1 Тапсырманың жауаптары Механика бөлімі нені зерттейді ? Механиканың алдында негізгі екі мəселе қойылады?



Дата03.04.2022
өлшемі26.54 Kb.
#172438
Байланысты:
1 тапсырма. Омарова Г.Е.
1 Praktika. Omarova G.E., №4 Praktika Omarova G.E.

1 Тапсырманың жауаптары


  1. Механика бөлімі нені зерттейді ? Механиканың алдында негізгі екі мəселе қойылады?

Механика – денелердің кеңістіктегі уақыт бойынша өтетін қозғалысын зерттейтін физика ғылымының бөлімі.

Механиканың алдында негізгі екі мəселе қойылады:

1. Түрлі қозғалыстарды зерттеу жəне алынған нəтижелерді қозғалыс

заңдары (əрбір нақты жағдайларда қозғалыстың сипатын алдын ала айтып бере алатындай түріндегі заңдар) түрінде тұжырымдау.

2. Кез келген жүйеге тəн болатын жалпы механикалық қасиеттерді табу, яғни жүйені түзетін денелерің арасындағы өзара əрекеттесудің нақты түріне тəуелсіз бола алатын жалпы теориялар мен принциптерді іздестіру.




  1. Денелердің қозғалысын сипаттайтын қандай физикалық модельдерді білесіз ? Және олады сипаттаңыз.

Механикада денелердің қозғалысын сипаттау үшін нақты мəселелер (есептер) шарттарына тəуелді түрде физикалық моделдерді пайдаланады (материалдық нүкте жəне абсолютті қатты дене).

Материалдық нүкте (немесе жəй ғана бөлшек) – қарастырылып отырған есеп жағдайында мөлшерлерін ескермеуге болатын массасы бар дене.

Абсолютті қатты дене – ешбір жағдайларда да деформацияланбайтын дене жəне барлық жағдайларда да бұл дененің екі нүктесінің (немесе екі бөлшегінің) ара қашықтығы өзгеріссіз қалады. Шынайы денені абсолютті қатты дене деп санау үшін оның қозғалыс кезіндегі деформациясы ескерілмейтіндей аз болуы керек.


  1. Қандай қозғалыс түрлерін білесіз ? Және оларды сипаттаңыздар.

Механикалық қозғалыс:

а) траетория бойынша: түзусызықты және қисық сызықты болып бөлінеді.

б) жылдамдыққа қатысты: бірқалыпты және бірқалыпсыз деп бөлінеді.

Жалпы алғанда қатты дене қозғалысының бес түрін ажыратуға болады:

1) ілгерiлемелі, 2) тұрақты өсті айналу, 3) жазық параллель қозғалыс, 4) жылжымайтын нүктені айнала қозғалу жəне 5) еркін қозғалыс. Қозғалыстың алғашқы екі түрі (ілгерiлемелі жəне тұрақты өсті айналу) қатты дененің негізгі қозғалыстарының бірі болып табылады.

Бірқалыпты қозғалыс.

Дененің түзу сызық бойымен, модулі мен бағыты жағынан тұрақты жылдамдықпен қозғалысын – бірқалыпты қозғалыс деп атайды.



Үдемелі қозғалыс.

Үдемелі қозғалыс деп үдеу векторының модулі және бағыты жағынан өзгеріссіз қалуын айтады. Мысалы, тас горизонтпен ұшуы.

Мұндағы қозғалысты екі қозғалыспен сипаттауға болады: үдемелі қозғалыс және бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс.



Денелердің еркін түсуі.

Денелердің еркін құлауы деп денелердің ауаның кедергісінсіз Жерге құлауын айтады.



Айналмалы қозғалыс.

Айналмалы қозғалысты сипаттайтын шамалар: бұрыштық орын ауыстыру – Δφ (рад), бұрыштық жылдамдық – ω (рад/с), бұрыштық үдеу – ε (рад/с2) .




  1. Бұрыштық үдеу деп нені айтады? Бұрыштық үдеудің векторы қалай бағытталған?

Бұрыштық үдеу – бұрыштық жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама;

Айналыс бірқалыпты болмаған кезде берілген уақыт мезетіндегі бұрыштық үдеу (лездік үдеу) мынаған тең:






Бұрыштық үдеу векторы (α) айналу осінің бойымен бағытталады және ол дене үдемелі айналғанда  векторымен бағыттас, ал кемімелі айналғанда  векторына қарсы бағытта болады. Бұрыштық үдеудің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі: рад/с2.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет