Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускаспен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Келіссөздер барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін, атап айтқанда, Қазақстан азаматтары үшін ЕуроОдақ елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші раундын өткізуді талқылады.

  • Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим іске қосылды
  • Қытаймен арадағы визасыз режим бізге не береді – Мәулен Әшімбаев түсіндіріп берді

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің негізгі кезеңдері:

  • виза алу үшін құжаттардың бірыңғай тізімін енгізу;
  • консулдық алымдарды азайту;
  • өтінімдерді өңдеу уақытын қысқарту;
  • көп мәртелік визалардың әрекет ету мерзімін ұлғайту.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту туралы келісімге қол жеткізілді. Қазақстан мен Еуроодақ қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша ресми консультацияларды өткен жылдың мамыр айында бастауға келісті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтарды қажылыққа виза алып береміз деп алдаған деген күдікпен туристік фирманың басшысы ұсталған еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.