңнан астамы белсеңді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды. Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі (40,5пайызға) саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,8%), құрылыс саласына(13,2%) және жылжымайтын мүліктермен операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,5%) тиесілі.Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2005жылы 1 қаңтарға есептелген дерек бойынша 524,6 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2004 жылдың 1 қаңтарындағы деңгейден 8,7пайызға артты. Есептелген дерек бойынша 2005 жылы желтоқсан айында өткізілген өнімнен түскен табыс 55976,5 млн. теңге болды, бұл көрсеткіш 2004 жылдың қаңтар айындағы деңгейден 16,5 пайызға жоғары. Ауыл шаруашылық саласында шағын бизнес жағдайы шаруа қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Республика бойынша 2005 жылы қаңтар айының 1-не дейін 176,1 мыңнан астам шаруа қожалығы тіркелген. Оның 83,4 пайыздан астамы экономикалық қызметпен айналысады.

2003 жылы тіркелген және қызмет етуші кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласында, 39724 тіркелген кәсіпорындардың 26346 немесе 66,3% қызмет атқаруда.

Шағын бизнес субъектілерінің аз саны Манғыстау (9337), Атырау (10163) және Қызылорда (12124) облыстарына тиесілі.

Шағын кәсіпорындардың географиялық бөліну тенденциясы сақталынуда. Бұл жағдай, бірінші кезекте шағын кәсіпорындар абсолютті басымдылықта тұрғындарға қызмет көрсетуге емес, мемлекеттік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге бағытталған. Сондықтан да жеке кәсіпорындардың басым көпшілігі республикамыздың өнеркәсіпті облыстарында орналасса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне бағдарланып, өнеркәсібі дамымаған базаларда керісінше төменгі көрсеткіште болады.

Шағын бизнестің салалық құрылымын қарастырсақ, онда 90 жылдардың басынан бастап, елеулі өзгерістерді байқамаймыз. Кәсіпкерлердің негізгі бөлігі сауда-делдалдық қызмет көрсетумен айналысуда.

Ірі өнеркәсіптік фирмаларға қызмет көрсетуге бағдарлануы, олардың өз спецификасына байланысты ұсақ фирмалар қарапайым өндіріспен айналыса алады. Шағын кәсіпорындардың күрделі технологиялы өндіріспен айналысу мүмкін емес. Олардың негізгі қызмет ету аясы – сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, бірақта бұл секторда шағын кәсіпкерліктің кең тараған желілерінің дамуы мемлекет тарапынан қаржылық көмек пен материалдық базаның болмауынан кідіріп тұр.

2004 жылы шағын кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің санын 6759 бірлікке, жұмыспен қамтуды 27,7 мың адамға ұлғайтуға ықпал етті. 2005 жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткіштер тиісінше 37800 бірлікті және 168,1 мың адамды құрады.

2004-2005 жылдар ішінде шағын кәсіпкерліктің субъектілері жалпы сомасы 129,1 млрд. теңгеге өнім өндірді, сонымен бірге бюджетке төленетін төлемдер 22,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен бес жылда аударылған салықтық аударымнан 1 млрд. теңгеге артық.



Облыста 140 бірлік болатын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы соның ішінде 8 қор, 15 кәсіпкерлердің ассоциациясы, 15 кәсіпкерлердің кеңесі, 9 шағын бизнесті қолдау орталығы, Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің Жалпыұлттық Кеңесінің «Атамекен» филиалы және тағы басқалары құрылды. Соңғы екі жылда экономиканың өндірістік секторында- 621, өнеркәсіпте- 181, ауыл шаруашылығында- 25, құрылыста- 415 шағын бизнестің субъектілері құрылды.

Кесте-4. Қарағанды облысында шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы туралы ақпарат 01.01.05г.


Көрсеткіштер

1999ж.

2000ж.

2001ж.

2002ж.

2003ж.

2004ж.

Тіркелген ШОК саны, бірлік

20088

21908

24200

26229

31041

35907

Оның ішінде: заңды тұлға

5390

6823

7270

7996

8569

9420

Жеке тұлға

14698

15085

16930

18233

22472

27580

Қызмет етуші ШОК саны, бір.

19116

20718

22994

24866

29067

34595

ШБ саласындағы жұмысбастылар саны, адам.

105155

116782

125146

131155

140473

150220

Экономикалық белсенді тұлғалардан үлесі, %

16,4

16

16,5

17,4

18,8

20,1

Өндірілген өнім көлемі (жұмыс,қызмет), млн. тенге

28882

30600

39770

46827

51087

61154

ШОК орындалған өнім көлемінің ЖАӨ-гі үлестік салмағы, %

14

11

14

15

15

14

“Миттал стил Теміртау” АҚ және “Қазақмыс” АҚ ескермегендегі ШОК жалпы аймақтық көлемдегі үлесі, %

57

50

45

60

72

60

Бюджетке төлемдер млн.тенге

2297,3

3595,5

5010

5165,9

5513,2

8275,6

Aлматы және Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі шағын бизнесте жұмысбастылар үлесін біздің облыс иемденеді.

Сурет-1

Кесте-4. Шағын кәсіпкерліктің өнеркәсіптік салалардағы саудалық жүйеден өндірістік секторға ауысқандығы айқындалады

Салалар бойынша шағын кәсіпорын-дарда өндірілген өнім көлемі

1999г.

2000г.

2001г.

2002г.

2003г.

2004г.

млрд тенге

үлесі,%

млрд. тенге

үлесі,%

млрд тенге

үлесі,%

млрд. тенге

үлесі,%

млрд. тенге

үлесі,%

млрд. тенге

үлесі,%

Өнеркәсіп

1,2

4,2

1,7

5,6

1,7

4,3

2,5

5,3

3,7

7,2

4,7

7,7

Ауыл шаруашыл.

2,3

8

1,9

6,2

3,8

9,6

4,2

9

5

9,8

5,3

8,7

Құрылыс

1

3,5

1,5

4,9

2,5

6,3

3,3

7

3,6

7,1

4,7

7,7

Сауда

22

76

23,1

75,5

26,9

67,5

31,2

66,7

32,2

63

37,5

61,3

Басқа да

2,4

8,3

2,4

7,8

4,9

12,3

5,6

12

6,6

12,9

9,0

14,6

Барлығы

28,9

100

30,6

100

39,8

100

46,8

100

51,1

100

61,2

100

Сурет-2

Шағын кәсіпорындармен өндірілген өнім көлемі 2002 жылғы 46,8 млрд. теңге көлемінен 2006 жылы 73,3 млрд. теңгеге дейін немесе 1,5 есеге ұлғайғаны графиктен айқын көрініп тұр. Осы жылғы бюджетке шағын бизнестен түскен табыс 13 млрд. теңгені құрайды, бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда 2,4 есе ұлғайғанын көрсетті.

Сурет-3



2.2.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері.

Шағын кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:

1. Шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы- ресурстық базасының жетіспеушілігі: материалдық-техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр.Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес.Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып алып, кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ.Тұрғындардың көпшілігінің басы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, 2004-2005 жылдарда оларға 81,4 млрд.теңге несиелер берілді. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры жұмыстарын жаңа бастаған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне, әсіресе, селолық жерлердегі кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетті. Қор өзінің құрылғанынан бергі уақытта кәсіпкерлердің 404 жобасына жалпы сомасы 437,9 млн.теңгеге несие берді, ол 2500-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Соңғы екі жылда Бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттің қаражатынан шағын бизнесті қолдау орталығын құру және кәсіпкерлерді оқыту үшін 12,2 млн. теңге бөлінді. 2004-2005 жылдары тауарлы несиелеуді іске асыру жұмыстары жалғастырылып, оның нәтижесінде Ақтоғай және Ұлытау аудандарындағы 100 шаруа қожалығына 6500 бас қой берілді. Облыста лизингтік компания, 12 несиелік серіктестіктер, 18 микрокредиттік ұйымдар, шағын кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорларының филиалдары жұмыс істейді.

2. Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.

3. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ.

Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне ол коррупцияға апарады.

4. Басты проблеманың бірі- ол кадр мәселесі.Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ ондай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек, ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.

5. Кәсіпкерлік істі әлеуметтік қорғау керек.Ол үшін әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік қамтамасыздандыру тағы басқа шаралар қолданылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет