Белгілі актриса, әнші Дариға Бадықова фильмін сынаған бизнес-тренер Ахметбек Нұрсилаға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aq pen qara подкастына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Спикерлердің жеке парақшасынан алынды

Актрисаның продюсерлігімен түсірілген “Таптым-ау сені” фильмі рекорд орнатты. Алайда бизнес-тренер желідегі парақшасына жазба жариялап, сынаған еді.  

“Халық топырлап барып жатыр" дегенді естіп, біз де барып көрдік. Шошқа қорадан тамақ ішкендей, жүрегіміз айнып шықтық. Актерлердің шеберлігінде сөз жоқ. Бірақ ұлтты осынша қорлап, осынша төмендету үшін туған халқыңды қалай жек көре білу керек?! Не деген сорлылық! Ұлтқа жасалып жатқан қастандық, басқа ештеңе айта алмаймын. Қазір көрсетіліп жатқан қазақ киноларының бәрі осындай болса, онда масқара! Құрыған, біткен екенбіз", — деп жазған еді бизнесмен.

  • "Томирис" кітабының авторы Нұрсұлтан мен Әлия Назарбаевтарды сотқа берді: Орымбетов талап еткен 50 миллион теңгесін алды ма?

  • "Мен үшін жаңалық емес": Жұлдыз Әбдікәрімова "Дәстүр" фильмі туралы пікір білдірді

Орайы келгенде актриса да ел ағасына жауабын берді. 

“Қазақтың жауы – қазақ. Ол кісінікі тап-таза іштарлық. Бишараның қызғаныштан ішегі айналмайды. Қонақты бір көзді ашып, екінші көзді жұмып қойып аңдиды екенсің. “Қорада түсірген киносы осы ма?!” деген сөзді де естідік. Сен сол қора-қопсықтан шықтың ғой. Оның несіне намыстанасың?! Менің ауылдан кетпейтінім анық. Ауылдан шыққаныңды көрсету намыс па?!. Олар біз арқылы танылғысы келетін шығар, бәлкім. Қазақтың бір-бірін аяқтан шалуға еті үйреніп кеткен. Ақшасын санайды. Ол байыса сен де байып кет. Нұрсила ағамыздың тірлігін көріп, қатты ұялдым. Телефонын қосып қойып, түсіріп отыр. Ер адамға жараспайтын қылық. Өнер адамы арқылы өзіне ұпай жинап отыр деп қабылдадым”, – дейді актриса. 

Еске салайық, Дариға Бадықова киносын сынаған аға буын өкілдеріне ренжігенін жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.