Жауап алу кезінде Бишімбаевтың адвокаттары сот-медициналық сарапшыдан Нүкенованың бұған дейін басынан жарақат алған-алмағанын біліп, оның өліміне алған жарақаттары әсер етті деп болжам жасап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров мәйітті зерттеу кезінде екі сарапшы жұмыс істегенін және олар бұған дейін қан кету процесіне тән ерекшеліктердің немесе сараптамалардың болмағанын айтты.

"Бұл қиын емес. Мұны кез келген сарапшы байқайтын еді. Сарапшылар жедел субдуральды гематома деп анықтады, яғни жаңа сараптама жасады. Ешкім бұған дейін болған процесс туралы айтып тұрған жоқ. Бұл гистологиялық негіз, сондықтан оны микроскоппен ғана көруге болады. Созылмалы субдуральды гематоманың жетіспеушілігі байқалады. Созылмалы субдуральды гематома – ол капсуламен жабылады. Алайда мәйітті зерттеу кезінде сарапшылар капсулалар жоқ екенін нақты жазды. Иә, 3-4 апта бұрын микроскоппен көруге мүмкін болса да, жарақатты көруге болатын еді. Қайткен күнде де мұның ауыр бас жарақаты екенін айтуға болады. Бірақ оның клиникалық көріністері де, маңыздылығы да, қазіргі жарақатпен себеп-салдарлық байланысы да жоқ", – деді сот-медициналық сарапшысы Тахир Халимназаров.

  • Салтанат Нүкеноваға медициналық көмек көрсетілсе де аман алып қалу екіталай еді – Сот-медициналық сарапшы
  • "Қуандыққа сенуге, қызғанбауға, онымен намаз оқуға уәде беремін": Сотта Бишімбаевтың жеке қойын дәптеріне жазылған Салтанаттың қолхаты оқылды

Сонымен қатар бұған дейін сарапшы мұндай жарақаттармен өлім аузында жатқан адамның көмек сұрай алмайтынын, өйткені ол ауыр жарақаттардың салдарынан денесінің қимылсыз жатып, дел-сал күйде болатынын айтты.

Еске салайық, әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында марқұм Салтанат Нүкенова қандай жарақат алғанын түсіндіру үшін сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров куәгер болғаны туралы жаздық. Маманның сөзінше, марқұмның бетіне шамамен 13-14 рет соққы келген.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.