1 требования к структуре умк дисциплины


Ашық, жабық және интервалдық пайлық қорлары және олардың өзара айырмашылықтары



бет17/20
Дата14.03.2018
өлшемі2.97 Mb.
#21015
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

12.2. Ашық, жабық және интервалдық пайлық қорлары және олардың өзара айырмашылықтары

Пайлық инвестициялық қор - бұл қаржыны шоғырландыра отырып, әр түрлі активтерге инвестициялайтын институт. Қаржыны шоғырландыру қордың пайы арқылы жүргізіледі. Пай - бұл меншік иеленушінің инвестициялық қорға белгілі бір қаржы жұмсағанын және келісім-шартқа сәйкес сыйақыны алуын куәландыратын эмиссиялық, құжатсыз, атаулы бағалы қағаз. Пайды жеке де, заңды тұлға да сатып алуына болады.

Пайлық инвестициялық қорлар Батыста 1920 жылы пайда болды. Бірақ, инвесторлар аталған мекемеге тек 70-80 жылдарда көңіл бөле бастады. Себебі, банктер ұсынған депозиттік мөлшердеме сол кездері инфляция қарқынынан да аспады. Сондықтан да депозиттік мөлшерлемеден жоғары ұсынған мекемеге деген қызығушылық көптеген мемлекеттерде көрініс тапты.

Пайлық инвестициялық қорлардың инвестор үшін келесідей артықшылықтар береді:

1) пайлық инвестициялық қорларды кәсіби мамандардың басқаруы;

2) бағалы қағаздар нарығындағы басқа да ірі инвесторлар сияқты артықшылықты мәртебеде болуы;

3) пайлық инвестициялық қорлар шоғарлынған қаржыны диверсификация қағидасына (яғни, әр түрлі объектілерге жұмсау қағидасы) сүйене отырып инвестициялауы;

4) пайлық инвестициялық қор қызметінің ашықтығы;

5) мемлекет тарапынан пайлық инвестициялық қордың қызметін қатаң реттеуі;

6) пайлық инвестициялық қордың табыстарына салық салынбауы (тек мүліктік және жер салығынан басқа);

7) кейбір пайлық қорлардың түріне байланысты пай ұстаушысы басқа инвесторға өзінің пайын сату мүмкіндігіне ие болуы және т.б.
12.3. Инвестициялық процестегі инвестициялық қорлардың және компаниялардың рөлі

Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Банк жүесінің барлық компонентері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда.

Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр түрлі несиелер бері, бағалы қағаздарды сатып алу, мүлікті сенімхат бойынша басқару және басқа да көптеген банктік және «Банк төңірегендегі» қызметтер көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады.

Соңғы жылдары банктер мен басқа арнайы қаржы-несие мекемелері арасындағы халықтың және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес ерекше шиленіскен сипатқа ие болды. Бұрын коммерциялық банктер халық жинақтарын тартудағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өсіру саяқты тиімді қаруды еркін қолдана алмады. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге рұқсат етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы несиелік мекемелерде мұндай шектеулер болмады. Әрине, соңғылары бәсекелік күресте артықшылыққа ие болды. Қазір жағдай өзгерді. Банктер пайызды конюктура жағдайына байланысты белгіленген ақша нарығының сертификаттарын шығару рұқсатына қол жеткізеді.

Ірі банктік ортақ әмбебептану тенденциясы олардың мамандануын сақтап қалуымен үйлесім табады. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жеке түрлеріне қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктерімен біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрсету сапасының артуына ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық аялардың, яғни әмбебап немесе ірі банктер назарын аудармаған қызмет түрлерін табуға ұмтылатын шағын және
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Инвестициялық қорлар және компаниялардың қызметі қандай?

  2. Ашық, жабық және интервалдық пайлық қорлары және олардың өзара айырмашылықтары қандай?

  3. Инвестициялық процестегі инвестициялық қорлардың және компаниялардың рөлі қандай?



Ұсынылатын әдибиет: №№ 8,9, 27-29

13-тақырып. Қазақстандағы қаржы нарығының құқықтық реттеу негіздері
Дәріс тапсырмасы:

  1. Қаржы нарығын реттеудің әдістері.

  2. ҚР-ның қаржы нарығын реттеудің заңнамалық негізі.

  3. Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік қадағалау мен реттеу туралың ҚР-ның заңы.

  4. Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушылардың өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі.

  5. Өзін-өзі реттеу ұйымдарының түсінігі.


13.1. Қаржы нарығын реттеудің әдістері.

Қаржы нарығын қалыптастыру және дамуы оны реттеуді жүргізуіне байланысты. Қаржы нарығын реттеудің құралдарын, әдістерін және бағыттарын таңдау нарыққа ғана емес, мемлекеттің бүкіл экономикалық жүйесіне әсер етеді. Қаржы нарығын реттеу – бұл өкілетті қатысушылардың қызмет процесінде пайда болатын қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Қаржы нарығын реттеу нарықтың барлық қатысушылары, ресурстары, қызметтері және операциялары қамтылады. Реттеудің 2 негізгі үлгісі бар:



  • мемлекеттік үлгі;

  • өзін-өзі реттеу.


13.2. ҚР-ның қаржы нарығын реттеудің заңнамалық негізі.

Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу тікелей және жанама жүргізіледі. Тікелей мемлекеттік реттеуге келесілер жатады: нарық субъектілерінің қызметтеріне қатысты заңнамаларды шығару, нарық субъектілерін лицензиялау, инвесторларды қорғау шараларын жасау және т.б. жатады. Ал, жанама мемлекеттік реттеу мемлекеттің экономикалық тұтқалары және капиталы арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тұтқалар мен капиталдарға салық, ақша саясаты, мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік меншік, сыртқы экономикалық байланыстар жатқызылады. Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүргізетін органдарға – ҚР Ұлттық банк, Қаржы Министрлігі және өкілетті министрліктер жатады. 2004 жылдың 1-ші қаңтар айынан бастап мемлекеттік реттеудің тағы бір органы – бұл ҚР-да қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу бойынша Агенттік өз қызметін атқара бастады. Қазіргі таңдағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – бұл қаржы нарығының барлық бөліктерін дамыту, әсіресе бағалы қағаздар нарығы және сақтандыру нырығына көңіл аударуда; инвесторларды қорғайтын жүйені ұйымдастыру; қаржы нарығын алдыңғы қатарлы деңгейге жеткізу; зейнетақы жүйесінің кемшіліктерін жою және одан ары дамыту болып табылады.


13.4. Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушылардың өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі.

Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының ажырамас құрамы болып табылады. Бүкіл дүниежүзінде мемлекет экономикасынын дамуының бірден – бір қайнар көзі десек қателеспейміз. Мысалы, халық шаруашылық саласын дамытуда, жаңа технология енгізгенде, жаңа құрылыс жүргізуде немесе өнеркәсіпті жаңартуда бір сәттік капитал жұмылдыруды талап етеді. Соңғы кезге дейін бағалы қағаз меншік қаражат жетіспеушілігіндегі ұзақ және қысқа мерзімді несие тартуға негіз болып келеді.

Әлемдік тәжірибе қосымша қаражаттардан үлкен көлемді қор алу үшін бағалы қағаз нарығын дамыту керек екендігін көрсетеді. Әрине біздің республикада бағалы қағаз нарығы дамымаған деп айтуға болмайды. Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы шағында оның даму жолына алғашқы іс шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрыңғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруда. Қазіргі кезде корпоративтік бағалы қағаз шығару есебінен бағалы қағаз нарығын дамыту ерекше актуалды болып келеді.

Дүниежүзілік, сондай-ақ республикада нарықтық қатынастарды дамыту тәжірибесі бағалы қағаздардың нарықтық экономиканы функцияландырудың тиімді механизмі, халықтың жинақтарын және қаржылық ресурстарды мобилизациялау құралы, ел экономикасында каражаттарды қайта бөлудің оптималды шешімі екенін дәлелдеді.

Экономикалық дамыған елдерде мемлекеттік бағалы қағаздар жалпы экономиканың дамуында, банктік жүйесінің өтімділігін ұстап тұруда, мемлекеттік шығыстарды қаржыландыруда маңызды орын алады.

Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзіндегі және оның ішінде Қазақстан Республикасында да инвесторлардың қаражаттарын бағалы қағаздарға салуы актуалды болып келеді. Өйткені бұл инвесторлардың өз калауы арқылы қаражаттары аз, орта және жоғары тәуекелді бағалы қағаздарға жұмылдырады. Қаражатты бағалы қағаздарға инвестициялау болашақта тұрақты табысс алуды қамтамасыз етеді. Және де бұл инвессторлар мен мемлекет үшін тиімді шешіім болып табылады.

Әлемдік валюта нарығы
13.5. Өзін-өзі реттеу ұйымдарының түсінігі.

Қаржы нарығының тиімді жұмыс істеуі тек қана мемлекеттік реттеуіне байланысты емес, сондай-ақ нарықтағы өзін-өзі реттеу жүргізетін органдардың қызметі де әсер етеді. Қаржы нарығының өзін-өзі реттеу ұйымдары – бұл қаржы нарығының кәсіби қатысушылары құрған мемлекеттік емес, коммерциялық емес ұйым. Оның құрылу мақсаты – бұл кәсіби қызығушылықтарды қорғау, қаржы нарық инфрақұрылымның дұрыс қызмет етуіне жағдай жасау болып табылады.

ӨРҰ-н құру ҚР-сы заңнамасына сәйкес жасалады және оның қызметі жарғыға сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ қызметі өзін-өзі өтеу қағидасына негізделеді. Қаржы нарығының бөліктеріне қарай ӨРҰ жіктеледі. Егер бағалы қағаздар нарығын алсақ, мұнда ӨРҰ-ға тіркеушілер ассциациясы, зейнетақы активтерінің ассоциациясы, қор биржасы жатқызылады. Зейнетақы жүйесінде сондай-ақ зейнетақы қорлардың ассоциациясы қызмет етеді. Негізгі ӨРҰ ретінде Қаржыгерлер ассоциациясы танылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Релевант ақша саясаты.

  2. Релевант сыныпталуымен ақша түсімі.

  3. Күнделікті кірісі бар жоба.

  4. Күнделікті кірісі өсіп тұрған жоба.

  5. Аккумулятор түріндегі жоба.

  6. Спекулянттық түрдегі жоба.

  7. Релевантты емес ақша түсімі.


Ұсынылатын әдибиет:: №№ 1-4, 27-29
14-тақырып. Қаржылық нарықты және қаржылық ұйымды бақылау және реттеу Агенттікгің іскерлігі.

Дәріс тапсырмасы:

  1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу бойынша Агенттікгің қызметтерінің негізгі бағыттары.

  2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу бойынша Агенттікгің функциялары мен міндеттері


14.1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу бойынша Агенттікгің қызметтерінің негізгі бағыттары.

Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша Агенттіктің мақсаттары:



  1. қаржы нарығын және қаржылық ұйымдардың тұрақтылығын қолдау;

  2. қаржылық қызметтердің тұтынушыларының қызығушылықтарын қорғау жүйесін құру;

  3. қаржы нарығындағы әділетті бәсекені қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдар үшін тең құқықты жағдайлар жасау.

Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша Агенттіктің қағидалары:

  • реттеудің тиімді құралдары мен ресурстарын пайдалану;

  • қаржылық қадағалаудың ашықтығы;

  • тәуекел дәрежелерін бағалауға негізделген қаржылық ұйымдарды ынталандыру;

  • жаңа қаржылық құралдар мен қызметтерді дамытуға арналған тұтынышылар қызығушылықтарын қорғау;

- қаржы нарығында жаңа технологияларды енгізу.

Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша Агенттіктің міндеттері:



  1. қаржылық ұйымдардың қызметтеріне стандарттарды бекіту, қаржылық ұйымдарды корпоративті басқаруын жақсарту мақсатында ынталандыру жүйесін құру;

  2. қаржылық жүйені тұрақтандыруын сақтау мақсатында қаржы нарығының мониторинг жасау;

  3. қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығында қадағалау жүргізу;

  4. қаржылық ұйымдардың қызметтерін тұтынушыларға жеткізу мақсатында жаңа тенологияларды енгізу.

Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша Агенттігі Қазақстан Республикасы Президентіне бағынады және оған есеп береді.

Қазақстан Республикасының ұлттық қаржы рыногын реттеу және қадағалау саласындағы саясатының құрамдас бөлігі қаржылық институттардың қызметін мемлекеттік реттеудің жаңа жүйесін құрудың өз басымдықтары болды, осы мәселе бойынша халықаралық практиканың оң әсерін ескере отырып, барлық қадағалау және реттеуші функцияларды бір мамандандырылған органға біріктіру көзделді.

 Осыған байланысты, 90-шы жылдардың соңында республикада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен қалыптастырылған қадағалаудың жалпы әдістемелік базасының және практикасының негізінде қаржы институттарының қызметін мемлекеттік реттеудің жаңа жүйесінің элементтері қалыптаса бастады. Бірнеше жыл бойы Ұлттық Банкке Сақтандыру рыногын қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сақтандыруды қадағалау департаментінің (1998ж.), бағалы қағаздар рыногын реттеу бойынша – бағалы қағаздар жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының (2001ж.), жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеттің (2002ж.) функциялары мен өкілеттіктері беріліп отырды.  

2003 жылы Республиканың Ұлттық Банкі елдің қаржылық рыногын реттеуде басты позицияны ұстанды. Елдің орталық банкінде реттеуші және қадағалау функцияларының шоғырлануы қадағалаудың дербес мемлекеттік органын құруға жасалған қадам болып есептелді, оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен бөліп шығару арқылы жүргізді.

Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау реформасының негізгі мақсаты отандық қаржы рыногының тұрақты инфрақұрылымын дамыту және қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерін қорғау деңгейін арттыру үшін шоғырландырылған қадағалаудың тиімді және тәуелсіз жүйесін құру болып табылды.
      Еліміздің қаржы секторын дамытудың маңызды факторы болып 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (ҚР ҚҚА) өз қызметін бастауы болып табылды, Агенттікке Ұлттық Банктен тиісінше функциялар және өкілеттіктер берілді.   
14.2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу бойынша Агенттіктің функциялары мен міндеттері

«Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың жаңа мақсаттары айқындалды:



  1. қаржы рыногының және қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және жалпы қаржы жүйесіне сенімділікті арттыру, қолдау;

  2. қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісінше деңгейін қамтамасыз ету;

  3. қаржы рыногында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін теңдей талаптарды құру;

Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың заңнамамен айқындалған міндеттері мыналар болып танылды: 

  • қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногының және қаржы ұйымдарының мониторингі; 

  • қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының тәуекелдерге ұшырау ықтималдылығы жоғары салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

  • осы заманғы технологияларды енгізуді ынталандыру, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі туралы және олар ұсынатын қаржылық қызмет көрсетулер туралы ақпараттың толықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Агенттік өз қызметінде қаржы рыногын реттеу мен қадағалау саясатының және практикасының сабақтастығын сақтады және басшылыққа алды, бәрінен бұрын қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің жүйесіне әрі қарай реформа жасаудың мақсаты – қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын және мүдделерін қорғау деңгейін арттыру үшін қаржы рыногын қадағалау мен реттеудің әдістері мен ресімдерін кешенді іске асыруды қоса отырып, шоғырландырылған қаржылық қадағалаудың тәуелсіз және тиімді жүйесін құру, сондай-ақ тұрақты отандық қаржы рыногын қалыптастыру болып табылады.

    
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Қай жылы реттеу Агенттік және қаржы нарығын бақылау және қаржы ұйымы құрылған?

  2. Реттеу Агенттіктің және қаржы нарығын бақылаудың және қаржы ұйымының қанша негізгі функциялары бар?

  3. Реттеу Агенттіктің және қаржы нарығын бақылаудың және қаржы ұйымның ең негізгілерін атаңыз?


Ұсынылатын әдибиет:: №№ 1-4, 27-29
15-тақырып. ҚР Ұлттық банкі - қаржы нарығын реттеу органы

Дәріс тапсырмасы:

  1. Ұлттық банк, функциялары және міндеттері.

  2. ҚР қаржы нарығындағы лицензиялық қызметтері

  3. Бағалы қағаздар нарыңын реттеуші департаментінің өкілеттілігі және функциялары.


15.1. Ұлттық банк, функциялары және міндеттері.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк ісінің әлемдік тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкіметтіліктерге байланысты.

Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша –несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясаты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интегерциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

Несие жүйесін құрудың маңызды принципі-несиелік мекемелер торабының барынша дамуы мен оларды барлық ақша операцияларының шоғырлануы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі-Қазақстан Республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады. «Валюталық реттеу» түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады. Бұл қағида – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.
15.2. ҚР қаржы нарығындағы лицензиялық қызметтері

Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасы Президенттіне ғана есеп бере алады.

Орталық банкі елдегі ақша –несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақша-несие саясатын автономды түрде жүргізбейінше республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.

Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі – экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.

Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады.

Президентің «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заң күші бар жарлығында былай делінген: «Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігінің қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:



  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министерлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді.

  2. осы шарттар бойынша үкімент жәрдемімен ашылған Қазақстанның Халықаралық

  3. ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты

  4. өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министерлігіне қосымша несиелер береді».

Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
15.3. Бағалы қағаздар нарыңын реттеуші департаментінің өкілеттілігі және функциялары

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:


  • мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қаржы нарығын реттеуде ҚР Ұлттық Банкінің негізгі қызметі қандай?

  2. Ұлттық банк, функциялары және міндеттері қандай?

  3. ҚР қаржы нарығындағы лицензиялық қызметтері қандай?


Ұсынылатын әдибиет: №№ 1-7, 27-29
Алматы экономика және статистика академиясы

«Қаржы» кафедрасы

ТӘЖІРИБЕ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша
«5В050900- Қаржы» мамандығы

Алматы, 2012 ж.


1- тақырып. Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері

Сабақ тапсырмасы:

  1. Қаржы нарығының, делдалдар және қатысушылар түсінігі.

  2. Қаржы нарығы және оның құрылымы

  3. Қаржы нарығының функциялары

  4. Қазақстандағы қаржы нарығының құрылымы

Әдістемелік нұсқау:

Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:



  1. Қаржы нарығы дегеніміз не?

  2. Қаржы нарығына қандай функциялар тән?

  3. Қазақстан қаржы нарығының құрылымы қандай?

  4. Әлемдік қаржы нарығы дегеніміз не?

  5. Әлемдік қаржы нарығының құрылымы қандай?



2- тақырып. Ақша нарығы және оның қаржы құралдары

Сабақ тапсырмасы:

  1. Ақша нарығының түсінігі және функциясы

  2. Экономикадағы ақша нарығының ролі.

  3. Қазақстандағы ақша нарығының құрылымы

  4. Ақша нарығының құралдары

  5. Қолма қол және қолма қолсыз қаржы пайдалану арқылы төлемдер

Каталог: finance
finance -> ПоәК «Ақша, Несие, Банктер» пәні бойынша
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> ПоәК «Салық және салық салу» пәні бойынша
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекiту туралы
finance -> Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
finance -> Я, Винокуров Андрей, внутренний паспорт сн 795091, беру на себя финансирование поездки в Словакию на период с 02


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет