Футболдан Қазақстан құрамасы Түрікменстанға қарсы жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының қарсаңында Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді. Араға 30 жыл салып, Қазақстан мен Түрікменстан футболшылары жасыл алаңда қайта кездесіп отыр. 1994 жылы өткен ойында Қазақстан құрамасы тең түссе, бұл ойында футболшыларымыз жеңіске жетті. Ислам Чесноков пен Александр Зуевтің соққан голының арқасында құрамамыз 2:0 есебімен ұтты. 

Грекияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының нақты құрамы жасақталды

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстан мен Түрікменстан екі рет кездесіп, бір рет Қазақстан жеңіске жетсе, бір рет тең түскен. 

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.