Түркияның "Адана Демирспор" клубы "Астана" және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:  Adana Demirspor әлеуметтік желісі

“Адана Демирспор” баспасөз қызметінің мәліметінше, келісім тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 1,5 жылға жасалды.

"Біздің отбасымызға қош келдіңіз! Сізге сәттілік тілейміз!", – делінген клубтың хабарламасында.

"Адана Демирспор" 23 матчта 31 ұпай жинап, Суперлига кестесінде сегізінші орында тұр. Қазақстандық футболшылар Түркия чемпионатында легионер болып есептелмейді. Абат"Қайрат" пен "Ақтөбеде" де ойнаған. 

Өткен маусымда шабуылшы "Астана" сапында 45 матч өткізіп, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.