1. Оқыту принциптерi туралы түсiнiк



бет1/10
Дата24.11.2022
өлшемі126 Kb.
#179381
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Принциптер
волейбол

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ.



Тақырыбы : «Оқытудың принциптері»





Орындады:______________


Тобы:_________
Қабылдады:______________
Шымкент-2013ж.
Жоспар:

  1. Оқыту принциптерi туралы түсiнiк.

  2. Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері .

  3. Принциптер мен ережелердiң мəнiн ашу жолдары.

  4. Қорытынды.

  5. Қолданылған әдебиеттер



1. Оқыту принциптерi туралы түсiнiк.
Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын жəне заңдылықтарын пайдалану əдiстерiн сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушiлер оқыту принцип-терiн, негiзгi қағидаларды белгiлеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-əлеуметтiк жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгерiп отырғандықтан, кейбiр принциптер ескiрiп (табиғатқа сəйкестiк, партиялылық), кейбiреулерi жаңадан пайда болады (кiрiктiру, iзгiлендiру).
Кейбiр авторлар оқыту принциптерiнiң санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керiсiнше, кеңейтудi ұсынып келедi. Заманауи принциптер оқу процесiнiң барлық құрамдас бөлiктерiне (логикасына, мақсатына, мiндеттерiне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлерi мен əдiстерiн таңдауға, ынталандыруға, нəтижелердi жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады. Оқыту процесiнде кез келген мұғалiм дидактиканың принциптерiн басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тəсiлдерiн жəне ұйымдастыру формаларын таңдап, шəкiрттерiн жоғары нəтижелерге жеткiзуi шарт. Мұғалiм дидактикалық принциптердi дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиiмдi жəне нəтижелi болары даусыз.
Дидактикалық принциптердiң қызметi: олардың негiзiнде оқушыларда оқытудың мақсатына сəйкес берiлетiн бiлiм мазмұнын жүйелi, саналылықпен белсендi түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптерi оқыту процесiнiң негiзгi буыны ретiнде бiрiмен-бiрi логикалық өзара байланыста болады.
Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негiзделген белгiлi жағдайдағы белгiлi мақсаттағы педагогтық қызметтiң бейнеленуi. Ережелер оқыту принциптерiн қолданудың тəжiрибелiк жақтарын көрсетедi, теориядан тəжiрибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалiмге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттiлiгiн ұсынады.
Әрбiр мұғалiм дидактикалық ережелердi типтiк, стандарттық жағдайлар-да тиiмдi пайдаланса, күрделi педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйенiп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетерi сөзсiз.Ережелер принциптерге сүйенедi, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тəжiрибе-нiң қорытындысы ретiнде дидактика принциптерiн қолдану құралы болады.Сонымен, педагогтар оқытудың принциптерiне сай қалыптасқан белгiлi ережелерге сүйенiп мақсат-мiндеттерiн iске асырады.
Бiздiң оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалiмнiң басшылық ролi; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту жəне тəрбиелеу бiрлiгi; iзгiлендiру; жас жəне дара ерекшелiктерiн назарға алу; кiрiктiру принциптерi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет