100 жыл : Ақпараттық библиографиялық көрсеткіш



жүктеу 451.36 Kb.
бет1/2
Дата25.04.2019
өлшемі451.36 Kb.
  1   2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Ғылыми кітапхана




«Мейіржандар ұстаханасына –

100 жыл»:

Ақпараттық библиографиялық көрсеткіш

Орал, 2016
ӘОЖ 059.3

КБЖ 91


М 41

Құрастырушылар: А.Е.Касимова – ақпараттық технология және

библиография бөлімінің библиографы;

К.М.Курманбаева - БҚМК кітапханасының

меңгерушісі


Жауапты редакторы: Т.Е. Алимбекерова - М.Өтемісов атындағы

БҚМУ ғылыми кітапханасының директоры




Мейіржандар ұстаханасына -100 жыл: Ақпараттық библиографиялық көқрсеткіш /құраст А.Е.Касимова, К.М.Курманбаева; жауапты ред. Т.Е.Алимбекерова.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2016.- 37 б.

ӘОЖ 059.3

КБЖ 91

© М.Өтемісов атындағы РБО, 2016






Құрастырушыдан
Биыл Қазақстандағы медициналық білім беру жүйесіне жүз жыл толады. Сонау 1916 жылдың қараша айында Орал қаласында алғаш рет қазақ даласында медициналық қызметкерлерді даярлау басталды. Фельдшерлік-акушерлік мектеп, қазіргі уақытта Батыс Қазақстан медициналық колледжі Қазақстан Республикасындағы медициналық білім беру жүйесінің қайнар көзінде тұрды.

Бұл ақпараттық-библиографиялық көрсеткіштің құрамында медициналық колледж қызметі туралы ақпарат, сонымен қатар библиография бар. Көрсеткіштегі ақпарат колледж құралғаннан бастап 2016 жылғы қыркүйек айына дейін кезеңді қамтиды. «Мейіржандар ұстаханасына - 100 жыл » ақпараттық библиографиялық көрсеткіш оқытушыларға, студенттерге және барлық қызығушылық танытатындарға арналған.


Редактор: Т.Е.Алимбекерова –

Ғылыми кітапхана директоры



Құрастырғандар: А.Е.Касимова – Ғылыми кітапхана библиографы

К.М.Курманбаева – БҚМК

кітапханасының меңгерушісі

Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандар.



БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ДАТАЛАРЫ
1916 жыл – Орал Зем ауруханасы жанында 4 жылдық фельдшерлік-акушерлік мектептің ашылуы
1919 жыл–желтоқсанда ерекше әскери жағдайға байланысты әскери уақыттағы медбикелерді даярлау бойынша екі, төрт, он айлық қысқаша мерзімді курстар ұйымдастырылды.
1923 жыл - 1923 жылы БООАК жарлығымен Орал қаласындағы фельдшерлік мектепті жауып, Қаз КСР астанасы – Орынбор қаласына көшіру және «Қазақ өлкелік медициналық техникумі» атауына өзгерту және барлық оқу және көрнекі құралдарымен бірге Кирнаркомздрав қарауына беру туралы шешім қабылданады
1929 жыл – Республика астанасын Қызыл-Орда қаласына ауыстырғаннан кейін техникум Орал қаласына қайта көшірілді және Орал медициналық техникумі атауына ауыстырылды.
1929 жыл – бұрын болған стоматологиялық, лабораториялық және мейірбикелік бөлімдер ашылды.
1935 жыл - медициналық техникум медициналық білім беру реформасы кезінде фельдшерлік-акушерлік мектеп атауына қайта өзгертіледі.
1954 жыл - фельдшерлік-акушерлік мектептің атауы қайтадан медициналық училищеге өзгертілді
1960 жыл - дипломы бар фармацевттерге аса қажеттілікті ескере отырып, училищеде фармация бөлімі ашылды
1975 жыл-алғаш рет санитарлық-фельдшерлік бөлімге оқушылар қабылданды
1989 жыл -орта медициналық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру бойынша бөлім қызмет ете бастады
1996 жылы оқу орны «Батыс Қазақстан медициналық колледжі» атауына өзгертілді.


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Батыс Қазақстан Медициналық колледжі еліміздегі ең алғашқы медициналық оқу орны болып табылады, ол құрылғаннан кейін 12-15 жылдан соң ғана басқа медициналық оқу орындары ашыла бастады.

Қазақстанның өзінің медициналық кадрларын даярлай бастаудың қажеттілігі асқынған эпидемиялық жағдайдың және аймақта медициналық қызметкерлердің мүлдем жетіспеуі салдарынан туындады. 20 ғасыр басының өзінде осы жерде Орта Поволжье облыстарына дейін тараған оба мен тырысқақ ауруларының бірнеше ірі індеттері болды. Бұл індетпен күрес жүргізу, эпидемияны зерттеу және оның себептерін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу үшін өлкемізге дәрігерлер мен фельдшерлердің үнемі келулерінің себебі де болды. Дәрігерлер өздеріне көмекшілер – орта буын медициналық қызметкерлерді дайындай бастады, оларды Қазан, Воронеж қалаларына оқуға жіберді.

Орал губерниясында медициналық мектеп ашудың бастаушысы 1912 жылдан еңбек еткен, саратовтық дәрігер-эпидемиолог, ғалым Григорий Иванович Кольцов еді. Ол қолда бар медициналық кадрлармен оба мен тырысқақ ауруларының індетін алдын алу және түпкілікті тамырын жою мүмкін еместігін түсінді. Сондықтан мақұлдау мен қолдау ала отырып, ол Зем басқармасына өзінің фельдшерлік мектебін ашу қажеттілігі туралы хат жолдайды.

Сөйтіп, қазіргі Қазақстан аумағында алғаш рет Орал Зем ауруханасы жанында 4 жылдық фельдшерлік-акушерлік мектеп ашылды. Мектеп директоры ретінде Г.И. Кольцов тағайындалды, зем және әскери ауруханалардың терапевті Селезнев И.А., Ползик И.В. және хирург Иванов П.А. осы мектептің оқытушылары болды, кейінірек олардың қатарына лектор ретінде Саратов университеті проректорының көмекшісі А.В. Генке және хирург Острецов қосылды.

Мектепке алғашқы 20 оқушы іріктеліп алынды, оларды 1919 жылы мерзімінен бұрын бітіргізді. Мұрағаттық құжаттар 1919 жылы сабақты тек екінші және тағы қабылданған бірінші курс бастағанын куәландырады, себебі фельдшерлік-акушерлік мектептің үшінші курс оқушыларының барлығы шешек аруына қарсы егу жұмыстарын жүргізу үшін Орал, Калмыков, Ілбішін уездеріне, ал бірнеше адам емші көмекшілері ретінде Чапаев дивизиясына және 1 Қазақ кавалериялық бригадасына жіберілді.

1919 жылдың желтоқсан айында ерекше соғыс жағдайына байланысты әскери уақыттағы медбикелерді даярлайтын екі, төрт, тоғыз айлық қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды.

1923 жылы КСРҚА Наркомздрав алдында жергілікті халықтың тілін, тұрмысын, өмірін білетін республиканың өзіндік медициналық кадрларын даярлау туралы мәселе тұрды. Бұл идея Орынбор қаласында өткен Бүкіл қырғыздық денсаулық сақтау бөлімдері меңгерушілерінің ІІІ съезінде толық қолдауын тапты. Сондай-ақ 1923 жылы БООАК жарлығымен Орал қаласындағы фельдшерлік мектепті жауып, Қаз КСР астанасы – Орынбор қаласына көшіру және «Қазақ өлкелік медициналық техникумі» атауына өзгерту және барлық оқу және көрнекі құралдарымен бірге Кирнаркомздрав қарауына беру туралы шешім қабылданады. «Қазақ өлкелік медициналық техникумі туралы» Ережеге сәйкес оқу орны барлық Далалық өлке халқына медициналық қызмет көрсететін медициналық қызметкерлерді даярлау керек деп танылды. Оқу мерзімі – 4 жыл.

Техникум жанынан жалпы саны 150 адам және толық мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген жергілікті қазақ халқының балаларын оқытатын бөлім ашылды. Сонымен қатар техникум жанынан техникумге түсуге арналған дайындық бөлімдері ашылды.

1929 жылы тамыз айында республика астанасын Қызыл-Орда қаласына ауыстырғаннан кейін техникум Орал қаласына қайта көшірілді және Орал медициналық техникумі атауына ауыстырылды. Сондай-ақ бұл жерде бұрын болған стоматологиялық, лабораториялық және мейірбикелік бөлімдер ашылды. Мұрағат құжаттарының мәліметтері бойынша 1929 жылдан бастап республиканың барлық облыстарына бөлінетін фельдшерлер мен акушерлер бітірушілерін шығарылып тұрған. Бітірушілер тек батыс аймағына ғана емес, сонымен қатар Павлодар, Қостанай, Ақмола, Қызыл-Орда, Шымкент Семей, Алматы, Орынбор қалаларына жіберілген. Көптеген бітірушілер Алматы медициналық институтының алғашқы студенттері болды. Бұл Орал медициналық техникумының маман даярлауда сол кездері Республиканың денсаулық сақтау саласы үшін маңызды роль атқарғандығын көрсетеді.

Техникум медициналық кадрларды дайындай отырып, өзі де дамыды, басқа оқу орындарының құрылуына жәрдемдесті, оқытудың жаңа әдістері енгізілді, орта медициналық қызметкерлерді даярлау бойынша жаңа бағдарламалар дайындады, дәстүрлі дәріс әдісімен бірге семинарлық, зерттеу, лабораториялық сабақтар, стационарлық және дала жағдайларындағы практика қолданылды.

Сол кездегі техникум қызметінің ерекшелігі мен өзгешелігі - медициналық қызметкерлерді дәрігерлердің жетекшілігімен жұмыс жасауға емес (басқа РКФСР техникумдері сияқты), периферияда өз беттерімен жұмыс жасауға арналған дәрігерлердің көмекшілерін дайындады, сондықтан да ондағы оқыту мерзімі 3 жыл емес, 4 жылдық болды және оқыту бағдарламасы басқа оқу орындарындағы бағдарламалардан өзгеше болды.

Бұған «Қазақстанда дәрігерлік кадрларды дайындау туралы» мәселе қозғалған 1930-1931 жылғы республикалық мәжіліс материалдары куә болады және онда Орал медициналық техникумі тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ РКФСР-дағы оқу орындары арасында ерекше орын алатыны айтылған, себебі ол автономды жұмыс үшін мамандар дайындайды және оның бағдарламалары медициналық институт бағдарламаларынан көп өзгеше емес. Оның тағы бір маңызды ерекшеліктерінің бірі сол, перефирияда 2 жыл жұмыс жасаған бітірушілерінің институттың 3 курсына түсуге құқығы болды.

1935 жылы медициналық техникум медициналық білім беру реформасы кезінде фельдшерлік-акушерлік мектеп атауына қайта өзгертіледі.

1954 жылы фельдшерлік-акушерлік мектептің атауы қайтадан медициналық училищеге өзгертілді.

1960 жылы дипломы бар фармацевттерге аса қажеттілікті ескере отырып, училищеде фармация бөлімі ашылды, ал 1975 жылы алғаш рет санитарлық-фельдшерлік бөлімге оқушылар қабылданды.

1989 жылдан бастап орта медициналық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру бойынша бөлім қызмет ете бастады.

1996 жылы оқу орны «Батыс Қазақстан медициналық колледжі» атауына өзгертілді.

Колледж түлектері арасында елге танымал ғалымдар бар. Олардың ішінде:

Қарақұлов Ишанбай Қарақұлович – соғысқа дейінгі кезеңдегі денсаулық сақтау наркомы және соғыстан кейінгі кезеңдегі республиканың денсаулық сақтау министрі, белгілі Кеңес эпидемиологы, КСРО және ҚазКСР Академиясы медициналық ғылымдарының корреспондент мүшесі.

Илешева Розалия Галиевна - медицина ғылымдарының докторы, профессор, бала психиатры мамандығы бойынша профессор атағын алған алғашқы қазақ әйелі.

Жұматов Хамза Жұматович - вирусолог, Қаз КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО медициналық ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор, Қаз КСР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Тюрин Николай Алексеевич – Мәскеу қаласында Патрис Лулумба атындағы Халықтар достастығы университетінде емдеу факультетінің алғашқы деканы.

Симбирцев Семен Александрович – КСРО медицина ғылым академиясының академигі, көп жылдар бойы Ленинград дәрігерлерді жетілдіру институтын басқарды.

Қазіргі таңда колледж еліміздің жетекші медициналық колледждерінің бірі, алты мамандық және 8 біліктілік бойынша медициналық қызметкерлердің жоғары білікті және құзыретті кадрларын дайындайтын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің базалық оқу орны болып табылады.

Бүгінгі таңда колледжде 1050 студент білім алуда. Колледж бітірушілері еліміздің барлық аймақтарында және одан тыс жерлерде сұранысқа ие. Жұмысқа орналасу 93%-ды құрайды, қалғандары медициналық жоғарғы оқу орындарына түседі, елден шет жерлерге кетеді.

2014 жылы Батыс Қазақстан медициналық колледжі Қазақстан Республикасының үздік алты медициналық колледжі қатарында «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын енгізудің ДСМ сынамалы жобасын іске асыруға қосылды. Бұл жоба «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» Дүниежүзілік банк жобасына аясында дайындалып, енгізіліп жатыр. Колледжде оқытуды жоғары білікті педагогикалық ұжым жүзеге асырады, оның көбі жоғары және бірінші санатқа ие, Алматы, Астана, Түркістан, Ресей, Финляндия, Испания, АҚШ, Германияда оқудан және тәжірибеден өткен. Жыл сайын оқытушылардың 96%-на жуығы өз біліктіліктерін арттырады.

Колледжде білім беру үрдісіне ең заманауи инновациялық технологиялар (дуалдық оқыту және кредиттік технология, симуляциялық оқыту, білімді балл-рейтингік бағалау, тестілеу әдісімен студенттердің білімінің өміршеңдігін ретроспективті бағалау, қашықтан оқыту элементтерін пайдалану және т.б.) енгізілуде.

Оқу үрдісінде компьютерлік және симуляциялық техникалар, робот-симуляторлар, оқу тренажерлері, электрондық оқулықтар және т.б. кеңінен қолданылады. Студенттердің практикалық дайындығы облыстағы үздік орта медициналық қызметкерлер қатарындағы жетекші-тәлімгерлердің қатысуымен Орал қаласының ірі емханаларының базаларында жүзеге асырылады. Сапалы оқу үрдісі үшін оқу базаларында барлық қажет заттар – сабаққа арналған оқу бөлмелері, ЕПҰ тренингтік орталықтары, емдеу-диагностикалық бөлімдер мен кабинеттер, медициналық жабдықтар мен лабораториялар берілген.

Облыстың 26 медициналық ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік туралы шерт жасалды, онда колледж бен денсаулық сақтау мекемелері арасындағы өзара мүдделікке және соңғы нәтижеге негізделген қарым-қатынастар айқындалған. Бұл ретте әлеуметтік әріптестік денсаулық сақтау мекемелеріне киелі білім беруге – оның мазмұнына ықпал ете отырып, оқу үрдісінің белсенді және толық құқықты қатысушы болуға, ал білім беру ұйымдарына халыққа медициналық көмек көрсету сапасына әсер етуге мүмкіндік береді. Жыл сайын мамандарды дайындау сапасын жетілдіру бойынша көптеген бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі. Практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері бітіру мемлекеттік емтихандарына да, ағымдық практикалық емтихандарға да қатысады.

Екі жылдан бері колледж базасында Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің білімін және практикалық дағдыларын тәуелсіз бағалау орталығы қызмет етеді. Жыл сайын бес мыңға дейін медициналық қызметкерлер осында өткізілетін жетілдіру курстарында, семинарларда, тренингтерде оқиды.



Өзінің мерейтойы қарсаңында колледж тәуелсіз институционалдық және мамандықтар бойынша аттестаттаудан, сондай-ақ еуропалық стандарттарға сәйкес келу бойынша халықаралық аттестаттаудан табысты өте отырып, республикада алғашқылардың бірі болып, жоғары оқу орны – Жоғары медициналық колледжі мәртебесін алу үшін құжаттарды рәсімдеуде.
Батыс Қазақстан медициналық колледжінің директоры,

профессор Шумбалов Нұржан Махмұтұлы




БИБЛИОГРАФИЯ

Колледж туралы


  1. Макозина А.А. Орал медицина училищесі: 1917 ж. фельдшерлер мектебі ашылды. 1920 ж. жабылып, 1921 ж. қайтадан ашылды// Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия.-Алматы.-1988.-Т.3.-406бет.

  2. Ғазезқызы Д. Денсаулыққа қажет мамандық дәрігерлік училищеден шығатын мамандық// Орал өңірі.-1996.-20 қантар

  3. Берген М. Колледж келешегі мемлекеттік тілмен байланысты: Медициналық колледж туралы//Орал өңірі.-1999.-13 қараша

  4. Берген М. Тарихы ел тарихымен бірге өрілген: Батыс Қазақстан медицина колледжіне 85 жыл//Орал өңірі.-2001.-20 желтоқсан

  5. Лобанков В. Батыс Қазақстан медицинасының колледжінің тарихынан/В.Лобанков//Жайық үні.-2002.-15 ақпан

  6. Батыс Қазақстан медициналық колледжі – 85 жаста//Жайық үні.-2002.-6 желтоқсан

  7. Шүйіншәлиева М. Сексеннің сеңгіріндегі колледж: Батыс Қазақстан медициналық колледжі/М.Шүйіншәлиева//Орал өңірі.-2002.-10 желтоқсан

  8. Колледж тарихынан: Батыс Қазақстан медицина колледжі тарихы//Орал өңірі.-2003.-5 маусым

  9. Жақып Қ. Мақсоттың айкын мақсаты: Орал медицина колледждің директоры М.Берген туралы//Орал өңірі.-2005.-4 маусым

  10. Нурбеков А. У истоков реформы сестринского дела/А.Нурбеков, Г.Тихонова//Медицина.-2005.-№9.-С.6-7

  11. Болашақ мамандық жолында: Орал медицина колледжінің студенттерінің негізгі мақсаты аянбай еңбек ету//Жайық дәрігері.-2006.-6 ақпан.- 5б.

  12. Сәбиева А. Жолын болсын, жас маман: Батыс Қазақстан медициналық колледжін бітіруші түлектерге диплом табыс ету рәсімі/А. Сәбиева//Орал өңірі.-2006.-11 шілде.-4б.

  13. Тұрсынғалиқызы Р. Болашақ мамандар «Жалында»: Батыс Қазақстан медициналық колледжінде құрылған «Жалын» пікірталас клубы/ Р. Тұрсынғалиқызы//Орал өңірі.-2006.-27 шілде.-11б.

  14. Мимарукқызы Ә. Салауатты өмір жаршылары: «Мақсат» медицина колледжі// Орал өңірі.-2007.-25 қантар.-11б.

  15. Сарбасова Г. Халық қалаулысы: Орал қалалық маслихатының депутаты Мақсот Қабышұлы Берген туралы/ Г.Сарбасова//Жайық үні.-2007.-29 наурыз

  16. Мәмет С. Біз ауылға барамыз дейді медицина колледжінің биылғы түлектері/ С.Мәмет//Егемен Қазақстан.-2007.-3 сәуір.-3б.

  17. Берген М. Үдемелі қозғалыстан – тұрақты дамуға/М.Берген//Орал өңірі.-2007.-26 сәуір

  18. Мақсатына жеткен Мақсот/Құраст.М.Шүйіншалиева.-Алматы: Астана Медиа пресс,2007.-106б. [Орал медициналық колледжінің директоры Мақсот Берген жайында]

  19. Медколледж мамандары бас қосты: Батыс Қазақстан медицина колледжінің ашылғанына 90 жыл//Орал өңірі.-2007.- 2 маусым.-3б.

  20. Сәниұлы Б. Ізденіс табысқа жеткізеді/Б.Сәниұлы//Информбиржа.-2007.-18 қазан.-15б.

  21. Шүйіншәлиева М. Талабы таудай колледж/М.Шуйіншалиева//Орал өңірі.-2008.-27 наурыз.-16б.

  22. Гегамян А. Важнее жизни и здоровья человека нет ничего: [Встреча с директором медицинского колледжа и депутата городского маслихата Максотом Бергеном]/А.Гегамян//Вестник Уральского городского маслихата: Прил. к газете «Пульс города».-2008.-15 мая.-С.1,4

  23. Кабулова А. Медколледж – мейірбикелер мекені//А.Кабулова//Мәслихат жаршысы.-2008.-15 мамыр.-4 б.

  24. Каткова О. Центр на базе медколледжа: [Открыт центр первичной медико-санитарной помощи №3 управления здравоохранения акимата ЗКО]/О.Каткова//Пульс.-2008.-25 декабря.- С.2

  25. Оспанова Ә. Нағыз азамат: [халық қалаулысы Берген Мақсот Қабышұлы туралы] /Ә.Оспанова //Информбиржа.-2009.-2 сәуір.-15 б

  26. Қонақбаева А. Қазақ тілі – орыс топтарында/А. Қонақбаева// Қазақстан мектебі.-2009.-№12.-13-17б.

  27. Мұратұлы С. «Колледжден мәдениеттілікті үйрендім»: [Орал медицина колледжінің директоры Мақсот Берген]/ С.Мұратұлы//Айна.-2010.-18 наурыз.-10 б.

  28. Ықсанғали С. Жайықтың бір жайсаңы: [Орал медициналық колледжінің директоры Мақсот Берген жайында]/С.Ықсанғали//Орал өңірі.-2011.-17 наурыз.-7б.

  29. Мусагалиева Д.К. Білім беруде жаңа технологияларды оқу үрдісіне енгізу// География, биология, экология орта мектепте.-2011.-№5.-39б.

  30. Исимова Ж.Т. «Тіл тұғырлығы-ел болашағы» тақырыбындағы мерекелік кеш//Орта мектеп жаршысы Вестник средней школы.-2012.-№1.-13б.

  31. Байғалиева К. «Наурызда «Мәриям Жагор қызын» шырқаймын»: [Батыс Қазақстан медициналық колледжінің директоры, қалалық маслихат депутаты Мақсот Бергенмен мерекелік сұхбат]/К.Байғалиева //Жайық үні.-2012.-20 наурыз.-12б.

  32. Саятов М.Х. Хамза Жуматович Жуматов: [к 100-летию со дня рождения выдающегося ученого, талантливого организатора, основоположника вирусологии в Казахстане, доктор мед.наук, в 1930-1931 годы был курсантом медицинского техникума в г.Уральске]/М.Х.Саятов//Вестник Национальной Академии РК.-2012.-№4.-С.83-85

  33. Ларина Т. «Знания, ответственность и ласка – постулаты эскулапа»: [врач –гинеколог, преподаватель мед.училища Т.И.Ларина отмечает в этом году свой 80-летний юбилей]/Т.Ларина//Надежда.-2012.-13 сентября.-С.8

  34. Шатахова А.А. «Достығымыз жарасқан...» тақырыбындағы тілдер мерекесіне арналған іс-шара// Патриотическое воспитание Патриоттық тәрбие.-2013.-Апрель-Июнь.-Б.28

  35. Байбулатова С.А., Утеулиева Д.З. Экология и здоровье учащихся Западно-Казахстанского медицинского колледжа//Вестник КазНМУ.-2014.-№3.-С.47

  36. Байбулатова С.А., Утеулиева Д.З. Экология и здоровье учащихся Западно-Казахстанского медицинского колледжа//Лабораторная медицина.-2014.-№4.-С.93-97

  37. Брусиловская Е. Сестра, ты помнишь, как из боя меня вынесла?//Казахстанская правда.-2014.-27 июня.-С.15

  38. Бергенова Л.Э. Болашақ лаборант//Колледж:кәсіби білім беру Колледж:профессиональное обучение.-2015.-№2.-Б.51-52

  39. Гупранов Қ.С. Кәсіби білікті маман даярлау заман талабы// Колледж: кәсіби білім беру Колледж: профессиональное обучение.-2015.-№2.-Б.31-32.

  40. Байбулатова С.А., Утеулиева Д.З. Обучение во власти интеллекта// Медицина.-2015.-№4.-С.7-10

  41. Кочемасов А. При медколледже открылся спортзал//Уральская неделя.-2015.-2 декабря.-С.35

  42. Курманбаева К.М. Колледж кітапханасында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану / К. М. Курманбаева // Ақжайық өңірі. - 2016. - №1. - Б. 59-60

  43. Курманбаева К.М. Колледж кітапханасында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану / К. М. Курманбаева // Педагогика мәселелері=Вопросы педагогики. - 2016. - №1. - Б. 23-24

  44. Шумбалов Н.М. История становления Западно-Казахстанского медицинского колледжа// Ақжайық өңірі.-2016.-№1.-С.12-15

  45. Шунаева Б.К. Западно-Казахстанский медицинский колледж успешно прошел процедуру институциональной и специализированной аккредитации// Ақжайық өңірі.-2016.-№1.С.16-17

  46. Кубаева Л.Ж. «Өткенді бағалаймыз, бүгінгімен мақтанамыз, болашақты қалаймыз»// Ақжайық өңірі.-2016.-№2.-Б.10-14

  47. Мулдагалиева З.Н. Областная и городская спартакиада медицинских работников 21-22 и 29 мая 2016 г.// Ақжайық өңірі.-2016.-№2.-Б.38-40

  48. Мурашко Л.И. Учитель,перед именем твоим...// Ақжайық өңірі.-2016.-№2.-С.64

  49. Оспанова А.М. Медициналық білімді дәріптеп...// Ақжайық өңірі.-2016.-№2.-Б.62

  50. Таржманова М.Т. Ғасырды еңсерген білім ордасының түлектері// Ақжайық өңірі.-2016.-№2.-Б.63-64

  51. Шомбалов Н. Мейіржандар ұстаханасына -100 жыл//Орал өңірі.-11 маусым.-2016.-4б.

  52. Шумбалов Н.М. 100 лет на службе охраны здоровья народа//Приуралье.-11 июня.-2016.-С.5

  53. Горохова, Н. О развитии сестринского дела/Н. Горохова//Приуралье.-14 мая.-2016.-С.3

  54. Жолдығали, Г. Мейіргерлерге құрмет көрсетілді/Г. Жолдығали//Орал өңірі.-15 мамыр.-2016.-5б.

  55. Әнуарұлы, Т. Студенттер белдесті/Т. Әнуарұлы//Орал өңірі.-26 наурыз.-2016.-3б.


Оқытушылар құрамының еңбектері


  1. Абужалитов А.З. Халық емшілері мен емдері//Ақжайық медициналық журналы.-2014.-№1.-Б.61-64

  2. Алибаева Г.А. Медицинская сестра –педагог-ангел милосердия// Ақжайық медициналық журналы.-2015.-№1.-С.4-5

  3. Алибаева Г.А.,Мухамбетжанова А.С. Интеграция практического здравоохранения со средним медицинским образованием// Ақжайық медициналық журналы.-2013.-№1.-С.36-38

  4. Алибаева Г.А., Шунаева Б.К. Мониторинг по реализации образовательной программы прикладного бакалавриата в Западно-Казахстанском медицинском колледже.-2014.-№4.-С.50-53

  5. Алмагамбетова Г.И. Болашақ фельдшердің клиникалық құзіреттілігін қалыптастыруда симмуляциялық оқытудың орны//Ақжайық өңірі.-2013.-№4.-Б.53-56

  6. Алмагамбетова Г.И. Внедрение независимой оценки знаний и навыков специалистов здравоохранения Западно-Казахстанской области//Ақжайық өңірі.-2014.-№3.-С.5-6

  7. Алмагамбетова Г.И. Готовимся к аттестации//Ақжайық өңірі.-2015.-№4.-С.49-50

  1. Алмагамбетова Г.И. Инновациялық сабақта стандартталған пациентті – «SP» әдісін қолдану тәжірибесі//Ақжайық өңірі.-2014.-№1.-Б.58-60

  2. Алмагамбетова Г.И. Развитие симуляционного кластера в медицине//Ақжайық өңірі.-2014.-№4.-С.46-49

  3. Алибаева Г.А. Мониторинг по реализации образовательной программы прикладного бакалавриата в Западно-Казахстанском медицинском колледже//Ақжайық өңірі.-2014.-№4.-С.50-53

  4. Байбулатова С.А.,Темиралиева Н.А. Зертханашының көмегі немесе жыныс мүшелері бөліндісін зерттеу бағалары// Ақжайық өңірі.-2014.-№1.-Б.56-58

  5. Байбулатова С.А.,Темиралиева Н.А. Саңырауқұлақты аурулардың қоздырғыштары мен классификациясы// Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-Б.45-47

  6. Байгазиева М.К. Применение новых компьютерных технологий в преподавании анатомии в Западно-Казахстанском медицинском колледже// Ақжайық өңірі.-2013.-№1.-С.38-39

  7. Берген М.К. Наша история – история нашей страны// Мейірбикее ісі=Сестринское дело.-2012.-№3.-С.61-64

  8. Бергенова Д.Е. Адам жанының арашашысы дәрігер – мейірімді тұлға// Ақжайық өңірі.-2015.-№3.-Б.63

  9. Бергенова Л.Э. Болашақ лаборант//Колледж:кәсіби білім беру Колледж:профессиональное обучение.-2015.-№2.-Б.51-52

  10. Бергенова Л.Э. Ғылыми ізденіс шығармашылық үрдістің ең биігі, шыңы// Ақжайық өңірі.-2016.-№1.-Б.61-62

  11. Бергенова Л.Э. Медицина мамандарын тәрбиелеуге байланысты менің көзқарасым// Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-Б.47-48

  12. Бергенова Л.Э. Полководец медицины// Ақжайық өңірі.-2015.-№4.-С.63-64

  13. Бергенова Л.Э.Өңірдің индустриалдық-инновациялық дамуы жағдайында орта буынды медициналық білім беруді жетілдіру// Педагогика мәселелері Вопросы педагогики.-2016.-№1.-Б.38-40

  14. Бергенова Л.Э. Үйірме жұмысының балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін маңыздылығы// Ақжайық өңірі.-2014.-№2.-Б.59-60

  15. Байбулатова С.А., Утеулиева Д.З. Обучение во власти интеллекта// Медицина.-2015.-№4.-С.7-10

  16. Байбулатова С.А., Утеулиева Д.З. Экология и здоровье учащихся Западно-Казахстанского медицинского колледжа//Вестник КазНМУ.-2014.-№3.-С.47

  17. Байбулатова С.А., Утеулиева Д.З. Экология и здоровье учащихся Западно-Казахстанского медицинского колледжа//Лабораторная медицина.-2014.-№4.-С.93-97

  18. Бискалиева Г.Ю. Равные права – равные возможности// Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-С.53

  19. Боранова Т.Т. Өсімдіктердің шикізат көрсеткішін анықтау// Ақжайық өңірі.-2014.-№4.-Б.55-58

  20. Боранова Т.Т Химия пәнін оқытуда өздік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру// Ақжайық өңірі.-2015.-№4.-Б.54-56

  21. Гупранов Қ.С. Кәсіби білікті маман даярлау заман талабы// Колледж: кәсіби білім беру Колледж: профессиональное обучение.-2015.-№2.-Б.31-32.

  22. Джидебаева С.Д. Лекарственный информационно-аналитический центр – источник достоверной информации// Ақжайық өңірі.-2013.-№3.-С.12

  23. Джидебаева С.Д. Профессия –фармацевт// Ақжайық өңірі.-2014.-№4.-С.53-55

  24. Ерғалиева А.М. Үздіксіз оқытуды дамыту// Ақжайық өңірі.-2013.-№4.-Б.50-52

  25. Естемесова Э.Т. Возможность использования деловых игр на практических занятиях по микробиологии и вирусологии в медицинском колледже// Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-С.63-64

  26. Жанисова Г.Қ. «Тәрбие процесінде болашақ орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіби адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жолдары»//Ақжайық өңірі.-2015.-№4.-Б.50-53

  27. Жапақова А.Қ. Студенттерді ізденіс зерттеу жұмыстарына бейімдеу// Ақжайық өңірі.-2014.-№4.-Б.58-59

  28. Жунусова А.Т. Тіс жегі туралы түсінік және алдын алу жолдары// Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-Б.49-50

  29. Имангалиева Р.Г., Утеулиева Д.З. Роль куратора-преподавателя в формировании профессиональной компетентности студента// Мейірбике ісі=Сестринское дело.-2014.-№3.-С.11-12

  30. Имангалиева Р.Г. Инновационные технологии в формировании профессиональной компетентности// Мейірбике ісі=Сестринское дело.-2013.-№3.-С.61-64

  31. Исимов М.У. Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу// Патриотическое воспитание Патриоттық тәрбие.-2013.-Апрель.-Июнь.-Б.29-30

  32. Исимова Ж.Т. Ардагердің үлгі – өнегесі алға жетелейді//Ақжайық өңірі.-2015.-№3.-Б.64

  33. Исимова Ж.Т. Колледждің үздік педагогы //Ақжайық өңірі.-2015.-№2.-Б.64

  34. Исимова Ж.Т. «Тіл тұғырлығы-ел болашағы» тақырыбындағы мерекелік кеш//Орта мектеп жаршысы Вестник средней школы.-2012.-№1.-13б.

  35. Казбаев Н.Х. Жасөспірімдер маскүнемдегі// Ақжайық өңірі.-2013.-№1.-С.49

  36. Калымбет А.К. В помощь экологическому состоянию своего любимого города// Ақжайық өңірі.-2015.-№4.-С.58-59

  37. Каракулова Г.С. Влияние компьютера на здоровье детей и подростков//Ақжайық өңірі.-2016.-№1.-С.56-57

  38. Каримова А.С. Исследовательская деятельность как системный механизм развития личностного потенциала учащихся и средство повышения квалификации и педагогического мастерства преподавателей// Ақжайық өңірі.-2013.-№3.-С.83-85

  39. Каримова А.С. Оқушылардың ойлау қабілетіне бағытталған технологиялар// Ақжайық өңірі.-2014.-№3.-Б.51-53

  40. Каримова Г.Ж. К вопросу о повышении мотивации у студентов неязыковых специальностей к изучению русского языка// Ақжайық өңірі.-2015.-№4.-С.61-63

  41. Кубаева Л.Ж. Нұрлы жол – болашақтың бастауы//Ақжайық өңірі.-2014.-№4.-Б.4-8

  42. Кубаева Л.Ж. «Өткенді бағалаймыз, бүгінгімен мақтанамыз, болашақты қалаймыз»// Ақжайық өңірі.-2016.-№2.-Б.10-14

  43. Кубиева Ш.Б. Еңселі елдің білімі озық болмақ// Ақжайық өңірі.-2014.-№1.-Б.53

  44. Кубиева Ш.Б.Ертеңгі маман біліктілігі –бүгінгі алған білімнен // Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-Б.56-59

  45. Курманбаева К.М. Колледж кітапханасында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану / К. М. Курманбаева // Ақжайық өңірі. - 2016. - №1. - Б. 59-60

  46. Курманбаева К.М. Колледж кітапханасында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану / К. М. Курманбаева // Педагогика мәселелері=Вопросы педагогики. - 2016. - №1. - Б. 23-24

  47. Курноскина В.П. Использование инновационных технологий в обучении на цикле внутренних болезней// Ақжайық өңірі.-2013.-№1.-С.40-41

  48. Курноскина В.П. Обучение сестринскому процессу через решение проблемных задач// Ақжайық өңірі.-2014.-№3.-С.49-51

  49. Мукашев А.У. Болашақ ақ халатты жандар үшін дене шынықтырудың маңызы// Ақжайық өңірі.-2014.-№4.-Б.60-61

  50. Мусагалиева Д.К. Білім беруде жаңа технологияларды оқу үрдісіне енгізу// География, биология, экология орта мектепте.-2011.-№5.-Б.39

  51. Мухамбетжанова А.С. Білікті мейірбике – уақыт талабы// Ақжайық өңірі.-2013.-№4.-Б.52-53

  52. Мухамбетжанова А.С. Үздіксіз еңбектің – сапалы жетістігі// Ақжайық өңірі.-2015.-№2.-С.63

  53. Мұсағалиева Д.Қ. Өзін-өзі тану-өмірді тану//Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-Б.52-53

  54. Оспанова А.М. Береке мен бірлікті ұрандатып// Ақжайық өңірі.-2013.-№4.-Б.8

  55. Оспанова А.М. Дертке дауа – жылы сөз, жаңға шипа – жарқын жүз// Ақжайық өңірі.-2013.-№1.-Б.50

  56. Оспанова А.М. Медициналық білімді дәріптеп...// Ақжайық өңірі.-2016.-№2.-Б.62

  57. Петренко В.А. Инновационные методы обучения в изучении сестринского дела// Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-С.60-61

  58. Петренко В.А. Формирование самостоятельности учащихся в процессе обучения// Ақжайық өңірі.-2014.-№2.-С.60-63

  59. Сагатова Г.Ж. Латын тілінсіз медицинаға жол жоқ//Ақжайық өңірі.-2016.-№1.-Б.57-58

  60. Сариева К.Х.Мейірбике ісі сабағында белсенді оқыту әдістері мен жаңа технологияны қолдану// Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-Б.61-63

  61. Сарсенбаева Ж.Б. Информатика пәнінен аудиториядан тыс «инфо-бинго» ойыны// Ақжайық өңірі.-2014.-№4.-Б.62-63

  62. Сарсенбаева Ж.Б. Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану//Педагогика мәселелері=Вопросы педагогики.-2016.-№2.-Б.35-37

  63. Сейткалиева А.Е. Ел болашағы – білімді ұрпақ// Ақжайық өңірі.-2015.-№4.-Б.56-58

  64. Сейтқалиева А.Е. Қызылшадан сақтану жолдары// Ақжайық өңірі.-2016.-№1.-Б.63-64

  65. Тажкенов О.Н. Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған кең ауқымды акция// Ақжайық өңірі.-2015.-№4.-Б.54

  66. Танкиманов А.А. Ертеңге деген сеніммен// Ақжайық өңірі.-2013.-№1.-Б.28

  67. Таржманова М.Т. Ғасырды еңсерген білім ордасының түлектері// Ақжайық өңірі.-2016.-№2.-Б.63-64

  68. Темиралиева Н.А. Оқушылардың сабақтан тыс зерттеу жұмыстарының нәтижесі// Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-Б.54-55

  69. Умаргалиева Л.А. Бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба (БСГҚ) // Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-Б.50-52

  70. Умаргалиева З.К. Гигиеническое обучение и воспитание населения//Мейірбике Ісі Сестринское дело.-2012.-№1.-С.62

  71. Утарова А.Н. Создание кейса по предмету «Профессиональный русский язык» // Ақжайық өңірі.-2013.-№4.-С.56-57

  72. Утарова А.Н. У войны не женское лицо// Ақжайық өңірі.-2014.-№2.-С.4-5

  73. Утарова А.Н. Формирование коммуникативной компетенции учащихся с использованием мотивационной основы обучения русскому языку как средства приобщения к профессии// Ақжайық өңірі.-2015.-№4.-С.59-61

  74. Утеулиева Д.З. Студенттердің шығармашылығын дамытуда оқытушының рөлі// Ақжайық өңірі.-2013.-№3.-Б.81-82

  75. Шатахова А.А. «Достығымыз жарасқан...» тақырыбындағы тілдер мерекесіне арналған іс-шара// Патриотическое воспитание Патриоттық тәрбие.-2013.-Апрель-Июнь.-Б.28

  76. Шомбалов Н. Мейіржандар ұстаханасына -100 жыл//Орал өңірі.-11 маусым.-2016.-4б.

  77. Шумбалов Н.М. Безопасность пациента: стратегия обеспечения// Ақжайық өңірі.-2014.-№2.-С.13-17

  78. Шумбалов Н.М. К вопросу внедрения обязательного медицинского страхования в Республике Казахстан// Ақжайық өңірі.-2016.-№2.-С.7-9

  79. Шумбалов Н.М. История становления Западно-Казахстанского медицинского колледжа// Ақжайық өңірі.-2016.-№1.-С.12-15

  80. Шумбалов Н.М. Контроль и оценка деятельности медицинских сестер// Ақжайық өңірі.-2015.-№1.-С.10-13

  81. Шумбалов Н.М. Медицинаға – білікті маман// Ақжайық өңірі.-2014.-№2.-Б.57-59

  82. Шумбалов Н.М. Риск-менеджмент в здравоохранении// Ақжайық өңірі.-2013.-№1.-С.12-16

  83. Шумбалов Н.М. Роль профессионального имиджа врача в коммуникативных взаимоотношениях с пациентом// Ақжайық өңірі.-2014.-№3.-С.8-10

  84. Шумбалов Н.М. Социально-экономические аспекты здоровья//Ақжайық өңірі.-2013.-№1.-С.9-12

  85. Шумбалов Н.М. 100 лет на службе охраны здоровья народа//Приуралье.-11 июня.-2016.-С.5

  86. Шумбалов Н.М. Этика среднего медицинского работника //Ақжайық өңірі.-2014.-№4.-С.10-12

  87. Шунаева Б.К. Өткен күндер ізімен//Ақжайық өңірі.-2013.-№1.-Б.19-20

  88. Шунаева Б.К. Западно-Казахстанский медицинский колледж успешно прошел процедуру институциональной и специализированной аккредитации// Ақжайық өңірі.-2016.-№1.С.16-17


Каталог: images -> stories -> bibliograf ukaz
bibliograf ukaz -> Жеңіс сәті – тарихта өшпес із қалдырған айрықша оқиға, ұлы мейрам
bibliograf ukaz -> Құрастырушыдан
bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Қыдыршаев абат сатыбайұЛЫ
bibliograf ukaz -> Список научных трудов Шинтемировой Баян Габбасовны
bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
bibliograf ukaz -> Г. Ш. Хибашева ақпараттық
bibliograf ukaz -> Шарабасов Серікќали Єабдешўлы 946 жылы тамызда Батыс Ќазаќстан облысы, Жаѕаќала ауданында дїниеге келген


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет