1. Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет1/9
Дата21.09.2022
өлшемі1.01 Mb.
#175611
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ежелги дуние Силлабус дұрысы
Документ Microsoft Office Word, Документ Microsoft Office Word, мазмұны 7, 1-Информация для подписчиков, Лекция механизм , 6. Көкөніс шаруашылығы, Питчинг


1. Пәннің қысқаша сипаттамасы. Дүние жүзілік тарихтың бір бөлігі ретінде алғашқы адамдардың қауымдык өмір тіршілігінен бастап, кұлиеленушілік құрьлыстық өріс алуына негіз болған теңсіздік пен таптық қатынастардың қалыптасуы мен даму тарихын б.э.д. V мың жылдықтардан бастап б.э. V ғасырына дейінгі тарихи кезеңдерді қамтитын пән болып табылады. Ежелгі дүние тарихы пәні дүниежүзілік тарихтың негізгі бөлімі алғашқы қауымдык, рулық құрылыстағы нағыз ежелгі дүние жалғасын түсіндіруші пән болып табылады. Ежелгі дүние тарихының міндеті қазіргі заманғы бүкіл Шығыс және Европа елдерінің антика заманы мәдениеті негізінде өсіп өркендеген тарихын жаңа ғылыми әдебиеттер мен ғылыми жаңалықтар негізінде білімгерлерді оқып үйрету болып табылады.
Ежелгі дүние тарихы екі бөлім негізінде қарастырылады: 1. Ежелгі Шығыс тарихы-Солтүстік-Шығыс Африканың, Бергі Азияның, Оңтүстік және Шығыс Азияның ең ежелгі таптық қоғамдарымен таныстырады. Сонымен қатар Египетпен және Алдыңғы Азиямен танысу Нил аңғарындағы және Месопотамиядағы мемлекеттердің кұрылуьнан басталып, оларды парсылардың жаулап алуына дейін жеткізіледі. Бұл елдердің бұдан арғы тарихы бүкіл Жерорта теңізі елдері тарихының бір бөлігі ретінде қаралады. Сондай-ақ Үндістан және Қытай тарихымен танысу да Үнді аңғарындағы (б.э.д. III м.ж.) және Хуанхэ аңғарындағы (б.э.д. II м.ж.) ежелгі мемлекеттер заманынан басталып, біздің эрамыздың алғашқы ғасырларына дейін жеткізіледі.
Ежелгі Шығыс тарихынан білімгерлер:
-алғашкы кауымдық құрылыстың ыдырау процесстерінің алғы шарттары мен кұлиеленушілік күрылыстың қалыптасуы, даму тарихын оқып игереді;
-ежелгі шығыс елдерінің шаруашьлығына географиялық ортаның тигізген әсерін түсінуге баулынады;
-ежелгі халықтардың өмір тұрмысын, кұлиеленуші мемлекеттердің шығуын мемлекеттердің алғашқы дамуын, материалдық мәдениетін, кұлдыкгың пайда болуын және тап күрестерінің шығу себептері мен салдарын оқып үйренеді;
-ежелгі шығыс халықтары мәдениетінің аса маңызды жетістіктерінің дүние жүзілік мәдениетке ықпалы мен мәдени құндылықтардың даму үрдістерін игереді;
2. Ежелгі Антика тарихы бөлімі-Балкан түбегі мен Аппенин түбегі халықтары мен мемлекеттерінің негізі болған тарихи даму үрдістері мен Греция, Рим мемлекеттерінің коғамдық даму құрылыстарын тарихи кезеңдерге бөле отырып қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет