1-мәтін Армысың, жас ұрпақ!



Дата02.09.2022
өлшемі22.4 Kb.
#175207
Байланысты:
нөлдік бақылау 6


«Қазақ тілі» (Т1) пәні бойынша жалпы орта білім беретін мектептер үшін бастапқы бақылау кескіні
6-сынып.
1-мәтін
Армысың, жас ұрпақ!
Өмір, шіркін, адам үшін бір жалт еткен сәуле екен, мен оны тоқсанға келгенде өз көзіммен көріп отырмын. Қол дірілдемеген, көз бұлдырамаған, кәрі жүрек шабысынан танбаған шақта аталарың батасын бермекші, қарақтарым, құлақ сал.
Адамның басшысы-ақыл, жетекшісі-талап, шолушысы-ой, сынаушысы-халық, қорғаушысы-сабыр, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар, барлығының ардақтысы-өмір. Өмір бір-ақ рет беріледі, жарқ етіп өте шығады. Сондықтан әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл. Дүниедегі ең қызық-сыйласу, ең қымбат-сыйласу, ең жақсы-сыйласу, ең тәтті де сыйласу, ұмытпа, ұмытпа.
Ал сау болыңдар, ұрпақтар. Менің сендерге деген махаббатым шексіз. Менің берген батамды мұра етіңдер. Мен сендерге тыныш өмір, үлкен бақыт тілеймін. Мерейлерің үстем болсын. Теңіз күрсінбесін, таулар сілкінбесін!
Қош!
Аталарың Ыбырай Жақаев.

1 . Бұл cөздердің авторы Ы.Жақаев кім?


А) ғалым
В) малшы
С) күрішші
Д) жазушы

2. Автор өзінің жастарға үндеуін не деп атайды?


А) өлең
В) бата
С) аманат
Д) хат


3. Автордың негізгі ойы не туралы?
А) Өмірдің әр күнін, әр мезетін бағалай білу туралы
В) Өзінің тоқсанға келгендігі туралы
С) Жастарға махаббаты шексіз екендігі туралы
Д) Автордың бата бергісі келіп тұрғаны туралы

4. Ы.Жақаевтың ойынша, өмірдің мәні неде?
А) көңілді жүруде
В) еңбек етуде
С) сыйласуда
Д) іскерлікте


5. Мәтінге сай ойды табыңыз.
А) Өмір – бір сәт, ойна да күл!
В) Адам ақыл–ойлы, арлы, сабырлы, арманшыл, талапты болуы керек.
С) Адамдардың бәрін сыйлау қажет емес.
Д) Арсыз, талапсыз, армансыз адамдар да бақытты болады.

6. Мәтіннен тәуелдік жалғауын табыңыз..


А) Менің
В) Мерейлерің
С) Мен
 Д) Адамның

7.Мәтіннен жіктік жалғауын ажыратыңыз.


А) Адамның
В) Теңіз
С) Мен
Д) Менің

8.Берілген сөйлемнен ілік септігінің жалғауын табыңдар.
«Адамның басшысы-ақыл, жетекшісі-талап, шолушысы-ой, сынаушысы-халық»
А) Жетекшісі
В) Адамның
С) Сынаушысы
Д) Шолушысы

9. Мәтіннен табыс септік жалғауын табыңдар.


А) Батамды
В) Тоқсанға
С) Шабысынан
Д) Сыйласуда


10.Сөзде неше буын бар,көрсетіңіз.
Күрсінбесін
А) төрт
В) бес
С) үш
Д) екі

11. Көптік жалғауы бар сөздер қатарын тап.


А) ұрпақтар, таулар.
В) тыныш өмір,
С) Мерейлерің
Д) үлкен бақыт.


12.Түбір сөзді табыңыз
А)көкте
В) сөйлес
С) санас
Д) дала .

13 «Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз


А) жаман
В) үлкен
С) кеш
Д)сұлу

14.Жұрнақ арқылы жасалған зат есімді анықтаңыз


А) үй
В) достық
С) арман
Д) көл

15.Реттік сан есімдердің жұрнақтарын табыңыз


А) - ау, - еу 
В)- ы, - і
С) – ыншы, - інші, - нші,- ншы
Д) - ақ, - ек

16.Қазір олай емес,әркім ... жұмыс істейді


А) біреу үшін
В) туысқан үшін
С) өзі үшін
Д) сен үшін

17.Өздік есімдігін табыңыз


А) сендер
В) өзіңіз
С) ештеңе
Д) барша

18.Не істедің? – сұрағын қай етістікке қоюға болады,белгілеңіз


А) сыйладым
В) сыйлады
С) сыйладыңыз
Д) сыйладың

19. -ым, -ім- ненің жалғаулары?


А) көптік жалғауы
В) тәуелдік жалғауы
С) жіктік жалғауы
Д) септік жалғауы.

20.Ұяңнан басталып,ұяңға аяқталған сөзді табыңыз


А) тоғыз
В) жүз
С) бір
Д) сегіз


2- мәтін.
Құлын
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны ана ағашқа байлап қойды. Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі — ақ. Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекел еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. «Жануар — ай, шөлдеген екенсің ғой» деп ойладым.
Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым. Құлын жасқана басып суға жақындады. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырынып шегінді. Суды азайтып ағыздым. Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады.

21 Құлынға қатысты шақыру одағайын белгілеңіз


A) құрау-құрау
B) моһ-моһ
C) пұшайт-пұшайт
D) әукім-әукім

22. Біраздан кейін тәуекел еттім.


Берілген сөйлемнің мазмұнына сай мақал- мәтелді көрсетіңіз.
A) Тәуекелге тәубе ет.
B) Нар тәуекел- ер ісі.
C) Тәуекел түбі- желқайық.
D) Тәуекел тас жарады.

23. Мәтіннен сын есімді табыңыз.


А) Әдемі
В) Ағашқа
С) Жанына
Д) Тұмсығын

24.Мәтіннің түрін анықтаңыз


A) әңгімелеу
B) суреттеу
C) пайымдау
D) сипаттау

25. Мәтіннен ілік септігінің жалғауын табыңдар.


A) Жақындауға
B) Биенің
C) Шелекті
D) Аузын.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет