1 требования к структуре умк дисциплины



бет15/20
Дата14.03.2018
өлшемі2.97 Mb.
#21015
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

9.4. Валюталық операциялар

Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

1. Ағымдық операцияларға жататындар:


  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

  • салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;

  • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;

  • осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

  • инвестицияларды жүзеге асыру;

  • интеллектуалдық меншік обьектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

  • мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;

  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің, не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;

  • зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;

  • жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Шетел валютасымен операциялар жасау үшін банк лицензия алуы қажет. Лицензиялау заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен іске асырылады, шексіз мерзімге беріледі және атаулы болады, яғни үшінші тұлғаларға берілмейді. Қазіргі таңда бөлшек сауданы іске асырумен және қолма – қол шетел валютасын беру қызметімен, сондай – ақ капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жасау қызметі лицензияланады. Капитал қозғалысымен байланысты қаражаттардың резидент еместерден резиденттер пайдасына өтуін қарайтын Ұлттық Банкпен келесі валюталық операцияларды тіркеу тәртібі анықталған. Барлық Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалармен орындалуы міндетті ҚР Ұлттық Банктің Қазақстан Респубдикасының Қаржы Мининстрлігімен келісе отырып және өкілетті мемлекеттік статистика органымен валюталық операцияның тәртібі, есептеу формасы мен есептілігі белгіленеді. Әрбір жеке және заңды тұлға республикадағы валютаны реттеу заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкіне және өкілетті банкке олардың жүйелі мұқтаждықтарына сәйкес қажетті ақпараттармен құжаттарды беруі міндетті.

Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетілген жағдайда және келесілерге сәйкес жүргізуге құқығы бар:



  • шетел валютасындағы қаражаттарды заңды және жеке тұлғалардың шотына , салымына орналастыруға және қабылдауға;

  • банктер мен ұйымдарға шетел валютасындағы несие және қарыздарды тарту және ұсыну;

  • заңды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сатуды жүзеге асыру;

  • валюталарды сатып алу мен сатуды жүргізу;

  • шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қатынастарды белгілеу;

  • өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;

  • шетел валютасында саудалық және саудалық емес операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;

  • халықаралық тәжірибеге сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыру.

Валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген банктер уәкілетті деп аталады. Валюта нарығында банктің ролін анықтайтын негізгі фактор банктің көлемі, оның репутациясы, бөлімшелер мен филиалдардың шетелдік желісінің даму деңгейі, жасалатын халықаралық банктік есеп айырысудың көлемі болып табылады. Сондай – ақ банк және оның валюта саясаты орналасқан орындарда кезең сайын енгізілетін валюталық шектеулер, телекстік және телефондық байланыс жағдайы маңызды рөл атқарады.

2000 жылдың сәуірінен бастап Ұлттық Банк теңгенің еркін қалқымалы бағамын белгіледі. Ол Ұлттық Банк қатысуынсыз валюталық нарықта сұраныс және ұсыныс негізінде ұлттық валюта бағамын құрылуын болжайды. Мұндай жағдайда валюталық реттеудің маңызы кенеттен өседі, негізгі міндеттері келесілер болып табылады:



  1. Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың жүргізілу тәртібі мен қағидаларын анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді шығару, валюталық операциялар субъектінің құқықтары мен міндеттері, валюталық заңдылықтарды бұзаны үшін жауапкершілік;

  2. валюта заңдылықтарының орындалуын бақылау;

  3. валюталық нарық, жүргізілген валюталық операциялар көлемін және құрылымының жағдайын талдау.

Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттарды жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

Сондай – ақ мемлекеттік халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасау тәртібін реттеуге бағытталған қызметі.

Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келесі негізгі әдістерді қолданады:


  • валюталық операциялар оьъектілері мен субъектілерін, валюталық операциялар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жіктелуін, валюталық құндылықтармен айналысу тәртібін белгілеуді анықтайтын валюталық операцияларды жүргізу тәртібін белгілеу;

  • сипатына, субъектісіне, объектісіне, көлеміне байланысты белгілі валюталық операцияларды жүргізуге шектеу енгізу;

  • шетел валютасын пайдаланатын қызметтерді лицензиялау;

  • валюталық операцияларды тіркеу;

  • валюталық операциялар туралы есептемені жинау және талдау;

  • валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау;

  • валюталық реттеу мәселелері бойынша халықаралық байланыс.

Айырбастарды жүргізу үшін валюталық нарық қызмет етеді, яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау немесе сатуды жүзеге асырудың ресми орталықтары.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Валюталық нарық деген нені білдіреді?

  2. Валюталық нарықтың рөлі қандай?

  3. Валюталық нарық қандай функцияны орындайды?

  4. Валюталық курсқа анықтама беріңіз

  5. Валюталық курсқа қандай факторлар әсер етеді?

  6. Еркін айырбасталатын валюта нені білдіреді?

  7. Тікелей валюта котировкасына мысал келтір

  8. Кері валюта котировкасына мысал келтір

  9. Кросс – курс нені білдіреді? Мысал келтір

  10. ҚР қандай валюта операциясы іске асады?


Ұсынылатын әдибиет: №№ 1-4, 27-29
10-тақырып. Сақтандыру нарығы

Дәріс тапсырмасы:

  1. Сақтандыру нарығының мәні және функциялары

  2. Сақтандырудың экономикалық мәні. Сақтандыру классификациясы

  3. Сақтандыру компанияларының коммерциялық қызметтері

  4. Брокерлік, агенттік және актуарилерді сақтандырушылардың қызметтері



    1. Сақтандыру нарығының мәні және функциялары

Сақтық келісім шарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс – қимылы сақтандыру нарығында жүргізіледі.Сақтандыру нарығы дегеніміз ақша қатынасиарының сферасы, онда сатып алу – сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.

Қазақстан Республикасы сақтық нарығының қатысушылары мыналар: сақтық (қайтта сақтандыру) ұйымы, сақтық брокері, сақтық агенті, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, актуарий, уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор), өзара сақтандыру қоғамы, сақтанддырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалар.

Сақтандыру қызметі сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады, бұл қызметтен басқа ол қызметтің мынандай түрлерін : инвестициялық түрлері, тиісті жинақтаушы сақтық шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларынақарыз беруді (сақтық ұйым үшін), сақтық (қайта сақтанадыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды, ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды, бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған ( сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтық шарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтық ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді, сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді, сақтық ( қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді, сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды, консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.

Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтық төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Жұртқа мәлім, Сақтық төлемақыларын кепілдендіру қоры құрылған.

Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі. Арқылы ғана сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционері бола алады.

Жарғылық капиталының 50 пайызынан астамы мемлекетке тиеселі ұйымдар сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.

Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті түрде мынандай алқалық органдар құра алады: директорлар кеңесі – басқару органы, басқарма – атқарушы орган, тексеру комиссиясы – бақылау органы.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшыларымен акционерлері сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге міндетті.

Құрылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезге дейін толық төлеуге тиіс.

Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында тұрақты сақтық жүйесін жасау мен қолдану және ұлттық сақтық нарығының инфроқұрылымын қалыптастыру, сақтық нарығын реттеу және сақтық қызметін қадағалау, сақтандырудың негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу, сақтанушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Сақтық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асфыруды, сақтық нарығындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасызх етуді қоса, уәкілетті орган және мемлекеттің өзге де органдары өз құзыры шегінде жүзеге асырады.

Қазақстан республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтық брокерінің сақтандыру қызметіне араласуына тыйым салынады.

Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтық нарығын реттеу және сақтық қызметін қадағалау жөніндегі функциялары мен өкілеттікті жүзеге асыратн мемлекеттік орган.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі оның өз қаржылық міндеттемелерін уақытылы және толық орындау қабілетімен анықталады. Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабілеттігінің көрсеткіштері, активтердің өтімділігі ескеріле отырып, қабылданған міндеттемелер арасындағы нормативтік арақатынастардың сақталуы болып табылады.

Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары.

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоңамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектлерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерінде, сондай-ақ ақша ресурстарын да кірістіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксізідігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:



  1. қатынастардың ықтималдық сипаты;

  2. қатынастардың төтенше (жавй емес) сипаты(кез келген ауқымда – мемлекттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі жеке адам жағдайында).

Сақтандыру категориясы қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;

  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

  • оның іс-қимылы ақша қаржыларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

  • сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы:

  • ақша қаржыларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары менщшігінің субьектісі болып кенелетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдай да сақтық ісін(қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберінде айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жұзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит университеті ретінде құруға болады.

Сақтандыруың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандыруың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шааралрын қаржыландыркужолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндіігн жою бүгіледі. Жеке бастаы сақтандыруда бөлу фунциясы

Сақтандыру тиәәсәт түрлерінің жинақтық функциясыеа бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және скақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасық етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экоомикалық категориясын сипаттау үшін тәуеддік функциясыеа қарауды ұсынады, өйткені саөтыө тәуеклі сақтандырудың негіщгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы реезрвтңк қордарды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүәесі арқылы тиісіті ақша қаражаттарының арналымы болдады. Бқл қатынатар мен қорлар байланысқан және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларла тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, үкіметтің резервтікң қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың еркін қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдыруы мұмкін. Бұл қорлар халыққа,өндіірс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық қалпына келтіру жқніндегі шараларды жұзеге асыруға келтіретін зиянды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымындағы қорлады - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азамататрдың әлеуметтік жағадайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудыі қажеттіілгімен байланысты.

Ұшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жеет отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүгізіуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл – сақтандыру және шаруашылық жүгізіуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.




10.2. Сақтандырудың экономикалық мәні. Сақтандыру классификациясы

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлііг медициналық сақтандыру болып табылады.

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорлардың қалыптастырулың екі негізігі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуәкелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

Сақтанашуның немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған , еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе онывң денсеулығына қзге де зиян келтірілген жағдайда онывң қосымша шыңыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медицинавлық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы , соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға , оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарына келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль,темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Азаматтық- құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салданына туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу ( шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.

Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.

Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғанаң пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілмеген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шартты бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.

Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
10.3. Сақтандыру компанияларының коммерциялық қызметтері

Міндетті әлеуметтік сақтандыру- азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, сандай-ақ асыраушысына айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын , бақылайтың және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратың нысандарының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістермен қаланған.(13.3 бөлімді қараныз)

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс әрекетінің обьективті қажеттілігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің , атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің- жұмыс күшінің ұдайы толықтыруының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттарының негізгі көзімен – еңбекақы , басқа жекеше табыстарының қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Әлеуметтік арналым қорларың қалыптастырудың екі қағидасы бар :



  1. ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал , өз кезегінде, еңбеке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидаға негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;

  2. әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтарының денрбес аударымдарының негізінде; бұл қағиданың іс әрекеті кезінде төлемақы мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезінде салған соммасына байланысты болады. Бұл қағиданың іс әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Бірінші қағидаға негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады;

  1. зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;

  2. әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;

  3. жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы дерективалық экономика, еңбеке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынаң жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды.Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлекметтәк санаттарына арналған жеңілдіктерінің түрлерінің болуымен сипатталады.

90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды,бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауынан да,сондай-ақ әлеуметтік қорларға олардың толық және уақытылы аударып отыруға төлеушілердің мүдделігінің болмауынан да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарнамалардың жиналымдығының төмен деңгейінде көрінетін еді;бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді;әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлерінің күнкөріс минимумдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулілігін



Каталог: finance
finance -> ПоәК «Ақша, Несие, Банктер» пәні бойынша
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> ПоәК «Салық және салық салу» пәні бойынша
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекiту туралы
finance -> Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
finance -> Я, Винокуров Андрей, внутренний паспорт сн 795091, беру на себя финансирование поездки в Словакию на период с 02


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет