Күйеуінің қолынан қаза тапты делінетін Салтанат Нүкенованың ағасы қайғылы оқиға орын алған мейрамханадағы бақылау камераларына түскен кадрларды жариялады. Ол мұны Қуандық Бишімбаевтың адвокаттарының мәлімдемесіне жауап ретінде шығарғанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарындасының өлімін егжей-тегжейлі зерттеп жүрген Айтбек Амангелді “өзінің бұл видеоны желіге ешқашан салғысы келмегенін, алайда Бишімбаевтың заңгерлері басқа амал қалдырмағанын” айтады. Айтуынша, видео сол мекемедегі бейнебақылау камераларына түсірілген. 

Кадрлардан ер адамның әйелді ұрып жерге құлатып, жұдырықпен соғып, тепкенін байқауға болады. Нүкенованың ағасының айтуынша, кадрларда Бишімбаев пен оның қарындасы бейнеленген.

Айтбек Амангелді сондай-ақ экс-министрдің адвокаттарының сұхбатта айтқан сөздері өтірік екенін жеткізді.

"Медициналық сараптаманың қорытындысы бар. Сарапшылар оның басынан кем дегенде 13 рет соққы алғанын анықтады ", — деп жазады Нүкенованың ағасы.

  • Нүкенованың ісі бойынша Бишімбаевты ақтау науқаны жүріп жатыр – Зәкиева
  • “Некесін екі рет қиған”: Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі жайлы айтты

Ол қолында Бишімбаевтың марқұм әйеліне әртүрлі дене бөліктеріне бірнеше рет соққы жасағаны көрінетін бірнеше ракурстан түсірілген видеолардың бар екенін жеткізген.

“Салтанаттың еденде жатқан денесі көрінетін суреттер бар. Түні бойы айқай мен соққының дауысын естіген куәгерлердің айғақтары бар”, – дейді Айтбек Амангелді.

Бұған дейін Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты оның әйелін өлтіргені үшін кінәсін мойындамайтын мәлімдеген. Адвокаттың дерегінше, Салтанат Нүкенова субдуральды гематомадан қайтыс болған. Ал олардың арасында ешқандай жалжан болмағанын алға тартқан.

Бұрынғы министрдің адвокаты Назкен Қусаинова экс-министрдің мұның жазатайым оқиға екенін және ол әйелін әлі жақсы көріп, қайғыратынын жеткізген.

“Қуандық Бишімбаев қатты күйзеліске түсті. Себебі ол сүйікті әйелінен айырылып қалды. Сондықтан ол жауап беруге қатыспады. Бұл қайғылы жағдай оған психологиялық тұрғыдан қатты әсер етті. Қайғылы оқиға болған күннен бастап 2 ай аралығында ешқандай тергеушіге куәгерлік етпеді. Сонымен қатар ол өз кінәсін мойындамайды", – деді адвокат Назкен Қусаинова.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Stan.kz ақпарат агенттігі (@_stan.kz)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.