Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Ақша нарығы нені білдіреді?
-
Ақша нарығы қандай функцияны орындайды?
-
Ақша нарығының негізгі қаржы құралдары қандай
3 -тақырып. Депозит нарығының қызметтерінің ерекшеліктері
Сабақ тапсырмасы:
-
Депозит нарығының мәні және функциялары
-
Қазақстандағы депозит нарығының құрылымы
-
Депозит нарығының құралдары: түсінігі және түрлері
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Депозит нарығы дегеніміз не?
-
Депозит дегеніміз не?
-
Қазақстан депозит нарығында депозиттің қандай түрлері бар?
-
Қазақстандағы депозит нарығының институционалдық құрылымы қандай?
4- тақырып. Несие нарығы, оның мәні және маңызы
Сабақ тапсырмасы:
-
Несие нарығының мәні және функциялары
-
Қазақстандағы несие нарығының құрылымы
-
Несие нарығының құралдары: түсінігі және түрлері
-
ҚР несие нарығының даму ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Несие нарығы нені білдіреді?
-
Несие нарығының қандай түрлері бар?
-
ҚР несие нарығының институционалдық құрылымы қандай?
-
ҚР несие нарығының ерекшелігі
-
Қазақстан Ипотека компаниясының ролі мен міндеті
5- тақырып. Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы
Сабақ тапсырмасы:
-
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және функциялары
-
ҚР бағалы қағаздар нарығының құрылымы.
-
Бағалы қағаздар нарығының құралы
-
Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не?
-
ҚР – да қандай бағалы қағаздардың түрлері айналыста болады?
-
ҚР аумағында мемлекеттік бағалы қағаздардың қандай түрлері шығарылады?
-
Халықаралық бағалы қағаздар нарығының негізгі орталықтарында бағалы қағаздарды шығару және олардың айналыс ерекшеліктері
6-тақырып. Қор биржа, оның қызметі және құрамы
Сабақ тапсырмасы:
-
Қор биржаларының түсінігі және функциялары. Қор биржаларының экономикалық, заң және ұйымдық жақтары
-
Қор биржасында сауданы жүзеге асыру ережедері мен құрамы.
-
Листинг жіне делистинг түсінігі
-
Биржалық саудаға қатысушылар
-
Қор биржасында брокер-дилердің қызметтері
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Несиелік серіктестік дегеніміз не? Оның қызметі қандай?
-
Қаржылық компания дегеніміз не? Оның қызметі қандай?
-
Ломбард дегеніміз не? Оның қызметі қандай?
-
Қазақстандағы Тұрғын – үй жинақ банкінің қызметі қандай?
-
Қазақстан Даму банкінің қызметі қандай?
-
Арнайы мамандандырылған банктерді жіктеу
7-тақырып. Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
Сабақ тапсырмасы:
-
Коммерциялық банктердің мәні. Қаржы нарығындағы коммерциялық банктердің ролі.
-
Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
-
Коммерциялық банктердің брокерлік-дилерлік қызметі
-
Коммерциялық банктердің кастодиандіқ қызметі
-
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтері
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Банк дегеніміз не?
-
Банктің негізгі түрлері
-
ҚР – да банктің қандай түрлері бар?
-
Қазақстанда мамандандырылған банктерді құрудың қажеттілігін дәлелдеу?.
8-тақырып. Туынды бағалы қағаздар нарығы
Сабақ тапсырмасы:
-
Туынды бағалы қағаздар нарығының түсінігі және функциялары
-
ҚР туынды бағалы қағаздар нарығының құрылымы.
-
Туынды бағалы қағаздар нарығының құралы
-
Туынды бағалы қағаздарды шығару және орналастыру ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқа:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Туынды бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не?
-
Туынды бағалы қағаздар нарығының құралы қандай?
-
ҚР – да қандай туынды бағалы қағаздардың түрлері айналыста болады?
-
Халықаралық туынды бағалы қағаздар нарығының негізгі орталықтарында бағалы қағаздарды шығару және олардың айналыс ерекшеліктері
9-тақырып. Валюта нарығы және валюталық операциялар
Сабақ тапсырмасы:
-
Валюталық нарықтың дамуы
-
Биржалық және биржадан тыс валюталық нарық
-
Нарыққа қатысушылар
-
Валюталық операциялар
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Валюта нарығы дегеніміз не?
-
қазақстандағы валюта нарығының құрылымы қандай?
-
Қазақстанда қандай валюталық операциялар жүзеге асырылады?
-
Әлемдік валюта нарығының дамуы
10-тақырып. Сақтандыру нарығы
Сабақ тапсырмасы:
-
Сақтандыру нарығының мәні және функциялары
-
Сақтандырудың экономикалық мәні. Сақтандыру классификациясы
-
Сақтандыру компанияларының коммерциялық қызметтері
-
Брокерлік, агенттік және актуарилерді сақтандырушылардың қызметтері
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Сақтандыру нарығы дегеніміз не?
-
қазақстанда сақтандырудың қандай түрлері бар?
-
Қазақстандағы сақтандыру нарығының құрылымы
-
Сақтандыру компаниясы дегеніміз не?
-
Сақтандыру ұйымдарының қызметі қандай?
11- тақырып. Зейнетақы нарығы. ҚР зейнетақы қорларының қызметі
Сабақ тапсырмасы:
-
Жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесі
-
ҚР зейнетақы жүйесі: құқықтық қамтамасыз ету және құрылымы. Мемлекеттік жинақтаушы зейнет ақы қорлары (ГНПФ). Зейнет ақы төлей бойынша мемлекетік орта (ГЦВП).
-
ҚР мемлекеттік емес жинақтаушы зейнет ақы қорлары
-
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (ООИУПА).
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Зейнетақы нарығы дегеніміз не?
-
Қазақстанның зейнетақы нарығының қатысушылары
-
Жаңа зейнетақы жүйесінің бұрынғы КСРО тұсындағы зейнетақы жүйесінен айырмашылығы қандай?
-
Қазақстандағы зейнетақы нарығының құрылымы қандай?
12-тақырып. Инвестициялық компаниялар мен қорлар
Сабақ тапсырмасы:
-
Инвестициялық қорлар және компаниялардың қызметі қандай?
-
Ашық, жабық және интервалдық пайлық қорлары және олардың өзара айырмашылықтары қандай?
-
Инвестициялық процестегі инвестициялық қорлардың және компаниялардың рөлі қандай?
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Инвестициялық қорлар және компаниялардың қызметі .
-
Ашық, жабық және интервалдық пайлық қорлары және олардың өзара айырмашылықтары.
-
Инвестициялық процестегі инвестициялық қорлардың және компаниялардың рөлі.
13-тақырып. Қазақстандағы қаржы нарығының құқықтық реттеу негіздері
Сабақ тапсырмасы:
-
Қаржы нарығын реттеудің әдістері.
-
ҚР-ның қаржы нарығын реттеудің заңнамалық негізі.
-
Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік қадағалау мен реттеу туралың ҚР-ның заңы.
-
Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушылардың өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі.
-
Өзін-өзі реттеу ұйымдарының түсінігі.
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Қаржы нарығы қалай реттеледі?
-
Қаржы нарығын реттеу түрлері?
-
Қаржы нарығын мемлекеттік, өзін - өзі, қоғамдық реттеу дегеніміз не?
-
Қазақстанда қандай өзін - өзі реттеу ұйымы бар?
-
ҚР – да дағы өзін - өзі реттеу ұйымдарының қызметі қандай?
14-тақырып. Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша Агенттік
Сабақ тапсырмасы:
-
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу бойынша Агенттіктің қызметтерінің негізгі бағыттары.
-
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу бойынша Агенттіктің функциялары мен міндеттері
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Қаржы нарығын реттеуде ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды қадағалау мен реттеу жөніндегі Агенттіктің негізгі қызметі қандай?
-
Қаржығын нарығын реттеуде ҚР қаржы Министрлігінің негізгі қызметі қандай?
15-тақырып. ҚР Ұлттық банкі - қаржы нарығын реттеу органы
Сабақ тапсырмасы:
-
Ұлттық банк, функциялары және міндеттері.
-
ҚР қаржы нарығындағы лицензиялық қызметтері
-
Бағалы қағаздар нарыңын реттеуші департаментінің өкілеттілігі және функциялары.
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Қаржы нарығын реттеуде ҚР Ұлттық Банкінің негізгі қызметі қандай?
-
Ұлттық банк, функциялары және міндеттері қандай?
-
ҚР қаржы нарығындағы лицензиялық қызметтері қандай?
Алматы экономика және статистика академиясы
«Қаржы» кафедрасы
СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша
«5В050900- Қаржы» мамандығы
Алматы, 2012 ж.
№1 - СОӨЖ
1- тақырып. Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері
СОӨЖ тапсырмалары:
1 тапсырма. Төмендегі бағыттағы сұрақтарға жазбаша жауап берініз:
-
Қаржы нарығының мәні мен түсінігі.
-
Экономиканың дамуындағы қаржы нарығының ролі.
-
Қаржы нарығының жіктелімінің ерекшеліктері.
-
Қазақстанның қаржы нарығы және оның құрылымы.
-
ҚР – дағы қаржы нарығының құрамдас бөліктері.
-
Әлемдік қаржы нарығының мәні мен мағынасы.
-
Қаржы нарығының негізгі даму кезеңдері
2 тапсырма. Келесі тұжырымдамалар рас па?
-
Біздің елімізде экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық алғышарттары бар қаржы нарығын қалыптастырушы процесс жүріп жатыр.
-
Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
-
Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Қаржы нарығы дегеніміз не?
-
Қаржы нарығына қандай функциялар тән?
-
Қазақстан қаржы нарығының құрылымы қандай?
-
Әлемдік қаржы нарығы дегеніміз не?
-
Әлемдік қаржы нарығының құрылымы қандай?
Бақылау формасы: жазбаша тапсырмаларды орындау
Тапсырманы орындаудың бағалау балы: 2 балл
Ұсынылатын әдибиеттер: №№ 1-4, 27-29
№2-СОӨЖ
2- тақырып. Ақша нарығы және оның қаржы құралдары
СОӨЖ тапсырмалары:
1 тапсырма. Берілген сөйлемдегі келтірілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауабын табыңыз.
Ақша нарығының құралдары –
-
банкнот, чек, вексель, борыштық қолхаттар, банк акцептері, төлем карточкалары
-
банкнот, чек, вексель, депозиттік сертификаттар, банк несиелері, төлем карточкалары
-
банкнот, чек, вексель, кепілхаттар, банк несиелері, банк акцептері
-
қазынашылық вексель, борыштық міндеттемелер, банк акцептері, есептік карточкалары
-
борыштық қолхаттар, банк несиелері, несиелік карточкалар
Ақша нарығының негізгі қызметтері –
-
төлем қызметі, коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету қызметі, есепке алу қызметі
-
тұтыну, өнеркәсіптік, саудалық, ауыл шаруышылық, инвестициялық
-
реттеушілік, ақпараттық, коммерциялық, баға белгілеу, бөлу
-
коммерциялық, мақсаттық, ақпараттық, реттеушілік
-
реттеушілік, коммерциялық, бағалық, сенімділік
Вексельді эмитентіне байланысты жіктеу –
-
қазынашылық, қаржылық, коммерциялық
-
жай, аудармалы
-
қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген
-
атаулы, ұсынбалы, ордерлі
-
қайта алынбайтын, алдын-ала хабарлама беру
2 тапсырма. Келесі тұжырымдамалар рас па?
-
Қаржылық қатынас бұл – елдің экономикалық дамуының негізі
-
Қаржы нарығының негізгі қызметтері – төлем қызметі, коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету қызметі, есепке алу қызметі
-
Ақша нарығының құралдары – борыштық қолхаттар, банк несиелері, несиелік карточкалар
-
Ақша нарығының негізгі қызметтері – реттеушілік, коммерциялық, бағалық, сенімділік
-
Вексельді эмитентіне байланысты жіктеу – қазынашылық, қаржылық, коммерциялық
-
Вексельді айналым тәсілдеріне байланысты жіктеу – жай, аудармалы
-
Вексельді қамтамасыз етілуіне байланысты жіктеу – қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Ақша нарығы нені білдіреді?
-
Ақша нарығы қандай функцияны орындайды?
-
Ақша нарығының негізгі қаржы құралдары қандай
Бақылау формасы: жазбаша тапсырмаларды орындау
Тапсырманы орындаудың бағалау балы: 2 балл
Ұсынылатын әдибиеттер: №№ 1-4, 27-29
№3-СОӨЖ
3 -тақырып. Депозит нарығының қызметтерінің ерекшеліктері
СОӨЖ тапсырмалары:
1 тапсырма. Келесі тұжырымдамалар дұрыс па?
-
Депозиттік портфель дегеніміз – зейнетақы корлар мен коммерциялық банктердің депозиттік саясаты нәтижесінде қалыптасқан және банктердің балансының пассивінде көрсетілетін сырттан тартылған қаражаттардың немесе банктің міндеттемелерінің жалпы жиынтығы.
-
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері үшін депозиттік портфельдің депозиттік базасына қажет уақытында талап етілетін заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың депозиттерін жатқызуға болады.
-
Банктер депозиттерге тиімді баға қалыптастыра отырып өзінің әр бір қызмет түрі бойынша клиенттер тобын құрады
2 тапсырма. Төменде келтірілген мәтінге жазылмай қалған сөзді қойыңыз.
-
Банктік депозит – салымшының, .................алдын ала келісілген сый ақы қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген, ақша қаражаттары.
-
Қазіргі банктік тәжірибеде ................. және депозиттік шоттардың көптеген түрлері кездеседі.
-
Мерзімді жинақтаушы салым бойынша нақты ............. белгіленеді немесе осы салымды шоттан алынатын мерзімі белгіленеді.
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Депозит нарығы дегеніміз не?
-
Депозит дегеніміз не?
-
Қазақстан депозит нарығында депозиттің қандай түрлері бар?
-
Қазақстандағы депозит нарығының институционалдық құрылымы қандай?
Бақылау формасы: жазбаша тапсырмаларды орындау
Тапсырманы орындаудың бағалау балы: 2 балл
Ұсынылатын әдибиеттер: №№ 5-7, 27-29
№4-СОӨЖ
4- тақырып. Несие нарығы, оның мәні және маңызы
СОӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Берілген сөйлемдегі келтірілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауабын табыңыз Несие нарығы дегеніміз –
-
несие беруші мен несие алушының операцияларын жүргізетін лицензияланған орын
-
несие беруші мен несие алушының операцияларын жүргізетін мемлекеттік емес ұйым
-
несие беруші мен несие алушының операцияларын жүргізетін лицензияланған мемлекеттік емес ұйым
-
несие беруші мен несие алушының келісім-шарттарын жасайтын лицензияланған орын
-
заңды тұлға мен жеке тұлғалардың несие алу операцияларын жүргізетін лицензияланған орын
Несие нарығы дегеніміз –
-
несиелік институттардың қызметтерінің жиынтығы
-
қаржылық серіктестіктер қызметтерінің жиынтығы
-
ақша-несиелік институттардың қызметтерінің жиынтығы
-
несиелік қызметтер жиынтығы
-
несиелік ұйымдардың қызметтерінің жиынтығы
Несиелік қатынастардың тағайындалуы бойынша жіктеу –
-
тұтыну, өнеркәсіптік, саудалық, ауыл шаруышылық, инвестициялық
-
реттеушілік, ақпараттық, коммерциялық, баға белгілеу, бөлу
-
коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету, есепке алу
-
бір жолғы тәртіппен шығарылатын, сериямен шығарылатын
-
келесі тұлғаға берілетін, келесі тұлғаға берілмейтін
Несиелік қатынастардың қызмет етуі байланысты жіктеу
-
негізгі қорларды ұлғайтуға берілетін несие, айналым қорларын ұлғайтуға берілетін несие
-
қысқа мерзімді несие, орта мерзімді несие, ұзақ мерзімді несие
-
кепілдемемен қамтамасыз етілетін, банкпен кепілденген, сақтандырылған несие
-
тұтыну, өнеркәсіптік, саудалық, ауыл шаруышылық, инвестициялық
-
бір жолғы тәртіппен шығарылатын, сериямен шығарылатын
2-тапсырма. Мына анықтамалар дұрыс па?
-
Несие – өндірістік қатынастарды білдіретін әлеуметтік категория.
-
Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз беруші болады
-
Банкаралық несие – банктердің клиетттеріне беретін несиесі.
-
Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
Әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабаққа дайындалар алдында лекцияны қолданыңыз, тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен және келесі бақылау сұрақтарын қолданыңыз:
-
Несие нарығы нені білдіреді?
-
Несие нарығының қандай түрлері бар?
-
ҚР несие нарығының институционалдық құрылымы қандай?
-
ҚР несие нарығының ерекшелігі
-
Қазақстан Ипотека компаниясының ролі мен міндеті
Бақылау формасы: жазбаша тапсырмаларды орындау
Тапсырманы орындаудың бағалау балы: 2 балл
Ұсынылатын әдибиеттер: №№ 5-7, 27-29
№5-СОӨЖ
5- тақырып. Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы
СОӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Төменде келтірілген мәтінге жазылмай қалған сөзді қойыңыз
-
Бағалы қағаздар нарығы - бағалы қағаздарды сатушы мен сатып алушы арасында туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы.
-
Аталған нарықтың жіктелінуі бағалы қағаздардың жіктелінуіне сәйкес келеді.
-
Бағалы қағаздар нарығының басты қызметтеріне қайта бөлу және бағамен қаржы тәуекелдерін сақтандыру функциясын жатқызуға болады.
2-тапсырма. Сіздерге ұсынылған көптеген нұсқалардың ішінен дұрыс нұсқаны таңдаңыз.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары –
-
эмитенттер, инвесторлар, қор биржалары
-
кәсіпорындар, банктер, қор биржалары
-
ҚР-ның резиденттері, банктер, акционерлік қоғамдар
-
эмитенттер, инвесторлар, акционерлік қоғамдар
-
ҚР-ның резиденттері мен резиденті еместер
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары –
-
брокерлер, дилерлер, тіркеушілер, клирингтік ұйымдар, кастодиандық қызмет
-
мемлекет, тіркеушілер, клирингтік ұйымдар, кастодиандық қызмет
-
мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, клирингтік ұйымдар,
-
мемлекеттік емес ұйымдар, банктер, клирингтік ұйымдар, кастодиандық қызмет
-
жеке және заңды тұлғалар, тіркеушілер, клирингтік ұйымдар
Негізгі бағалы қағаздар дегеніміз –
-
қандай да бір активке мүлік құқығын беретін
-
активтерге негізделген, бірақ олардың қатарына өздері кермейтін
-
алғашқы бағалы қағаздар негізінде шығарылатын
-
қандайда бір базистік активке негізделген
-
меншікті құқықты куәландыратын
Алғашқы бағалы қағаздар дегеніміз –
-
активтерге негізделген, бірақ олардың қатарына өздері кермейтін
-
алғашқы бағалы қағаздар негізінде шығарылатын
-
қандайда бір базистік активке негізделген
-
меншікті құқықты куәландыратын
-
қандай да бір активке мүлік құқығын беретін
Қайталамалы бағалы қағаздар дегеніміз –
-
алғашқы бағалы қағаздар негізінде шығарылатын
-
қандайда бір базистік активке негізделген
-
меншікті құқықты куәландыратын
-
қандай да бір активке мүлік құқығын беретін
-
активтерге негізделген, бірақ олардың қатарына өздері кермейтін
Достарыңызбен бөлісу: |