10 зертханалық-машықтану жұмысы. Ауылшаруашылық дақылдарының суғармалау және суғару мөлшерін анықтау Ауылшаруашылық дақылдарын суару



бет1/2
Дата09.04.2022
өлшемі36.5 Kb.
#172651
  1   2
Байланысты:
А-ш дакылдарын суару


10 зертханалық-машықтану жұмысы.

Ауылшаруашылық дақылдарының суғармалау және суғару мөлшерін анықтау
Ауылшаруашылық дақылдарын суару бөлімінде дақылдардан жоспарланған өнімді алуды қамтамасыз ететін суармалау мөлшерінің есебі және табиғи – климаттық жағдайларды ескере отырып таңдалған суару әдістері мен техникалар көрсетіледі.

Ауылшаруашылық дақылдарының суару режимін құрастыруда келесідей көрсеткіштері есепке алынады: су пайдалану жиынтығы, табиғи қамтамасыздығы, суару мөлшері, суару сандары мен мерзімдері (уақыты), гидромодуль графигі ординатасы. Ауылшаруашылық егістігінің су шығынының өсімдіктерімен үнемді пайдалануы буланғыштық физикалық заңына тәуелді. Өсімдік транспирациясымен топырақ бетінен судың булануының қарқындылығы аймақтың метеорологиялық жағдайларына тікелей байланысты жүреді.

Ауылшаруашылық дақылдарының даму ерекшеліктерін есепке ала отырып дақылдардың барлық су мөлшерін қажетсінуін биоклиматикалық әдіспен есептегендегі судың мөлшері осы аймақта буланатын судың мөлшеріне тең болуы қажет.

Буланғыштықты Н.Н.Ивановтың теңдеуі бойынша анықтауға болады:

Е=0,018 (25 + t)2 (100-а) ∆а (26)
мұнда Е – бір айлық буланғыштық, м3/га;

t – ауаның орташа айлық температурасы, °С;

а – ауаның орташа айлық салыстырмалы ылғалдылығы, %.

∆а – орташа айлық ауа ылғалдылығының тапшылығы, (100-а)- ға тең

Өсімдік транспирациясына және топырақ бетінен булануға жұмсалатын жалпы су мөлшері – су су пайдалану жиынтығы деп аталады, ол келесі теңдеуі бойынша анықталады ( м3/га):

Еv =Е* Ко* Кб (27)


мұнда Еv – су пайдалану жиынтығы, м3/га;

Ко – микроклиматтық коэффициент;

Кб – дақылдардың суды пайдалануының ерекшеліктерін ескеретін биологиялық коэффициент.

Суғармалау мөлшерлері. Суғармалау мөлшері деп – бір гектар егістік жерге бүкіл вегетация бойында берілген судың мөлшерін айтамыз.


Мн = ∆Еv = Еv – (Vn + 10 Рв + Г) (28)
мұнда Мнсуғармалау нормасы, м3/га;

∆Еv - вегетация кезіндегі су пайдалану тапшылығы, м3/га;

Еv - осы кездегі су пайдалану жиынтығы, м3/га;

Vn - вегетацияның басталуы кезіндегі топырақтағы ылғал қоры, м3/га;

Рв - вегетация кезіндегі жауын – шашын мөлшері, мм;

Г - жерасты суларын пайдалану дәрежесі, м3/га;;

Суғармалау мөлшері вегетация кезеңінің ұзақтығына, дақылдың биологиялық ерекшелігіне, сонымен қатар суару аймағының климаттық – мелиоративтік жағдайларына байланысты болады. Ауылшаруашылық дақылдарының суармалау мөлшері қолайлы гидрогеологиялық және топырақ – мелиоративтік жағдайларда, дақылдар пайдалануға қажетті судың мөлшерін азайтқанға (алғанға) тең болады:

М = Еv – (Wn + 10 Рв) (29)


мұнда М - суғармалау мөлшері,м3/га;

Еv - осы кезеңдегі су пайдалану жиынтығы, м3/га;

Wn - вегетация басындағы топырақтағы ылғал қоры, м3/га;

Р в - вегетация кезіндегі жауын – шашын мөлшері, мм.


Ауылшаруашылық дақылдарын суармалау мөлшері суарылатын жердің топырақ – мелиоративтік жағдайына байланысты келесі формуламен анықталады:

; (30)

мұнда М - суарылатын жерге мелиоративтік қолайлы жағдай тудыратын суармалау иөлшері, м3/га;

М - гидрогеологиялық және топырақ – меоиортивтік жағдайлары қолайлы кездегі суармалау мөлшері, м3/га;

Еv - суарылатын жерге қажетті су пайдалану жиынтығы, м3/га;

Кг - ауылшаруашылық дақылдарының су пайдалану жиынтығында жерасты суларының қатыстығын ескеретін коэффициент;

Ке - жерасты суының тұздылығына байланысты, өсімдіктердің пайдалануына мүмкіншілік мөлшерін көрсететін коэффициент;

Км - топырақтың тұздылығын және олардың шайылғыштығын ескеретін мелиортивтік коэффициент.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет