1. Түрік қағанаты Үі-х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары еді



бет3/8
Дата22.09.2022
өлшемі50.21 Kb.
#175638
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
түрік лек
соц
3. Қарлұқ мемлекеті.
VIII ғасырдың орта кезінде Қазақстан жеріндегі Түргеш қағанатын қарлұтар талқандап жеңіп, оның орнына 756 жылы түрік тілді олардың тайпалары келіп орналасты. Қарлұтар Батыс Алтайдан көшіп келіп, Жетісу жерлерін өздеріне қаратып басып алды. Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы - Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.
Жазба деректерге қарағанда, Қарлұқ туралы алғашқы деректер "Суй әулеті тарихында" 581-618 жылдары кездеседі. Онда Қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Ақтағ /Алтай/ баурайларында мекендеген бұлақ /було/ деп аталған. Қарлұқ тайпалары ҮШ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрін де қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстық көлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің баурайларын мекендеді. Қарлұқ тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар /Фараб/ қаласы маңына барып қоныстанған. Қарлұқтар Талас бойында да тұрды. Қарлұқтардың құрамына үш ірі ру бірлестіктері — Моула, Чжисы және Ташли кірді. Бірінші тайпаның аты Моула - бұлақ деп аталған. Басқа бір тобы Чжисышігіл деп аталды. Әмудариядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің бәрін шігілдер деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы - Баласағұн каласы. Қарлұқтардың біраз тобы X ғасырда Іле аңғарында, Ыстық көл мен Балқаш көлдерінің арасында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін "жабғу" деп атаған. Олардың астанасы - Қойлық қаласы.
Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алған, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі - Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізіп отырған. Қарлұқтар көбінесе ұйғырлармен және қырғыздармен соғысып тұрды. Олар батыста Мәуеренахрдың араб жаулаушыларымен жан аямай күреседі. IX ғасырдың бас қарлұқтар арабтарға қарсы бағытталған әртүрлі қимыл-әрекеттерді белсене қолдайды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /қазіргі Луговой стансасы/ қаласына жетеді. 812 жылы арабтар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы қимақ еліне қашып кетуге мәжбүр болған.
840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тарихи оқиға болады. Енесей қырғыздары Ұйғыр қағанатын жойып, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бұл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, Қарлұқ жабғысы Білге күл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, өзінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Бірақ осы жылы Орта Азия саманилері оған қарсы шығып, Исфиджабты басып алды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала құлап, ислам дінін қабылдайды. Оғұлшақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бұған қоса Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қоймай, олардың мемлекетіне жорықтар жасап тұрды. 904 жылы олар Мәуеренахрға басып кіреді, бірақ біраздан кейін кетуге мәжбүр болады.
Қарлұқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік тайпалық жүйесі қалыптасты. Бұл, әрине, басқарудың орталықтанған түрінің бекуіне жәрдемін тигізбеді, өйткені ірі-ірі тайпалар тұрған, енші жер-суы бар билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін көбейтуге тырысты. Осының салдарынан қарлұқ жабғылары билігінің аты болмаса, заты жоқ-тұғын.
Қарлұқ феодалдық қоғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа кауымның ешбір құқы жоқ тобы — құлдар-тын. Халықтың негізгі бөлігі - қоғамның қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлақ Тұзын, Балиг, Барысхан, Сыйкел, Талғар, Тонг, Пенчуль т.б. Қарлұктардың астанасы және олардың көптеген қалалары ұлы Жібек жолы бойында орналасқан, ал бұл жолдың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу үшін елшілік және сауда-саттық байланыстар арнасы ретінде де орасан зор маңызы болды. Дегенмен Қарлұқ қағанаты өз қолына берік саяси-экономикалык байланыс жүйесін орната алмады. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның береке-құтын қашырды. Міне, осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алады да, Қарлұқтар мемлекеті кұлайды. Қарлұк кағанатыньн солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жаткан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдык мемлекеті қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет