1-сұрақ Орта білімнің жаңартылған мазмұнына көшу Жаңартылған білім мазмұны не үшін қажет?



Дата27.12.2017
өлшемі132.47 Kb.
#12209

Білім беру саласының өзекті 12 мәселесі

Білім беру саласындағы реформалар аясында көптеген сұрақтар орын алып отыр. Сіздердің назарларыңызға білім саласының ең өзекті 12 сұрағының жауаптарын ұсынамыз.


1-сұрақ

Орта білімнің жаңартылған мазмұнына көшу

Жаңартылған білім мазмұны не үшін қажет?

Бүгінгі бала-еліміздің ертеңгі маманы ол XXI ғасырда бәсекеге қабілтті әрі табысты болуы үшін еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет.

Біздің қазіргі кезде балаларға уйретіп жүргеніміздің барлығы, атап айтқанда, оқу-жазу дағдылары, математика,қаржы,мәдениет және азаматтық сауаттылық, ақпараттық коммуникациялық технологиялар-бәрі де күнделікті тұрмыстың қарапайым мәселелерін шешеуге ғана мүмкіндік береді.

Өзгермелі өмір болса, адамның күрделі тапсырмаларды орындай білуін талап етеді. Мұндай қабілет қалаыптастыру үшін оқушыларға классикалық білім берумен қатар, сыни, шығармашылық ойлауға, топ ішінде жұмыс жасауға үйрету керек. Балалардың бойына білімқұмарлық, ынталылық, табандылық, көшбасшылық қасиеттерді, әлеуметтік және мәдени сапаларды сіңіру қажет. Осының барлығы классикалық біліммен бірге жаңартылған орта білім мазмұнына енген.

Елімізде жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеу және сынақтан өткізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Біз онымен бес жылдам астам уақыт бойы айналыстық. Бағдарламалар 30 пилоттық мектепте сынақтан табысты өтті.

Кәдімгі қалалық және ауылдық мектептерге бейімделген бұл бағдарламалар оң нәтижесін көрсетті. Біз мектеп мұғалімдерінің, оқушылар ата- аналарының ризашылығы мен қолдауына ие болдық. Мұғалімдер оқыту процесінің жеңілдене түскенін де жеткізді.


2-сұрақ

Мектептегі бескүндік оқу аптасы

Жаңартылған білім мазмұнын енгізумен қатар, мектептер кезең- кезеңімен бескүндік оқу аптасына көшеді. Оқушылар мен мұғалімдерге қосымша 34 демалыс күні беріледі (сенбі есебінен).

Жаңартылған білім мазмұнына және бескүндік оқу аптасына көшу кестесі мынадай:

2016 жылғы 1 қыркүйекте – 1- сынып;

2017 жылғы 1 қыркүйекте – 1,2,5,7- сыныптар;

2018 жылғы 1 қыркүйекте – 1,2,3,5,6,7,8,10- сыныптар;

2019 жылғы 1 қыркүйекте – 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11- сыныптар.

Бұл жоспарды іске асыруда оқу жылының ұзармауына жол бермеу қажеттігін біз жақсы түсінеміз. Ол үшін оқу жоспарларын түзетумен бір топ әдіснамашылар және ұстаздар айналысуда. Биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылар оқу жылын 2017 жылғы 30 мамырда аяқтайды. Бескүндік оқу аптасына көшу барысында барлық бастауыш сыныптар оқу жылын осы мерзімде, ал негізгі (5-9 сыныптар) және жоғары сынып оқушылары 10 маусымда аяқтайды деп жоспарлануда.


3-сұрақ

12 жылдық оқыту үлгісіне көшу

Көшу тәртібі түсінуге жеңіл. 5-6 жастағы балаларға нөлінші сынып (мектепалды даярлық) ұйымдастырылады. Осылайша, реттік нөмірі он екінші сынып болмайды. 12 жылдық оқыту үлгісі «0- сынып+11- сынып»формуласымен енеді.

12 жылдықтың бұл үлгісін биыл емес, келесі жылы да емес, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізу жоспарланып отыр.

Ата- аналар балаларын 0- сыныпқа (мектепалды даярлыққа) 5 немесе 6 жасынан беруге құқылы. Осыған байланысты ата- аналардың қалауына және балалардың дайындығына қарай 1- сыныпта 6 және 7 жастағы балалар қатар оқи береді.

Бүгінгі таңда мұндай норма ҚР «Білім туралы» Заңында көзделген. Барлық балалар мектепалды даярлық бағдарламасынан өтуге тиіс.

12 жылдық оқыту негізінен 0- сыныпқа (мектепалды даярлыққа) арналған біріңғай үлгілік білім беру бағдарламасын енгізуге бағытталған. 0- сыныптан өту мүмкіндігі мектепке дейінгі ұйымдарда да, мектептерде де сақталады. Бұл үшін ол ұйымдарда қажетті жағдайлар жасалуға тиіс.

Қолданыстағы МЖБС- ті* өзгерту жоспарда жоқ

Біздің жоспарымыз бойынша 0- сынып балаларын оқытудың апталық жүктемесі вариативті бөлігін қосқанда 22 сағаттан аспайды.

Биыл кадрларды даярлау процесі басталады.

Жоғары сыныптарда (10-11- сыныптарда) қоғамдық- гуманитарлық және жаратылыстану- математика бағыттары бойынша бейінге бөлу өзгеріссіз қалады.


4-сұрақ

Орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі

Жыл өткен сайын мемлекеттік тілдің мәртебесі өсіп келеді. 70%- дан астам оқушы қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқиды. 2016 жылы мектеп түлектерінің 72%- ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды.

Қазақ мектептерінде 38 мыңнан астам ұлты қазақ емес балалар тәлім- тәрбие алады. Өкінішке орай, орыс тілінде білім беретін мектептерде балалар қазақ тілін 11 жыл бойы оқыса да – оны күнделікті өмірде қолданбайды.Мәселе оқыту әдістемесінде екені түсінікті.

Біз мұны өзгерту міндетін қойдық. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДБҰҰ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары бірлесе отырып, орыс тілді балаларды қазақ тілінде қарым- қатынас жасауға жеделдете үйрету үшін жаңа әдістеме мен оқулықтарды әзірлейді. Қолданыстағы грамматикалық- аударма әдістемесінің орнын тиімділігі жоғары коммуникативті әдістеме басады.

Жаңа оқулықтармен еліміздің барлық мектептері міндетті түрде қамтамасыз етіледі. 2016 жылдың соңында «Қазақ тілі- баршаға» жаңа әдістемесі дайын болады. 2017 жылдан бастап ол орыс тіліндегі мектептерге енгізіле бастайды.

Ауызша және жазбаша қарым- қатынасқа ерекше көңіл бөлінеді. Оқулықтар мен электронды қосымшалар кеңінен қолданылатын қазақ сөздері мен сөз тіркестері негізінде әзірленді. Олардың барлығы қазақ тілінің жиілік сөздіктеріне жинақталған. Бұл сөздерді түсіну де, қолдану да- оңай. Алғашқы деңгейде балалар қарым- қатынас үшін ең қажетті сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді. Келесі деңгейлерде біртіндеп сөз саны көбейеді, сөздер мен сөз тіркестері күрделене береді. Бала оларды күнделікті өмірде үнемі қолдануы керек. Осылайша үздіксіз оқу арқылы балалар мемлекеттік тілді игеруге психологиялық кедергіге тап болмайды. Нәтижесінде балалар қазақ тілінде ауызша да, жазбаша да еркін қатынасатын болады. Тілді білуін бағалау үшін КАЗТЕСТ- ке ұқсас бағалау жүйесі қолданылады. Ол сегіз жылдан бері мемлекеттік қызметке және «Болашақ» бағдарламасына қабылдауда сәтті пайдаланылып келеді.



5-сұрақ

Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесі

Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі сияқты ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесі енгізіледі. Әдістеме коммуникативті оқытуға көшуді білдіреді.

Бұл әдістеме бастауыш білімнің жаңартылған мазмұнына енген және 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданылады. Жаңа әдістеме бойынша жасалған оқулықтар дайын, ағылшын тілі мұғалімдері қажетті оқудан өтті. 2017 жылдан бастапаталмыш әдістемені 2,5 және 7 сыныптарға ендіру жоспарлануда. Осыған орай ағылшын тілі мұғалімдері тиісті біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Жыл сайын білім және ғылым министрлігі ағылшын мұғалімдерін және пәндерді ағылышн тілінде оқытатын мұғалімдерді қайта даярлауға 10 мың орын бөледі.

Үстіміздегі жылдың күзінде мұғалімдерді ағылшын тілінің заманауи әдістемесіне үйрете бастаймыз. Бұл жұмыс 3 жыл бойы жалғасады.

Тілдік біліктілікті арттыру курсы (өндірістен қол үзіп оқу) ағылшын тілін игеру деңгейіне қарай 1 айдан 5 айға дейін өткізеді. Бұл кезде мұғалім жалақысы сақталып, қонақүйде тұруы мен іссапар шығыстары өтеледі.

Қазақстанның барлық облыс орталықтарында тілдік орталықтар ашылады.

Еліміздің барлық мектептері міндетті түрде жаңа оқулықтар және оқу- әдістемелік кешендер мен қамтамасыз етіледі:

2016 жылғы 1 қыркүйекте- 1- сынып;

2017 жылғы 1 қыркүйекте- 1,2,5,7- сыныптар;

2018 жылғы 1 қыркүйекте- 1,2,3,4,5,6,7,8,10- сыныптар;

2019 жылғы 1 қыркүйекте- 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11- сыныптар

2016-2019 жылдардағы өтпелі кезеңде мұғалімдерге әлі міндетті бола қоймаған сыныптардың жаңа ағылшын тілі пәнінің оқулықтарын қосымша әдебиет ретінде қолдануға құқық беріледі.


6-сұрақ

2019 жылдан бастап жоғары сыныптарда пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізу

Қазіргі әлемде адамдардың басым бөлігі (2016 жылы- 1.5 миллиард) ағылшын тілінде сөйлеседі. Әлемде интернет мазмұнының жартысынан астамына (55,7%) ағылшын тілінде қол жеткізуге болады.

Қазақстанда ата- аналардың көпшілігі (81%) балаларының ағылшын тілін білгенін қалайды. Алайда тек 34%ата- ананың ғана керекті жағдай туғызуына (тілдік курстарға жіберуіне) мүмкіндігі жетеді.Ата- аналардың 27%- да ондай мүмкіндігі жоқ.Олар бұл мәселеде тек мектепке үміт артуға мәжбүр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылға қарай жоғары оқу орындары барлық техникалық және медициналық мамандықтар бойынша ағылшын тілінде оқытуға көшеді. Сондықтан барлық мектептер дайын болуы тиіс.

2019 жылдан бастап 10 және 11- сыныптарда балаларды техникалық және медициналық мамандықтарды (Назарбаев Университеті, КІМЕР, ҚБТУ ұстанымдары бойынша) ағылшын тілінде оқытуға көшетін қазақстандық жоғары оқу орындарына түсуге дайындай бастайды. 2019 жылға дейін біз кадрларды даярлаумен айналысатын боламыз.

4 пәнді ағылшын тілінде оқытуды енгізу кезең- кезеңімен, мұғалімдердің және оқушылардың дайындығына қарай жүргізіледі.

2016 жылдан 2019 жылға дейін 10-11- сыныптар үшін пән мұғалімдері мен ағылшын тілі мұғалімдерінің дайындығы жүргізіледі. Пәндерді оқыту тілі өзгермейді: қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқу қазақ тілінде, орыс тілді мектептерде- орыс тілінде жалғастырылады.

2019 жылдан бастап 4 пәнді ағылшын тілінде оқыту тек қана 10-11- сыныптарда енгізіледі 1-9- сыныптарда оқыту жүйесі өзгермейді.

9- сыныпта негізгі орта білім аяқталатынын Сіздер жақсы білесіздер, оқушы оны өзінің оқып жүрген тілінде (қазақша не орысша) аяқтайды.

9- сыныптан кейін оқушылар әдеттегідей үш жолдың біреуін таңдайды: колледжге түсу, жоғары сыныптарда қоғамдық- гуманитарлық немесе жаратылыстану- математика бағыты бойынша оқу. Бұл бүгіннің өзінде қалыптасқан тәртіп. Өзгеретіні, 2019 жылдан бастап қоғамдық- гуманитарлық бағытты таңдаған оқушыларға 2 пән (STEM (кіріктірілген оқыту) және АКТ) ағылшын тілінде аптасына 2 сағаттан ғана оқытылады. Жаратылыстану- математика бағытын таңдаған оқушыларға төрт пәннің (физика, химия, биология және информатика) екеуі ағылшын тілінде жүргізіледі.



7-сұрақ

Біріңғай оқулықты енгізу

Біріңғай базалық оқулық келесідей мүмкіндіктерге жол ашады:



  • бюджеттік қаржыны үнемдеу, өйткені құқық мемлекетке берілген;

  • оқулықтарды жергілікті жерлерге жеткізу жылдамдығын арттыру;

  • оқулықтардың мазмұнын үнемі жақсарту;

  • қосымша сандық ресурстармен онлайн қолдауды қамтамасыз ету. Бірыңғай базалық оқулықтар 2016-2017 оқу жылынан бастап Қазақстанның барлық мектептерінде ене бастайды. Бірыңғай базалық оқулықтар жаңартылған мазмұнға көшу кестесіне сйкес енгізіледі:

2016 жылғы 1 қыркүйекте – 1-сынып;

2017 жылғы 1 қыркүйекте – 1, 2, 5, 7-сыныптар;

2018 жылғы 1 қыркүйекте – 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 10-сыныптар;

2019 жылғы 1 қыркүйекте – 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-сыныптар.

Мектепте пайдалануға рұқсат берілген қосымша әдебиеттердің тізімі кеңейтіледі.

8-сұрақ

Оқу бейнематериалдары

Бейнематериал – дәстүрлі оқу процесінің тиімділігін арттыратын керемет құрал. Себебі, оның көмегімен оқушыларды көрнекті және есте қалатындай оқытуға болады. Демек, оқуға деген қызығушылықты еселеп арттыруға септігін тигізеді.

Қазірдің өзінде 700 мектеп Қазақстанда және шетелде әзірленген (мысалы, БілімLand) оқу бейнематериалдарын қолданады. Бұл материалдарды қолданған мұғалімдердің пікірі өте жақсы.

Бейнематериалдар мен интерактивті тапсырмаларды күнделікті қолдану үшін 2016-2017 оқу жылынан бастап Министрлік барлық мектептерді тиісті техникалық құрал-жабдықпен (экран, проектор, компьютер) қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бірінші кезекте аз қамтылған мектептер жабдықталады.

Интернет желісіне қосылмаған мектептерде сандық ресурстар мектептердің серверлеріне орналастырылып, үнемі жаңартылып тұрады.
9-сұрақ

Шағын жинақты мектептермен жұмыс

Шағын жинақты мектептер (ШЖМ) – халық тығыздығы төмен елдерге тән проблема (мысалы, Канада, Аустралия, Ресей, Қазақстан және т.б.).

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ірі қалалық және шағын жинақты мектептердің оқушыларын оқыту сапасын теңестіру міндетін қойып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстандағы мектептердің 44%-ы –шағын жинақты мектептер. Бұл мектептерде оқушылардың 7,8%-ы оқиды. ШЖМ-де 55 мың педагог жұмыс істейді (бүкіл педагогтердің 17%-ы). Бүгінгі күні 463 шағын жинақты мектепке қызмет ететін 148 ресурстық орталық жұмыс істейді.

Министрлік ШЖМ-нің проблемаларын шешудің 4 бағыты белгілеп отыр:


  1. электронды контенті пайдалану:

  • 2020 жылға дейін мектептердің 100%-ы АКТ-ны қолданатын болады;

  • барлық ШЖМ интернетке кіру мүмкіндігінсіз де электрондық контентпен қамтамасыз етілетін болады;

  • мектептер, бірінші кезекте ШЖМ 50 мың бейнеэкранмен, БілімLand-ты қоса есептегенде бейне және интерактивті материалдар орналастырылған проекторлармен және компьютерлермен жабдықталады (3 тілдегі 40 мыңнан астам бейне-сабақтар мен интерактивті тапсырмалар);

  • БілімLand материалдары және құралдарымен жабдықтау 2016 жылдан басталады;

  1. педагогтерді даярлау:

  • Министрлік біріктірілген сыныптар мен шекаралас пәндерге мұғалімдерді даярлау мәселесін шешеді. Ауылдық мектептерге баса назар аударылады;

  1. жас кадрларды тарту:

  • мектептерге жас мамандардың келіп орналасуы, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасын қайта қарау есебінен қамтамасыз етілетін болады;

  1. қолжетімділікті арттыру:

  • 2020 жылға дейін ресурстық орталықтар саны 200-ге дейін көбейетін болады;

  • мектептері жоқ ауылдарда тұратын балаларды мектепке және үйге тасымалдауды ұйымдастыру жұмысы жалғасын табады;

  • тиісті қажеттілігі бар өңірлерде мектеп жанындағы интернаттар салу жұмысы жалғасады.


10-сұрақ

ҰБТ-дағы өзгерістер
2004 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) рәсімі енгізіліп, өз міндетін орындады: сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойды, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етті және жоғары оқу орындарына түсуге тең жағдай жасады.

Өздеріңіз білетіндей, биылғы жылдан бастап жоғары оқу орнына түсу үшін шекті балл жинай алмағандарға ҰБТ-ны ақылы негізде бірнеше рет қайта тапсыруға рұқсат беріледі.



2017 жылғы түлектер үшін ҰБТ екі рәсімге бөлінеді: мемлекеттік емтихан түрінде мектептердегі қорытынды аттестаттау және таңдаған мамандығына байланысты 14 пәннің ішіндегі екі бейіндік пән бойынша ҰБТ. Толық ақпаратпен ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтынан, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің www.control.edu.gov.kz сайтынан танысуға болады.

Мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттауға арналған пәндер тізбесіне мемлекеттік және орыс тілдері тапсыруға міндетті пәндер болып енеді.



ҰБТ бұрынғыдай тестілеу түрінде арнайы тестілеу орталықтарында өткізіле береді. ҰБТ-ны қайта тапсыру құқығы сақталады.

Қолға алынған шаралар ҰБТ-ның икемді жүйесін құруға мүмкіндік беріп, оқушылардың моральдық-психологиялық проблемаларға ұшырауынан сақтап, жоғары оқу орындарына сапалы және әділ іріктеуді қамтамасыз етеді.

ҰБТ-ның ұсынылып отырған жаіа форматын талқылау 2016 жылдың 1 қазанына дейін жалғасады. Талқылау қорытындысы бойынша соңғы шешім қабылданады.
11-сұрақ

Мұғалімдердің жүктемесі

Бастауыш мектеп мұғалімдерінің қалыпты апталық жүктемесі 18 сағатты құрайды.

Әрбір мектеп әкімшілігі оқу жүктемесін оқу орнындағы жағдайға байланысты бөледі.

Бастауыш сынып мұғалімдері барлық негізгі пәндерді оқытуға құқылы. Тек үш пәнді, атап айтқанда, барлық мектептерде ағылшын тілін, орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін және қазақ тіліндегі мектептерде орыс тілін арнайы пән мұғалімдері ғана жүргізе алады.

Бастауыш мектеп мұғалімінің апталық жүктемесі 18-19 сағатты құрауы мүмкін: сауат ашу – 6 сағ., математика – 4 сағ., жаратылыстану (жаңа пән) – 1 сағ., дүниетану -1 сағ., музыка -1 сағ., өзін-өзі тану -1 сағ., көркем еңбек – 1 сағ., дене тәрбиесі – 3 сағ., вариативті компонент (дамыту сипатындағы сабақтар) – 2 сағ.



«Жаратылыстану» пәні ендіріледі, ол бір сағат оқу жүктемесінің орнын толтырады.

«Өзін-өзі тану» пәні оқыту кезінде балалардың топтарға бөлінетінін ескеріп, 2016 жылдың басынан бері 1-сыныпта бұл пәнді сертификаты жоқ мұғалім оқу жылы аяғына дейін сертификатты алатын жағдайда жүргізе алады. 1-сынып мұғаліміне қосымша сағат үлгілік оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен берілуі керек.

«Көркем еңбек» сабақтарын мұғалім сертификатсыз жүргізуге құқығы бар.

Жаңартылған білім мазмұнына көшу барысында қалған сыныптардың 2017-2018 оқу жылына арналған оқу жүктемесі есептелуде Биылға жылдың соңына дейін 2, 5, 7-сыныптардың оқу жүктемелері белгіленбек.



Сағаттардың жалпы саны бұрыннан бар нормативтер шегінде қалады.
12-сұрақ

Мектептердің есеп беруін азайту

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сараптамасы бойынша, мемлекеттік ұйымдар мен жеке тұлғалардың білім басқармаларына жолдайтын өтініштері мен хаттарының саны кей жылдары 9 мыңға дейін жеткен.

Жағдайы түбегейлі өзгерту қажет екенін түсіне отырып, біз 4 проблеманы айқындап отырмыз:


  1. есептердің шамадан тыс көп болуы;

  2. деректердің қайталануы (әртүрлі есептердегі бірдей деректер);

  3. жаңа деректерді жиі сұрату;

  4. барлық мемлекеттік ұйымдардың мектепке тікелей шығуға құқылы болуы.

Министрлік бұл бағыттардың әрқайсысы бойынша жұмыс істеуде:

  1. ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге арналған Ұлттық білім беру деректер қорын (ҰБДҚ) жетілдірумен айналысып келеміз;

  2. Есептердегі деректердің қайталауын болдырмау үшін өзге мемлекеттік ұйымдар сұранысына бойынша ҰБДҚ-ға 12 жаңа көрсеткіш қосылды;

  3. деректерді жаңалау талабын қанағаттандыру үшін ҰБДҚ жылына 2 рет (қазан, наурыз) жаңартылатын болады;

  4. «Күнделік» атты электронды құралды енгізу мектептердегі академиялық есептілікті толтырудан толық құтылуға мүмкіндік береді. 2017 жылы барлық мектептерде «Күнделік» электронды күнделігі енгізілетін болады. Бұл үш жылдың ішінде дәстүрлі қағаз құжаттамасынан (сынып журналынан) кезең-кезеңімен бас тартуға мүмкіндік береді.


Мұғалімдермен тікелей байланыс

ҚР Білім және ғылым министрлігі әрбір мұғалімге ақпаратты тікелей жеткізуге және оларды білім берудегі жаңалықтардан уақытылы хабардар етуге мүдделі. Мұны әрбір мұғалімнің электронды поштасы (e-mail) арқылы істеуге болады. 2016 жылдың шілде айынан бастап Министрлік білім беру бағдарламалары және көкейкесті мәселелер жөнінде мұғалімдер поштасына егжей-тегжей ақпаратты жөнелтуді тәжірибеге енгізді.

Министрлік алдағы уақытта маңызды шешімдерді қабылдамастан бұрын мұғалімдердің жолдайтын пікірлеріне сүйенуді көздейді.



Жиі қойылатын сұрақтарға міндетті түрде жауап қайтарылады. Министрлік ұстаздардың диалогқа белсене қатысатындарына сенім білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет