1 соөЖ тапсырмасы: Тақырыбы



Дата23.04.2022
өлшемі17.88 Kb.
#173225
түріСценарий
Байланысты:
Бұқаралық ұйымдастыру 1апта СРСП Ғазезов Мағжан
Лекция 9-10

1 СОӨЖ тапсырмасы:

Тақырыбы: Бұхаралық мереке тарихы.Бұқаралық мереке түрлері

Бұқаралық мереке сценарий жазуда мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырушылар мен бос уақытты тиімді өткізу іс-шараларын жасаушы мамандардың ең басты мақсаты – қалайда бұқара халық көңілін табу, оларға қызмет істеу. Сондықтан да, бұқаралық мереке сценарийі ауқымды ұғымды қамтиды. Онда драматургтің, режиссердің, суретшінің, сазгердің, ұйымдастырушының жұмыстары бірге қамтылады. Сценарий жазбас бұрын деректі және көркем материал жинаумен қатар оның көрерменге әсері мен берер тағлымының дұрыс болуын көздеген жөн. Бұқаралық мереке сценарийінде театрландырылған көпшілік әрекеттің басты сценарийлік жұмыс түрі тақырып пен идеяны анықтаудан басталады.

Әдеби шығарма – сценарий туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. Өйткені, тақырып – өнер туындысының іргетасы. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын ірге тасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. «Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, – дейді Валентин Катаев, – пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді». Тақырып дегенің ұйықтаған балық сияқты қарнын жоғары қаратып, өмірдің бетінде қалқып жүрмейді. Тақырып – тереңде, ағыс арасында, нағыз тұнық және тегеурінді иірімдер ішінде оны сол арадан іздеп таба біл, төңбекшіген толқын, сарқырама сел астынан тауып алып шыға білу керек. Яғни, бұқаралық мереке сценарийінің тақырыбы – мен мұндалап тұруы, жарнама сияқты өзіне халықты шақырып тұрғаны абзал. Ондағы әр сөз мұқияттылықпен алынып тақырыптың мәні мен сәніне айналғаны дұрыс.

ХХ ғасырдың басындағы қоғамның өзгеруі Қазақстандағы Наурыз мерекесіне де салқынын тигізіп келді. Мыңдаған жылдар бойы мерекеленіп келген Наурыз мейрамы, кеңес өкіметі тұсында 1926-1988 жылдар арасында жалпыхалықтық сыйпаттан өңірлік және ауылдық ауқымға тықсырылды. Наурыз көптеген атрибуттық және мазмұндық тұрпатынан ажырап, қарабайырланды, әрі сүреңсіз тартты. Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесі кеңес өкіметінен тәуелсіздік алған түркі елдерінде ХХ ғасырдың 1988 жылдан бастап қана ресми түрде қолға алына бастады.

Мемлекеттік мерекеге айналған Наурыз мейрамын ресми мерекелеу жөнінде соңғы кездері біршама сыни пікір қалыптасты. Соның бірі – «Наурыздың мерекеленуі Жаңа жылдың аталып өту деңгейіндей емес, тар ауқымда және жұпыны» дегендей уәж. Бұған қоса, «Наурыз мерекесі бұқаралық сыйпаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспауда» деген де пікір бар. Қысқасы, Наурыз мерекесі уақыт талабы мен егемен елдің өміріне сәйкес бүкілхалықтық идеологиялық көз қуанышқа айналды деуге ертерек. Шынында да, Наурыз жалпыхалықтық мерекеден гөрі, этнографиялық еске алу күніне айналып барады. Сондықтан да, аталмыш мерекені мұндай қарабайырлықтан құтқаратын уақыт келді. Оның өзіне сәйкес атрибуттарын қалпына келтіріп, мерекелік ұғымдары мен мағынасын орнықтыратындай шаралар қажет. Ол үшін оған заман талабына сәйкес оның тарихи нышандары мен атрибуттарын лайықтап, кәзіргі адам санасы қабылдайтындай, фольклорлық-этнографиялық ауқымнан жалпықазақстандық мереке дәрежесіне жеткізген жөн, уақыттас әшекеймен, мүмкіндіктермен байыту керек. Ең бастысы – Наурыздың қайнар көзін тауып, басқы кейпін қалпына келтіруге тырысқан абзал. Наурыз мерекесін сағына қолға алған қазақ халқы, өзінің бірнеше мың жылдық тарихы бар мейрамының негізгі көріністері мен мәнінен ажырағандықтан, оның орнын бірыңғай ұлттық фольклормен сахналауды (театрландыруды) толтырды. Мерекені фольклорлық сахналау оның бүкілхалықтық мәніне кедергі болып, таптаурынға ұшырап, қазіргі кезде тоқырауға түскен сыңайы бар.Аталған жайттар Наурыз мерекемізді қайта қырынан қарауға мәжбүр етуге тиіс. Егер, біз Наурыздың этностық мағынадан бүкілелдік сыйпатқа тарауын қаласақ, оған нағыз ұлттық мазмұнмен бірге азаматтық мерекелік тұрпат беруге мәжбүрміз. Бүгінгі отырықшылдық өмір салтын меңгере бастаған қазаққа көшпелі өмір үрдісінен туындаған фольклорлық тұрпаттағы дәстүрдің барлығы бірдей сіңісе алмайтындығын ескеретін уақыт жетті. Оның үстіне, Наурызды тек қана қазақтар үшін мерекелеу де, елдік саяси ахуалға сыйымсыз. Қазіргі ұлттық идеологияның маңызы сол – егер де оған өзге жұрттар да тартылып, өздеріне сіңіріп жатса.

Мерекенің жалпыхалықтық сыйпаты барын ескеріп, оны жұрттың бәріне бірдей, тіпті, ұлты мен тегіне қарамастан жатырқамай, қабылдайтындай, жарқын өмірдің үлгісіне айналатындай шаралар мен істер қажет-ақ. Мереке дегеніміз – адамдардың қызықтай жүріп, демалуына қажетті атқарылатын шаралар жыйынтығы; мерекеде бақылаушылар болмайды, бәрі де қатысушы. Ал, фольклор белгілі бір этностық топқа ғана тән, сол топтың ғана қатысып, солардың игілігіне жарататын шаралары болып табылады.



Енді, Наурызды жарқылдата мейрамдауға кедергі боларлық жайттарға көңіл аударалық. Наурызды о баста көшеге шерулетіп, шығару көрінісі көпті қызықтырғанымен, оған көпшіліктің қатысуы қарастырылмады және ол көп шығын мен ұйымдастыру күшін қажет етті де, ол шаралардың аяғы құрдымға айналды. Содан кейін, әрбір мекемені міндеттеп жүріп, киіз үй тігуді шығардық та, наурыз көже пісіруді қолға алдық, сол маңда сахна жасақталып, жұрттың санаулы өнерпаздардың өнерін қызықтаумен қол қусыруы ғана жүзеге аса бастады. Алайда, тігілген үйлеріміз санаулы адамдардың рахаты мен ішіп-жеу ордасына айналып тынды да, сырттан бақылайтын қарапайым жұрттың әлгі «наурызотауларға» деген алакөздігін тудыра бастады. Отауларды тігу мен күйелеш-күйелеш болып көшеде көже пісірудің де, ешкімге рахат сыйламайтынына көзіміз жетуде. Оған өзге этностар түгелі қазақтардың өздері жатсына, мысқылдай қарауда. Алайда, мерекені ұйымдастырудың басқа ешбір нұсқасы ұсынылмағандықтан, қалыптасқан жағдай сарапталмағандықтан, ұшыраған тоқыраудан шығу жағы барған сайын тұйыққа тірелуде. Ақырында, басты ұлттық мерекеміз болып табылатын Наурыз мейрамы қарабайырланып, тартымсыз күйге ұшырауда. Бөлінген қаржы ішіп-жеуге кетіп, не рухани баюымызға болмаса құмарта тынығуымызға септік болмауда.Бұл жағдайға бірнеше себеп бар. Біреуі ұйымдастырудағы мереке мен фольклорды шатастыруымыздан, ұлттық келбетімізді тек қана ескі дәстүрге байлауымызда, оны жаңғыртуға шорқақтығымызда, өткенімізді театрландырумен шектелуімізде. Мәдениет пен руханият саласындағы ізденістің жоқтығы мен сол саладағы ұйымдастыруда қолдағы мол әлеуетті шебер пайдалана алмай, үйлестіре білмеуден туындауда. Бұған этнографиялық зерттеменің белгілі бір деңгейде тоқырап, оны жаңа заманға лайықтау ниетінің жоқтығы да қосылады.

Наурызды мерекелеудің бірнеше нұсқалық жолдары бар екенін оны жөнге салу мен қоғамға енгізудің жолдары қарастырылған емес. Бар болғаны аудандық, қалалық деңгейлердегі мәдениет басқармаларының бөлінген азын-аулақ қаржыға ірілі-ұсақты өнерпаздарды сахнаға көшеге шығарумен шектелуі жүзеге асып жатыр. Ал, жаппай жұртты, ұжымдарды, отбасыларын өз алдына мерекелеуге тартатындай дәстүр мен атрибуттар қалыптаспаған.Басында жаңа жылдық сипаты бар Наурыз бүгінде күн мен түннің теңелу сәтін, көктемнің келуін атап өтумен ғана шектелуде. Өйткені, жаңа жылдық сипатты күнтізбелік жылдың басы болып табылатын 1 қаңтар өзінің мықты да бүкілхалықтық сипатымен, идеологиясымен, жасанды жолмен толыққан атрибуттарымен, қалыптасқан индустриясымен Наурыздан «тартып алды». Сөйтіп, Наурыздың әуелгі жылды айырбастау мәні быт-шыт болды да, ескі жылдың қысы жаңа жылға телініп шыға келді. Әрбір жылға айуандық астрологиялық сипат берген Наурыздың о бастағы мазмұны тәрк етілді. Қысқасы, Наурыз мерекесі шаралар тұрғысынан ғана емес, мазмұндық жағынан да жұрдай етілуде. Бай мазмұн мен мәннен жұрдай бола бастаған, ұлы да айтулы Наурыз секілді мерекені арашалау, ұлттық намыс пен рухани болмысымызды жаңғыртудың, оларға жаңа тыныс берудің ізденісі нәтижесінде ғана жүзеге асатынын ұққанымыз жөн. Сондықтан да, Наурызға араша боларлық іргелі ізденістер мен әрі тарихи, әрі уақыттас шаралар керек. Ең бастысы, шектеулі топтың сахналаған көрінісін қызықтаумен емес, жұртшылық болып отбасымызда мейрамдайтын мерекелік дәстүр мен атрибуттарды қалыптастыратын мезгіл жетті. Наурыздың түркілік тұрғысы Наурыз тарихын саралай отырып, отырық өркениеттер шаруашылыққа қолайлы, оның күнтізбелік қана мәніне назар аударып, ал көшпелі түркілер Наурыздың теологиялық-мифологиялық мазмұнын барынша маңыз еткен. Оған дәлел, ежелгі парсылық жазбалардағы Наурыздың күнтізбелік шежіресінің ғана хатталуы болса, ал, көшпенділердің Наурызды мерекелеуі сол отырықшылдық өркениет өкілдерінің таңданысын жасыруға мұрша бермей, олардың барлық ғұрыптық, жоралғылық рәсімдерінің қағазға түсуі еді. Және де отырықшылдық қадір-қасиеттегі жұрттар күнтізбені шаруаға қолайлы болу болмауына барынша мұқият болса, көшпенділердегі наурызға деген көзқарас ғұрыптық, жоралғылық рәсімдермен айшықталған. Бұл – олардың Наурыз мерекесіне деген теологиялық мәнді жоғары қоюының дәйегі еді. Осындай жазбаны А.Сейдімбекұлы: «…Грек тарихшысы Квинт Руф (б.з.д. І ғ.) өзінің «Ескендір жорығы» деп аталатын еңбегінде Орта Азия көшпелілерінің ұлыс тойын қалай тойлайтынын тамсана жазады» – дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет