«14 наурыз Көрісу дәстүрі». (Мерекелік іс-шара)



Дата15.03.2022
өлшемі298.99 Kb.
#171829
Байланысты:
Көрісу 2022


«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№5 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі



«14 наурыз - Көрісу дәстүрі».

(Мерекелік іс-шара)










2021-2022 оқу жылы


«№5 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

22 наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шара
Тақырыбы: «14 наурыз - Көрісу дәстүрі».

Өткізілген мерзімі: 14.03.2022ж

Өткізілген орны: Мектеп акт залы

Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.

Жүргізуші: Салеметсіз бе, құрметті ата — аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі наурыз мейрамына арналған 14 — Наурыз көрісу Амал мерекесі атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі қазақша — Жаңа жыл және Күн — Түн теңесімі. Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 — 22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді.

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,


Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды
Мал біткеннің бал татыған уызы
Қуат болып қанымызғы тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

Наурыз мерекесіне арналған оқушылардың тақпақтары:

Ұлдардың биі: «Қара жорға»

14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті — пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым — қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.

Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден — бір салт болып отыр. Бұл күні бауырсақ, тәттілерді оқушылар мен мұғалімдер мектепке де апара береді. Көрісіп болған әр адамға тамақ үйлестіріліп, «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады.
14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық — саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре — сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы — 22 наурыз мерекесін қарсы алады.

Мектептің бишілер тобы «Қамажай» биімен.


Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Жүргізуші:


Көрініс: «Көрісу дәстүрі» 9 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Тоқымбаева Айсұлу.
Осымен құрметті қонақтар! Бүгінгі амал мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет Сау болыңыздар!



Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет