1. Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері


Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері



жүктеу 0.52 Mb.
бет2/2
Дата25.03.2019
өлшемі0.52 Mb.
1   2

2.3. Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері.


Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің заңдық негізі 90-жылдары қалыптаса бастады. Бизнестің осы түрін қалыптастырып, дамыту мәселелерін реттеуге бағытталған заңдық және нормативтік актілер, заңдар қабылданып, қызмет етуде. Олар кәсіпкерлік қызметтің бірқатар сауалдарын қамтуда: шаруашылықтық қозғалыстың еріктілігі; жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау; шаруашылықтық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың, жеке кәсіпкерліктің, өндірістік кооперативтердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының, әлеуметтік экономикалық зоналардың дамуы; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, лицензиялау; шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау және тағы басқа.
  • ҚР Конституциясы.


  • ҚР Азаматтық кодексі.

  • ҚР кәсіпкерлікті дамыту мен шаруашылықтық қызметтің бостандығы туралы” Заңы 13.01.1993ж.

  • Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР Заңы 1992 ж.

  • Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР Заңы.

  • Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңы.

  • Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілділікті іске асыру бойынша қосымша іс-шаралар туралы” ҚР Президентінің Жарлығы.

  • Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендіру және мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша қосымша іс-шаралар туралы” ҚР Президентінің Жарлығы.

  • Кәсіпкерлік қызметпен айналысу бостандығына азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау туралы” ҚР Президентінің Жарлығы.

  • ҚР ШК қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.


3–тарау.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары.

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы үлкен даму үстінде. Шағын бизнестің бұл даму үдерісінде маңызы зор болғандықтан қалалар мен аудандар әкімдіктері шағын бизнестің тоқтап тұрған кәсіпорындарын іске қосу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Мысалы, тек Қарағанды облысында 2004 жылы 15 кәсіпорын, 2005 жылы 16 кәсіпорын іске қосылды.

2004 жылғы импортты алмастыру бағдарламасын іске асыруға 98 шағын және орта бизнес кәсіпорындары қатысты, отандық өнімдерді нақты жеткізу көлемі 7,1 млрд. теңгені құрады, ал 2005 жылы 124 кәсіпорын жұмыс көлемін 7,3 млрд. теңгеге орындады.

«Астананың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасының және осыған бағдарламалардың қабылдануы шағын бизнестің жақсы дамуына бірден-бір әсерін тигізеді. Мысалы, жоғары аталған бағдарламасымен қарастырылған іс-шараларды іске асыру жұмысы 2004 жылы 29 шағын және орта бизнес субъектілерінде өнімдерді жеткізу мен мердігерлік құрылыс жұмыстары көлемдерін 745 млн.теңгеге, ал 2005 жылы 33 кәсіпорында 1546 млн. теңгеге орындауға мүмкіндік берді. Аталған бағдарламамен кәсіпкерлікті қолдау және құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта бизнестің мәселелері жөніндегі комиссия, облыстық салық комитеті, кеден, қаржы полициясы және прокуратура жанынан сараптамалық кеңестер құрылды.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызметті реттеу Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша Комитетінің құзырына енеді.

Шағын бизнесті дамыту мен қолдау бойынша табысты мемлекеттік саясат төмендегі маңыздылықтардан тұратын интеграциялық тәсілдеме негіздерінен тұрады:



  1. Стратегиялық деңгейінен (саясаттың қалыптасуы);

  2. Мекеме деңгейінен (әрекет етуші ұйымдар);

  3. Кәсіпорын деңгейінен (шағын және орта бизнес);

Шағын бизнесті дамыту мен қолдау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде жалпы жүйенің төрт элементі қатысу қажет:

    • Мемлекеттік орган (саясатты өңдеу, басқа мемлекеттік билік органдарының алдында оны қорғау, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының жұмыстарын бағдарлау) – үлкен билікті өкілеттіктермен, ерекше бақылаушы органдарға қатысты.

    • Жеке құрылымдар (шағын бизнес орталықтары, бизнес-инкубаторы, оқу-консалтингтік орталықтар және т.с.) – кәсіпкерлерге, әсіресе жаңа бастаушы кәсіпкерлерге қажетті қызметтерді көрсету жолымен мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

    • Қаржылық құрылымдар (шағын бизнес қолдау қоры, банктер, сақтандыру және лизингтік компаниялар) –шағын бизнеске қатысты мемлекеттік саясатын несиелендіру, сақтандыруды қаржыландыруды қамтамасыз етеді;

    • Кәсіпкерлік құрылымдар (ассоциации, одақтар және т.б.) шағын кәсіпкерлікті қолдауды күшейту бойынша мемлекеттік саясат барысын талдау және ұсыныстар жасау. Кәсіпкерлермен мемлекеттік органдар арасында кері байланыс және президент, үкімет, парламент алдында шағын кәсіпорындардың мүддесін қорғаштау.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Қазақстанда шағын бизнесті қолдаудың келесі ұйымдастырушылық моделін енгізуге болады.

      • Кәсіпкерлік бойынша Ұлттық кеңес, 1994 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы негізінде құрылған кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бойынша Мемлекеттік комиссия негізінде қалыптасуы мүмкін. Кәсіпкерлік Ұлттық Кеңес шағын бизнеске көмек және қолдау көрсетуші министерства мен ведомоствалар өкілдерімен, бизнес ассоциациясымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдері енуі керек.

      • Кәсіпкерлік саясатын бағдарлаушы орган. Үкімет ішіндегі бұл орган кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың барлық бағдарламаларын және шағын бизнес секторына қатысты барлық саясатты өз қадағалауына алу керек. Мұндай органға Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша Комитетін жатқызамыз.

      • Саясатты іс жүзіне асырушы құрылымдар. Бұл жартылай мемлекеттік, жеке құрылымдар (шағын бизнес орталықтары, бизнес-инкубаторы, оқу-консалтингтік орталықтар), кәсіпкерлерге бизнес-жоспар құру, нарықты зерделеу, жобалардың іске асуының мониторингісі, әртүрлі салада кеңес беру бойынша жұмыс істейді. Бүгінгі таңда, бірқатар облыстардағы шағын бизнес орталықтарын, жеке консалтингтік не оқу орталықтарын енгізетін Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Қазақстандық орталығы қызмет атқаруда.

      • Қаржылық құрылымдар. Шағын бизнес қолдау, демеу бойынша Қоры, екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар.

      • Қоғамдық бірлестіктер. Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгрессі.

Европа Одағына мүше елдерінде және экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымдарында шағын бизнестің ролінің артуы осындағы басым елдердің көпшілігінде арнайы саясатты әзірлеуді қажет етеді. Олардың негізгі мақсаты келесілерді қамтиды:

  • ұлттық шағын кәсіпорындардың халықаралық бәсеке қабілеттілігін дамыту;

  • жаңа жұмыс орындарын құру;

  • шағын кәсіпорындардың экономикалық өсімі;

  • шет ел кәсіпорындарын және инвестицияларын тарту;

  • өндірісті жаңарту;

  • инновациялық қызмет;

  • технология трансферті.

Шет ел тәжірибесі көрсеткендей нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын бизнесті қолдаудағы мемлекеттік реттеудің жалпы қабылданған формалары мен әдістері қазіргі уақытта қарастырылуда. Осы әдістерді мазмұны және бағытталуы бойынша екіге бөліп қарастыруға болады. Мазмұны бойынша мемлекеттік реттеу ұйымдастырушылық-реттеушілік, институционалдық әдісті сипаттайтын экономикалық болып бөлінеді. Бағытталынуы бойынша мемлекеттік реттеу тікелей және жанама ретінде қарастырылады.

Кәсіпкерліктің жоғарғы қарқында дамуына кезінде үлкен масштабта қолдау көрсеткен АҚШ-ның мемлекеттік реттеу әдістері мен жаңа формаларының кейбіреуін біздеде қолдануға болады:



  • Жалпы өсу мен табыстылықтың негізгі кепілі ретіндегі жеке меншікті қорғау. Жеке меншікті қамтамасыз ету кәсіпкерлер үшін бір сәттілік кірісті ғана емес, сонымен қатар жалпы болашақты ойлап қадамдар жасауына ықпал етеді.

  • Кәсіпкерлерге толығымен жағымды, қолайлы болатын саясаттар жүргізу. Бұл жағдай кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламаның дамуы ретінде қарастырылып, кәсіпорындарды құрудағы еркіндік пен жарғылық қорға, негізгі қорға қойылатын талаптарға жеңілдіктер мен шектеулерді және тағы басқаны азайтуды сипаттайды.

  • Импортталынатын тауарларға эмбаргоны (тиым салуды, шектеулерді) енгізу. Отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында импорттық тауарларға эмбарго енгізіледі.

  • Салық тарифтерін төмендету. Егерде салық мөлшері баланстық пайданың 40-50%-ын құрайтын болса, онда бюджеттің табыс көзі қысқарып, кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарып, жалпы салықтық базаның қысқаруына әкелетіні бүгінгі күнде мәлім.

  • Банктік жүйедегі өзгеріс. Кәсіпкерліктің дамуындағы күрделі мәселенің бірі фирмаларды қаржылармен қамтамасыз ету. Алғашқы кезеңде, кәсіпкерлер өздерінің меншікті қаражаттарын иемденбеген кезде банк несиелері қаржыландырудың жалғыз көзі болып саналады. Банк тарапынан пайыздық ставканың төмендеуі мен несиелендіру мерзімінің ұзақ болуы кәсіпкерлік белсенділікті арттырады.

  • Шет елдік инвестицияларды тарту – қаржыландырудың маңызды көзі- шынайы инвестиция ретінде көмекті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар технология, “ноу-хау” және тағы басқа сипатта болуы мүмкін.

  • Кәсіпорындарды, корпорацияларды құру мен акцияларды шығарудың жеңілдетілген процедураларын енгізу. Кәсіпкерлерге жүктелінетін жауапкершілікті шектеу олардың белсенділігін арттырады.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларында олардың екі түрі қарастырылады: негізгі және қамтамасыз етуші. Негізгі бағдарламалардың мақсаты болып кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау. Қамтамасыз етуші бағдарламалар шағын кәсіпорындарға бизнестің сәйкес инфрақұрылымын құру жолымен және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету арқылы (материалдық, қаржылық, еңбектік, ақпараттық) іс жүзіне асады.

Жаңадан құрылатын не қайтадан құрылатын кәсіпорындарға қатысты мемлекеттің саясаты мемлекеттік қызмет органдары тарапынан ауқымды ұйымдастырушылық күш-жігер талап етіп, келесідей бағыттарды қамтиды:



  • Шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету;

  • Кәсіпкерлікті қаржылық демеу;

  • Кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруда көмек көрсету;

  • Бизнесті ақпараттық демеу;

  • Салық салу жүйесі және реттеуші механизмдер арқылы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру;

  • Қоғамда кәсіпкерлік климатты қалыптастыру.

Осы бағыттар шет елде шағын бизнесті дамытудың негізі ретінде қарастырылып, оларға жеткілікті түрде назар аударылуда. Өйткені әр елдің экономикасына серпінділік беретін ірі бизнес алғашқыда осы бастапқы шағын деңгейден басталады.

Біздің республикада да шағын кәсіпкерлікті қолдаумен шұғылданатын арнайы мемлекеттік органды құрудың объективтік қажеттілігі жетілді. 1997 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Экономика және сауда Министрлігінің құрамында арнайы шағын кәсіпкерлікті қолдау органы – шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша Агенттік құрылды. Арнайы шағын бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік орган құру мемлекеттік демеушіліктің бірінші бағыты.



Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша Агенттігінің қызметінің негізгі бағыттары болып келесілер саналды:

  • Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша орталық және жергілікті атқару органдарының қызметтерін үйлестіру;

  • Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын өңдеу, жетілдіру, әсіресе материалдық өндірісте дамытуға қатысу;

  • Шағын кәсіпкерлікке қаржылық және техникалық көмек көрсетуде халықаралық қаржылық ұйымдармен өзара қатынас орнату,

  • Экономиканың шағын секторына шет ел инвестицияларын тарту.

Кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттің қызметінің екінші бағыты қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету. Еуропалық Одақтың барлық елдері шағын және орта бизнеске қаржыландыру көзіне қол жеткізуде әртүрлі тетіктерді қолдана отырып мәселелерді шешуге тырысады. Кейбір елдер (Ұлыбритания, Нидерланды және т.б.) негізінен займ кепілдігін қамтамасыз ету жүйесіне тірек етеді. Еуропалық Одақ елдерінің басым бөлігі шағын бизнесті қолдау мақсатында төлемақылар, жәрдемақылар немесе займдардың жеңілдетілген түрін, инвестицияға фискалдық жеңілдіктер сияқты ерекше резерв құрады. Бельгия, Франция елдерінде шағын бизнеске тәуекелділік капиталын ұсыну тәжірибеленуде. Осы елдердің үкіметтері тәуекелділік қорының болуы мүмкін шығындарын өтеуге кепілденеді. Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша инвестициялық Қорды қалыптастыру.Қазақстан Республикасында қызметі конкурстық негізде шағын бизнес жобаларын қаржыландыруды (5 миллион тенгеге дейін) жүзеге асыруға бағытталған 1997 жылдың 24 сәуірінің №665-ші Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен “Шағын кәсіпкерліктің даму Қоры” құрылды. Оның негізгі мақсаты:

    • Несие мен займдар алуда мемлекеттік кепілділікті қамтамасыз ету.

    • Қоршаған ортаны қорғау құралы - өте қымбат құрылғыларды сатып алуда шағын бизнесті қаржыландыру.

    • Инвесторлар мен фирмалар арасында делдалдық қызметті атқару. Республикада Президент Жарлығымен мемлекеттік және екінші деңгейдегі банктерде тегін есеп жүргізу шоттарын ашу, коммерциялық банктердің шағын кәсіпкерлерге бірінші қызмет көрсетуіне ынталандыру құралдарын қолдану жүзеге асуда.

    • Кәсіпорындарға тікелей инвестиция жүргізу. Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен экономиканың шағын секторының дамуына 100 миллион доллар көлемінде инвестиция салымдарын жүргізіп, жалпы саны 30 мың жұмыс орнын құрайтын 50-60 кәсіпорындарды қалыптастыру қарастырылып, іске асырылуда.

Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша көмек көрсетудің үшінші бағытында мемлекеттің қызметі кәсіпорындарды басқарудың, яғни менеджментін құруда тиімді жүйесін қалыптастыру. Жаңа кәсіпорындардың қызметін қайта тоқтатып жатуының бір себебі тиімсіз менеджмент болып саналуда. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде шағын бизнес саласындағы кәсіпорындар келесідей факторлармен ұшырасқанда қиыншылықа ұрынады: өндіріс (технологиялар, “ноу-хау”), маркетинг (өндіріс және сату жоспарын құру, іске асыру), қаржылық менеджмент және бақылау, ұйымдастырушылық құрылым және басқарушылық шеберлік.

Жоғарыда тізбектелген кәсіпкерлікті демеу жолдарымен қатар мемлекет келесідей кеңестік қызметтерді ұсына алады: бухгалтерлік қызметтер, заңдық кеңестер, жаңа кәсіпорындарды құру бойынша, және де қызметтердің басқа түрлерін тегін не төмен бағамен атқару. Мұндай консалтингтік бағдарламалар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жоғарғы деңгейдегі ынталандырушылықты қамтамасыз етіп, серпінділік береді.

Мемлекеттің төртінші қызметі – бизнеске жан-жақты ақпараттық қызмет көрсету, ол өзіне келесілерді енгізеді: нарық туралы, тұтынушы қажеттіліктері, технологиялық жаңа енгізілімдер, жаңартуды қажетсініп тұрған өндіріс және тауарлар туралы ақпараттар. Мұндай ақпараттар болашақ кәсіпкерлерге нарықтың жаңа “қуыстарын”, өндіріс пен өнімдерді жетілдіру мүмкіншіліктерін, бизнесті ұйымдастырудың жаңа тәсілдемесін игеруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік көмектің бесінші бағыты – салықсалу жүйесі арқылы кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру. Салықсалу жүйесі арқылы мемлекет кәсіпкерлік қызметті сауда-саттық, коммерция саласынан өндіріс саласына бағдарлай алады. Мемлекеттік органдар тарапынан әртүрлі тексеріс, шектеулер көлемінің қысқаруы кәсіпкерлердің белсенділігін арттырып, олардың қызметінің ашық, жариялы түрде бағыт алуына, сонымен қатар бюджеттік төлемдердің түсімін тұрақты қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік көмектің алтыншы бағыты – қоғамда кәсіпкерлік климатты қалыптастыру, бұл өз кезегінде қоғамда іргелі өзгерістерді талап етеді, қоғамдық ой-пікірдің жаңа бағытын қамтамасыз етеді.

“Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры” филиалдары бойынша 2004 жылға қаржыландырылған бизнес жобалар:



  • Астана қаласындағы филиалы 289,5 млн. теңгеге 32 жоба қаржыландырылды;

  • Алматы қаласы бойынша 983,0 млн. теңгеге 113 жоба қаржыландырылды;

  • Ақмола облысы бойынша филиалы 107,0 млн. теңгеге 14 жоба қаржыландырылды;

  • Ақтөбе облысы бойынша филиалында 45,5 млн. теңгеге 11 жоба қаржыландырылды;

  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 94,2 млн. теңгеге 20 жоба қаржыландырылды;

  • Жамбыл облысы филиалы 205,3 млн. теңгеге 44 жоба қаржыландырылды;

  • Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 96,6 млн. теңгеге 13 жоба қаржыландырылды;

  • Қарағанды облысы бойынша 378,9 млн. теңгеге 43 жоба қаржыландырылды;

  • Қостанай облысы бойынша 277,5 млн. теңгеге 34 жоба қаржыландырылды;

  • Павлодар облысы филиалы бойынша 484,7 млн. теңгеге 31 жоба қаржыландырылды;

  • Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 321,3 млн. теңгеге 41 жоба қаржыландырылды;

  • Маңғыстау облысы филиалы бойынша 32,0 млн. теңгеге 1 жоба қаржыландырылды;

  • Алматы облысы филиалы бойынша 398,1 млн. теңгеге 43 жоба қаржыландырылды;

  • Қызылорда облысы бойынша 13,8 млн. теңгеге 5 жоба қаржыландырылды;

  • Семейдегі өкілдік бойынша 40,0 млн. теңгеге 4 жоба қаржыландырылды.

Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілерін қорғау механизмдерін құруда келесі міндеттер шешімін қарастыру керек:

    • Құқық қорғау органдарында шағын кәсіпкерлікті қорғау міндеттерімен айналысатын бөлімшелер құру;

    • Нарықтық инфрақұрылым элементтері үшін кәсіпкерлікті қорғау функцияларын ынталандыру;

    • Кәсіпкерлер құқығын салалық, салааралық және территориялық белгілері бойынша қорғауды жүргізу үшін арнайы ассоциацияларды құру;

    • Қазақстан Респубикасында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көмектесу,

    • “Сот және соттардың мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы заңының шеңберінде мамандандырылған салық соттарын құру процесін тездету,

    • Шағын кәсіпкерлікті қолдау институттарын құру схемасын жасау, оның ішінде: Республикалық ақпараттық көрме орталығын құру,

    • Заң және нормативтік актілерді жүйелеу, шағын кәсіпкерлік саласында заңдарды қолдануда соттық-прокуратуралық тәжірибені талдап, қорыту.

Заң және нормативтік базаны жетілдіру келесі міндеттерден тұрады:

    • “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу,

    • “Лизинг туралы” 1989 ж. Бүкіл әлемдік Оттава конценвациясына қосылу,

    • Алтын іздеуші артельдердің қызметін құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар жасау,

    • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдік жасау жөнінде қолданыстағы салық және кеден заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу,

    • ҚР “Қол өнер кәсібі және қол өнеркәсібімен шұғылданушылық туралы” заңының жобасын дайындау,

    • ҚР Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 “Жекешелендіру туралы” заң күші бар жарлығына өзгертулер енгізу.

Шағын кәсіпкерлікті кадрлық және ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету бағдарламасы келесілерден тұрады:

    • Кадрларға деген қажеттілікті зерттеп үйрену,

    • Кәсіпкерлікті қорғауға бағытталған оқыту бағдарламаларын жасау және олардың базасында кәсіпкерлікті қорғау мәселесі бойынша кеңес беру қызметтерін ұйымдастыру,

    • Шағын кәсіпкерлікті қорғау инфрақұрылымының білім беру органдарын жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету,

    • Бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, жалпы кәсіпкерлікті оқытуды жүзеге асыру,

    • Шағын кәсіпкерлік бойынша заң және нормативтік –құқықтық актілер мен оларға енгізілген өзгерістер туралы кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмысын жүргізу,

    • Кәсіпкерлік қызметіндегі өнеге мен этика негіздері бойынша оқыту бағдарламаларын дайындау,

    • Республикалық және аймақтық құрылымдарда қызметкерлер мен жетекшілерді дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыру,

    • Оқыту орталықтары арасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша ең жақсы авторлық бағдарламаға конкурстар өткізу,

    • Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша кәсіпкерлер кітапшаларын жинақтарын және т.б. материялдарды дайындау және шығару,

    • Кәсіпкерлік қызметінің негізі бойынша жастарды, әйелдерді және қолы бос азаматтарды оқытуды ұйымдастыру.

Қазіргі таңда Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша барлық жұмысты мемлекеттік деңгейде Сауда және индустрия Министрлігіне қарасты шағын кәсіпкерлікті қолдау Комитетіне жүктелген.

Әртүрлі министрліктер, ведомостер және мемлекеттік органдар бағдарламаны іске асыруға белсенді түрде қатысады, соның ішінде:шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, Республикалық ақпараттық көрме орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, энергетика индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, ауылшаруашылық министрлігі, Бас Прокуратурасы, Іскер әйелдер қауымдастығы және басқалар.



Қорытынды
Бірінші тарауда көрсетілгендей шағын бизнестің нарықтық экономикада маңызы зор. Шағын бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:

  • жаңа жұмыс орындарын құрады;

  • жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;

  • ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;

арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді

Жаңа жұмыс орындарын құру – шағын бизнес өзімен алып жүретін маңызды факторы. Тұрғындардың негізгі бөлігінің тіршілігін қамтамасыз ететін фактор болып қана қоймай, сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болатын маңызды фактор. АҚШ –да 7 млн. шағын фирмалар 100 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіру – шағын бизнес бұл саладағы лайықты қызметі қауіпсіз бритваны, электрондық қол сағатын, вертолеттарды, тот баспайтын құрыштарды, көшіретін аппараттарды және тағы басқалар болып табылады. Мысалға АҚШ-да шағын бизнес барлық қызметтердің 60% өндірген, барлық өнімдердің жартысын, барлық идея мен жаңа енгізілімдердің жартысына жуығын ұсынады.

Шағын кәсіпорындар тек қана жаңа жұмыс орындары мен тауарларды даярлап ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, клиенттердің айрықша қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мысалы, ескі сағаттар мен антиквариаттық тауарларды жөндеуге шағын бизнес икемдірек болады.

Бүгінгі таңда шағын бизнес өнімдерін өткізудің қазіргі жағдайы шектелген. Оны кеңейту үшін келесі іс-шаралар ұсынылады:


  1. Ірі және шағын бизнес интеграциясы, атап айтқанда ірі компаниялар құрылымында шағын кәсіпорындарды біріктіру. Бұл жағдайда ірі бизнес өзінің бөлімшелерінен бөлек, арендаторлар мен иегерлерімен басқарылынатын, бірқатар ұсақ дербес шаруашылық бірліктерін құрады. Франчайзинг.

  2. Лизингтік қызметтерді құру ;

  3. Өнімді өндіруде ғылымды қажет ететін технологиялардың көмегімен, зертхана мен ғылыми-зерттеушілік фирмалардың ашылуымен өндірісті ендіру. Олар идеялар мен жаңа әзірлемелерді барлық мүдделілерге сатушы ролінде жеке және тәуелсіз болуы мүмкін.

  4. Венчурлік бизнестің дамуы. Мемлекетпен венчурлік бизнесті демеу келесі формада:

  • Инновациялық және венчурлік қызметпен байланысты ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелі-конструкторлық, технологиялық жұмыстарды қаржыландыру;

  • Венчурлік қызметті қамтамасыз ететін, жобаларды және іс-шараларды, бағдарламаларды қаржыландыру, венчурлік қызметтің инфрақұрылымы субъектілерін қалыптастыру мен дамыту.

Статистикалық тіркелім деректерінде Республика бойынша 2005жылы қаңтар айының 1 жұлдызына дейін шағын бизнеспен айналысатын 145,1 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш 2004 жылғы қаңтар айының 1 жұлдызындағы деңгейден 10,9 пайызға жоғары.

Шағын кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі.

1. Шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы- ресурстық базасының жетіспеушідігі: материал-техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр.Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес.Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып алып, кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ.Тұрғындардың көпшілігінің басы артық ақшасы болмады,ал өз ісін бастап кәсіпер болу үшін өзінің қаражаты жоқ.Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті.Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек.

2. Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.

3. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ.

Олардың істеген жұмысынан қорыиынды табу қиын,қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын.

4. Басты проблеманың бірі- ол кадр мәселесі.Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді.Ол мүмкін дұрыс болар,бірақ ондай адамдар аз.Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.

5. Кәсіпкерлік істі әлеуметтік қорғау керек.Ол үшін әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік қамтамасыздандыру тағы басқа шаралар қолданылуы тиіс.

Есептелген дерек бойынша 2005жылы желтоқсан айында өткізілген өнімнен түскен табыс 55976,5 млн. теңге болды, бұл көрсеткіш 2004 жылдың қаңтар айындағы деңгейден 16,5 пайызға жоғары. Ауыл шаруашылық саласында шағын бизнес жағдайы шаруа қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Республика бойынша 2005 жылы қаңтар айының 1-не дейін 176,1 мыңнан астам шаруа қожалығы тіркелген. Оның 83,4 пайыздан астамы экономикалық қызметпен айналысады. 2003 жылы шағын бизнесте жұмыс істейтіндер саны 140 мыңнан астам адамды; шығарылатын өнімнің көлемі- 50,6 млрд. теңгені; бюджетке төлемдер көлемі 5,3 млрд. теңгені; берілген несиелер көлемі 17 млрд. теңгеден асуымен құрайды

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы үлкен даму үстінде. Шағын бизнестің бұл даму үдерісінде маңызы зор болғандықтан қалалар мен аудандар әкімдіктері шағын бизнестің тоқтап тұрған кәсіпорындарын іске қосу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Мысалы, тек Қарағанды облысында 2004 жылы 15 кәсіпорын, 2005 жылы 16 кәсіпорын іске қосылды.

2006 жылдың күзінде Қазақстан экономикасы үшін маңызды қадам жасалынуы көзделініп отыр. Бұл шара- Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына өту. Соған сәйкес Елбасымыздың осы жылғы халқына айтқан жолдауында шағын бизнесті дамыту Қазақстан экономикасы үшін маңызды үрдіс екенін айта кету керек: « Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс…» [11]

Қолданылған әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Алматы 2000 ж.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан

Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.

3. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.

Қазақстан Республикасының кодексі.

Алматы 2004 ж.

4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы.

Алматы 2002 ж.

6. Қаржы. Оқулық. Балабанов А.И., Балабанов И.Т.

Петербург 2000 ж.

7. Финансовая система: экомическое содержание и мезанизм

использования. Зейнельгабдин А.Б.

Алматы 1995 ж.

8. Қаржы теориясы. Оқу құралы. Құлпыбаев С.

Алматы 2001 ж.

9. Мемлекет және бизнес. Мамыров Н.К., Саханова А.Н.

Алматы. Экономика 2002 ж.

10.Ақша, Несие, Банк. Оқулық. Соколовой О.В.

Алматы 2001 ж.

11.Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының

стратегиясы. Назарбаев Н.Ә.

Алматы 1992 ж.

12.Тәуелсіздік нарық экономика. Бабақұлы Б.

Алматы 1996 ж.
13.Жаңа қаржылық менеджмент. Бовыкин В.

Алматы 1997 ж.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет