1. Түрік қағанаты Үі-х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары еді



бет6/8
Дата22.09.2022
өлшемі50.21 Kb.
#175638
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
түрік лек
соц
6. Қарахан мемлекеті
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария,Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордақент (Тараз) қаласы болды. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттары мен қолөнершілері мекендеген.
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915 955 жж.) болып есептелінеді. Ол Қарахан хандығының іргесін кетеріп, мәртебесін асырушылардың бірі - Білге күл -Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз тарихы осы уақыттан басталды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды.
955 жылы Мұса өлген соң Қарақан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды. Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы Әли Арсылан әмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі отбасы әулетінің - Әли Арсылан хан мен Хасан (Харун) Боғра ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли ұрпағының ықпалы күштірек болса, ал кейін бұл ықпал Хасан (Хасанилерге) ұрпақтарына кешті.
X ғ. 80-ші жылдарында Орта Азиядағы күшті мемлекет Согдиана феодалдық талас-тартыстардың нәтижесінде әлсірей бастады. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланды. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Богра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы карахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұқараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне ойсырата соққы берді. Қарахан хандығы қиян-кескі ұзақ соғыстардан кейін 1004-1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: 1. Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. 2. Мәуеренахр жерлері - Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды.
Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Туған хан билеп тұрды. Бірақ онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Қадыр-хан Жүсіп Туған-ханды Қашғардан тықсырып шығарды.
1017-1018 жж. Жетісу Шығыстан көшпелі тайпалар шабуылына ұшырады. Олармен шайқастан кейін көп ұзамай Туған хан дүние салды. Осы кезде Қадыр-хан едәуір күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндеғі бүкіл билік оның қолына көшеді. 1032 жылы Қадыр-ханның иелігіне Жетісу, Исфиджаб пен Тараз өңірлері және Шығыс Түркістан жері қарады. Бірақ осыған қарамастан Шығыс Қарахан қағандығында билік үшін күрес шиеленісе түсті.
1056 жылы Қадырханның ұлы Иинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алды, бірақ ол көп ұзамай Ииналды у беріп өлтіреді. Таққа Иинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, ол біраздан кейін Барысхан әміршілігімен соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын он бес жыл бойы /1059-1074 жж./ Кадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады, ал екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді.
Қарахан мемлекетінін басшысы - хақан, оған ең жақын кеңесші, көмекші - уәзір болды. Бұдан басқа сарай күзет бастығы, есік қорушылар, қазынашылар және елшілер қызмет етті.
Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Хандар елді өзіне жақын адамдармен және уәзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бірнеше ұлыстарға бөлінді. Олардың бастылары Тараз, Исфиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта деп аталды. Икта институты Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының шаруашылық және саяси өмірінде елеулі рел аткарған. Бұдан басқа феодалдық жер иеленушіліктің басқа түрлері де қалыптасты. Олар ислам дін иелеріне қарасты -вақфтық жерлер, ірі феодалдар жалға беретін -издольщина деп аталатын жер иеліктері, сондай-ақ коммендация - жер иелігі. Ол бойынша әлсіз кедей шаруалар өз жерлерін ірі феодалдарға, әскер басыларына т.б қамқорлыққа беріп отырған. Ол үшін күшті адамдар әлсіз адамдарды қорғауға тиіс болған.
Қарахан мемлекеті халқының ең басты тіршілігі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы Қарахан қағанатында қала өмірі, сауда, қолөнері, егін шаруашылығы жақсы өркендеді. Қарахандықтар алтын күміс, темір, мыс, қорғасын, басқа да әртүрлі бағалы ыдыстардан үй тұрмысына қажетті заттарды, әшекейлі сән бұйымдарды жасай білген.
Русьпен, Византиямен, Иранмен, Зақавказьемен, Орта Азиямен қызу сауда жүргізген, қарахандықтар көршілес мемлекеттермен ұзақ уақыт бойы табан тірескен соғыстар да жүргізді. Бұл соғыстар мемлекетті әлсіретпей қойған жок. Қағанатқа 1089 жылы Орта Азиядағы Салжұқ /Сельджук/ сұлтандығы шабуыл жасап, Батыс Қараханның орталығы Самарқанд қаласын басып алды. Дәл осы кезде Шығыс Карахан Қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғүрыл шабуыл жасап, Қашғар қаласын өзіне қаратты. Осындай шапқыншылықтарға байланысты XII ғасырдың бірінші жартысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды. Бұған шығыстан көшіп келген кидан тайпаларының да үлкен әсері тиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет