Енді жеке тұлғалардың маркетплейс арқылы шетелден келетін тапсырыстарына сатып алу сомасына қарамастан импорттық баж салығы салынады. Мұны еуразиялық экономикалық комиссияның өкілі растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vedomosti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Өзгеріс еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден заңнамасына енгізілген түзетулері күшіне енгеннен кейін болады.

Қауымдастық мүшелері өткен жылдың 25 желтоқсанында талапты өзгертуге келісті. Жаңа тұжырымдама электрондық коммерция тауарлары түсінігін енгізуді көздейді және оларды жеке тұлғаларға сату кезінде міндетті алымдарды төлеу талабын қарастырады.

"ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің жеке тұлғалары сатып алған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленуге жатады", –  делінген хаттамада. 

Баж салығы қашаннан бастап салынатыны бойынша нақты мерзімі айтылмады, өйткені құжатты ұлттық парламенттер мақұлдауы керек.

Бұған дейін 200 еуродан қымбат тауарлар үшін баж салығы 5%-дан 15%-ға дейін өзгеруі мүмкін екені хабарланған. Мысалы азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлеріне ең жоғары мөлшерлеме, ал кофе, шай, дәрі-дәрмек, электрқұрылғылары мен мал азығы үшін ең төменгі мөлшерлеме белгіленуі мүмкін.

Қазіргі уақытта барлық шетелдік тауарлар үшін бажсыз әкелу шегі – 1000 еуро. Қымбатырақ немесе салмағы 31 кг-нан асатын кез келген нәрсеге 15% мөлшерлеме қолданылады, бірақ 1 кг үшін 2 еуродан кем емес. Сонымен қатар 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап шекті мән қайтадан 200 еуроға дейін төмендеуі мүмкін. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.