Әлеуметтік желіде жомарттығымен танымал “бетперде таққан адам” су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 1 миллион доллар (450 миллион теңге) жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Аты-жөні белгісіз “бетперде таққан адам” Қазақстандағы су тасқыны мәселесінің ауқымын мәлімдеп, пост жариялады. 

“Құрметті ағайын, бауырлар! Біз өте ауқымды су тасқыны мәселесіне тап болдық. Еліміздің 10 облысы суға кетіп, төтенше жағдай жарияланды. 108 адам эвакуацияланып, 5000-нан астам үй су астында қалды. 8000 мал қырылды. Қазақстанға жақын Орынбор қаласында да дамбы жарылды. Енді су тасқынының 2-толқыны болады деп болжанып отыр. Біз зардап шеккендерге 1 миллион доллар көмек береміз. Біз көмек қолын созған барлық еріктілерге, құтқарушыларға және селқостық танытпаған тұрғындарға, басқа елдің азаматтарына алғысымызды айтамыз. Біз бірге бұл апатты өткереміз”, – деді белсенді.

 

  • "Бетперде таққан адам": Мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген блогер өзінің қайғылы оқиғасын айтты

Оның айтуынша, бұл жағдай қазақстандықтардың бірігуіне және мықтырақ болуына әсер етті. 

Еске салсақ, Stan.kz ақпарат агенттігі ұйымдастырған сауалнамада бетперде таққан адам "Жыл адамы 2023" мәртебесіне ие болған еді. 

Айта кетсек, еліміздің 8 өңірінде су тасқынының беті қайтар емес. Тасқын салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар саны 100 мыңнан асты. 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.