Боксшыларымыз Италияның Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің тек жартылай финалына шықса, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: AIBA

Лицензиялық турнирде тамаша өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасының боксшылары олимпиада жолдамасын иелену үшін жартылай финалға дейін жетсе жеткілікті. Өйткені бұл турнирде әр салмаққа 4 жолдама, жалпы ерлерге 28, әйелдерге 21 жолдама беріледі. Тек әйелдер арасында 57 келідегі спортшылар 2 лицензия, 60 келідегілерге 3 жолдама беріледі. Сондықтан боксшыларымыз тек ширек финалға дейін сүрінбей жетіп, жартылай финалға шықса жеткілікті. Ал финалдық жекпе-жектер болмайды. 

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Мұхамедсабыр Базарбайұлы және Нұрбек Оралбай да алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жеткенін жазған едік. Ал қыздар арасында Римма Волосенко екі кездесу өткізіп, жеңіске жетті. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.