1. Түрік қағанаты Үі-х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары еді



бет4/8
Дата22.09.2022
өлшемі50.21 Kb.
#175638
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
түрік лек
соц
4. Оғыздар
Оғыздардың ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. Қазіргі кезде оның жағасында "9 оғыз" деп аталатын демалыс үйі бар. Батыс түрік жоне Түргеш кағанаттары құлап, қарлұқтардың шабуылынан кейін Оғыздар Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы печенег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Соның салдарынан оғыздар осы өңірдегі бұрыннан тұратын халықтармен одақ құрады. Оның құрамына Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындары, Сырдария аңғарындағы, Арал маңындағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бұл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы аймақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп-қонып жүрді.
Истархи "Китаб месалик әл-мемалик" кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақтар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлұқ пен Бұлғар және мұсылман елдері Джурджана, Фараб, сондай-ақ, Исфиджабпен шектесіп жатқан. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.
IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта
ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың
Қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның
Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жайылған. Олар Сырдарияның орта
және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иеленетін отырықшы облыстармен, Хорезммен, Мәуеренахрмен және Хорасанмен шектесіп жатқан.
X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын ұлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің құла түзі, оңтүстік-шығыс Қарақұм шөлі мен Арал аймағының Қызылкұмы Оғыз сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпаларынын Қарлұқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөнінде тарихи деректерде сақталмаған.
X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы — Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нұра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығанақ пен Оңтүстік Оралға баратын керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен.
Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдык мемлекет болды. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын көл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде өткізілген, бұл әлде әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрі тәрізді. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің "сюбши" деп аталатын бас қолбасшысы маңызды рөл атқарған.
ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық қатынастар дамиды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл - мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді. Оғыздар қоғамында жекеменшік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен бірге кауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен. Оғыздардың басты шаруашылығы - мал өсіру болған. Көшпенділермен қатар елде жартылай отырықшы және отырықшы шаруашылық қалыптаса бастады. Х-ХІ ғасырларда Оғыз жерінде Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ калаларының болғандығы айтылады. Оғыз көшпенділері Мәуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты, егіншілік дамыған жерлермен тығыз байланыс жасап тұрған.
Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы-балгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте-бірте ислам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл аткарды. 965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды талқандады. Киев русьтары өздеріне бәсекелес хазарларлын жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы тамаша жайылымға ие болды.
X ғасырдың аяғында оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булгариясын жеңді. Оғыздар Еділ бойынан, Маңғыстаудан /оғыздар Манкишлақ деп атаған үстірттен/ өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды сауда және әскери стратегиялық жолдарды басып алғысы келді, бірақ оған қол жеткізе алмады.
XI ғасыр басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болды. Бұл жағдай X ғасырдың екінші жартысында өкімет басына келген Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған салжұқтардың көсемдері пайдаланады. Салжұқ көсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне карсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып алады, бірақ оны ұзақ ұстап тұра алмайды. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір күшейеді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Аяғында келіп жабғы мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлайды. Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, қарақалпақ халықтарын калыптастырушы бөлшектердің бірі болды. Оғыз этнонимдері Кіші жүз бен Орта қазақ рулары мен тайпаларының аттарында сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет