15 дәріс. Guide ортасында оқиғаларды бағдарламалау



Дата24.11.2022
өлшемі1.6 Mb.
#179358
Байланысты:
15 дәріс ворд
Laboratory work 9, 4 ҚУАТ БАЛАНСЫ, Laboratory work 9-1, Хусаин Ә., sbornik-ryabushko-chast-2

15 дәріс. GUIDE ортасында оқиғаларды бағдарламалау
Берілген бөлімнің мақсаты GUIDE ортасындағы оқиғаларды бағдарламалау принципін түсіндіруден құралады. MATLAB ҚОСЫМШАСЫ кеңейтілулері бар екі файлда сақталады (өздігінен), біріншісі терезеде орналсқан обьект қосымшалары жөніндегі ақпараттан тұрады, ал екіншісі негізгі функциясы және ішкі функциялары бар М файл болып табылады. Интерфейс элементің қосымша редактордан қосу сәйкес ішкі функциясын автоматты құруға алып келеді. Берілген ішкі функцияны, қолданушының интерфейс элементін қарастырғандағы туындайтын оқиғаны өңдеуді жүзеге асыратын құраушы операторлармен толтыру қажет.( ішкі функцияларды бағдарламалау 5 – бөлімдегі ‘’ішкі функциялар’’ тарауында көрсетілген).
Қарапайым қосымша құрудан бастаңыз,бұл график тұрғызу мен осьтерді тазалау үшін арналған осьтер және екі батырмадан тұратын терезе.
GUIDE ортасына алдыңғы тарауда көрсетілгендей бос терезе қосымшасы бар guide командасы арқылы өтіңіз. Мәзірден Tools қосыиша редакторынан Gui Options… пунктін таңдаңыз, GUI Options диалог терезесі пайда болады. Бұл терезе құрылған қосымшаның кейбір ортақ қасиеттерін орнатуға мүмкіндік береді. Command-line accessibility ашылған тізімде кезекті жол Callback(GUI becomes Curretnt Figure within Callbacks) екендігіне көз жеткізіңіз, Generate FIG – file and M-file ауыстырғышы қосылған және ол топқа кіретін барлық белгішелер орнатылған. Келесі бөлімде біз барлық опциялардың мағыналарын қарастырамыз. Алдымен, біз таңдаған мәндер оқиғаларды өңдеудің ішкі функциялары үшін –дайындалған автоматты генерациялауға алып келеді және графикалық нәтиже үшін қосымша терезесін қолдануға мүмкіндік береді.
15.6–суретте көрсетілгендей батырманы ось формасына қарай орналастырыңыз. Батырмада автоматты түрде Push Button жазуы шығады, ал осьтерде – axes1. Келесі этап өте маңызды. Батырма және ось - интерфейс элементтері болып табылады, оларға оларды қосымша терезесінде барлық объектілер арасында қайталанбас түрде салыстырылатын және олардың тағайындалуын куәләндыратын ат беру қажет.

Тышқанды шерту арқылы Push Button батырмасын белгілеңіз және қосымшамен басқару құрал – саймандар көмегімен(10.5 – сурет) Property Inspector қасиеттер инспекторын шақырыңыз . 10.7 – суретте көрсетілген батырма қасиеттерінің атаулары және олардың тағайындалуы бар кестеден құралған қасиеттер инспекторы терезесі пайда болады. Басқару элементтері MATLAB графикалық объектілер иерархиясына сай графикалық терезеден құралған UI Objects объектілері болып табылатынын ескере кетейік. Егер сіз дескрипторлы графикке арналған 9 тараудың материалдарын мұқият меңгерсеңіз, онда кейбір қасиеттер мағынасы сіз үшін белгілі(мысалға, Background Color немесе Font Size). Қазіргі кездегі басты қасиет тэг немесе нысан атынан тұратын Tag болып табылады. Басқару элементтерін қосқанда оларға автоматты түрде ат қосылады, оларды өздігінен нысан номері түрінен құрайды(біздің жағдайда pushbutton). Батырмаға элемент түрі секілді оның тағайындалуы жөнінде айтылатын ақпараттық ат беріледі. Бұл батырма оның атында көрсетуге қажетті график тұрғызу үшін қызмет етеді.


Tag қасиетін btnPlot мағынасында орнатыңыз, ол үшін тыщқанмен қасиет атауының оң жағынан жолды шертіңіз, қажетті мәнді енгізіңіз және батырмасын басыңыз. Біз btnPlot қысқартылуын таңдадық ,ол btn –button(батырма) және Plot(график) қысқартылуларынан алынған.
Әрі қарай кейбір нысан немесе басқару элементі үшін ат беру немесе оның тегін кейбір мәндерде орнату қажеттігі жөнінде айтылады. Ұқсас түрде axmain мәнінде ось тегтерін орнатыңыз.
Нысан атын және онда жазылған жазуды ажырата білу қажет. Қазір btnPlot аты бар батырмасы Push Button мәтінінен құралады. Property Inspector қасиеттер инспекторында String қасиетін Құрастыру мәнінде орнату арқылы оны өзгертіңіз. Нәтижесінде батырмадағы жазу оның тағайындалуына сәйкес келеді.
Графикалық интерфейсті қосымша құру кезінде сізге қажетті мәнге нысан қасиеттерін орнату үшін Property Inspector қасиеттер инспекторына жиі кезігуге тура келеді.
Әр кезде нысанды ағымдық ету содан кейін GUIDE ортасының құралдар панеліндегі сәйкес батырмалардың көмегімен Property Inspector қасиеттер инспекторы терезесін ашу міндетті емес. Біріншіден, егер Property Inspector терезесі ашылған болса, онда нысанды тышқанмен шерту осы терезеде оның қасиеттерін бейнелеуге алып келеді. Екіншіден, кез келген нысанға тышқанның оң жақ батырмасын шерту Property Inspector пунктінен құралған контекстік мәзірді шақырады. Өкінішке орай, Property Inspector – ке ең тез айналдыру нысанды екі рет шерту арқылы жүзеге асырылады. Барлық бұл тәсілдер қосымша терезесінің қасиеттерін өзгерту үшін де жарамды .
Қосымшані сақтаңыз, ол үшін GUIDE ортасында File мәзірінің Save as пунктін таңдаңыз, MyFirstGui(мысалға ағымдағы каталогта) папкасын құрыңыз және қосымша терезесіне mygui.fig атын беріңіз. mygui.m ілеспелі файлды құраушы М–файлдар редакторы ашылғанына назар аударыңыз. Берілген файл автоматты түрде құрылды, оның құрылымы сұлбалық түрде 15.1 листингте көрсетілген.

Mygui негізгі функциясы қосымшаны инициализациялауға арналған, сол үшін оны жөндеудің қажеттілігі жоқ. Қазір бізді btnPlot_callback ішкі функциясы қызықтыратын болады. Mygui қосымшасы btnPlot атымен Құрастыру батырмасын құрайды. Қолданушы оған қосымша жұмыс істеп тұрған жағдайда басса, онда берілген басқару элементінің Callback оқиғасы пайда болады. Бұдан кейін btnPlot_Callback ішкі функциясы шақырылады. Назар аударыңыз, ішкі функция аты оқиға атымен және батырма(тег) атынан пайда болған. Берілген ішкі функция операторлардан құралмайды және батырманы басқанда ешқандай өзгеріс болмайды.
Қорытындылайтын этап Құрастыру батырмасын қолданушы басқандағы орындалатын әрекеттер тапсырмасынан құралады. Callback оқиғасын өңдейтін Құрастыру батырмасы арқылы btnPlot атымен 10.2 листингке сәйкес ВtnPlot_Callback ішкі функциясын программалаңыз. Әрі қарай біз бір нысанның атын нұсқаусыз және нысанның өзі жайындағы суреттелулерсіз Callback оқиғасын программалау қажеттігі жөнінде айтамыз.

Mygui қосымшасын жіберуге көшеміз. GUIDE ортасындағы құралдар панелінде Run батырмасына басыңыз. Қосымша MyFirstGui бөлек каталагында сақталғандықтан, пайда болған диалогты терезе бұл каталогты ағымдық етуге кеңес береді. Change MATLAB current directory ауыстырып қосқышы таңдалғанына көз жеткізіңіз және OK батырмасын басыңыз. Енді MyFirstGui каталогы ағымдық болды, және қосымшаны келесі іске қосу кезінде сіз жұмыс ортасында ағымдық каталогты өзгертпесеңіз бұл терезе көрсетілмейді.


Іске қосу алдында қосымша құраушылары(қосымшаны автоматты сақтау және GUIDE ортасында сәйкес қасиеттерді бұл бөлімнің алдыңғы тарауының соңғы жағында кқрсетілген) fig және m кеңейтілулері бар файлдарды сақтауды растайтын тағы да бір диалогты терезе пайда болуы мүмкін.
Көрсетілген әрекеттерден орындаудан кейін экранда Mygui қосымша терезесі пайда болады. Құрастыру батырмасына басы осьтегі функциялар графигін көрсетуге алып келеді. Біздің келесі қадамымыз осьтерді тазартуға арналған батырмаларды қосу болып табылады.
Оң жақ жоғарғы бұрыштағы терезені жабу батырмасының көмегімен қосымшаны жабыңыз және GUIDE ортасындағы mygui – да жұмысыңызды жалғастырыңыз. Батырманы 10.8– суреттегідей етіп қосыңыз, редактор қасиетіне btnclear атын және Тазалау жазуын енгізіңіз. Бұл батырманың Callback оқиғасын программалау ғана қалды. btnclear_Callback сәйкес ішкі функциясына өту үшін толқынды мәзірді қолданыңыз, ол үшін Тазалау батырмасына тышқанның оң жақ бөлігімен шертіңіз және View Call-backs пунктінде Callback ішкі пунктін таңдаңыз. М – файл терезе редакторын белсенді етеміз, бұдан қажетті ішкі функцияның тақырыбы белгіленген. Cla осьтерді тазалау операторын ішкі функцияларға орналастырамыз. (10.3 листинг).

Қосымшаны іске қосыңыз және батырма атының орындалатын әрекеттерге сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Бұл бөлімде біз графикалық интерфейсті қосымшаны жазу кезіндегі негізгі әрекеттерді қарастырдық: қосымша терезесінде басқару элементтерін орналастыру, олардың қасиеттерінің тапсырмалары, оқиғаларды программалау және қосымшаны іске қосу. Келесі бөлімде біз қосымша интерфейсін түсінікті ету үшін қолданылатын кейбір әдістерді талдаймыз. Mygui қосымшасында жұмысты жалғастыра отырып, сіз басқарудың басқа да элементтерін қолдануға үйренесіз, оқиғаларды программалау және олардың бір бірімен байланысты тәртібін жүзеге асыру.
Әдебиет: 1 нег.[568-575 ], интернет.
Бақылау сұрақтары:
1. GUIDE ортасы
2. GUIDE ортасындағы оқиғаларды бағдарламалау принципі
3. GUIDE ортасындағы құралдар панелі


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет