«Жаңаны танып білу маңызды»
Топтарға материал беріледі, тақырып бойынша постер қорғайды.
І топ материалы
Кесте құру.
Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтары, т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.
Кесте ұғымы
Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан тұрады. Баған дегеніміз көршілес ұяшықтың тік бірлестігі. Жол дегеніміз көршілес ұяшықтың көлденең бірлестігі.
Ұяшық ұғымы
Ұяшық баған мен жолдың қиылысында орналасқан. Ұяшықтағы мәтінді ереже бойынша пішімдеуге болады.
Кесте жасау әдістері:
Кестені бірнеше әдіспен жасауға болады.
ІІ топ материалы
Құжатта кестені даярлаудың үш әдісі бар:
1 – әдіс.
Бос кестені орналастыру үшін курсорды қажет жерге
апарып, Кірістіру (вставка) - Кесте (Таблица) мәзіріндегі → Кірістіру → Кесте
(Вставить → Таблицу) командасын таңдаймыз.
2 – әдіс.
Кестені Стандартты аспаптар тақтасындағы
Кестені қосу (Добавить таблицу) батырмасын шерту арқылы құрамыз
3-әдіс.
Кірістіру (вставка) → Кесте (Таблица) мәзіріндегі → Кесте сызу (нарисовать таблицу командасын орындаймыз.
ІІІ топ материалы
Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Макет → Вставить ячейки командасын орындаңдар. жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер.
Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:
- Контекстік менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз немесе
- Макет- Объединить ячейки
Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа маусты орналастырып немесе
- Контекстік менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз.
-Макет- Разбить ячейки
Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:
- Конт.менюден-Удалить строки немесе Удалить столбцы
-Макет- Удалить строки немесе Удалить столбцы
|