1. Ұсақталған шөпті жасанды жолмен кептіру үшін, одан кейін кепкен ұсақ-талған шөп пен ұнтақты дән жармалары біріккен қосындыларынан дәруменді ұн, түйіршіктер мен брикеттер жасау үшін, өнімділіктері 0,65; 0,4; 1,5



Дата17.01.2022
өлшемі109.28 Kb.
#169778
Байланысты:
Ұсақталған шөпті жасанды жолмен кептіру


1. Ұсақталған шөпті жасанды жолмен кептіру үшін, одан кейін кепкен ұсақ-талған шөп пен ұнтақты дән жармалары біріккен қосындыларынан дәруменді ұн, түйіршіктер мен брикеттер жасау үшін, өнімділіктері 0,65; 0,4; 1,5; 3,0 т/сағ АВМ агрегаттары кең қолданылады. . Агрегаттар тетіктерінің техникалық жағдайын және дұрыс жиналуын тек-сергенде, балғалардың, барабанның, ұсақтаушының комплектілігіне және пышақ тардың бекітпелерінің сенімділігіне көңіл бөледі. Шамотты пештің жағдайына, кептелме құрылғысының тартылып қысылуына, гидрожүйенің май желілерінің жағдайына көңіл бөледі; ұсақтаушы құрылғының есіктерінің сенімді жабылуын және елегіш електің қыспақтағыш тетігінің сенімді жұмысын тексереді; кері ай-налдырғыш жүйедегі циклон желдеткіштерінің қанаттарының техникалық жағ-дайларын тексеру керек. Транспортердің, алып-тартып кету және ұн салқындату жүйелерінің шынжырларын, конвейер мен вариатордың жетекші белдіктерін орындарына салады. Барабанды тіреу катоктарына отығызады. Тіреу мен жетек-ші катоктар кептіргіш барабанның бандаждық ортасында болуы керек. Ұнды алып кететін және салқындату жүйелерінің шаң-тозаң алып кету құбырлары мен құрғақ массаларды алып кететін құбырларды ашып, форсунканы орнатады. Фор-сункаға бүріккіш түбін таңдайды. Шөптің ылғалдылығы 60 % болғанда, 1...1,5 мм тесіктері бар түпті, 60 – 70 % болғанда – 1,8...2,0 мм, ал 75 % -тен асқанда – 2,3 мм тесігі бар түпті орнатады. форсунканың түбін газдандыру камерасының ішіне 10...12 мм-ге шығартып орнатады. Жану камерасына келетін ауа көлемін құндақтың алдыңғы бөлігіндегі шығыршық жапқышының орнын өзгертіп рет-тейді. Жанарғы ақ жалын боп жануы керек және бағыттағыш науаны жанамауы тиіс. Форсунка алдында артық қысым мен бүрку қысымын (1,2 МПа) реттейтін реттегішті орнатады. Свеча электродтары араларындағы саңылау 5 мм-ге тең болуы керек. Тіреніш пен жетекші станциялардың винттарымен 2 тірек катокта-рын 1 орын ауыстырып, барабан осінің қалпын 1512 мм биіктікке реттейді. Кеп-тіргіш станцияның жетекші катогын орын ауыстырып, барабан тиегіш-қамдағы-шын да жылжытуды ұмытпау керек. . Электромотордың қысылған вариаторлы шкиві мен редуктордың толық ашылған вариаторлы шкивінде белдік 3 орналасуы керек. 3,5...10,0 айн/минутқа дейін барабанның айналым жиілігін шкивтің жетекші 1 және жетектегі 4 және 6 дискілеріндегі белдіктің қалпын маховикпен 5 өзгертіп реттейді. Жоңышқа мен люцерна үшін 3,5 – 6,0 айн/мин, ал дәнді дақылдар үшін 5 – 9 айн/мин айналым жиілігі ұсынылады.

2. Агрегатты жұмықа қосу реті. Агрегатты жұмысқа қосар алдында шнек-тің артқыш люгіне қаптарды асып қысып орнатады және жапқыштарды ашады. Циклонның құрғақ кепкен массаны алып кету жүйесінің желдеткіш жабдығын жабады. Желдеткіштің электрмоторын қосады және қалай оның білігінің айналу жиілігі мөлшерлі болған кезде, кепкен массаны қайтару жүйесінің желдеткіш жапқышын ашады. Желдеткішті ашық жапқыштарда қосуға болмайды. Электр-моторға берілетін отын жеткізгіш каналын бөгегіштің кран-муфтасын ашады. Милливольтметрде істелінген газдардың шөпті 110...120 градусқа дейін, ал дән-дерді 75...80 градус С-ға дейін температураны реттеу шектерін орнатады. Электр шкафтың алдыңғы есігін ашып, агрегат жұмысының режимін «Режим» ауысты-рып қосқышымен орнатады. Транспортер тойтарғышын биіктікке орнатады. Мөлшерлі масса қалпында жұмыс істегенде, тойтарғыш артық массаны кері қай-таруы керек. Таратқыш жәшіктегі автоматты қосады. Вольтметр көрссеткіші бо-йынша берілген кернеудегі жұмыс мүмкіншілігін анықтайды. Мына ретпен «Пуск» пернесімен салқындату циклонының мөлшерлегіші мен ұн циклонының; ұсақтағыштың; құрғақ массаны алып кету жүйесі мөлшерлегішінің; құрғақ мас-саны тартып кету желдеткішінің; кептіру барабаны жетектегішінің және жылу генераторы желдеткіші жетектегішінің электрмоторларын қосады. . Отын насосының электрмоторларын «форсунка» пернесімен қосады. Отын- ның бүрку қысымын 0,5...1,4 МПа қысымда реттеу винтімен реттейді. Форсунка шүмегін ашады және егер отын тұтанбаса, онда насос электрмоторын қайтадан қосады (алдын-ала 2 мин бойы жану камерасын үрлеп алады). . Жылу генераторының желдеткішінің жапқышын ақырын ашады. Жылу гене-раторының осы жапқышымен жалын жарық, ақ және алау (факел) бағыттағыш науаға жанаспай газдандыру камерасына берілетін ауа көлемін реттейді. . Транспортер электрмоторын «транспортер» пернесімен қосады. Форсункада-ғы әр «түпті» ауыстырғаннан кейін, отынның берілу көлемін ашық электромаг-нит вентиліндегі дроссель вентилімен реттейді. «Конвейер» ауыстырып қосқы-шын «авт» қалпына ауыстырады, бұл кезде конвейер электрмоторы қосылады. Ұсақтағыш азықтың артық ылғалдығынан немесе массаны көп қабылдауынан қиналады, сондықтан оны тоқтатып, электршкафты ажыратып, қамдап толтыру-шы қылта ауыздың қақпағын ашады.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет