1 требования к структуре умк дисциплины


Қазақстандағы қаржы нарығының құрылымы



жүктеу 2.97 Mb.
бет9/20
Дата14.03.2018
өлшемі2.97 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Қазақстандағы қаржы нарығының құрылымы

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатнастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зеинетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылғансауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарыныңағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді ойнайды. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.

Сондықтан, қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизмінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелеріне қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы – несие институттарының жиынтығын білдіреді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Қаржы нарығы нені білдіреді? Анықтамасын беріңіз.

  2. Қаржы нарығына қандай функциялар кіреді?

  3. Бөлу функциясы не мағына береді?

  4. Қаржы нарығының комерциялық функциясы нені қалыптастырады?

  5. Қазақстандағы қаржы нарығының ақпараттық функциясы қаншалықты толық орындалады?

  6. Қазақстанның қаржы нарығының құрылымы қандай?

  7. Қаржы нарығының шарттарымен әрі қарай өрбулері қандай?

  8. Зейнетақы және сақтандыру нарықтары қаржы нарғының құрылымына енгізілгенін түсіндіріңіз?

  9. Қаржының қатысушылары үшін осы ұйымның рейтингі қандай рөл атқарады?


Ұсынылатын әдибиет: №№ 1-4, 27-29

2- тақырып. Ақша нарығы және оның қаржы құралдары

Дәріс тапсырмасы:

  1. Ақша нарығының түсінігі және функциясы

  2. Экономикадағы ақша нарығының ролі.

  3. Қазақстандағы ақша нарығының құрылымы

  4. Ақша нарығының құралдары

  5. Қолма қол және қолма қолсыз қаржы пайдалану арқылы төлемдер


2.1.Ақша нарығының түсінігі және функциясы

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақшалай қаражатты бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл ойнайды. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.

Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады әрі олардың бүгінгі күнгі жағдайын толық аяқталған кезеңіне жатқызуға болмайды. Белгілі бір сатыда құнның эквиваленттік формасы пайда болды: ар жиынтығынан бір тауар жеке бөлініп алынады, осының нәтижесінде қалғант басқа тауарлар өзгереді. Эквивалент – тауарларға қойылатын талап әзірленді:


  • бөлінушілік;

  • ықшамдылық;

  • біртектілік.

Жалпы эквивалент осы аталған ерекшеліктерге ие болғандықтан эквивалент тауарлардан жеке бөлінеді. Одан ары дамыту процесінде металдан тауарлардың жалпыға ортақ эквиваленті ретінде ақша бөлініп алынады, қйткені аз ғана сан үлкен құнды қамтиді.

Осылайша, тарихи ақша тауарлардың жалпы әлемінкен бөлініп, ең алдымен оның өзі бір мезгілде жай және өзіндік ерекшелігі бар тауар-ақша болды. Одан арғы тарихында ақшаның тауарлық формасы жойылады да жаңа формаға көшеді.

Осы заманғы кезеңде борыштық міндеттемелер туралы тиісті жазуы бар банк ақшалары пайда болады. Оның пайда болуына тауар алмасу процесін жүзеге асыруға қажетті тауарлық қатынастардың тұрмыс тіршілікте кеңінен қолданылуы себеп болды.

Тауар-ақша қатынасын сызба бойынша көрсетуге болады:


өндіріс құралы
Т – Д – өндіріс – Т’ – Д’

жұмыс күші


Осы тауар айналымын бұлайша бөлуге ақшалай қатынастардың дамуы, жинақтау құралы және төлем құралы ретіндегі ақша функцияларының пайда болуы себепкер болды. Ақшалай қатынастардың пайда болуы мен дамуы тікелей баспа-бас операцияларын жүзеге асырудың мүмкіндіктерін бірден төмендетіп тастады. Ақшаға деген қажеттілік нақты тауар ретінде болатын еңбектің екі жақтылық сипатындағы қайшылықты жою үшін туындайды. Ол тек бір ғана жолмен – жалпыға ортақ эквиваленттегі тауарлардан ақшаны жеке бөліп алумен шешіледі.

Ақша бастапқыда әр түрлі ұлу қабыршағы, мал-мүлік және т.б. формаларында болды. Содан кейін оларды алтын, күміс және бақыр тиындар алмастырды. Ал, тиын формасын несие деп аталатын ақша алмастырады.

Несиелік ақшаның ең алғашқы тарихи түрі – вексель. Ол иесіне (беруші жақ) қарыз алушылардан белгіленген мерзім ішінде осы аты аталған ақшалай соманы төлеуін талап етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде болды. Вексель, сондай-ақ, басқа тұлғаға да берілуі мүмкін. Ол осылайша белгілі бір ақша түрінде болады, алайда мұнда жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқармайды.

ХIV ғасырдың соңында алтын монометаллизм жағдайында банкир векселі ретінде болатын несие ақшасының әр түрлілігі ретінде банкнот пайда болды. Банкнот эмиссиясын бастапқыда кез-келген банк жүзеге асыратын, алайда эмитент рөлін мемлекет өз мойнына алды.

ХVI- ХVII ғасырларда қолма-қолсыз ақша есеп айырысу қолданысқа ене бастады. Сонымен бірге, несие ақшасының жаңа формасы – белгілі бір ақша сомасын чек иесіне төлеу немесе оның атына аудару турасындағы банк шоты иесінің жазбаша бұйрығын білдіретін чек пайда болды.

Бүгінгі таңда тәжірибеде таурлар алтынмен емес, қағаз-несие ақшасымен дарытады, ал алтынмен арадағы байланысының үзілуіне оларды қымбат металдармен еркін айырбастаудың тоқтауы себеп болды. Ендігі жерде несие-қағаз ақша жалпыға эквивалент ретінле алға шығып, алтынның рөлін атқарады. Ақша ретінде құн белгілерін пайдалану оған бірқатар тауарлық сипаттарды дарытады: олар сатылады және сатып алынады, тауарларға айырбасталады. Алайда ақшаның тауарға тән ең басты ерекшелігі жоқ – оның өзіндік құны болмайды. Осылайша, ол (ақша) құн өлшемі рөлін атқарады.

Салыстырмалы түрде ақшаның жаңа фомасына девиз (французша devises) – халықаралық есеп айырысуда қолданылатын шетелдік валютадағы төлем құралы болып табылады. Бастапқыда ол экспорттаушы импорттаушының атына жазып беретін коммерциялық аудармалы вексельдер (тратт) түрінде болды. Ол алтын девиз стандарты кезінде банкноттық эмиссия мен ұсақ қорларды қамтамасыз етумен қызмет етті. Банктердің корреспонденттік байланысының және әлемдік сауданың ұлғаюына орай девиз банк төлем құралының формасына енеді: вексель, чек, аккредитив, телеграфтық аудару, сондай-ақ мемлекетаралық өзара қысқа мерзімді несиелер («своп»). Девиздер халықаралық төлем айналымында банкнот және шетелдік бағалы қағаздар түрінде болады. Елдердің валюталарында тұлғалануы арқылы халықаралық сауда мен төлем айналымында негізгі рөлді де ойнайды. Соңғысы ретінде орталық банктердің, қазынашылық және үкіметтік органдардың өтемдік ресурстардың құрамына кіретін резервтік немесе салыстырмалы түрде тұрақты, қайтарылатын валюталар алға шығады.

Белгілі болғандай, ақша мынадай функцияларды орындайды:



  • құн өлшемін;

  • айналым құралын;

  • төлем құралын;

  • жинақтау құралын;

  • әлемдік ақша.

Ол құн өлшемі ретінде мінсіз болып табылатындықтан тауар құнын бағалауға мүмкіндік береді. Ақшаның осы фунцияларындағы майда (ұсақ) еместері есеп айырысу үшін пайдаланылады, яғни бұл арада саны арқылы жоспарланған тауардың құнын бағалауға болатын ақша турасында айтылып отыр.құн өлшемі ретіндегі ақша функциясы макроэкономика шеңберінде кәсіпорындардағы НД, ЖҰӨ есеп айырысуларында белсенді түрде қолданылады. Ол бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік береді.

2.2.Экономикадағы ақша нарығының ролі.

Айналым құралы ретіндегі ақша функциясы сатып алушы мен сатушының арасындағы өзара қарым–қатынасты тікелей орнататын (опосредствует) нақты ақшаның рөлін орындайды. Бұл функциялардағы ақша осы заманғы нарықтық қатынастарды қалыптастырады әрі тікелей айырбас құны ретінде алңа шығады.

Ақшалай қатынастың дамуы тауарды сату процесінде оған төленетін сәттің пайда болуына әкеп соқты. Бұл жағдайда жаңа ақшалар – төлем немесе есеп айырысу міндеттемелері (вексель, несие, ақша жіне т.б.) пайда болады. Тауарды алу сәтінде сатып алышы сатушыға тиісті сома қашан және қай жерде берілгені (табыс етілгені) көрсетілетін ақшалай міндеттемелерді береді (табыс етеді) көрсетілетін ақшалай міндеттемелерді береді (табыс етеді). Бұл арада ақша төлем құралы фунциясын орындайды.

Қорлану құралы ретіндегі ақша функциясы тарихи тұрғыдан алғашқы пайда болғандардаң біріне жатса да ол төлем құралы ретіндегі ақша пайда болғаннан кейін ғана даму жолына түсті. Уақытша бос ақша қаражаты жинақ ақшаға айналды, содан кейін қорлану ретінде түрленеді (трансформацияланады). Мұның соңғысы (қорланған ақша) өз кезегінде ел экономикасының дамуына аса қажетті инвестициялардың негізгі көздері болып табылады.

Әлемдік ақша ретіндегі ақша сыртқы экономикалық қатынасқа қызмет етеді. Алғашқы кезде, ол алтын түрінде қолданылады. Қазіргі заман жағдайында әлемдік ақша ретінде бітқатар мемлекеттердің тұрақты валюталары немесе әлемдік несие ақшалар алға шыға алады. Бұл сапада олар жоғарыда аталған барлық төрт функцияны атқара береді, яғни ақшаның осы функциясы біріктіруші ретінде болады.

Бүгінгі таңда ұлттық, ішкі мемлекеттік айналымдардың және мемлекеттік ақшалай ағындар ауысуларының арасындағы айырмашылық жойылып келеді. Жоғарыда аталған барлық ақша функциялары елдердің экономикалық ынтымақтастығында толықтай қолданылып жүр.

Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функциясын анықтауға болады:


  1. төлем функциясы – операцияларды жүзеге асыру прцесінде оған қатысушылардың арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық;

  2. коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемемен, яғни вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту, шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді;

  3. есеп алу функциясы және т.б.

Қаржы нарығына қатысушылардың арасындағы ақша айналымы процесінде мыналардың:

  1. шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ондағы жұмыспен қамтылған халықтың;

  2. кәсіпорын мен салалар ішіндегі бөлімшелердің ;

  3. жабдықтаушылар мен төлеушілердің;

  4. мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің;

  5. мемлекеттік, аймақтық, жергілікті бюджеттердің және бюджеттен тыс қорлардың;

  6. несие жүйесі мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің;

  7. шаруашылық жүргізуші субъектілердің және биржаның, сақтандыру ұйымдарының, мүліктік қорлардың және қаржы-несие жүйесінің басқа да құралдарының немесе буындарының субъектілердің

  8. халық пен мемлекеттің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен қаржы инфрақұрылымы құралдарының арасында ақша қатынастары, деп аталатын жүйені құрайтын қаражатты қайта бөлу бойынша белгілі бір қатынас пайда болады.

Бұлардың барлығы капиталдың қалыптасуын, олардың бөлінуін, экономикалық және әлеуметтік дамудың тиімділігін пайдалануды әрі бағалауды қоса қамтитын, қорларға ақша ресурстарының ауысу процесін бейнелейді.
2.3.Қазақстандағы ақша нарығының құрылымы

Ақша нарығының қолда бар құралдарына қарай әрі қазақстандық қаржы нарығының ерекшеліктерін ескере отырып, оның мынадай сегменттерін бөліп көрсетуге:



  1. Қолма-қол ақша нарығы

  2. Төлем (банкнот) нарығы

  3. Вексельдер мен борыштық қолхаттар нарығы

  4. Банк акцепттер нарығы

  5. Чектер нарығы

Қазақстан Республикасы аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен мынадай операциялар айналымда қолданылады:

  • қолма-қол ақша (банкнот) табыстау;

  • чек беру;

  • вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;

  • төлем карточкасын пайдалану;

  • борыштық қолхаттардың айналымы.

Ең алдымен айналысы түпкі қорытындысында нарықтағы тауардың айналымын жүзеге асыратын қолма-қол ақша қаражатының нарығы туралы айта кету керек. Ол көрсетілген қызметтің төлемақысы ретінде алға шығады. Бүгінгі таңда қолма-қол ақша айналысы шектелсе де Қазақстан халқы тауарлар мен қызметтің төлемақыларын төлеу үшін (негізгі тағам өнімдерін сатып алғанда, слесардың, сантехниктің және т.б. қызмет-ақыларын төлегенде), сондай-ақ айырбастау пунктерінде валюта айырбастағанда, қарыз бергенде және т.б. қолма-қол қаражатты пайдаланады.
2.4. Ақша нарығының құралдары

Бүгінгі таңда ақша қаражаттарының негізгі айналымында қолма – қол ақша айналымының көп бөлігін алмастырған қолма – қолсыз ақша айналымы орын алып отыр. Ол өзкезегінде қызмет көрсеткені үшін төлем өндіріп алатын коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырады. Міне, осы жерден қолма – қолсыз ақша есеп айырысу нарығы пайда болмақ.

Бұл арадағы ақша айналымы мыналар:


  • төлем тапсырмасы

  • төлем талап тапсырмасы

  • акккредитивтер

  • ҚР – сы заң актілерімен белгіленген басқалары да төлем құжаттары арқылы жүзеге асырылады:

  • ақша міндеттемесін немесе ақша төлемі туралы нұсқауды қамтитын төлем құжатын беру немесе ұсыну

  • ақша төлемі туралы нұсқауды қамтитын төлем құжатын немесе электрондық хабарлануды табыстау

Олар клиенттің банктегі шотын пайдалану арқылы және оларды пайдаланбайақ ҚР- сы заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Төлем тапсырысымен есеп айырысу шаруашылық жүргізуші субъектілендің арасындағы есеп айырысуларды жүзеге асырулардың ең қарапайым тәсілі болып табылады. Бұл құжат шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір соманы өзінің шотына басқа субъектінің шотына аудару туралы тапсырмасын білдіреді. Ол жазылған күнінен бастап 10 күн жарамды болып табылады. Мұнда оның жазылған күні есепке алынбайды, яғни есеп айырысуға қабылданбайды. Егер банк шот иесі басқа нәрселерді кірістірмесе, онда төлем шотта қаражат болғанда ғана орындауға төлеушіден қабылданады. Төлем тапсырмалары мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.

Мерзімді төлем мына нұсқаларда орындалады:


  • аванстық төлем, яғни тауарды жөнелткенге дейінгі төлем;

  • тауарды жөнелткеннен кейінгі төлем, яғни тауарлардың тура акцепті жолымен болатын төлем;

  • ірі мәмілелердегі біртіндеп төленетін төлем.


2.5. Қолма қол және қолма қолсыз қаржы пайдалану арқылы төлемдер

Қолма-қол ақшамен төлеу заңды төлем құралы болып табылатын банкнот немесе тиын түрінде жүзеге асырылады. Төлемнің бұл түрінде төлеуші басқа бір тұлғаның алдында өз міндеттемесін орындау үшін банкнотты немесе тиынды арқылы орындай алады.



Чектермен есеп айырысу жол, есеп айырысу және басқа да чектердің чек ұстаушыға өз шотынан белгілі бір соманы банктің төлеуін бұйыратын төлеушінің жазбаша өкімінің көмегімен жүзеге асырылады. Әлемдік тәжірибеде ақшалай және есеп айырысу чектері бөліп көрсетіледі.

Ақшалай чек қолма-қол ақшасын банкте ұстаушының төлемдері үшін, мысалы, еңбекақы, шаруашылық қажеттіліктері, іс-сапар шығыстары және т.б. қолданылады.

Есеп айырысу чегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда қолданылады. Бұл – нақты тұлғаға немесе чекті көрсеткенге (чекті ұстаушыға) онда (чекте) көрсетілген белгілі бір соманы банктің төлеуін әмір ететін ағымдағы шот иесінің (чек берушінің) сөзсіз жазбаша бұйрығын қамтитын құжат. Есеп айырысу чектері өтелген немесе өтелмеген болуы мүмкін.

Атаулы чек (нақты тұлғаның атына жазылған), ұсынбалы чек (ұсынушының атына жазылатын) және ордерлі чек болады. Ордерлі чек белгілі бір тұлғаның пайдасына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады, яғни чек беруші оны жаңа иесіне индоссаменттің кқмегімен беруі ықтимал. Оның үстіне, чек кроссталған – бет жағына екі параллель сызықтар жүргізілген болуы мүмкін. Кроссталу өз кезегінде жалпы және арнайы болуы ықтимал. Бірінші жағдайда (сызықтардың арасында «банктің» белгісі болмайды) оны төлеуші банкке немесе өзінің клиентіне төлейді. Мұндай чекті ұстаушы тұлға оны сызықтардың арасында атауы көрсетілген банкке ғана ұсынады.

Чек айналымының басқа да артықшылықтары бар: чек басқа төлем құралдарының, оның ішінде пластикалық карталардың және валютаның көмегімен есеп айырысу мүмкін болмаған барлық жағдайларда есеп айырысуға мүмкіндік береді.

Экономиканы ақша-несие тұрғысынан реттеуде вексельдер сатылатын және сатып алынатын нарықтың рөлі ерекше. Оның маңызы – экономикада ақша ағымын бірқалыпты етуінде жатыр. Вексельді коммерциялық деп аталатын несие рәсімдейді. Сату-сатып алу объектісі болып табылатын олар төлем мерзімін ұзартуды қамтамасыз ете отырып, нарықта айналысқа түседі.

Вексельдік операциялар банк несиесі қызметінің ең маңызды әрі келешегі зор бағыттарының бірі болып табылады. Вексель нарығының міндеті – негізінен қысқа мерзімді ақша қаражаттарды қайта бөлу, ал оның объектісіне коммерциялық және қаржылық вексельдер жатады. Бірыңғай ақша нарығының бөлігі болып табылатын оның екі деңгейі болады. Оның алғашқы резидентіне несие мекемелері мен оның клиенттері жатады, ал оның негізін есептік, комиссиялық, ломбардтық операциялар және банктің, басқа да несие институттарының операциялары немесе жеке дисконтерлердің вексельдерінен болатын операциялар құрайды. Екінші субъектіге несие мекемелері: бір жағынан – Ұлттық банк, екінші жағынан – екінші деңгейлі банктер, оның ішінде коммерциялық банктер кіреді. Бұл деңгейдегі нарық операцияларының басым бөлігін бірінші сыныпты вексельдерді қайта есептеу мен қайта кепілге салу құрайды. Банк жүйесінде мамандандыруды дамыту, есептік операциялардың тәуекелділігін орталықсыздандырып қайта бөлу қажеттілігі институционалдық құрылымы тек банк мекемелерінен ғана тұратын әрі арнайы несие институттарының есеп үйлерінің, есептік банктердің және басқа да мекемелердің төңірегінде топтасатын аралық деңгейдің нарықта пайда болуын ұйғарады.

Вексельдік айналым әртүрлі салаларды қамтуы мүмкін. Біріншіден, банк ссудасын (вексель – солосын) беру барысындағы банк пен клиенттің арасындағы қатынасты; екіншіден, қоғам мен мемлекеттің арасындағы қатынасты; үшіншіден, банктің араласуынсыз (делдалынсыз) жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қатынасты.

Біздің елімізде вексель бағалы қағаздарға жатпайды, ол ҚР «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» заңына сәйкес төлем құралы мен несиелеу құралы болып табылады. Вексель – бұл қандай да бір тұлғаға нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде төлеуді сөзсіз міндеттеме. Бұл ешқандай жағдайға тәуелді болып қалмайтын дерексіз қарыз міндеттемесі.

Вексельге тән белгілер:



  • ақшалай міндеттеменің сөзсіз сипаты, яғни вексель беруші белгілі бір соманы төлеуді өз мойнына алады немесе үшінші жақтағы тұлғаға вексельдік соманы төлеу туралы бұйрық қандай да бір шартпен шектеліп қалмайды;

  • міндеттеменің дерексіз сипаты, яғни вексельдің мәтініде ол қандай мәміленің негізінде берілгеніне сілтеме жасалмайды;

  • осы құжатты толтырудың қатаң формалданған рәсімі, яғни форма барлық қажетті реквизиттерді қамтуы керек, өйткені қажетті реквизиттердің біреуі болмай қалса, вексель түкке жарамсыз болып қалады;

  • есеп айырысудың ақшалай формасы, яғни міндеттеменің тек ақша қаражаты болуы мүмкін.

Вексельдер екі негізгі түрге бөлінеді: жай вексель және аударылатын вексель.

Жай вексель (соло) – несие берушіге (вексель ұстаушыға) ақша қарадаттардың нақты сомасын белгілі бір орында және белгіленген мерзімде қарыз алушы (вексель беруші) төлейтін, қандай да бір шартпен шектеліп қалмайтын міндеттемені қамтитын вексель немесе үшінші тұлғаға қаражатты аудару жөніндегі несие берушінің бұйрығы бойынша вексель.

Жай вексельдің негізгі белгісі – онда қарыз алушы тұлғаға вексельді жазып беретін – вексель беруші жатады. Вексель ұстаушы оны өзінің берешегін вексель берушіге аудару арқылы өз контрагенттерімен есеп айырысуда пайдалана алады.



Аудармалы вексель (тратта) – бұл вексельдік қатынасты үш тараптан реттейтін құжат: несие беруші (транссант), қарыз алушы (трассат) және төлемді алушы (ремитент). Аударылатын вексельдің шығарылуы мен трассант (вексель беруші) нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде ремитентке төлеу туралы ұсынысы мен трассатқа вексель жазып береді (трассалайды).

Ремитент вексельді алғанымен онда көрсетілген трассаттың төлемді жүзеге асыратынына сенімсіз. Сондықтан да алдымен борышқордың вексель сомасын төлеуге келісім бергенін немесе бермегенін біліп алу керек. Осы мақсатта вексель акцепт үшін трассатқа бағыт алады.



Коммерциялық банктері вексельдермен нақты операцияларды жүзеге асыра алады:

    1. вексельдер есебі. Мұнда банк клиенті өтімді қаражатты сатып алады, ал банк оны вексель берушіден тікелей алады және қолайсыз қаржы жағдайында ғана соңғысы вексельді ұсынушыға жүгінеді. Егер банк тауар мәмілесіне негізделген вексель есебіне қабылдайтын болса, онда ол оның уақытылы төленгеніне және мәміленің ауарлы сипатына сенімді болуы керек. Осыған орай, клиенттің несиені өтей алатын қабілетін әне вексельдердің дұыс рәсімделуін тексеру қажет. Банк есебіне вексельді қабылдаудан бас тартудың себебі бойынша қандай да бір түсіндірме беру міндетті емес. Оған көрсетілеген қызметтердің қатарына клиенттің вексельді жоғалтқаны және бұл тұрысында басқа банктерге хабарланғаны туралы өтінішін қабылдау кіреді. Қазақстандық банктердің есептік мөлшерлемелері МБҚ, қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, несие пайыздары бойынша табыстылыққа қарай МЕККАМ жөніндегі аукционнан кейін әрбір сәрсенбіде белгіленеді. Қажет болған жағдайда бұдан гөрі жиі белгіленеді.

    2. вексельдер акцепті және авалы (Вексель бойынша ризалық және вексель бойынша кепілдік). Акцепт – вексель төлеміне жазбаша келісім, аваль – вексельдік кепіл беруші, оны жүзеге асыратын тұлға шамасына қарай басқа тұлғаның вексель бойынша міндеттемесін орындау жауапкершілігін өз мойнына алады. Банк қолданыста бар клиенттің несие желісі шегінде немесе берілген кепіл құнының шегінде аударылатын вексельдердің акцептісін жүзеге асырады. Бұл жағдайда банк клиенті вексель беруші ретінде алға шығады, ал банк төлеуші ретінде болады. Қазақстандық банктерде клиенттердің вексельдерін акцептілеу және авалдау операцияларының жалпы табыстылығы (есеп барысындағы есептік мөлшерме + акцепт немесе аваль үшін пайыз) ҚР Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшермесінен төмен болмауы керек.

Мысалы, А субъектісі 3 ай ішінде өтеу мерзімінен жалпы номиналды сомасы 100000000 тенгеге вексель жазып береді. Банк оның векселін акцептейді (авалдайды) және барлық операциялардың бас кезінде акцепт үшін 750000 теңгені құрайтын 3% жылдық мөлшерінде алады. Осы мерзім шіндегі есептік мөлшерме ұсынылатын күнге 15% жылдық белгіленеді. Төлем сомасы 97510000 теңгені құрайды, осылайша вексельдер есебі барысында табыс 2470000 теңгені құрайды. Барлық операциялардың жиынтық табысы – 3220000 теңге. Таза табыс – 2576000 теңге.

  1. Вексельдердоминациясы (ескертпе). Егер вексель алушы төлем күні өзіне тиесілі соманы қандай да бір себептермен (жол жүру, іс сапар және т.б.) төлеу орнында бола алмай қалған жағдайда ол бұл істі банкке тапсырады. Сол үшін банк клиенттен біршама төлемді өндіріп алады.

Қазақстанға жаңа технологияның енуіне байланысты тағы бір құралды – төлемді жүзеге асыруға, ақшаны қолма – қол алуға, валютаны айырбастауға және эмитентпен әрі оның жағдайымен анықталатын басқа да операцияларды орындауға мүмкіндік беретін ақпараттарды қамтитын құрылғылар мен электрондық терминалдар арқылы ақшаға қол жеткізудің құралы ретінде төлем карточкаларын пайдаланудың, қолданудың мүмкіндігі туды. Төлем карточкалары дебеттік және кредиттік, болып бөлінеді (24.08.2000ж. №331 ҰБ бекіткен ҚР – да төлем карточкаларын шығару мен пайдалану ережесі). ҰБ төлем карточкаларын шығарумен және ҚР – да оны шығарудың әрі пайдаланудың талаптарын белгілеумен байланысты қызметті лицензиялайтын бірден – бір ( жалғыз) орган болып табылады.

Төлем карточкасын беру кезінде мыналармен келісім – шарт жасалады:



  • төлем карточкасын берудің шарты

  • оны пайдалану арқылы төлемді жүзеге асырудың шарты

  • төлем карточкасын беру туралы келісім – шарттың негізінде әр түрлісін ұстаушыларға бірнеше төлем карточкасы берілетін жағдайында қосымша карточкалар берілетін тұлғалардың тізімі (немесе оларға жасалған сілтемені)

  • төлем карточкаларын алу және шектеу шарты

  • төлем карточкасының қолдану мерзімін немесе оның беру туралы келісім – шартының мерзімі

  • тараптардың құқығы мен міндеттемелері

  • тараптардың жауапкершіліктерін қамтитын келісім шарт.

Жеке тұлға төлем карточкасын алған күнінен бастап оның иесі болып табылады.

Төлем карточкасын ұстаушының оны (төлем карточкасын) алғанын айғақтайтын құжатқа қойылған қолы немесе осы фактіні бір мәнде айғақтайтын басқа да куәлік растаушы ретінде қызмет етеді. Банктерді пайдаланбай – ақ бір – біріне қарыз беруде халық ақша нарығының қаржылық құралы ретінде қарастыруға болатын, нотариалдық кеңселермен расталған борыш қолхаттарын рәсімдейді. келешектегі ауыл шаруашылық өнімдерінің кепілімен шығарылатын өнімдердің кепілімен шығарылатын ауыл шаруашылық қолхаты секілді қаржы құралының да пайда болғанын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда елімізде осы қарыз міндеттемесі вексельдермен салыстырғанды әлдеқайда кең таралған.


Каталог: finance
finance -> ПоәК «Ақша, Несие, Банктер» пәні бойынша
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> ПоәК «Салық және салық салу» пәні бойынша
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекiту туралы
finance -> Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
finance -> Я, Винокуров Андрей, внутренний паспорт сн 795091, беру на себя финансирование поездки в Словакию на период с 02


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет