12-БӨлім. Материалдық ресурстарыны



бет1/7
Дата17.02.2022
өлшемі150.18 Kb.
#170876
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция - копия
лекция, 1607248420, 539691, 1406363, kәsіporynnyң-eңbek-resurstary, EB STDA KAZ 2019 signed, №22, №10 Бюджеттік есеп, Кболжау, Тақырып 1, Латиф Абдулхайұлы, Фк, Жақты сөйлем, Жаратылыстану бірлестігі

12-БӨЛІМ. МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ

 

54 тақырып.   Материалдық техникалық жабдықтау және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілу жоспарының орындалуын талдау
1.Материалдық ресрурстарды талдаудың мақсаты, оны жүргізудің бірізділігі мен ақпаратпен қамтамасыз ету

 

Өнім өндіруді ұйымдастырудың қажетті талаптары оны материалдық ресурстармен: шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен, жартылай өніммен және т.б. қамтамасыз ету болып табылады. Материалдық ресурстарды пайдалану үдерісінде олар материалдық шығындарға айналады, сондықтан отынды, шикізатты, энергияны және т.б. үнемді пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

Ұйым активінің құрылымында 12,9%-ды және өндірістік өнімінің  құрылымындағы (1-кестені қараңыз) шығынның 60%-нан артық болатын материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану  өнімнің өзіндік құнын төмендете отырып, табыстылық пен пайданың өсуіне әсер ететін фактор болып табылады.  Материалдық ресурстарды үнемді пайдалану өндіріс тиімділігін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштерді жоғарылатып қана қоймайды. Қалыптасқан технологиялық жүйелерде адамның қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өндіріс көлемінің өсіп отыруы табиғи ресурстардың сарқуына және қоршаған ортаны ластау ұйғарынды шектен тыс шығуына алып келді. Осыған байланысты қор қайтарымына қарағанда еңбек өнімділігінің өсу қарқынын асыра отырып, пайдаланатын ресурстар көлемін азайту  өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Бұл технологиялық дамудың белгілі бір жоғары сатысында ғана мүмкін болады. Қоршаған ортаны қорғау облысындағы мамандар технологиялық жүйенің даму үрдісін талдаған кезде  келесі қортындыға келді [15. 600б]: «...Ресурс өнімділігі төрт есе өсе алады және өсуі де керек. Басқа сөзбен айтқанда, табиғи ресурстарды игеруден тапқан байлығымыз төрт есе өсуі керек. Осыған байланысты біз екі есе жақсы өмір сүруімізге болады және екі есе аз жұмсар едік».

Материалдық ресурстарды үнемді және ұтымды айдалану нұсқаларын іздестіру талдаудың негізгі мазмұны болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет