15 қараша 2017 жыл «Туған мектеп» акциясын өткізуге арналған сценариі



Дата17.02.2018
өлшемі52.91 Kb.
#17137

15 қараша 2017 жыл

«Туған мектеп» акциясын өткізуге арналған сценариі

  1. Слайд

  2. Жүргізуші: Армысыздар жүрегі жылы, жаны жомарт, ағайын-ауылдастар! «Туған мектеп» аясында өткізіліп жатқан акцияға қош келдіңіздер!

  3. Жүргізуші: Құрметті ауылдастар, бұл «Туған мектеп» акциясы облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың бастамасымен мектептерді заманауи жабдықтармен яғни робототехника кабинеттерін жабдықтауға арналып отыр.

  4. Жүргізуші: Акция облыс орталығынан бастау алып , аудандар мен ауылдарда жалғасын табуда. Бұл акция оқушылардың саналы білім алуына, заманауи техниканы меңгеруіне, мұғалімдердің білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Осы акция аясында әр азамат пен азаматша өзінің туған ауылына, мектебіне деген патриоттық сезімін білдіре отырып, өз үлестерін қосады деген сенімдеміз.

  5. Жүргізуші: Алғашқы сөз: Тарбағатай ауданының әкімінің орынбасары Сабырбаев Ержан Советұлына беріледі.

Тұғыл ауылдық округінің әкімі: Егинбаев Әділ Қадірұлына беріледі.

  1. Жүргізуші: Құрметті акцияға қатысушылар, бүгінгі акциядан түскен қаржыны бақылап, есебін жүргізу мақсатында құрылған комиссия мүшелерімен таныс болыңыздар!

Байтоғас ауылының тұрғыны: Тастамбеков Мұрат мырза

Байтоғас ауылының тұрғыны, кәсіпкер: Тоқтағұлов Тұрсынғали мырза

Ауылымыздың мектеп директоры: Мухатова Гүлнар Асылбекқызы

Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Ахметова Жұлдыз Әскербекқызы

Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары: Мукатова Айнұр Асылбекқызы

Мектебіміздің кітапханашысы: Қанжекенова Алия Қариқызы

Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Нұргүл Әскербекқызы

Информатика пәні мұғалімі: Сыдықова Алуа Оралқызы

Ағылшын пәні мұғалімі: Советханова Меруерт Советханқызы


  1. Жүргізуші:

Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті ту еткен
Гүлнар апай сіздей қайда бар адам?! – дей келе келесі сөз кезегі мектеп директоры Мухатова Гүлнар Асылбекқызына беріледі.

  1. Жүргізуші: Жас толқын I Республикалық балалар мен жасөсперімдердің ән байқауында I-орын жүлдегері Айтышева Тамерис Асқарқызының орындауында ӘН: ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН

  2. Жүргізуші: Келесі кезекте Жас толқын I Республикалық балалар мен жасөсперімдердің ән байқауында I-орын жүлдегері Маутханова Аружан Қайратқызының орындауында ӘН: КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ



  1. Жүргізуші:

Жанымды жарқыраткан, ағаларым!
Көп тиді біз - ініңе паналарың.
Талпынып, таянды ғой төбем көкке,
Жоқ еді қозғаларлық шамаларым.
Бақ пен тақ, жақсылықтан нұр құйылып,
Өмірлі болсын бала-шағаларың!

Жаным, тәнім, тілегім — бәрі сізде,


Онан баска еш нәрсе жоқ қой бізде.
Бір құдай тілегімді қабыл етіп,
Жақсылық нұр жауғызсын, жұртым, сізге - дей келе, өз жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін білдіріп өз мектебінің материалдық жағдайын жақсартуға үлестерін қосуға келген ауыл жұртына алғысымызды білдіреміз!

  1. Жүргізуші: Келесі кезекте Аудандық патриоттық әндердің III – орын жүлдегері Бердібекова Сабина Дулатқызының орындауында

ӘН:ТУҒАН ЖЕР

  1. Жүргізуші: Келесі кезекте Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушыларының орындауында ҚАЗАҚ БИІ.



  1. Жүргізуші: Сонау жылдардан бері қазақ жерінде меценат мырзалардың арқасында көптеген қайырымдылық іс-шаралары жүзеге асып келеді. 1841 жылы кіші жүздің соңғы ханы Жәңгір хан қазақ балаларына мектеп ашса, Ш.Уалихановтың әжесі Айғанымда «Құсмұрын» жерінде медресе салдырған. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың әкесі Құнанбай «Ескі там» деген жерде қазақ балаларына арнап мектеп салдырған.

  2. Жүргізуші:Сол кездегі хандардың мырзалығы қазіргі таңда да жалғасын тауып келеді. Атап айтсақ, 2002 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Байтоғас ауылының тұрғыны, Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің түлегі Тоқтағұлов Тұрсынғали ағымызда ауыл халқының игілігі үшін мешіт салдырған болатын. Сол мешіттің салынуы барысында көмектесіп, қол ұшын созған көптеген ауыл азаматтарына алғысымыз шексіз.

  3. Жүргізуші: Тағы сол сияқты, 2016 жылы Тоқтағұлов Тұрсынғали мырза мектеп оқушыларына тарту ретінде хоккей ойының ойнайтын алаңқай салып берді. «Бір тал жұлсан 10 тал ек» демекші бүгінгі таңда өз қаражатымен демеушілік жасап, мектеп ауласына 100 қайын ағашын 60 қара ағаш отырғызып, мектептін гүленуіне де үлесін қосуда.

  4. Міне осындай ауылымыздың, мектебіміздің көркейуіне үлес қосатын жомарт жандарымыз көп болғай.

  5. Жүргізуші: Келесі кезекте ӘН: ҰСТАЗЫМ: ОРЫНДАЙТЫН АЙТЫШЕВА ТАМЕРИС

  6. Жүргізуші: Келесі кезекте кішкентай бүлшіндеріміз даярлық сыныбының оқушылары Советова Мадина мен Женисхан Айбанудың орындауында ӘН: ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ




  1. Жүргізуші:

Сағынам сені, мекенім, туған гүл бағым,

Өзіңде алғаш бұлбұлдың әнім тыңдадым.

Өзіңде алғаш анамның естіп әлдиін,

Өзіңде алғаш жастықтың жырын жырладым – демекші Байтоғас ауылының тұрғыны болған Аукаримова Гүлзада апайымыз да қазіргі таңда басқа жаққа көшіп кетсе де, өз туған жерінің, ауылының дамуына, көркейуіне өз үлесін қосып, ауыл мешітіне өз демеушілігін жасап, кілем-төсеніштер әперген болатын.



  1. Жүргізуші: Осы орайда ауылдың дамуына, көркеуіне өз үлесін қосып, демеушілігің жасап, ауылымыздың кішкентай бүлдіршіндеріне арнап 50 балалық «Құлыншақ» балабақшасын салып берген кәсіпкер Қанжекенов Нұржан Ермұханбетұлын қалай айтпай кете аламыз?! Міне осындай ауылды, мектепті өркендету ұрпақтың борышы деп санайтын ауылымыздың азаматтары баршылық. Олай болса ел азаматтарына шығар шыңдарыңыз, алар асуларыңыз асқақ болсын, еткен еңбектеріңіз жемісті болсын дейміз.

  2. Жүргізуші: ХАЛЫҚ ӘНІ: ҚҰРАЛАЙ ОРЫНДАЙТЫН: МАУТХАНОВА АРУЖАН

  3. Жүрзізуші: 8-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАУЫНДА ЗАМАНАУИ БИ. ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР.

  4. Жүргізуші: ӘН: МЕРЕКЕМ. ОРЫНДАЙТЫН 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ БЕРДИБЕКОВА САБИНА




  1. Жүргізуші:

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,

Даму үшін бірліктен қуат табамыз.

Тоны көк абыз айтып кеткен өсиет,

Қазақ елі-Мәңгілік ел боп қаламыз!




  1. Жүргізуші: Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық, кеңпейілділік, ауылына, туған жеріне, мектебіне жақсылық жасау пейілді жанға тән қасиет.




  1. Жүргізуші: Ендеше көп болып асыл арманымызға жетуімізге, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына, саналы ұрпақ тәрбиелеуге көмегімізді аямайық ағайындар!



  1. Жүргізуші:

Анаға - өмір сыйлағаны үшін

Әкеге – қорған болғаны үшін

Әжеге - ыстық алақаны үшін

Ұстазға – білім бергені үшін

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін

Күнге - шуағы мен жылуы үшін

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін

Ал сіздерге – адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, барлық мүмкіндікті болашаққа арнап, осы акцияға ат салысқандарыңыз үшін – рахмет!




  1. Жүргізуші: Ғалымда, шахтерда бас иетін,

Ұстазым бар сенің қасиетің –демекші әр адам осы үлкен өмірге аттанып, биік шыңға шығуда «Туған мектеп»-тің орыны әр қашанда бөлек. Туған мектептеріңіздің жарығы ешқашан сөнбесін! Келесі кездескенше хош сау болып тұрыңыздар!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет